Әдебиет туралы ғылым және оның салалары



бет53/86
Дата06.03.2023
өлшемі462.32 Kb.
#470439
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   86
zhanuzakova kt debiettanuga kirispe

Сентиментализм – әдеби бағыт ретінде Англияда 1720 жылдары дамыды. Ағартушы рационализмге қарсы шықты. Сентименталистер сезімді ақылдан, табиғатты өркениеттен жоғары қойды. Осыдан сентиментализмге терең лиризм тән. Автор мен кейіпкерлердің ішкі әлемін ашуда пейзаж негізгі көркемдік құралдардың бірі ретінде көрінді. Сентиментализмде жетекші жанрлар поэзияда - элегия, лирика, поэма, прозада – роман, драмада мещандық, психологиялық драма, «жылауық ко- медия» үстемдік етті. Бұл бағыттың жетістігі – шығармаларда та- биғатты суреттеуге, жеке тұлғаның ішкі әлеміне, психология- сына, сезімдеріне көп мән беріліп, соның нәтижесінде әдебиет лиризммен байыды.
Поэзия жанрында сентиментализмнің негізін салған - Джеймс Томсон (1710-1748). Томсон - ақ өлеңмен жазылған
«Жыл мезгілдері» поэмасының авторы. Сонымен қатар сенти- менталистік поэзияның өкілдері - Эдуард Юнгтің, Томас Грейдің, прозада – Лоренс Стерннің есімдерін атауға болады.
Лоренс Стерн (1713-1768) – ағылшын және еуропалық сентиментализмнің өкілі, «Сентименталдық саяхат»,
«Джентельмен Тристрам Шендидің өмірі мен пікірлері»,
«Франция мен Италияға сентименталдық саяхат» шығармалары- ның авторы. «Франция мен Италияға сентименталдық саяхат» (1768) жиһанкез Йориктің атынан баяндалады. Л.Стерн жол жаз- баларында күнделік сияқты суреттеудің жаңа тәсілін жасайды: өмірдің объективті жағы ғана сипатталмай, оған кейіпкердің субъективті көзқарасы, сезім күйлері, сапардан алған әсері жазу- шының өзіне тән юмормен егжей-тегжей, тізіле суреттеледі. Л.Стерн - әлем әдебиетіне аса зор әсер еткен ағылшын жазушы- ларының бірі.
Ресейдегі сентиментализм бағытын ұстанған Жуковский, Карамзин шығармаларында қарапайым адамдардың көңіл-күйі, қуанышы мен мұң-қайғысы, яғни күнделікті тыныс-тіршілігі бейнеленеді.
Натурализм - ХІХ ғасырдың аяғындағы әдебиеттегі маңыз- ды бағыттардың бірі. Натурализмнің тууы утопиялық идеяларға сенімін жоғалтқан 1848 жылдардағы еуропалық төңкерістердің жеңілуімен байланысты болды.
Натурализмнің философиялық негізі - позитивизм. Натурализмнің бастауында Г.Флобер шығармашылығы, Шанфлери, Дюранти т.б. тұрды. Натуралистердің мақсаты: шы- найы болмыстан аулақтап, арман әлеміне әкеткен романтик- тердің фантастикалық қиялынан өнердің бетін шындыққа, реал- ды фактілерге бұру. Натуралистер үшін Бальзак шығармашы- лығы үлгі болды. Натурализмге импрессионизмнің, реализмнің әсері де болды. Бұл бағыттың өкілдері қоғамның төменгі қаба- тына, яғни қарапайым халық өміріне көбірек көңіл бұрды. Бей- нелеу ауқымын кеңейткен олар үшін жабық тақырыптар болма- ды. Егер сүйкімсіз нәрсе шынайы суреттелсе, ол натуралистер үшін шынайы эстетикалық құндылыққа ие. Натуралистер түсі- нігінде, жазушы объективті бақылаушы болып, тәжірибе жасау білуі қажет. Білетін, зерттеген нәрсесін ғана жазуы тиіс. Осыдан келіп натурализмге тән бейнелеу ерекшеліктері туды: типтік образ (жалқы мен жалпының бірлігі) жасаудың орнына шынайы болмыстың «бір бөлігін» ғана фотографиялық дәлдікпен, нақ- тылықпен суреттеу басым түсті. Шығармада сюжетті (ойдан шы- ғаруды) сипаттама мен талдау алмастырды. Суреттелген дүниеге автордың бейтарап позициясы, болашақты болжаудан аулақ болуы, қаһармандықты, ерік бостандығын мансұқ ету, әлемді статикада, болмысты тұрмыстық деталдардың үйіндісі ретінде суреттеу тән болды.
Натурализм эстетикасының негізін салушы – француз өнертанушысы Ипполит Тэн. Натурализмнің негізі болатын «нә- сіл, орта, сәт» теориясын ұсынды. Оның «Бальзак» атты мақа- ласы мен «Ағылшын әдебиетінің тарихы» еңбегінде натурализм- нің басты принципі белгіленді. Ол - өнерді ғылым деп қарау. 1870 жылдары француз натуралистерінің басына Эмиль Золя келді. Ол теориялық еңбектерінде натурализмнің негізгі ұста- нымдарын айқындады. Оның көркем шығармашылығында на- турализм мен сыншыл реализмнің белгілері жымдаса өрілген. Бұл синтез әуелде оқырмандар бас тартқан натурализмге қайта
ден қоюға мәжбүр етті. Золя өз айналасына жас жазушыларды (А.Сеар, Л.Энник, О.Мирбо) топтастырып, натуралистік мектеп- тің қалыптасуына зор ықпал етті. Ол «тәжiрибелiк роман» тео- риясын (осы аттас мақаласында) жақтады. 1877 жылдары на- туралистік мектеп ыдырады.
Неміс натурализмі (Г.Гауптман «Күн шығардың ал- дында», «Жалғыздар» т.б. драмалары) өнердің заңы тұрмыстың ұсақ деталдарына дейін суреттеу деп білді. Натурализм ХІХ ғ. ІІ жартысынан ХХ ғ. басына дейін жалғасты. Еуропа шекарасынан тыс жерлерде де әсері мол болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет