Сабақтарымен қамтамасыз ету үшін «Теңдеу және теңсіздіктерді шешу»



бет1/2
Дата09.08.2024
өлшемі19.14 Kb.
#503131
түріСабақ
  1   2
10 сынып факултатив


Түсінік хат
Жоғары сынып оқушыларын таңдау сабақтарымен қамтамасыз ету үшін «Теңдеу және теңсіздіктерді шешу» қолданбалы курсы құрылды.Ұсынылып отырған курс жоғары сынып оқушыларының кәсіби дайындық міндеттерін жүзеге асыруға көмектеседі.
Бұл курс,математикаға бейімі бар оқушының қызығушылығын,сұранысын стандартты емес есептер шешу әдістерінде танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.
Математика оқулықтарында теңдеулер мен теңсіздіктерге байланысты материалдар мектеп математика курсы мазмұнының қомақты бөлігін құрайды, себебі теңдеулер мен теңсіздіктер математиканың түрлі салаларында және маңызды қолданбалы есептерді шығаруда кең қолданыс табады.
Теңдеу мен теңсіздік ұғымы қаншалықты кең болса, олардың шығару әдістері де соншалықты көп. Сондықтан қазіргі уақытқа дейінгі теңдеулер мен теңсіздіктердің дамуында әр түрлі әдістердің өзгеріп, жаңарып отыруы осы ұғымдардың нақтылануы мен басқа да математиканың бөлімдерімен байланысын ескеріп отыруды қажет етеді.
Мақсаты:
Жоғары сынып оқушыларына алгебралық теңдеулер мен теңсіздіктерді логикалық шешу жолдарын теориялық негізінде ашу және тиімді әдістерін күрделі есептер шығару барысында игертуге, күрделі есептер шығару барысында логикалық байланыстармен әдістерді практикалық жұмыстарда қолдана білуі арқылы біліктілігін дамытуға жағдай жасау.


Міндеттері:

  • Математиканың адам өміріндегі алатын орнын, қажеттігін білу;

  • Алған білімдерін іс-жүзінде пайдалана білуге үйрету;

  • Іздемпаздық, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • Математикалық білім, білік дағдыларының белгілі жүйелерін меңгерту;



Күтілетін нәтиже:

  • Логикалық ойлау қабілеттерінің дамуы;

  • Оқушылардың материалдық білімінің жоғарылауы;

  • Тақырыптар бойынша есептерді шығару арқылы өздігінен нәтижелі білім алуы.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет