Әдебиетті тереңдетіп оқытудың Өзекті мәселелері



Дата02.07.2016
өлшемі87.64 Kb.
#172101
ӘДЕБИЕТТІ ТЕРЕҢДЕТІП ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

О.Қ.О Мақтарал ауданы Жетісай қаласы

122 ЖОМ. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.А. Дуйсенбиева


Бүгінгі кезеңце жаңа типтегі мектептер мен гуманитарлық бағыттағы лицей-гимназия, әдебиетті тереңдетіп оқытатын мектеп, сыныптар нәтижелі жұмыс істеуде. Ізденімпаз әрі шығармашылықпен еңбектеңуші ұстаздар әдебиетті тереңдетіп оқытудың негізінде тәжірибелер жинақтауда. Алайда осы мәселе әлі де терең ойлануды, көп ізденуді қажет етеді.

1. Оқытылатын туыидыгерлер шығармаларын тереңдей оқытуға жол ашу, көркем сөз иесінің әдеби әлемін түгастай қарастыру:

а) 11-сыныпта М.Әуезов шығармашылығын тереңдетіп оқытудың барысында (жазушының бұрыннан оқытылып жүрген туындыларымен қатар, роман-эпопеясы, драматургиясы, әңгімелері) оның аудармалары, абайтану ғылымына сіңірген еңбегі, әлем әдебиетіндегі белді тұлғалары жайындағы ғылыми мақалалары қарастырылады. «Әуезов және қазақ әдебиеті», «Әуезов және шығыс әдебиеті» айналасында арнайы сағаттар бөлініп. сөз қозғау бүкіл Әуезов әлемін танытудың алғашқы қадамдары болар еді (әрине бұл мәселелерді оқушыларға лайықтап, тұжырымды берген жөн);

Бұдан шығатын қорытынды оқытылатыл автордың көркем туындыларымен қатар, оның әдебиет әлеміне сіңірген комақты еңбектеріне назар аудару, ол туралы жан-жақты мағлұмат беру, әрине, «Әуезов және қазақ әдебиеті», «Әуезов және әлем әдебиеті» деген тақырыптарды оқушыларға соншама тереңдетіп беру арқылы, Әуезовтің ұлы тұлға, ұлы жазушыны екендігін тұтастай қарастыру, Әуезов әдеби әлемін түсіндіру.

ә) Ахмет Байтұрсыновты «Қырық мысалмен» немесе оған қоса кейбір өлендерімен ғана қарастыру жөн бе? Ахметтің тіл біліміне сіңірген еңбегі, «Әдебиет танытқышы», қазақ қауымы жайындағы (оның қоғамдық бейнесін ашатыл) өткір, өз заманын былай қойып, қазірде де маңызын жоймаған мақалаларын, бүкіл Ахмет әлемін туластай құрастыру тереңдетіп оқытудың маңызды бір белгісі болмақ;

б) Бұл жерде ескеретін ерекше бір мәселе бар. Тереңдете оқытудың шығарманың саны немесе сол сыныпта оқытылатын авторлардың көптігімен жүзеге аспайды. Берілетін білім мазмұны, оның мөлшері мұлда да педагогика, психология ғылымының зерттеулері бойынша сыныптағы балалар қабілеті, жас ерекшеліктеріне байланысты болуы керек. Ұзын сонар фактілер, ұзын сонар


шығармалар саны оқушыны қажытатыны, әрі олардың оқушы есінде сақталмайтынын ескеру керек.

Тереңдетіп оқытуда да нақты (түйінді дүниелерге назар аудару берілетін білім мөлшерінде нақтылаудың ең басты мәселелердің бірі екенін ү-мытпаған жөн);

в) тереңдетіп оқытуда да, жоғарыда айтылғандай KopKev! сөз иесінің барлық білімін тұтастай қарастыра отырып, мұғалім автордың қай туындыларына шолу жасау керек екенін ойластырғаны дұрыс. Мысалы, «Әуезов және шығыс әдебиеті» деп қарастырсак, бұл тақырыптың өзі әдебиет даму
ғылымдарындағы шетсіз, шексіз бір әлем. Мұғалім шолу жасай отырып, ішінара ең негізгі қадау-қадау дүниелерге басты назар аударып, тұлсырымды етіп кана білім беруді ойластыруы керек. Ал еңді Әуезовтың, Абайдын қазақ прозасын еуропалық проза дәрежесіне көтерген алғашқы әңгімелерін тереңдетіп оқыту керектігі, әрине, сөзсіз дуние.

2. Тереңдетіп оқытудың келесі бір белгісі — көркем туынды, әдебиеттану ғылымы тұрғысынан тереңдетіп талдау:

а) тереңдей талдауда мьгаа мәселелерге ерекше көңіл бөлген жөн: көркем туындының негізінде жатқан ой, автор позициясы, яғни идеялық проблематика; шығарманың көркем формасы; сөз айырмашылықтары; образды кестелі тілі, тркырымдап айтқанда «сырты күміс, іші алтын» тур мен мазмұн бірігіп, жанды бірлікті талдау, көркем сөз иесінің стилі, әдісіне барлау жасау. Мысалы. осы жұмысты төменгі сыныптардың өзінде қалай жүргізуте болады, баланың көркем туындыны талдау дағдыларын қалай қалыптастыру керек? Соның бір жолын мына бағандардан көруге болады (Қ.Бітібаева іс-тәжірибесінен).

Абай «Жаз»



Өлен негізінде жатқан

идея, авторлық

ой.


Өлендегі

негізгі ойды

ашатын

шумақтар, өлен жолдары



Айшықты,

әдемі образды

көркем- сөздер


Өзіңе

ұлаған жырлар,

шумақтар


Ақын стилі,

әдіс


М.Әезовтың «Абай жолы» эпопеясындағы Құнанбайлар әлемін тереңдете оқытудың кейбір жақтарына тоқталайық.

1. Ең алдымен, автордын Құнанбайлар әлемін көрсетудегі идеялық проблемасы не? Соның айналасында іздену.

а) Сахарадағы екі күш, екі тартыс. Ескі заманмен туып келе жатқан прогресс, жаңанын күресі. Замана - Құнанбайлар мен Абайлар.

ә) Әкелер мен балалар проблемасы. Абай - Құнанбай. Тәкежан - Әзімбай, Абай - Әбіш, т.с.с.

2. Құнанбайлар әлемі - Құнанбайға жеке тоқталмай, эпопеядағы типтерді талдауда мына проблемалар айналасында топтап сұрыптап, жинақтау.

а) Құнанбайлар — феодалдық қоғамның, оның әдет салтыньвд. дала заңының қатал сақшысы.

ә) Құнанбайлар және даладағы рулық-патриархалдық тартыс.

б) Құнанбайлар және әйелдер бостандығы, махаббат.

Көріп отырғанымыздай тереңдете оқытуда біріншіден. Құнанбай бейнесі жалғыз алынып отырған жоқ, төрт томды бүкіл эпопеяда оның ізбасарлары көп, сондықтан «Құнанбайлар әлемі» деп көгапе түрде алынды. екіншіден, Құ-нанбайлар жаңа заман, жаңа ұрпақ, прогресс иелері мен бастаушысы - Абаймен қатар қарастырылып отыр.

Сабақтың тақырыбында сол себепті «Феодшідық қоғам - Құнанбайлар және Абай» - деп алса, му-ғалім көптеген мәселелердің басын тұжырымды түрде топтап. жинақтай отырып алар еді.

«Абай жолындай» күрделі шығарманы тереңдете оқыту, оның әр образы, әр бетін санамалай оқыту емес, керісінше, нақты бір проблемалар негізінде жинақтап алып, тұжырымдап, топтап оқыту болып табылады.

3. Тереңдете оқытудың тағы бір белгісі - тақырыпты қосымша материалдармен, ғылыми еңбектермен байыту (яғни, оқушыға берілетін білім мазмұныл байыту). Бұл жерде де еске ұстайтын екі мәселе бар:

а) мұғалім қосымша материалдар мен ғылыми еңбектерді тақырыпқа сай сұрыптап, кадау-кадау түйінділермен алады;

ә) ғылыми еңбектерді тұтастай оқытады.

3. Пәнаралық байланыс, интеграциялап оқытуды басшылыққа алу тереңдетіп оқытудың тағы бір жолына жатады.

а) пәнаралық байланыстың бірнеше түрі бар:

1. Тұтас пәндер арасындағы байланыс, мысалға, тарих, әдебиет, тілі.с.с.

2. Пәнішілік байланыс, яғни бір тақырыппен екінші тақырып арасындағы байланыс.

Пәнарлық байланыс мұғалімнің алдына қойған сабақ мақсаты мен сабақ мазмұны, құрылымымен қабаттасып жатуы керек. Сабақтың бір кезеңінде ғана «жылт» ете түсетін, сөз арасында ғана мысал ретінде айтыла салатын деректерді (басқа пәндер бойынша) пәнаралық байланысқа жатқызуға болмайды.

Мысалы: 9-сыныпта Бұқар шығармашылығын оқыту өндіру барысында Абылай туралы елендер де талданады.

Білім беру мақсатының бір түйіні, дэні «тарихтағы Абылай бейнесін Бүкар өз толғауларында бере алған ба? Абылай бейнесінің негізінде жатқан тарихи шындық» деген проблемалардан түрмақ. Сабақтың өн бойында мұғалім тарихтағы Абылай мен толғаудағы Абылайды қатар шіа отырып түсіндіруі керек. Оқушылардың тарихтан алған білімдерін қайталау, жаңалау арқылы әдебиеттең берілетін жаңа білімдерді байыту кенейту мәселелерімен айналысады.

3.Пәнішілік байланыстың да тереңдете оқытуда өзіндік орны бар. Мысалы, көркем шығармалар тіпті, ақын-жазушының стилі турапы сөз қозғағанда оқушыларға шығарма жаздырғанда, т.б. қазақ тілі пәнімен байланыстың тиімдшігі, маңызы зор.

Интеграциялап оқыту берілетін білім мазмү.нын тереңдету, байыту кезінде өзіндік рөл атқарады. Бір мезгілде екі не үш пән мұғалімнің бірлесе сабақ өтуі, білімді қосарлана беру соңғы кездерде тәжірибеге жиі еңуде әрі мұғалімдер сол арқылы біршама жақсы нәтижеге жетуде.

Жалпы жоғары оқу орнын былай қойып, мектептерде бауырлас пәндерді қосып оқыту сияқты тәжірибелер кеңінен қанат жаюда. Оның тиімділігі, маңызы не? Ең бастысы, бауырлас пәндерді біріктіре отырып оқытуда, уақыт үнемделеді, білімді жинақтап береді. Мысалы, астрономия сияқты пәндерге аптасына бір сағат беріледі. Бір сағатта қандай білім берілсін, келесі сабаққа дейін алған білімдерді ұмытып қалу мұндайда жиі кездеседі. Екіншіден, білімді жан-жақты беруде, бір-бірімен байланыста беруде былай оқытудың өзіндік маңызы бар.

Әдебиеттең білімді тереңдете беруде интеграциялық оқытуды пайдалануға болады. Оған қандай жағдайда жүгінген дұрыс:

1. Өтілетін білім мазмұны басқа пәндердегі біліммен үндесіп жатқаңца;

2. Өтілетін білім мазмұнын толықтыруды, байытуды қажет еткенде;

3. Бір мезгьчде бірнеше пәндердегі ұғымды бір жерге топтап, жинақтап беру мақсатында, Абай шығармашылығын өткенде, әсіресе табиғат, махаббат лирикштарын оқыту барысында, бейнелеу өнері пәнінің, музыка пәнінің мұғалімдерімен бірігіп, сабақ-гармония (немесе үйлесім сабағы деп те аталады) өткізіп, білім мазмұнын жан-жақты байыта отырып беруге болады.

4. Бұл сабақта бейнелеу пәні мұғалімі суретшілердін табиғат көрінісін әр түрлі бояулармен жеткізетін құдіреті туралы сыр шертсе, музыкада сиқырлы әуен, саздың үіаңызын, ал әдебиетте сөз өнерінің, сөздің қасиетін мұғалімдер оқушылардың көзін жеткізе отырып түсіндірер еді. Бұндай жағдайларда баланың ой-өрісі, дүниетанымы, эмоциясы, эстетикалық сезімі дамиды, әрі әдебиет сабағының өнер сабағымен бір салалас екендігі туралы оқушылардың түсінігі дамиды. Бұл- тереңдете оқытудың тиімді жолы.

Оқушылардың танымын дамыту, белсенділігін арттыру. пәнге деген қызығушылығына әсер ету -тереңдете оқытудың негізгі мақсаттарының бірі. Мазмұндату сияқты жұмыстарға (қарапайымнан күрделіге қарай) бірте-бірте дағдыландырған дұрыс. Оқыған шығармалары туралы өз пікірлерін айтқызудан, көркем мәтіннен үзінді ала отырып өз пікірлерін дәлелді қорғап айтуға дағдыландыру да әдебиетті тереңдете оқытудың тиімді жолдары.

5.Білімді тереңдете берудің тағы бір тиімді тәсілі - ойланудың да, терең ойдың пәні. Әр оқушының көркем шығарма туралы өз пікірлері, ойы болады. Өз ісінің ойлы шебері, яғни ойлы әдебиетші ұстаз алдындағы шәкірттерін біреудің пікірі, ойын қайталаудан босатады, оқушының өз пікірі, әсері, түсінігін бірінші кезекке қойылады.

6. Бала ең апдымен өз пікірі, түсінігін айтуға талпынсын. Оның осы балаң пікірін оқулық толықтырсын, ғылыми еңбектер байытсын, мұғалім түсінігін әрі қарай жетілдірсін. Өз пікірі, оқулық білімі. мұғалім түсінігі, ғалымдар еңбегі осы төртеуі кабысып келгенде ғана терең білім беріледі. Түсінікті болу үшін оны былай көрсетуге болады:




Оқушы түсінігі, пікірі

Мұғалім түсініктемесі, пікірі

Оқулықтағы білім негіздері

Қосымша материалдар, ғылыми еңбектер пікірі

Оқушыны төмендегі сыныптан бастап көркем шығарма туралы өз пікірлерін айта білуге баулыса, өтетін жаңа туындыларды алдын ала беріп, баланың жаңа сабаққа өз пікірлері мен терең білім беру тәсілін жүзеге асыру қиынға соқтырмайды.

7. Білімді тереңдете берудің мұғалім күрделі. қиын әдістемелерінен емес, жеңіл жолынан іздеулері керек. Бұл мәселе көмек-нұсқаулар жазылған дидактикалық материалдар, тақырыптың түйінді дәнін даралап, саралап көрсетіп тұратын карточкалар, кесте, сүлба сияқты көрнекілердің де маңызы ерекше. Мысачы, М.Әуезовтың «Абай жолын» санаулы сағаттар ішінде барлық қасиеті. ұлттық бояуы, терең мәні, сәнімен тұтастай қарастырудың қаншалықты қиын екені барлық ұстаздарға аян. Ал оны жеңілдетіп берудің (оқушының қабылдануъш жеңілдету) жолын қарастыру қажет.

«Абай жолы» төрт кітаптан түратындықтан зерделі оқушының өзі ондағы негізгі оқиғаларды, көріністерді есте сақтаулары қиынға түседі. Сондықтан, төмендегі үлгіде кесте-плакатқа әр кітаптың тараулары бойынша негізгі, өзекті оқиғалары сұрыпталып жазылып қойылады.


Тараулар

Негізгі оқиғалар

а/ «Қайқанда»

б/ «Қат-қабатта» т.б.



а) Жол үстіндегі үтиеу әңгімесі;

ә) Абайдың балалық сағынышы;

б) «Ұры жырадағы» корқыту оқиғасы:

в) Амандасу дәстүрі және әжесі.



Мұндай кесте-плакатты эпопеядағы басты кейіпкерлерге де жазып қоюға болады. Оның тиімділігі, оқушыларга көмегі сол кейіпкерлер туралы жалаң сипаттама емес, мәтіннен мысал келтіре отырып дәлелді, ойлы пікірлер айтуға. жүйелі талдаута жетелейді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы білім берудің ұлтты қ моделін дамыту бағытындағы мақсаттарды көздейді. Осы түргыдан білім беруді жаңашаландырып, оның жаңа жүйесін жасап, дәстүрлі жүтіден ерекше болуын қамтамасыз ету - басты парыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет