әдістемелік материалдар 2013 жылғы №2 басылым


Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет9/11
Дата24.02.2016
өлшемі0.76 Mb.
#12369
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар.

1. Оқудың ұйымдастырылу түрі деген не?

2. Оқудың сынып-сабақтық формасының ерекшелігі неде?

3. Сабақ құрылымының əртүрлі болуының себебі қандай?

4. Оқу процесінің əртүрлі ұйымдасу формаларына өз тəжірибеңізден мысал келтіріңіз.

5. Негізгі оқу түрлері жəне олардың ерекшеліктері қандай?



Әдебиеттер:

1.Бабаев С.Б, Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика» Алматы 2006.

2.С.Ш. Әбенбаев, А.М. Құдиярова, Ж.Ә. Әбиев «Педагогика» Астана 2003.

3.Ж. Әбиев, А.М. Құдиярова, С. Бабаев «Педагогика» Алматы 2004.

4.Бержанов К.Б., Мусин С.М., Педагогика тарихы. Алматы-2004.

5.Дүсембекова Ш.Д. Педагогика. Семей 2004 ж.


Тақырып 9. Қазіргі педагогикалық технологиялар .

Мақсаты:педагогикалық технологиялар туралы тұтас білімді қалыптастыру және күнделікті оқыту технологиясының жетістіктерімен кемшіліктері.

Жоспар:

Технология туралы ұғымдар.Педагогикалық технологияларға негізгі сипаттамалар.

Оқытудың әдеттегі дәстүрлі технологиясы.

Кейбір жаңа педагогикалық технологиялар.

Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың технологиясы.
Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар

«Технология» ұғымына анықтама беріңіз. Технология ғылым ретінде және технология практика дегеніміз?

Педагогикалық технологияларының мәнін ашып көрсетіңіз.

Дәстүрлі оқыту технологиялардың концептуалдық анықтамаларын атаңыз.

Дәстүрлі оқыту технологиялардың жақсы да жаман жақтарын атап көрсетіңіз?

Ынтымақтастық педагогикасы өкілдерін атап шығыңыз.

Республикадағы инновациялық меткептерден мысалдар келтіріңіз.

«Ұстаздарды дайындаудағы технологиялық» нені көздейді?



Әдебиеттер

Әбиев Ж. Педагогика. Алматы., 2004.

ҚоянбаевЖ.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика: Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы.- Алматы, 2004-420 бет.

Абай атындағы қазақ Ұлттық педагогикалық Университеті. Алматы: “Нұрлы Әлем”, 2003.

Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. А., 2002

Педагогика. Педагогические теории, системы, технологии/ под ред. С.А.Смирнова. М., 1999

Щуркова Н.Е. Педагогические технологии. М., 2002

Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. – М., 1998.


Тақырып 10. Мектепті басқару және менеджмент. Мектептегі әдістемелік қызмет және мұғалімдерді аттестациялау.

Мақсаты: Менеджмент түсінігіне анықтама беру және оның мәнін ашу, білім беру жүйесін басқару және білім менеджерінің қызметімен таныстыру. Мектепті басқарудың максаты мен міндеттерін анықтау. Қазіргі заман мектебі жұмысын басқару әдісінің теориялық негізін айқындау.

Жоспар:

  1. Менеджмент түсінігі және оның мәні.

  2. Білім беру жүйесін басқару және білім менеджерінің қызметі.

  3. Мектепті басқарудың максаты мен міндеттері.

  4. Менеджменттің негізінде мектепті баскару және педагогикалык басқару.

  5. Педагогикалык баскарудың мәні.

  6. Мектептің әдістемелік жұмысы.

  7. Мектеп жұмысын жосларлау.

Басқару - өте ежелгі тәжірибе болып табылады. Адамдар топтар мен ұйымдарға бірігіп өмір сүре бастаған кезден басқару қажеттілігі пайда болады. Ерте кездегі Вавилонды, Египет пирамидаларын, Македонияны, Римді еске алатын болсақ, соның ббарлығы да үлкен үйлестіру, ұйымдастыру қызметтері арқылы жүзеге асрылып кедеді. Дегенмен, басқару- қызмет пен тәжірибе ретінде өте ежелгі сипатқа ие болғанымен, ғылым және зерттеу саласы түрінде салыстырмалы түрде алғанда жаңа боып табылады. Өйткені көп басқару қызметі орындайтын орта буын басшыларының болмауы, басқару қызметтерінің нақты және деректі түрде бөлінбеуі, басшылықтың мұрагерлік және тәртіп алу арқылы берілу әдісі осыған түрткі болады. Қорыта айтқанда, 20 ғасырға дейінгі кезең де жүйелі, жан- жақты түрде басқару ғылымы жайлы ешкім терең ойлана қоймады. Мәселен, 20- ғасырдың басындағы Нью- Ланардегі Робер Оуеннің батыл да тамаша әлеуметтік сипаттағы тәжірибесін ешбір бассшы өз тәжірибесінде қолданған емес. Басқаша айтқанда, соңгғы ғасырға дейін басқарудың ғылыми- әдістемелік маңызы айтарлықтай дамымай келді.

Өндірісті шоғырландыру мен жаратылыстану техникалық білімдері жетістіктері нәтижесінде басқаруға ғылыми жүйе ретінде қызығып көңіл бөлу 20 ғасырдың басынан орын алды. 1911 жылы жарияланған Фредарик У. Тейлордың «Ғылыми басқакру қағидалары» атты еңбегі осы үлкен ғылыми бастаманың ұйытқысы еді. Тейлордың пікірінше тиімді ғылыми басқару ұдайы бақылау, тәжірибе жасау және ой- саналық, топшылау арқылы анықталған көрсеткіштер көмегімен бизенсті жпандандыратын қызмет саласы болып саналады. Тейлор өз теориясын тұжырымдай келе, мынада йтоқтамға келеді: «дәстүрл әдістің орнына – ғылымо, қарама- қарсылықтың орнына – үйлесімділік, дербес жұмыстың орнына ынтымақтастық, еңбек өнімділігін арттыру, өте қажетті барынша қолайлы жағдай жасау...»

Кең мағынасыда алғанда, басқару дегеніміз- қоғамдық ұдайы өндірісті нысаналы түрде үйлестіріп отыру. Басқару табиғаттың барлық құбылыстарына тән. Бүкіл айналадағы дүниеден оның үш компонентін: өлі табиғаттағы тірі табиғатты және адам қоғамын бөліп көрсетуге болады. Мұның өзі басқару процестерін былайша ірі көлемде саралауға мүмкіндік береді: өлі табиғаттағы басқару процестері техникалық жүйелер (техникалық жүйелерді басқару), Ф. Энгельс еңбек құралдарын басқаруға «заттарды басқару» деген анықтама берген:

- тірі организмдерді (биологиялық жүйелердегі) басқару процестері;

- қоғамдағы (әлеуметтік жүйедегі) басқару процестері

«Техникалық жүйелердегі басқару дегеніміз» - адамның көрінеу қатысуынсыз өлі табиғаттағы (станоктармен механизмдермен) басқару. Бұл жүйелермен техникалық ғылымдар айналысады.

«Биологиялық жүйелерді басқару» - тірі табиғаттағы, биологиялық дүниедегі басқару. Ол басқару процесіне философиялық сипат береді. Басқарудың бұл саласы- жаратылыстану ғылымы зерттейтін тақырып.

«Әлеуметтік (қоғамдық) жүйелерді басқару дегеніміз»- шын мәнінде келгенде адамдарды басқару. Қоғамның ең басты «өндіргіш күші» ретінде адамдар табиғат пен қоғам заңдарын танып, оларды материалдық игіліктерді өндіру мен тұтыну процесінде пайдаланады. Зерттеу объекті - әлеуметтік- экономикаық жүйелер, ал пәні өндірісті басқару жүйесі болады. Француз экономисі, «саяси экономия» деген терминнің авторы Антуан Монкретьеннің (шамамен 1575-1621) өзі де елдің шаруашылығын ең алдымен мемлекеттік басқару объектісі деп ойлаған болатын. Басқарудың бұл жағы әлеуметтік ғылымдар зерттейтін тақырып. Басты ерекшелігі басқарудың нысаналылығында, саналы көзқараста болып табылады.

Бұл жүйе саяси, экономикалық, рухани, әлеуметтік (әлеуметтік қатынастар) басқару болып бөлінеді – олар қоғам өмірінің тиісті салаларын көрсетеді.

Қоғам өмірінің осы салаларын негізге алғанда әлеуметтік басқару үш түрге: экономикалық басқару, әлеуметтік басқару, қоғам өмірінің, рухани саласын басқару түрлеріне бөлінеді.

Әлеуметтік экономикалық процестердің өздері тұрақты және үздіксіз болғандықтан, экономиканы басқару үздіксіз сипатталады.

Бұл жүйенің факторлары: еңбек бөлінісі, мамандандыру, кооперация, қоғам өмірінің үздіксіздігі, нысаналылық.

Басқару ол біздің айналамыздағы дүние элементтерінің бірі болып табылады. Бірақ басқару процестерін тарихтан тыс және басқаруды жүзеге асыру саласынан қол үзген деп қарастыруға болмайды.

Басқарудың анықтамалары көп. Олардың кейбіреулері мынандай:

Басқару дегеніміз жүйенің жаңа сол жүйеге арналған күйге көшуі (академик Берг);

Басқару – не істеуге тура келетінін және мұны қайткенде, мейлінше жақсы және арзан істеуге болатынын білу өнері (Тейлор).

Басқа да бірқатар анықтамалар бар.

Жалпы қорытынды мынандай: басқарудың нақты тарихи және саяси сипатын барлық (басқару анқтымасының) авторлары атап көрсетеді. Оның нысаналылығы атап айтылады.

Басқарудың екі жағы бар. Бірінші жағы еңбек бөлісінің қажеттігіне байланысты. Екінші жағы басқару қашанда билігі бар өкілеттікпен (әлеуметтік экономикалық аспект), белгілі бір мақсатт іске асырумен байланысты.

Барлық қоғамдық жүйелер ішінен зерттеу үшін басқару ғылымы қоғамдық өндірісті басқаруды таңдап алады. Ол мынандай буындардан: жалпы

қоғамдық өндірісті басқару, материалдық игіліктер өндіруді басқару, рухани игіліктер өндіруді басқару және қызмет көрстеуд басқару буындарынан тұрады.

Бұл арада оларардың арасында көлбеу байланыстар бар екені әбден айқын көрінеді. Материалдық игіліктер өндіру басым болады, өйткені басқарудың басты обектісі сол. Ол материалдық негіз ретінде рухани игіліктер өндіру мен қызмет көрсетуді алдын – ала анықтайды, ал сонымен қатар, олар материалдық игіліктер өндіруге ықпал жасайды.

Басқарудың бастапқы негізі басқарудың қалыптастырылуы мен мақсатын таңдап алу болып табылады. Адамның кез- келген қызметінің басты белгісі – нысаналы қызмет. Сондықтан да ерекше әлеуметтік қызмет ретінде басқаруға нысаналық тән.

Әлеуметтік басқарудың айырмашылығы мынада: басқару субъектісі басқару объектісіне қызметтің мақсатын анықтау жолымен ықпал жасайды.

Өтпелі кезең жағдайында экономиканы басқарудың орасан зор мақсаты нарықтық қатынастарды реттеу әдістерінің икемді жүйесін жасау, халық шарушылығының әлеуметтік жағынан бағдарланған, қоғам мүшелерінің лайықты өмір сүруі үшін материалдық жағдайлар жасай алатын нарықтық экономикаға оңтайлы енуі қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен қатар, басқарудың перспективалы мақсаттарының бірі оны кәсіпорындар мен аймақтар деңгейінде демократияландыруды одан әрі тереңдете түсуі тиіс.

Өндірісті басқарудың ғылыми негіздері дербес ғылым болып табылады. Оны жеке ғылымға бөлу факторлары мыналар: а) басқарудың әлеуметтік маңызы; ә) эмпериктік білім жинақтау; б) ғылымды дамытудың материалдық мүмкіндіктері.

Өндірісті басқарудың ғылыми негіздері үш бөліктен тұрады, олар ғылымның пәні, әдісі, теориясы.

«Басқарудың ғылыми негіздері» және «басқару теориясы» (ғылым) деген ұғымдарының ара жігін ажырата білуі керек.

Басқару теориясы басқару практикасында объективті заңдарды саналы пайдаланудың формаларын зерттеумен шектеле алмайды, бірақ ол ең алдымен бір тұтас нәрсе ретінде басқару заңдарын және басқарудың барлық бөліктерін тұтас етіп( белгілі жүйеге) интеграциялау заңдарын тұжырымдауға тиіс.

Басқару теориясы екі бөліктен тұрса да, ғылым ретінде біртұтас. Олардың біреуі қисынды талдау негізінде өндірісті басқарудың жалпы заңдары мен қағидаларын зерттейді, ал сөздің тар мағынасында алғанда ол басшылық теориясы деп аталады. Екіші бөлігі басқару өнері деп аталады. Ол нақты тәжірибе негізінен алынған тәжірибелік қорытындылар арқылы басшылардың белгілі бір категориялары үшін басқару үлгілерінің жүйеге келтірілген жиынтығын қалптастырып, сол арқылы басқару теориясын байыта түседі. Басқару ғылымның пәні экономиканы басқару процесінде пайда

болатын қызметкерлердің қатынасы болып табылады немесе басқа бір анықтамасы- басқару қатынасын басқару ғылымының пәні деп анықтауға болады.

Басқару қатынастары аса маңызды әлеуметтік – экономиклық категория болып табылады. Өндірісті басқару теориясында бұл категорияның ерекше орын алу себебі – оның зерттейтін пәні- басқару қатынастары болуына байланысты.

Басқару қатынастары мынандай ұйымдастырушылық түрлерге бөлінеді: біріншіден басқарушы және басқарылушы жүйелер арсындағы, яғни тікелей басқару субъектісі мен тікелей өндіру объектісі арасындағы қатынастарға, екіншіден басқарылушы жүйенің өз ішінде де басқару қатынастары болады:

а) басқару сатылары арасындабасқару аппаратының арасындағы қатынастар ( тік байланыстар);

ә) әрбір сатыны басқару буындарының арасында. б) басқарушы жүйенің әртүрлі сатыларындағы аттас функционалдық басқару буындары арасындағы қатнастар: мысалы министрліктің оспар- экономикалық бөлімі арасындағы қатынастар және т.б.

Үшіншіден, басшылар мен әрбір басқару буныындағы бағыныштылар арасындағы қатынастар (субординация қатынастары).

Төртіншіден, басшылар арасындағы және бағыныштылар арасындағы қатынастар (координация қатынастары).

Белгілі қатынастар жүйесі тұрғысынан алғанда, басқару; ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Қатынастардың сипаты және жасаушыларының санына қарай оларды басқаруды: жүйеаралық, жеке адамдар арасындағы, және аралас сондай- ақ, коллективтік және жеке қатынастарға бөлуге болады, ал олар өз кезегінде: тура, топтық және айқас қатынастарға бөлінеді.

Басқару қатынастары жасалу уақты бойынша: уақытша және тұрақты қатынастар болып бөлінеді.

Басқару қатынастары объектіге ықпал ету бағыты және дәрежесі жөнінен тікелей (бұйрықтар, өкімдер) және жанама (кеңестер, консультациялар, хабарламалар) қатынастарға бөлінеді.

Менеджмент дегенді негізінде өз еңбегін пайдаланып, интелектісін және басқа да адамдардың тәртібін пайдаланып жетекшінің қойылған мақсатқа жете білуі. Басқаша айтқанда бұл ғылым саласы және адамдарды және әлеуметтік процестерді басқару өнері.

Педагогикалық менеджмент – бұл қағидалардың, әдістердің, ұйымдастырылған формалардың, технологиялық әдіс жинақтарының қызметін көтеруге және дамытуға бағытталған педагогикалық жүйелерді басқару.

Білім беру процесінің астарында оны құраушы үш процесс бар:

Оқу-тәрбиелік, оқу- танымдық және өзіндік білім алу процестері.

Педагогикалық менеджмент анықтамасына қарап, кез келген оқытушы оқу -танымдық процесінің менеджері екенін көреміз (оларды басқару субъектісі ретінде) ал, орта білім беру мекемелерінің жетекшісі- жалпы алғандағы оқу- тәрбиелік процесінің менеджері (осы процесті басқаратын субъект ретінде).

Педагогикалық менеджметтің (білім беру процесін басқарудың теориясы, әдістемесі және технологиясы) өзіндік ерекшелігі және өзіне ғана тән заңдылықтары бар. Бұл ерекшелік ең алдымен өзіндік құралынан, қажеттілігінен, қаруынан және менеджер еңбегінің нәтижесінен көрінеді.

Менеджер еңбегінің құралы- білім беру процесіндегі басқарылатын субъектінің қызметі болып табылады.Еңбек қажеттілігі- ақпарат.Еңбек қаруы- сөз, тіл, сөйлеу.

Оқу-танымдық процесі менеджерінің еңбегінің нәтижесі оқушылардың білім алу , тәрбиелену және даму дәрежелері болып табылады.

Тәжірибе көрсеткендей орта білім беру мекемелерінде білім беруді басқарудың төмен болу себебі- жүйеге немқұрайлықпен қарау. Ол осы жүйедегі бір-бірімен байланысты субъектілердің арасында қарама-қайшылық туғызады. Соның нәтижесінде субъекті және объекті болып бөлінеді. Педагогикалық менеджмент тұрғысынан осы орта білім беру мекемелері жетекшілері мен оқытушыларының қызметі оқу-тәрбие, оқу-танымдық процесінің менеджері ретінде осы немқұрайлық пен шығармашылық арасындағы қарама-қайшылықты шешу болып табылады.

Орта білім беру мекемелеріндегі оқушылардың оқу-танымдық процестерін оқытушымен басқару проблемасын жақсартудың бірден-бір шарты олардың жете білушілігі мен оқытушыға лайықты кәсіби шеберліктермен қамтамасыз ету.Менеджмент субъектісі ретінде оқытушының жете білушілігі оның кәсіби функцияларын орындау даярлығымен, әлеуметтік құрылулармен үйлесімді бірлікте болуымен және оның психо-педагогикалық дайындалуымен сипатталады. Мұндағы ең бастысы – педагогикалық шеберлік.Зерттеулердің негізінде «педагогикалық шеберлік» түсінігіне біз келесі мағыналарды кіргіземіз:

мұғалімнің оқу мақсаттарын, тәрбилеудің және олардың диалектикалық өзара байланыста және бірлікте дамуын шеше білу;

оқушылардың назарын аудару және оқылатын материалмен қызықтырып әкету;

оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін есепке алу,сонымен қатар олардың даму дәрежесін ескеріп сол негізінде дара және дифференцияланған күтіммен қамсыздандыру;

адамгершілікте және демократиялық негізде оқушылармен өзара қарым-қатынас құра білу;

ең қиын және оқушылардың күтпеген сұрақ қою кездерінде өзін жоғалтып алмау;

оқыту барысында теория мен тәжірибені біріктіре білу;

өз жұмысында алдыңғы жаңа педагогикалық ғылымдар мен тәжірибелерді сауатты қолдана білу;

«еңбек қаруын» пайдалана білу- сөзбен,сөйлеумен;

Сын ойлай білу және айқын белсенді позициялы болу, қиындықтардың алдында ойыннан қалыс қалмау және оқушыларға сөздердің органикалық бірлігін,сенімділікті және істі көрсете білу;

өз сабақтарын түрлендіре білу.



Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар.

«Мектепті басқару» термині нені білдіреді?

Меткепті басқару қызметтеріне сипаттама беріңіз.

Педагогикалық қызметкерлерді аттестациялаудың негізігі мақсаты қандай?

Білім берудің мемлкеттік стандарты дегеніміз не және оған қандай талаптар қойлады?

Қазақстандағы білім жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттарын атаңдар?


1.Теориялық жетістіктер.

2.Педагогикалық менеджметтің әдіснамалық проблемалары

3.«Менеджмент» ұғымына берілген анықтама түрлері.

Әдебиеттер:

Абай атындағы қазақ Ұлттық педагогикалық Университеті. Алматы: “Нұрлы Әлем”, 2003.

Педагогика. Педагогические теории, системы, технологии/ под ред.

С.А.Смирнова. М., 1999

Щуркова Н.Е. Педагогические технологии. М., 2002

Педагогика. Педагогические теории, системы, технологии/ под ред. С.А.Смирнова. М., 1999

Внутришкольные управление. Вопросы теории и практики//Под ред. Т.Ц.Шамовой. М., 1991.

Поташник М.М. Управление школой. М., 1994.

Государственные стандарты среднего образования Республики Казахстан / К.У.Устемиров. – Алматы, 1998.

Закон РК «Образовании». – Алматы, 1999.

Бердалиев К.Б., Өмірзаков С.П., Есенгазиев Б.К., Ерғалиев Қ.Р. Басқару негіздері.-Алматы, 1997
Практикалық тақырыптары және оның қысқаша мазмұны
1.Тақырыптың атауы: Қазақстандағы кеңес кезеңдегі (1917-1991жж.) педагогика ғылыми мен білім жүйесі. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы педагогика ғылымы мен білім жүйесі.

Сабақтың мақсаты: ҚР қазіргі заманғы білім беру жүйесімен таныстыру, білім беру философиясының мәні ашу.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Сұрақтар бойынша дайындалу барысында тест әдістемесінің қолдану тарихын кезеңдерге бөліп қарастырған жөн. Әр кезеңдегі атақты ғалымдардың еңбектерін ескеру қажет.



Бақылау сұрақтары:

1. Қазіргі кездегі білім берудің мәні қандай?

2. Білім беру философиясы жайлы түсінік

3. Педагогикалык парадигма дегеніміз не?

4. Білім беру философиясының пәніне, нысанасына нені жатқызуға болады?

5. Білім беру құндылык екендігін қалай негіздеуге болады?

6.Білім беру неліктен процесс, іс-әрекет ретінде карастырылады?

7.Білім мазмұны қалай түсіндіріледі?

8.Білім мазмұнының мəнін анықтауға байланысты теориялық бағыттар қандай?

9.Білім мазмұнын іріктеу негіздері қандай?

10.Мемлекеттік білім стандартының міндеті неде?

11.Мемлекеттік білім стандартының негізгі бірліктерін атаңыз.


Оқытылатын тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

1. ҚР «Білім туралы» заңы. Астана. - 2007.

2. Гсршунский Б.С. Философия образования для XXI века. - М. 1998.

3.Педагогика: Қазақша және орысша түсіндірме терминологиялық сөздік //Ғыл.жетекш. жасаған және жалпы ред. Басқарған проф. Ш.К.Беркімбаева, проф А.Қ.Құсаинов. - Алматы; 2007. - 248 бет.


2.Тақырыптың атауы : Мұғалімдерді кәсіби даярлаудың педагогикалық теориясы. Педагогика -адамды тәрбиелеу туралы ғылым.

Мұғалімдердің оқушылардың негізгі құдіреттіліктерін қалыптастыруға дайындығы оның кәсіби табысты қызметінің шарты ретінде.

Сабақтың мақсаты: Мұғалімге қойылатын талаптар, оның құқықтары мен міндеттерімен таныстыру, әлеуметтік маңызымен таныстыру.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Мұғалім мамандығының әлеуметтік маңызын ашу. Мұғалімнің жеке басы және оның педагогикалық процестегі ролі қандай?


Бақылау сұрақтары:

1. Мұғалім мамандығның әлеуметтік маңызы неде?

2. Мұғалім мамандығының гуманистік сипаты неде?

3. Педагогикалық іс-әрекеттің ұжымдық сипаты неде?

4.Неліктен қоғам дамуына байланысты мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар да өзгеріп отырады?

5. Мұғалім профессиограммасы дегеніміз не?



Оқытылатын тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 27-сі. № 319-Ш ҚРЗ.

ҚР білім береуді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік багдарламасы. Астана, 2005. 31 бет.

Берікханова А.Е. Педагогикалық мамандыққа кріспе. Оқу құралы.: А.2009ж

Бабаев С.Б, Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика» Алматы 2006.

С.Ш. Әбенбаев, А.М. Құдиярова, Ж.Ә. Әбиев «Педагогика» Астана 2003.

Ж. Әбиев, А.М. Құдиярова, С. Бабаев «Педагогика» Алматы 2004.
3.Тақырыптың атауы : Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің мәні мен мазмұны. Жеке тұлғаны тәрбиелеу , қалыптастыру дамыту факторлары. Тұтас педагогикалық процестің мәні.

Сабақтың мақсаты:. Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің мәні мен мазмұнына түсінік беру. Жеке тұлға ұғымының мазмұнымен таныстыру, индвид, жеке тұлға, даралық ұғымдарының мәнін ашу. Болмысты ғылыми тану тәсілері туралы түсінікті қалыптастыру, ғылыми педагогикалық ойлауды дамыту.
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Семинар сабағына дайындалу барысында қазіргі кездегі басылымдар бетіндегі ғылыми мақалалардың мазмұнымен танысу керек.



Бақылау сұрақтары:

1.“Жеке тұлға” деген ұғымды және оның құрылымдық компоненттерiнiң мағынасын ашыңыз.

2.Жеке тұлғаның қалыптасуымен байланысты негiзгi ұғымдарды сипаттаңыз.

3.Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негiзгi теориялық-?діснамалық амал-тәсiлдерiнiң сипаттамасын берiңiз.

4. Ғылыми-зерттеу әдісі дегеніміз не?

5.Зерттеудің эксперименталды-эмпирикалық әдістер тобының мазмұнын ашыңыз.

6.Субъектiнiң іс-әрекетi жеке тұлғаның қалыптасуының басты факторы екенiн дәлелдеңiз.

Оқытылатын тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

1.Бабаев С.Б, Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика» Алматы 2006.

2.С.Ш. Әбенбаев, А.М. Құдиярова, Ж.Ә. Әбиев «Педагогика» Астана 2003.

3.Ж. Әбиев, А.М. Құдиярова, С. Бабаев «Педагогика» Алматы 2004.

4.Бержанов К.Б., Мусин С.М., Педагогика тарихы.
4.Тақырыптың атауы : Тәрбиелеу мақсаттары, оның әлеуметтік шарттары. Әлеуметтендіру педагогикалық құбылыс ретінде. Педагогикалық процестегі мұғалім мен оқушылар ұжымының өзара байланысы және өзара әрекеті.

Сабақтың мақсаты: Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері жөнінде түсінік беру, тәрбие жұмысының түрлерімен таныстыру.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Педагогикалық процестегі балалар ұжымының жағдайын зерделеу әістемесін ашып көрсету. Педагогикалық процесте балалар ұжымы мен мұғалім ықпалдастығын ашатын педагогикалық жағдайларды таңдау.



Бақылау сұрақтары:

1) Тәрбиенің тәсілдері, түрлері мен әдістерінің тұтас педагогикалық процесте алар орны қандай?

2) Оларды неге педагогикалық процестің қозғаушы күші деп атайды?

3) Іс-әрекеттің түрлері (таным, қарым-қатынас, ойын, еңбек) тәрбиелік ықпал етудің амалдары екенін дәлелдеңіз.

4) «Педагогикалық ықпал ету тәсілдері», «түрлері», «тәрбие әдістері» ұғымдарының анықтамасын берңііз.

5) Педагогикада тәрбие әдістерінің қандай топтары бар? Осы топтар құрамындағы тәрбиенің нақты тәсілдерін атаңыз.

6) Оқушылардың санасы мен мінез-құлқын қалыптастыру әдістерін сипаттаңыз.

7) Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру мен оң тәжірибесін қалыптастыру әдістерін түсіндіріңіз.

8) Оқушылардың мінез-құлқын ынталандыру әдістерін жіктеңіз.

9) Этикалық әңгіме-сұхбат әдісінің мәнін ашыңыз.

Мадақтау мен жазалау әдістерін қолданудың негізгі шарттарын атаңыз.

Оқытылатын тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Әбиев Ж. Педагогика. Алматы., 2004.

ҚоянбаевЖ.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика: Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы.- Алматы, 2004-420 бет.

Абай атындағы қазақ Ұлттық педагогикалық Университеті. Алматы: “Нұрлы Әлем”, 2003.

Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика. Алматы,2005.

Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. А., 2002



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет