- Қазіргі заман ғылымында əдіснама деп ғылыми-танымдық іс-əрекеттердің құрылу принциптері, формалары мен тəсілдері жөніндегі білімді айтамыз.
- Ғылым əдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің – нысаны, талдау пəні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т.б. сипаттамасын береді. Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу процесіндегі əрекеттер бірізділігін белгілейді.
- Педагогикалық зерттеудің нәтижелерінің сапасын негіздеу, көп жағдайда педагогикадан тыс ұғымдар және критерийлерді – философиялық, логикалық, математикалық-статистикалық критерийлерді қарастыруды талап етеді
- Педагогикалық өлшемдердің сапасын әдіснамалық тұрғыда негіздеу: 1) өлшем процесін ұйымдастыру теориясы; 2) осы процесті ғылыми негіздеу мәселелерін қамтиды.
- Батыс елдерінде тестілердің математикалық-статистикалық теориясы жақсы құрастырылған, бірақ тестердің педагогикалық теориясы жеткілікті зерттелмеген. Оның басты себебі – тестілеудегі америкалық тұғырға тән прагматизмнің және технократизмнің басым үлесі.
- Білім беру мәселелерінің педагогикалық аспектілері – бұл педагогикалық өлшемнің педагогика ғылымымен байланысы, педагогикалық өлшем пәнін анықтау, педагогикалық өлшемдердің педагогикасы мен теориясының ұғымдық аппаратының арақатынасы, тест және тест тапсырмаларын құрастыруға арналған оқу пәнінің мазмұнын таңдау әдістері.
- .
Достарыңызбен бөлісу: |