МАЗМҰНЫ
|
Кіріспе
|
4
|
1
|
Тәжірибелік жұмыстың мақсаты мен мазмұны
|
5
|
2
|
Тәжірибелік жұмысты орындау әдістемесі
|
6
|
2.1
|
Жүк иелерін өңдеу және сараптау
|
6
|
2.2
|
Жүктердің комерциялық ерекшеліктерін анықтау
|
7
|
2.3
|
Жылжымалы құрамды таңдау және оның техникалық-пайдалану сипаттамасын анықтау
|
7
|
2.4
|
Жүктерді тасымалдаудан түсетін болжамалы табысты есептеу
|
7
|
2.5
|
Тасымалдаулардың тиімділігін анықтау
|
7
|
2.6
|
Сапар парағына арналған мәліметтерді есептеу. Сапар парағын толтыру және өңдеу
|
10
|
2.7
|
Жүктерді тасымалдауға келісім-шарттың жобасын жасау
|
16
|
3
|
Тәжірибелік жұмысты ресімдеу
|
17
|
|
Әдебиттер тізімі
|
18
|
|
Қосымша А
|
19
|
|
|
|
|
|
|
КІРІСПЕ
Еліміздің Президенті өзінің «Қазақстан жедел экономикалық, әлеуметтік және саяси даму жолында» атты халыққа жолдауында, Қазақстан Республикасының Оңтүстік-шығыс Азиядан Европаға жүк тасымалдау жолында тиімді географиялық орналасуын ескере отырып, еліміздің көлік саласына маңызды міндеттер қойды. Бұл тапсырмалар еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті алдыңғы 50 елдің қатарына және бүкіләлемдік сауда ұйымына ену сияқты ғаламдық мақсаттардың құрамдас бөлігі болып табылады.
Қазіргі кезеңде бұл қойылған міндеттер еліміздің көліктік жүйесінің жұмысын түпкілікті өзгеруін талап етеді. Көліктік касіпорындардың жұмысына, көлік пен материалдық өндірістің бірігу концепциясына, тасымалдау үрдісін дамыту саласында жаңа технологияларды дамытуға және оны ақпараттық қамтамасыз етуге негізделген жаңа әдістер мен технологияларды енгізу қажет. «Қазақстан - 2030» стратегиясына сәйкес қоғам мен ұлттық экономиканың сұраныстарын толықтай қамтамасыз ете алатын, бәсекеге қабілетті көліктік-коммуникациялық кешен қалыптастыру қажет.
Қазақстанның негізгі мақсаты болып еліміздің көліктік-коммуникациялық кешенінің бәсекеге қабілеттілігін және біздің территориямыз арқылы өтетеін сауда ағындарын арттыру болып табылады.
1 ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МАЗМҰНЫ
«Жүкпен жұмыс жасау және коммерциялық жұмыстар негiзi» пәнінің тәжірибелік жұмыстарының мақсаты
Жұмыстың мақсаты болып келісім компаниясын жүргізу, сапар парағын өңдеу және бағалау, жүк түріне байланысты жылжымалы құрамды кәсіпқой таңдау машықтарын тәжірибе жүзінде жүзеге асыру болып табылады.
Бұл пән бойынша студенттер «Автомобиль көлігімен жүк тасымалдауға келісім жарт жасау және оны негіздеу» тақырыбы бойынша тәжірибелік жұмыс жасайды.
1.2 Тәжірибелік жұмыстың мазмұны
Жұмыстың мазмұны төмендегідей:
-
Жүк иелеріндегі жүк айналымдарын өңдеу және сараптау.
-
Жүктердің комерциялық ерекшеліктерін анықтау.
-
Жылжымалы құрамды таңдау және оның техникалық-пайдалану сипаттамасын анықтау.
-
Жүктерді тасымалдаудан түсетін болжамалы табысты есептеу.
-
Тасымалдаулардың тиімділігін анықтау.
-
Сапар парағына арналған мәліметтерді есептеу. Сапар парағын толтыру және өңдеу.
-
Жүктерді тасымалдауға келісім-шарттың жобасын жасау.
2 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Жүк иелерін өңдеу және сараптау
Жүктің әр түрі бойынша тасымалдаудың нормативтік көлемі (Qн) анықталынады
Qн = Н (1 – Пн /100) ∙ Впл ( 1 )
мұндағы Н – өндірілген өнімнің 1 млн. теңгесіне шаққандағы келетін мың тоннамен есептегендегі тасымлдау көлемінің нормативі;
Пн – тасымалдау көлемі нормативінің пайызбен алғандағы жыл сайынғы төмендеуі (3%-ға тең деп алынады);
Впл – келер жылда өндірілетін өнімнің (жүктің) жоспарлық көлемі, теңге.
Н = Qож / Bож (2) мұндағы Qож – ағымдағы кезеңде тасымалданатын жүктің болжаулы көлемі, мың тонна;
Bож – ағымдағы кезеңде өндірілетін өнімнің (жүктің) болжаулы көлемі ожидаемый, млн. теңге.
Жүктің әр түрі бойынша тасымалдаудың нормативтік көлемін (Qн) клиенттердің тапсырысында көрсетілген (Qз) жүктелген көлеммен салыстыру жүргізіледі. Qн ≥ Qз шарты орындалса берілген жүк бойынша тапсырыс орындауға қабылданады. Егер Qн < Qз болса, онда айтарлықтай теңсіздік болса берілген жүк бойынша тапсырылған көлемнен бас тартылады. Егер екеуінің айырмашылығы аз болса, онда тапсырылған көлемді орындау үшін қосымша қорлар іздестіріледі. Егер Qн < Qз теңсіздігі айтарлықтай болса, онда тапсырылған көлемді нормативтік көлемге дейін азайтады, немесе берілген жүкті тасымалдаудан бас тартады. Бұл тәжірибелік жұмыста тапсырыстағы көлемді нормативтік деңгейге дейін төмендету ұсынылады.
Тапсырысты өңдеу және сараптау нәтижелері 1-кестеге енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |