Әдебиеттерге аналитикалық шолу 7 Зерттеу ауданының табиғи ауа-райына шолу 9


Кесте-3 Орташа жыл мерзім бойынша охотфаунаны пайдалану



бет2/4
Дата17.07.2016
өлшемі325.5 Kb.
#205829
1   2   3   4

Кесте-3

Орташа жыл мерзім бойынша охотфаунаны пайдалану


Охотфауна түрі

Көктемдік жануарлар саны

Алқаптың класс бонитеті

Жануарлардың өсу саны

Аңшылық алдындағы жалпы саны

Сатып алынытын жануарлар саны

Кәсіптік аңшылықтану аулаудан кейінгі шығын

Келесі жылға көқктемге қалған бас

%

бас

%

Тофейлік бас

%

бас

Марал

105

3,5

15

15

121

4

5(1)

10

11

105

Елік

130

3,5

25

33

163

5

8

15

23

132

Қабан

50

3,6

30

15

65

6

4

15

9

51

Тау теке

490

3,3

20

98

588

5

30

10

55

503

Суыр

1450

3,2

20

2900

17400

15

26010

5

740

14060

Ондатр

720

4,0

25

180

900

10

90

10

81

730

Қырғауыл

126

3,7

70

80

214

-

-

40

85

129

Ұсыныс: Тұяқтылардың атып алынуы селекциялық атуды есепке ала отырып жоспарланады.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Қырғауылдардың морфологиялық және биологиялық ерекшіліктері

Қырғауыл - Phasianus - Фазан

Кәдімгі қырғауыл – Phasianus colchicus L.
4.1. Сипаттамасы. Ересек қораздарының басы жасыл-күлгіндеу түсті болады. Денесінің жоғарғы жағы сарғыш, жасыл жылтыр түсті болса, қанатының ұшы ұсақ қара түсті болып келеді. Төменгі жағы қызғылт жасыл аралас және қанатының ұшында қара жолақтар жиі болады. Тамағы мен жемсауы жасыл түсті.

Қанатының жабынды қауырсыны мен мойынында ақ жолақтар бар. Құйрығы ұзын, тіпті қанатынан 2 есе ұзын. Бағыттауыш қанаты сарғыш сұр, қызғылт түсті және көлденеңінен қара жолақты, қауырсынының ұшы тармақталған. Көзінің айналасындағы дақтары ашық-қызыл түсті, тұмсығы иілген қоңыр түсті, аяқтары жасыл қоңыр.

Тауықтарының жоғарғы жағы ашық қоңыр, ірі қоңыр дақтары бар, денесінің төменгі жағы біртүсті құм түстес. Тамағында күлгіндеу түс кездеседі. Құйрығы ұзын (қоразының құйрығына қарағанда қысқарақ) денесімен түстес болып келеді.

Салмағы. PH.c. mongolicus: қаңтар, Іле өзенінің бойындағы еркегінің салмағы – 900-1800г, орташа – 1308г.(39 дана), тауықтары – 750-1200г, орташа – 987г. (19 дана);

Ақпан айында Іле өзенінің бойындағы еркектері 1045-1350г, орташа салмағы – 1186г. (12 дана), тауықтары.

Қырғауыл батыста қара теңізден шығысында Оңтүстік Жапония және Тынық мұхитының жағалауына таралған. Солтүстік шекарасы Каспий жағалауынан (Волга), Арал теңізі аралары, балқаш, Алакөл өзендері, ал Моңғолияда – 50 градус шамасында, ал Қиыр Шығыста – 52 градус. Оңтүстік шекарасы Кавказдан өтке, ауғанстанда – 33 градустен 34- градуске дейін шамасында, оңтүстігінде Памирді қамтиды. Орталық Азияда қырғауыл ареалының, ал Шығыс Азияда 22 градуске дейін түседі.

Қырғауыл батыста Қара теңізден шығысында Оңтүстік Жапония және Тынық Мұхитының жағалауына таралған.

Батыс Европа және Солтүстік Американың көптеген мемлекеттерінде жерсінген.

Қазіргі таңда қырғауыл Қазастанның оңтүстік жартысында көптеген өзендерінің бойында кең тараған, сырдария жазығында Өзбекстан шекарасынан бастап өзен сағасына дейін мекендейді. Сырдария, мысалы, Джулек және Шиелі мен Джусалада аралығында көп тараған. Тоқтаусыз жасалған аңшылық осы аймақтағы қырғауыл санын азайтқанымен кейбір жерлерде олар бұрынғысынша көптен кездеседі.

Қызылқұм мен Жаңадария аймақтарында да қырғауыл аздап кездеседі. Бұл жерлерде кейде олар ұя салады, бірақ өте сирек.

Сырдарияға құятын Келес, Арыс өзен жағалауларында және Талас Алатауы етегінде аз көлемде кездеседі. Кейде Билікөл өзендер топтамасында және Аса өзенінің жағалауында кездеседі. Талас өзенінің бойвнда жиі ұя салады.

Бұрын Теліқұл өзені мен Сарысу аймақтарында кездессе, қазір бұл аймақтар жайлы мәлімет жоқ. Шу өзенінің сағасында, әсіресе Мойынқұм мен Қамқалы аралығында көптеп екздеседі. Іле Алатау етегінде аз кездеседі. Бұл Балқаш өзеніне құятын жерлерде, әсіресе Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендері жағалауында қазіргі кезде де жиі кездеседі. Іле жағалауында кей жерлерде әдеттегідей шамада кездеседі. Іле-Түрген, Шелек және Шарын өзендері бойына жоғары қарай тау ішіне қарай таралады. Қазіргі таңда Шелек ағысындағы Бортоғай, Саты және басқа да жерлерде жиі кездеседі. Іле өзенінің ағыстарында қырғауыл саны азайып келеді. Біраз уақыт бұрын бұл құстар Алматының жақын аймақтары үшін әдеттегідей құстар болса, қазірде олар Алматыға жақын аймақтарда мүлдем жоқ. Нарынқол өңірінде биік тауларда да (биіктігі 1800 м шамасында) көп тараған. Жоңғар Алатауынынң етегінде таралуы жайлы мәлімет жоқ.

Алакөл су қоймасында қырғауыл әрқашан кездесіп тұрғанымен, кейде бұл өңірде саны азайып кетеді. А.А.Слудскийдің осы аймақта жүргізген сауалнамаларының қорытындыларына сүйенсек, 1930 жылға қарағанда қырғауыл саны әдеттегідей болса, кішігірім өрттерден және көп қар жауған қыстардан кейін мүлдем жоғалып кеткен, 1944 жылдан бастап қайта қалпына келген. Сәтін салған күндері кейбір аңшылар күніне оншақты қырғауыл атып алған.

1950-1951 жылдың қатты қысында қырғауыл қайта жоғалып, 1953 жылдың басында Тентек (Страутманда) кездесе бастаған. Қазіргі таңда қырғауыл Алакөл, Тентек және Эмельде аздаған мөлшерде кездеседі.

Өткен ғасырдың ортасында қырғауыл Зайсанда кездсессе, қазір Тарбағатай сияқты аймақта жоқтың қасы. Өткен жүзжылдықтың 30-жылдары қырғауыл Каспий теңізінің солтүстік жағалауынан Волгадан Оралға дейінгі аймақтарда өте аз көлемде кездесетін. Қазақстан аймағына кейде яғ салғанымен Ганюшкино ауданында ұя салғаны жайлы мәлімет жоқ.

Бузачы (Карелия, 1883) жартылай аралында кездсеті деп жазғанымен, кейінгі зерттеулерде дәлелденген жоқ.

Қырғауыл саны өте күшті өзгереді. Тіпті ірі өзендер сағасында олар үшін барлық қолайлы жағдай бар болса да қырғауыл саны азаяды. Қалың қарлы қыс мезгілінде бұл құстар қорек таба алмайды, бұл олардың жаппай қырылуына әкеліп соғады. Су тасқындары да құстардың көбеюі кезәнде ұяларын бұзып кетеді. Қырғауыл саны құрғақ жаз айларында, әсіресе қоректері, өсімдіктер күйіп кетіп, қыста қорексіз қалған кезде азаяды. Қырғауыл санының азаюына адамның іс-әрекеті – алқаптарды өртеу, тоғайларды шауып тастау, малды көп жаю және шектеусіз аңшылық жасау әсер етеді.

Қазақстанда қырғауылдфың таралуы өзен жағалаулары мен таудың төменгі белдеулерінде кезседеседі. Тауларда қырғауыл қалың өскіндердің немесе теңіз мөлшерімен 1500 м биіктікте мекендей алады. Олар әсіресе, қалың әртүрлі шөпті аймақтарды мекендейді.

Іле, Қаратал, Ақсу, Шу және басқа да аймақтардағы қырғауылдың кезесуі тоғайлы өскіндердің көптеп өсуі қырғауыл үшін өте қолайлы.

Әрі тоғай өскіндері кейбір жерлерде адам өткісіз қалың болады. Тоғайлы өскіндердің арқасында қырғауыл сақталып қалған.

Қырғауылдар күзде күріш пен бидай алқаптарында қоректенгенді ұнатады. Шөл далаларды суару-каналдар жүргізу, күріш, мақта, дақылдар себу қырғауыл үшін өте қолайлы, себебі олар дақыл алқаптарында қоныстанғанды ұнатады.

Сырдария өзенінің жағалауында топырақтың әртүрлі ылғалдылығына қарай өсімдіктері әртүрлі аймақтарын ұнатады.

Қызылқұм шөлдерінде де қырғауыл көптеп кездеседі. Бұл өңірде олар құмдар мен өскін шөптер мен қоректенеді.

Қырғауылдың бұлай таралуы қалың өскіндердің алмасып тұруы, яғни құстарға сенімді қорған, ал ашық алаңдар жылдың көп уақытында қоректенетін мекені болып табылады. Жазда қырғауылдар үшін су ішетін суаттар қажет болғандықтан, олар өзен, арықтар жағалауын, ал тауларда, тау өзендері мен бұлақтар бар жерлерді мекендейді.

Қырғауыл - өте сақ, үркек құс, тек қалың тоғайдың арасында ғана ол өзін сенімді сезінгенімен, әрдайым сақтанып жүреді. 2-3 қадам жүрген соң тоқтап, жан-жағына қарап, егер сезікті нәрсе көрсе тезірек жасырынуға асығып тұрады. Қырғауыл көбінесе жерде өмір сүреді, алайда жаз және күз мезгілдерінде, әсіресе, жиде және облепиха піскен кезде ағаш басынан жиі көруге болады.

Қырғауыл жерде адымдап, құйрығын түсіріп, басын көтеріп жүреді. Қауіп төне қалса, ол қашып құтылады. Тауық тәрізділер арасында ең жүйрігі қырғауыл болып табылады. Ол жүгіріп бара жатқанда басы мен мойыны алдыға созыңқы, құйрығы көтеріңкі болады. Аяқтарын алысқа сілтеп жүгіретіндіктен жүгірісі секіріске ұқсайды. Қырғауыл жүгірген кезде кішігірім кедергілерде секіріп өтіп кете алады. Ол тек ашық аладңдарда ғана емес, қалың шөптер мен бұталардың арасында да жүгіре алады.


Қырғауыл – Phasianus colchicus.

Қырғауыл тауыққа қарағанда үлкендеу. Оның салмағы 720 г мен 1800 г аралығында. Кәдімгі қырғауылдың дене тұрқы тауықтың дене тұрқына келеді. Ерекшелігі тек қана ұзын құйрығында. Қырғауыл өте сақ және қорқақ құс. Ол тек қана қалың өсімдіктер арасында қауіпсізбін деп сезінеді. Егер де бір қауіп төнетін болса, ол қашуға ұмтылады. Кәдімгі қырғауыл жүгірген езде басы мен мойнын алдыға созып, құйрығын жоғары көтеріп жүгіреді. Ол тауық тәрізділер арасында ең жүйрігі болып саналадыү ол жазық далада ғана емес, бұталар мен шөптердің арасында еркін және тез жүгіреді. Кәдімгі қырғауыл аз өмірінің көп уақытын жерде өткізеді. Қауіпті жағдайларда кәсідмі қырғауыл жүгіріп қашады, тым болмаса ұшып кетеді. Қатты қалың бұталардың арасынан, қатты дауыс шығарып жоғары қарай ұшады. 70... 150 м ұшқаннан кейін ол қайта жерге қонады. Ол аз және нашар ұшады, ол қайталап ұша беретін болса, тез шаршап, мүлдем ұша алмай қалады. Бірақ ол өсімдіктер арасына тығылуға ұмтылады.

Қырғауыл біздің мемлекетіміздегі ең әдемі және ашық түсті құстардың бірі болып саналады.

Қырғауылдың еркектерінде алтын және жасыл немесе сары және күлгін түсті, басында айдарға ұқсас кішкене қауірсындар болады. Ұзын құйрықтары сарғыш-қоңыр түсті, бірақ сарғыш-күлгін болып көрінеді.

Қырғауылдың ұрғашылары еркектеріне қарағанда кербездеу болады. Түсі қоңыр-сарғыш және мойын жағы күлгін-қызғылт болып келеді.

Түлеу басынан төмен қарай мойын денесі бір уақытта, ал құйрығы содан кейін түлейді. Үлкен қырғауылдың түлеуі ұзақ уақытқа созылады, кейде қазан, қараша айларына дейін созылады.

Түлеу кезінде олар семіреді де, салмағы көбейеді. Қысқа қарай қырғауыл қатты семіреді, бірақ аяз түсе бастағанда олар арықтай бастайды. Қысты күндері қырғауылдар қалың бұталар арасында тығылады. Қырғауылдың жаулары көп олардың ішіне: қамыс мысығы, қаңғыған иттер, түлкілер, жапалақтар, ақ үкілер, қаршыға, ителгілер, үй мысығы тағы басқалар кіреді. Салған жұмыртқалар мен басып шығарған балапандарының жартысын жоғарыда айтылған жануарлар әсерінен шығарған балапандарының жартысы өледі.

Қырғауыл аңшылық шаруашылығында маңызды құстардың бірі болып саналады. Қырғауылдың еті тауыққа ұқсас, сапасы мен құндылығымен ерекшеленеді.



Бұталы-орман құстары
Қазақстан – орманға бай өлкелердің бірі. Қарғайы аралас ормандар оның солтүстігін алып жатса, шыршалы алқап Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы белдеуін көмкереді. Орталық Қазақстанның қыратты жоталары да бұталы, қарағайлы ағаштарға бай өңір. Мәңгі жасыл кілем жамылған бұталы орманды құстар да кеңінен мекендейді. Өйткені, олар бұл жерден өздеріне жақсы пана және мол азық қорын табады. Жалпақ жапырықты жәен қылқан жапырақты ормандарымызды құр, меңгеру құр, ақ құр, шұбар құр, қырғауыл, кептердің бірнеше түрлері, тоқылдақтар, лашын, сұңқар, құмай, торғайлардың алуан түрлері қоныс еткен. Бұлардың көбі отырықшы құстар.

Бұталы орман құстардың ішінде аң аулау мерзімі ашылған кезде лицензиясыз шұбар құрға, ал рұқсат қағазы барларға құрға, қырғауылға аңшылық етуге болады. Орманды өңірдің тұрғындары біздің аймақта жылына 14-15,5 мың құр (15,7 тонна ет) және 15-17 мың шұбар құрды (6,2-6,8 тонна ет) мергендер қанжығасына байлайды. Бұл топқа жататын құстардың арасындағы ең ірісі-меңіреу құр. Оның салмағы 5 килограмға дейін жетеді. Бізде, негізінен, Алтай тауларында тараған. Сан мөлшері көп емес, сондықтан оны атуға тыйым салынған. Ол туралы кейінірек сөз болады. Қазірде республика ормандарында аса бағалы құстар-құр, ақ құр саны да жылдан-жылға төмендей түсуде. Егер де аңшылық шаруашылығын дұрыс жолға қойып, қоры, кеміп бара жатқан құстардың санын көбейту шараларын кеңінен жүргізіп отырсақ, Қазақстанда орман құстарының жылына 500-700 мыңын аулап, дәмді, етін дайындауға мүмкіндік туар еді. Енді осы аймақтағы саны азая түскен пайдалы құстарға тоқталамыз. Әңгімені қырғауылдан бастаймыз.



Қырғауылдың түрлері - (Phasianus colchicus)

Алмаз түстес қырғауыл (Chrysolophus amherstiae)

Ол алтын түсті қырғауылдың түсі немесе сұлулығымен ерекшеленеді.

Биология
Дене ұзындығы 80-90 см құйрығы 40 см-ге дейін болады. Жайылған кездегі ұзындығы 75-80 см. Қоразы қара-қоңыр түсті, алтын түсті болып жалтырап тұрады. Қауірсіндары жалтырауық. Қанаттары қоңыр-сары, құйрығы ұзын, басы төмен қараған сұр-қоңыр қара сызықтарымен.

Аналығының ұзындығы 65 см дейін құйрығының ұзындығы 30 см дейін, жайылған қанаты 60-65 см дейін жетеді. Түрі сұр-қоңыр қара дақтарымен және сызықтары болады. Аяқтарында қауірсіндары жоқ, балықтар сияқты қабыршықты болып келеді. Жастарының сары-қоңырлас кейіннен қара түске ауысады. Қоразының аяғының артында тепкі болады, ол жылма-жылдам қатая түседі, бірақ ұрғашысында тепкі болмайды. Қоразының көзінің жан-жағында қзыл тықыр болады, желкесінде ашуланған кезде қауырсындары қарбайып кетеді.
Тіршілік ету ортасы және қылықтары
Қырғауылар орнықты құстар, тоғайдың ішінде, таудың су жағасында, Кавказ, Орта Азияда және Бсытқа тіршілік етеді.

Ауа райының өзгеруіне байланысты оның мекен ету ареалдары бөлініп кеткен. Табиғи ареалдарға кіретін Кавказ, Поволжье, Оңтүстік Қазақстан, ОРта Азия, Премурье. Өмір сүретін жерлер: судың жағасында, қалың шөптерде, шабындық жерлердегі ағаштарды мекендейді. Қырғауыл – біздің елімізде ең әдемі түрлі-түсті өң беретін құстардың бірі.

Қырғауыл өте абайлы және қорқақтау. Қырғауыл тек қана қалың өсімдіктер арасында өзін қауіпсіз сезінеді немесе ол орман ішінде, су жағасында, көп ылғалды жерлерде жүреді.

Оның тіршілік ету жағдайына таулы аймақтарда кіреді. Ол көкте немесе жерде жүреді, ауада көп ұшуды қаламайды.

Қауіпті жерлерде олар қашуға тырысады. Ол шөп көп жерлерде де, ашық жерлерде де тез жүгіреді.

Қоректенетін жерлері тоғайлы және ашық жайылымдарға, ағаштар басында түнейді.

Кәдімгі қырғауылдар ірі құстардың біріне жатады. Кішкентай басты, ұзын. Әдетте қораздарында құйрықтары ұзын 18 қауірсіндас болып келеді. Көзінің аймағында тықыр қалың қызыл түсті тері болады. Ал қауырсындары көздің артқы жағынан орналасқан.

Қауырсындары ашық түсті болады, тіршілік ету орталарына байланысты болып өзгеріп отырады. Қоразының ұзындығы – 80-90 см, ұрғашысы – 60 см жуық болады. Соның ішінде құйрығына – 42,5 см-53,6 және 29-31 см. Бұл түрі Кавказдан Приморье елге дейін таралған.

Қазіргі уақытта кәдімгі қырғауыл бұрңғы СССР жерлерінде саны азайып кетті. Оның 30-дай түрі белгілі.

Қырғауылдардың түрлері: алтын-қызыл, қанаттары ашық-қоңыр, басы жасыл түсті, жылтыр темір түстес, мойынның алдыңғы жағы және денесінің жоғарғы жағы көгілдір түсті болады. Жасыл-қоңыр түсті қауырсындар желкесінде ұзын болады. Денесінің төменгі жағы денесінің басқа жағына қарағанда ашық алтын түсті, қалың қауырсынды, алдыңғы жағында суретті болады, суреттері қара түсті сызықша сияқты болады, ал жанында және ішінде болады. Кеудесі жағындағы суреті ақ сызықша болады.

Аузы ме аяқтары сарғыштау. Ұрғашысыынң түсі ашық түсті, жылтыр болады. Денесінің жотасы құм түстес болып келеді және кеудесімен мойынында қара-қоңыр дақтары болады. Тұмсықтары мен аяқтары сұр түсті болады. Басындағы дақтар азырақ болады, қоразға қарағанда ол дақтар көзінен басталыпқұла аяғына шейін болады.

Жас қырғауылдардың түстері бірдей болады. Жалпы дене түстері ұрғашылардың түстері сияқты болады – құмды-сұр, қара-қоңыр түстес. Бел жақтарымен, құйрықтың асты қоңыр түсті сызықшалар болады. Мойыны ақшылдау. Түсі бірден өзгеріп кетпейді, жүнді, біріншісі үлкендеу, екіншісі үлкендеу тағы басқа болады. Соңғы бірінші үлкендеу кезеңі алтыншы айдың аяғына келеді.



Грузиндық қырғауыл.

Қораздарының түсі қоңыр-сарғыш және сарғыш көк, кеудесі болады, денесінің жан жағы жылтыр. Қауырсындары бар. Мекендейтін, тіршілік ететін жерлері Куры бассейінінің төменгі жағы, және Аракса суында.

Солтүстік Кавказ қырғауылы – қуырсындарының түстері закавказдық қырғауылға қарағанда ашық түсті болады, алтын-сарғыш түсті, арқасында қара дақтары бар, жан-жағы жасыл түсті болып келеді. Мекендейтін жерлері Солтүстік Қара теңізден бастап Каспий теңізіне дейін. Каспий теңізінің жағалауыменАмерондық сарқырамаға дейін өтіп, солтүстікке қарай Волга даласына дейін.

Тальгин қырғауылы – қауырсындарының түсі кавказдық қырғауылға қарағанда қоңырлау болып, қауырсындары кішірек болады. Мойыны мен дененің екі жағы қызыл-қызғылт түсті болады.

Мекендейтін жерлері Каспийдің төменгі жағы, оңтүстік дельта Куры, Талым, Ленкорань.



Персиялық қырғауыл –қауырсындарының түсі ақшыл-сұр түсті болады. Жотасында, кеудесінде және денесінің екі жағында алтын түсті болады. ТМД аймағында ол мекендейтін жер Батыс Копетдіге мен Иран мен Туркмения аумақтары.

Мургабтық қырғауыл – денесінің алдыңғы жағы көбінесе алтын түсті, денесінде өте суреті көп және қауырсындарында сурет бар. Қауырсындарының жоғарғы жағы ақ болады. Кеудесінің жан-жағындағы қауырсындар көгілдір және жасыл-қара, жылтыр болады. Мекендейтін жерлері Батыс Констдага, Таджена бассейндері, Мургаба.

Амудария қырғауылы – тіршілік ететін жерлері Амудария жазығынан Керки түбегінен бастап солтүстікте Дарген-Атаға дейін. Түсі әр кезде әртүрлі болып өзгеріп отырады (гибриттік болғаннан шығар).жотасының түсі ашық-ақшыл түсті болады, Мургаб қырғауылына қарағанда. Арқаларында кейбіреуінде дақтар болмайды.

Тәжік қырғауылы – аз уақыт бұрын Амударияның жоғарғы жағынан Тәжірксанға дейін. Соңғы 35 жыл осы түрдің саны және мекендейтін жерлері азайып кетті, қазір осы түрдің ареалы Ляндж, Амудария және Вахш аймақтарында ғана бар. Тәжіксанда бұл түрдің қырғауылдары тек ғана Арал-Пайғамбар қорығында сақталған. Қауырсындары және кеуделері бұл түрдің жылтыр қара түсті, жан-жағында сол қара түсті қауырсындары денесіндегі жасыл түсті қауырсындарды жауып кетеді.

Хивин қырғауылы – мекендейтін жерлері Амударияның төменгі жағалаулары. Түсі тәжік қырғауылы сияқты. Денесінің жоғарғы жағы қаралау, жылтыр қызыл болады. Жотасындағы жасыл түс ашық болады. Ұрғашыларынң түсі басқа түрдің ұрғашыларына ұқсас болады.

Зеравшандық қырғауыл – мекендейтін жерлері Зеравш көлінің жазығында және Кашкадария маңында. Жотасының түсі өзгеріп отырады, амудариялық қырғауыл сияқты.

Қауырсындарының ұштарында болатын қара дақтар онша көрінбейді. 11 м жуық қоңыр-қызыл сызықшалар қауырсындарында болады, мойыны ашық қызыл түсті болады. Бел жағы сарғыш болады. Басқасының бәрі Амудария қырғауылы сияқты болады.



Сырдария қырғауылы – басы, кеудесі, қара-күлгін түсті, жан-жағы қызғылт-қоңыр түсті. Қара дақтарымен, мойнының жан-жағында ақ дақ болады. Жотасы, иығы және кеудесі жылтыр жасыл түсті болады. Ұрғашы құмдас – сары түсті үш бұрышты дақтармен қауырсындарында және денесінің бәрінде. Мекендейтін жерлері – Қазақстанның оңтүстігінде, шығысында, Қырғызстанда, батыс таулы жазығында. Тян-Шань тауына дейін тіршілік ететін жерлері Нарын жазығы, Ыстық көл жазығы және оған кіретін өзендердің жазығында, Іле Алатауының жазығында.

Манчжурий қырғауылы.Түсі ақшыл сұр, көгілдір немесе жасыл түсті болады, қызыл сары түстері жоқ. Ақ түс қатты білінеді. Мекендейтін жерлері Уссури және Амур өзендері. Бұл түрдің де саны азаюда, аңшылардың көп аулауы әсерінен.

Алтын қырғауыл.Керемет құс, оның түсі ғажайып, денесі сияқты қауырсындары ұзын және алтын түсті болады. Жотасы жасыл түсті. Құйрығы алтын түсті, төменгі жағы қызғылт және қара ұзын құйрығы бар.

Ұрғашысының түсі ашықтау болады. Мекендейтін жері Тибет ормандары, Оңтүстік Батыс Қытай.



Патша қырғауылы – қырғауылдардың ішінде ең үлкен түрі болып саналады.
4.2. Мекені. Өзінің жаратылысы бойынша оңтүстіктің құсы болып саналады. Жер құсы ретінде, ол жейтін жемін жерден және аласа бұталардан қоректенетіндіктен тек ол қалың қар түсетін жерде өмір сүре алмайды. Ол қардың 10-20 см-ден көп түспейтін жерде таудың етектерінде тіршілік ете алады.

Оның таралуы Алдыңғы және Орта Азия, Батыста Қытайға шейін, Корея мен Жапонияның Шығысында. Одан басқа қырғауылдарда басқа да жерлерге жерсіндірілген, мысалы, Европа және Солтүстік Америка.

Қырғауылдың мекендейтін жері көбінесе суға және қалың өсімдіктерге жақын орналасады. Өйткені ол жерде тығылуға және қоректенуге қолайлы. Оның сүйікті жерлері болып кіші ормандар, бұталы өсімдіктер бар қамысты жерлер, суға жақын болу керек.

Неғұрлым өсімдіктер қалың болса, соғұрлым қырғауылдың тіршілік теуіне қолайлы болады. Кейбір жерлерде судың жағалауындағы тоғайлардың арасымен тауға 2500 м биіктікке дейін көтеріледі. Қырғауыл адаммен жақындасуға үйреншікті құс. Зерттеулерге қарағанда жарты ғасыр бұрын Тәжікстанды қырғауылға жағымды аймақтарында, 1км кв.орта есеппен 20-дай қырғауыл, ал балапан басқанда 140-150-ге дейін жеткен. Тәжікстанда уақытта санақ жүргізілгенде 1,5 млн-дай қырғауыл тіршілік еткен.

Амудария мен Чарджоу және Кирки қалаларының аралығында 75 мыңдай қырғауыл тіркелген. Қазіргі уақытта қырғауылдың саны күрт төмендеп кеткен, ал кейбір жерлерде тіпті жойылып кеткен. Бұл қолайлы оқиғаның себебі, аңшылықтардың қасақана қырғауылды атуы және қамыстар мен шөптерді өртелуі қырғауылдың жер аудандарына әкеліп соқты.

Қырғауылдың санының күрт төмендеуіне мына себептерді айтуға болады, қардың қалың түсуі, ұзақ уақыт аяз боғандықтан қырғауылдың қорегінің тапшы болуы, сонымен қатар құрғақшылық және өзендердің тасуы салдарынан қырғауылдың балапан салған ұяларын су алып кетуі.

Қырғауылдар негізінен оңтүстік Азияда тараған. Совет Одағы Еділдің құйылысында, Солтүстік Кавказда, Закавказьеде, Орта Азияда, Қазақстанда, Приамурье өлкесінің оңтүстік бөліміне тараған. Қырғауыл жер бетінде тіршілік ететін құс.

Біздің Республикамызда қырғауыл Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Алматы және Талдықорған облыстарының территориясында таралған. Әсіресе, бұл өңірлерде қырғауыл Сырдария, Талас, Шу, Іле Қаратал, Ақсу, және Лепсі өзендерінің жағалауларында – тоғайлы, қамысты-қопалы жерлерді мекендейді. Сонымен қатар, Тянь-Шань тауының төменгі белдеулерінде (теңіз деңгейінен 1500 м биіктікке дейін) бұталы ағаштардың арасында жүреді

Біздер соңғы жылдары жоғарыда аталған облыстардың территориясында жабайы жануарлардың биологиялық ерекшеліктерін зерртеу кезінде, қырғауылдың таралуы, мекені және саны туралы біраз материалдар жинаған едік, енді соған қысқаша тоқталайық. Жамбыл облысы жерінде Аса және Талас өзендерінің атырауларында, Билікөл маңында қырғауыл көзге шалынып қалады. Қарғауылдың көбірек кездесетін жері - Шу өзені бойы, әсіресе Фурмановка мен Қамқалы елді пункттерінің аралығында. Бұл аймақтарды 1969 жылдың күз айларында 70-80 километр жерде 15-ке дейін қырғауыл есепке алдынды. Осы мекендерде қырғауыл саны жылма-жыл өзгеріп отырады. Мәселен, мұнда 1968 жылы қыс өте суық болды, қар қалың түсті. Сондықтан қар астынан азық тауып жей алмай олардың қырылғаны байқалды. Сонымен бірге өзен, көл маңында қамысты шауып, орман-тоғайларда ағашты кесіп және құсты шексіз аулау арқылы да адамдар қырғауыл санының азаюына әсерін тигізді.

Шу өзені бойында бұл құстың мекені – жиде, тал, тораңғы сияқты ағаштар өскен тоғайлы жерлер және көлдер жағалауындағы қамысты қопалар. Биік ағаштар етегінде итмұрын, жыңғыл тәрізді бұталар өседі. Тек қана осындай тоғайлар құсқа жақсы қорғаныш бола алады. өзендер мен көлшіктер бойындағы қамыс арасын олар жақсы мекендейді. Қыстыгүні осы қамыс үйінділерінің астындағы қуыстар жылы болады да, қырғауылдар сонда түнейді. Шу өзені бойында жиделі тоғайлар шабындықпен, сормен алмасып отырады. Олар қырғауылдың өмірі үшін едәуір маңызы бар. Олар – құстың азықтанатын орындары, ал қауіп-қатер төнгенде жауларынан қорғанатын жақсы баспанасы.

1970 жылдың сәуір-мамыр айларында Қызылорда облысының Жалағаш және Сырдрия аудандарында –Сырдария және Жаңадария өзендерінің бұталы тоғайларында қырғауылға біраз санақ жұмысы жүргізілді. Бұл зерттеулер нәтижесінде, аталған қосныстарда бұл құстың саны едәуір өсіп келе жатқаны байқалды. Мәселен, 21 сәуір күні Жаңадария совхозының отралығына жақын сексеуіл-жыңғыл өскен бұталы орман арасында, 10 шақырым қашықтықты машинамен жүріп өткенде, 6 қырғауыл көзге шалынды. 15 мамырда Жаңадария өзені бойындағы сексеуіл аралас өскен қамысты мекендерде, үш сағаттық бақылау кезінде 9 қырғауыл кездестірдік. Сондай-ақ 19 мамырда Сырдария бойында да төрт шақырым қашықтықты үш құс біздің алдымыздан ұшып өтті. Бұл келтірілген мәліметтер Сыр бойында қырғауыл санының өсе бастағанын көрсетеді. өйткені өткен қыста бұл аймақта қар аз түсіп, күн жылы болған еді. Соған сәйкес қырғауылдың азықтары да мол болып, көктемде олар жақсы өніп-өседі. Саны да аздап көбейеді. әрине, бұл көрсеткіш оның ерте уақыттағы санымен салыстырғанда өте мардымсыз.

Дұрыс биотехникалық шаралар жүргізілгендіктен, қырғауылдың өсімталдығынан қайтып қалпына келуде. Ақпанның соңында, наурыздың ортасында кейбір жерлерде сәуірде қырғауылдың қысқы тобы жан-жаққа құптарымен бөлініп, ұя салатын өлкелерге тарайды.


Қазақстанның жерінде үстіміздегі ғасырдың 30-40 жылдарына дейін қырғауыл өте көп болған. Оған айғақ 1928-1930 жылдары Сырдарияның орта ағысынан ғанан 38 мыңға дейін бұл құс атып алынған еді. Тіпті ол кезде оның келтірілген күйіндегі еті. Қараөзек станциясынан Москваға жіберіліп тұрған. Ол уақытта күніне бір аңшы 40-60-тан қырғауыл атып алған. Ал үстіміздегі ғасырдың 60-жылдары құс «төресі атанған қырғауылдың саны өте азайып кетті. Оның себебі, біріншіден, аңшылардың қырғауылды жыл бойы аулап, қорын азайтуынан, екіншіден, бұл құстың аса көп мекендейтін жерлерін әртүрлі халық шаруашылығы қажетіне пайдаланудан болып отыр. Мәселен, 1962 жылы жоғарыда көрсетілген бес облыстың территориясынан, тек есепте тұратын аңшылардың өзі ғана 10 мыңнан астам қырғауыл атып алынған. Ал, Қазақстан бойынша есептегі аңшылар 1962 жылы 18,8 мың, 1963 жылы – 1,6 мың, 1965 жылы – 12 мың қырғауыл атып алған көрінеді (Кондратенко, Смирнов, 1973. Ашылардың осы үш жылда атып алған қырғауылдарының барлық етінің салмағы шамамен 32,5 тоннаға тең. Ал есепке алынбаған аңшылардың олжасы қаншама десеңші.

Қазақстанда, әсіресе Алматы облысының жерінде, қырғауылды өсіру, көбейту мақсатымен 1964-1968 жыдары Қырғызстаннан әкелініп Іле, Жоңғар Алатауларына 300-ге жуық қырғауыл жіберілді. Жерсіндірілген қырғауылдар мұнда тез таралып, саны көбейіп өсіп келеді. Мәселен, Қазақ ССР Министерлер Советі жанындағы аңшылық шаруашылығы мен Қорықтар Бас басқармасының тапсырмасы бойынша мамандардың 1968 жылдың күз айларында жүргізілген санағына қарағанда, тек Алматы төңірегінде ғана қырғауылдың саны 3 мыңға жеткен. Ал республика бойынша қырғауыл шамамен 50-60 мың болса, соның көбі Жетісу жерінде кездеседі екен. Соңғы жылдары жүргізілген есепке қарағанда, қырғауылдың қоры әсіресе тіркелген аңшылық шауаршылықтарында мол екені байқалады.қазақтың аңшылар одағының мәліметі бойынша, Алматы, Жамбыл, Шымкент және Талдықорған облыстарында аңшылық шауаршылығында осы құс мекендейтін 1000 гектерда 1963 жылы 30-50 қырғауылдан, ал осындай көлемді жерде 1970 жылы 300-400 құстан келген. Қазіргі кезде де Алматы облысына қарасты Қарашеңген және Бартоғай аңшылық шауаршылықтарында қыс айларында қалың тоғай арасынан қырғауылдың 50-80-інен тобымен жайылып жүргенін көруге болады. Жалпы көлемі 9 мың гектер Қарашеңгел аңшылық шаруашылғында 1972 жылдың көктемінде осы шаруашылықтың қызметкерлерінің жүргізген санағы бойынша 6300 қырғауыл кездескен (Мухин, 1973).

Қырғауылдың соңғы жылдары осынша тез көбеюіне басты себеп, барлық жерде де қырғауылды атуға тыйым салудың әсері болуға тиіс. Қазіргі кезде қырғауылды тек тіркелген аңшылық шаруашылығында арнаулы рұқсат бойынша ғана атуға болады. Оның өзінде көп емес. Мәселен, жыл сайын күзгі маусым кезінде, яғни 1 қарашадан 5 желтоқсанга дейін аңшы бір шыққанда – 2, ал маусымда 4 қырғауыл атып алуына рұқсат етіледі. Мәселен, соңғы жылдары жыл сайын бір айға созылған маусымда тек үш-төрт аңшылық шаруашылығында аңшылар Алматы төңірегінен 1000-нан астам қырғауыл атып алады. Бұл құс мекендейтін басқа жерлерінің бәрі де қорғауға алынған. Сондықтан да әрбір саналы адам сол қоныстардағы қырғауылды қорғап, оның санын молайтуға бағытталған шараларды жүзеге асыруға тиіс.

Сонымен бірге, қырғауыл қорын молайтуға ерекше назар аударылып отырғанына бір ғана мысал келтірейік. Егер де бұдан бес-алты жыл бұрын аңшы аң аулауға бір рет шыққанда 3, ал маусымда 9 қырғауыл атуға рұқсаты болса, жаңа ереже бойынша қазіргі кезде аңшыға бір рет шыққанда 2, ал маусымда 4 қырғауыл атып алуға рұқсат етілді. Сондай ақ бұл құсты браконерлерден сақтау шаралары да жүзеге асырылды. Бірақ бір қиналатын жағдай- кейбір аудандарда бұл құсты рұқсатсыз аулаушылар әлі де кездеседі. Жамбыл облысында экспедицияда болғанымызда, Шу, Мойынқұм аудандарында олардың көбі автомашина жүргізушілері екенін байқадық, олар табиғат байлығына үлкен зиян тигізеді. Мұндай қылыққа қарсы аяусыз күрес жүргізу – облыстық аңшылық инспекциясы мен қоғамдық ұйымдардың бірден бір міндеті.

Қырғауыл - өсімтал құс. Оның мекені жылына 7-ден 18-ге, көбіне 8-бен 14-ке дейін балапан шығарады. Олар ұясын жерге салады. Оның қорегіне байланысты қыс қатты, қар қалың, азық қоры аз боған жылдары олардың саны да азаяды және осындай қатаң қыста ол түлкі мен жабайы мысық сияқты жауларына да оңай олжа болады. Сонымен бірге, қырғауылдың көбеюіне оның мекендейтін жеріндегі қамыс қопасын өртеу, орман-тоғай ағашын кесіп алу, шамадан тыс мал жаю сияқты жағдайлар да кедергі жасайды. Сондықтан мұндай шаралардың жоспарлы жүргізілуі табиғат қорғау орындары мен алдын-ала келісіліп істелуі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет