Әдістемелік көмек көрсету мақсатында жас маманмен I тоқсанда атқарған жұмысы туралы есебі



бет1/3
Дата13.12.2022
өлшемі41.7 Kb.
#467140
  1   2   3
Есеб


Мұғалім - тәлімгердің әдістемелік көмек көрсету мақсатында жас маманмен I тоқсанда атқарған жұмысы туралы есебі

Жас маман: Шәмші Гүлсім Жолбарысханқызы
Тәлімгер: Дүйсебаева Ғалия Маралбайқызы

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» - деген. Ал мектепке мұғалім болып кеше ғана оқуды аяқтаған жас маман келгенде, оған барлық әдістемелік көмек көрсетілуі тиіс.


2020-2021 оқу жылында математика пәнінен келген жас маман Шәмші Гүлсімге тәлімгер болып тағайындалдым. Ең алдымен жас маманды педагог жұмыстары және ережелерімен таныстырып өттім. Оқу жылының басында әдістемелік нұсқау хатпен, нормативтік құжаттармен және пәндер бойынша оқу бағдарламасымен таныстырып және түсіндіріп өттім.
Сағат жүктемесін ескере отырып, сабақ кестесі мен қысқа мерзімді жоспармен ҚМЖ, ОМЖ орта мерзімді жоспарды жазуды үйреттім. Білімленд платформасымен қалай жұмыс жүргізу керектігін көрсеттім.Сондай –ақ, күнделікті сабақ жоспарларының: білімділік, дамытушылық және тәрбиелік мақсат аспектілерін қарастыра, жас ұстазға күнтізбелік сабақ жоспарларының құрылымын әзірлеуге үйретіп ақыл-кеңесімді беріп отырдым.
Сынып журналының талаптарымен,күнделік кз қалай жұмыс жүргізу керектігімен және олардың дұрыс толтыруын қадағалап отырдым. Күнделікті сабақтарға қажетті әдістемелік және дидактикалық материалдарды, тиісті құрал-жабдықтарды таңдауға көмек көрсеттім.
Факультативтік қурс пен таңдамалы сабақ бағдарламалары мен жоспарларын , тәрбие жұмысының жоспары жайлы түсіндіріп, оларды құрастыру жолдарын қарастырдық. Оқушылардың іс- қағаздарын жүргізу және жөндеу туралы нұсқау бердім. Жас маманға өз білімін одан әрі жетілдіру үшін педагогикалық ғылыми- әдістемелік әдебиеттерге,республикалық кәсіби басылымдарға жазылуға және таңдауға ұсыныс жасадым. Соңымен қатар өз білімін жетілдіру жоспарын құрастыруға бағыт бердім.
Жас маманның жұмысын бақылауда оның сабақтарына, сыныптан тыс өткізген іс-шараларына Whatsapp желісі, Zoom платформасы арқылы қатысып, сабақты өткізген соң толық талдау жасап отырдым. Динара менің сабақтарыма үнемі Whatsapp желісі,Zoom платформасы арқылы қатысып отырды. Басқа да тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына онлайн қатысып, сабаққа қатысу дәптерін толтыру жолдарын көрсеттім.
Жас маманға оқу – тәрбие үрдісінде қиындық келтіретін мәселелер бойынша көмек көрсетілді. Алдымен сыныппен және ата-аналармен жұмыс жүргізу туралы кеңестер берілді. Сапалы білім мен тәрбие болу үшін мектеп және ата-ана тығыз байланыста болуы қажет екендігі ескертілді. 10 «А» сыныбымен онлайн форматта өткізілген ата-аналар жиналысына қатысты және де ата-аналардың жас маманға деген көз қарасы өте жақсы болды.
Гүлсімді дәптерлер мен күнделіктің жүргізу талаптарымен таныстырып, оқушылардың каллиаграфиясы мен дәптерлерді ұстау сапасы жөнінде кеңес бердім.
І тоқсанда оқушылардың оқу жылдамдығын арттыру үшін жекелей жұмыс жасау жоспары әзірленіп, сабақтан кейін қосымша тапсырмалар беріп отыру керектігін айттым .
Сыныптағы дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасау жоспары құрылып, іске асуда. Оқу үрдісінде керек материалдарды арнайы папкаға жинақтауды кеңес бердім. Жас маманның шығармашылық портфолиосы мен оқушылардың портфолиосын жинақтауға бағыт бердім. Оқушыларды бақылау күнделігін жүргізуді бастап, оны іске асыруды қажет еттім. Сонымен қатар тоқсан соңында оқушылардан алынатын БЖБ мен ТЖБ-ның бағалау шкалаларымен таныстырдым және қалай бағалау керектігін көрсеттім.
Жас маманға мектеп басшылары жасаған ескерту мен қателіктерді дер кезінде түзету керектігін айттым өттім Алдағы уақытта жас маманмен жоспарланған жылдық жұмыс жоспары әрі қарай іске асуда.
Жалпы қорыта келгенде,Гүлсімнің педагогикалық жұмысқа бейімі бар, сыныппен жұмыс істей алады, әр іске жауапкершілікпен қарайды.Келешекте жақсы ұстаз болатынына сенімдімін.

.


39 «Асықата» жалпы орта мектебі


Мұғалім - тәлімгердің әдістемелік
көмек көрсету мақсатында жас
маманмен I тоқсанда атқарған
жұмысы туралы
есебі



Жас маман: Шәмші Гүлсім Жолбарысханқызы
Тәлімгер: Дүйсебаева Ғалия Маралбаевна
2020-2021 оқу жылы


№39 «Асықата» жалпы
орта мектебінің математика
пәні мұғалімі
Дүйсебаева Ғ.М.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет