Әдістемелік нұсқау Ұ сф пму 18. 2/05



Дата12.07.2016
өлшемі197.35 Kb.
#192982

Әдістемелік нұсқау




Ұ СФ ПМУ 7.18.2/05

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
«Экономикалық теория» кафедрасы

«Акционерлік қоғам экономикасы және басқару» пәні бойынша

050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттеріне

бақылау жұмысын орындауға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Павлодар


Әдістемелік нұсқаудың

бекіту парағы


Ұ СО ПМУ 7.18.1/05



БЕКІТЕМІН

Қаржы-экономика факультетінің деканы Эрназаров Т.Я.

_______________

«__»_________20 ж.


Құрастырушы: аға оқытушы _________ Жанат Мырзабек

"Экономикалық теория" кафедрасы


«Акционерлік қоғам экономикасы және басқару» пәні бойынша

050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының

студенттеріне

бақылау жұмысын орындауға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ


Кафедрасының отырысында ұсынылады

«___» ___________ 20 ж., № ___ хаттама
Кафедра меңгерушісі __________________ Байтаева Г.Р.

ФЭФ-нің оқу-әдістемелік кеңесінде 20 ж. “___” _________,

№_______ хаттамасымен құпталды
Оқу-әдістемелік төрайымы ____________ Сидорова Л.А.

20 ж. “___” _________,



Кіріспе




«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының сырттай оқу түріндегі студенттері «Акционерлік қоғам экономикасы және басқару» пәні бойынша оқу жоспарына және ҚР-ның МЖМБС талаптарына сәйкес бақылау жұмысын орындайды.

Бақылау жұмысын орындаудың мақсаты аталған пән бойынша студенттердің білімін тереңдету, қортындылау және бекіту болып табылады.

Бақылау жұмысын орындаудың міндеттері:


- студенттердің өз бетінше әдебиеттермен жұмыс істеуге машықтануы;

- теоретикалық мәселелерді талдауда өз ойын тәжірибемен байланыстыра отырып нақты, кезектілікпен және экономикалық мәнді жеткізе білу;

- кәсіпорынның, экономиканың құрылымдық бөлімдерінің мәселелері мен негізгі құбылыстардың мәнін түсіне білу.

Бақылау жұмысы студентті ғылыми-зерттеу жұмыстарын өз бетінше жүргізуге үйретеді және оны жүргізуде тәжірибелер жинақтауына мүмкіндік береді. Бақылау жұмысы, сонымен қатар студенттің «Акционерлік қоғам экономикасы және басқару» курсы бойынша өз бетінше ізденуінің қортындысы болып табылады.



1 Тапсырмалар нұсқасын таңдау

Бақылау жұмысының тақырыбын таңдау студенттің сынақ кітапшасының соңғы саны және тегінің бірінші әрібі бойынша анықталады (1-кесте).


1-кесте Бақылау жұмысының тақырыптары нұсқалары

Тегінің бірінші әрібі

Сынақ кітапшасының соңғы саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

0

А – Ж

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

З – О

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

Ө – Ф

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Х– Я

31

32

33

34

35

36

37

38

39

40


2 Бақылау жұмысын орындауға әдістемелік нұсқаулар

Бақылау жұмысы қарастырылуы міндетті болып табылатын бір қатар сұрақтарды қамтуы тиіс. Бақылау жұмысы құрылымдық жағынан мұқаба бет, мазмұны, кіріспе, 3 бөлім, қортынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен (5-тен кем емес) құралады. Мазмұнында беттер белгісімен тармақтар тізімі көрсетіледі. Бөлімдер 3-тен кем емес бөлімшелерге тарқатылуы тиіс.



Бақылау жұмысы қолмен жазылған текстімен 15-20 бет (сәйкесінше баспалық текстімен 11-15 бет) болуы керек.

Бақылау жұмысын орындау кезінде келесі әдістемелік нұсқаулар орындалуы тиіс:

- таңдап алынған тақырыптың мәнін, ғылыми-әдістемелік және мәселелік негіздерін ашу мақсатында қажетті материалдық көздерді зерттеу және конспектілеу;

- ғылыми теориялық қорытындыны тәжірибеде болып жатқан үрдістермен салыстыру мақсатында динамикалық, нормативтік материалдар мен құрылымдық, көлемдік және сапалық көрсеткіштерге талдау жасау;

- зерттелетін мәселені шешу, жетілдіру және әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру жолдары мен әдістерінің негіздемесі.

Бақылау жұмысын орындауды ұйымдастыруды келесі кезеңдерден өтеді:

- студенттерге кафедраның отырысында бекітілген бақылау жұмысының тақырыптары ұсынылады;

- тақырыпты таңдап алғаннан соң студент әдебиет көздерімен танысады, жұмыстың жоспары мен библиографиясын құрастырады;

- жұмыс жоспарын жасағаннан кейін, студент жоспар бойынша тақырыпты мазмұндайды, таңдалған әдебиет, журналдың мақалалары, кестелері арқылы өз конспектілерін дайындайды. Жұмыстың бөлімдерінің аттары жұмыс жоспарының сұрақтарына сай болуы тиіс.

Бақылау жұмыс 10-20 баспалық бетке жазылады.

Кіріспеде:

- шешілетін мәселенің қазіргі жағдайын баға беріледі, тақырыптың көкейтестілігін және ғылым мен тәжірибе үшін оның маңыздылығын негіздейді;

- жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін, зерттеу аясын және зерттеу объектісі мен пәнін, зерттеудің заңнамалық базасын анықтайды;

- талдауды өткізуге, сәйкес қорытындыларды жасауға және кепілдемелерді беруге мүмкіндік туғызатын зерттеудің ақпараттық базасын көрсетеді;

- жұмыс нәтижелерінің мақұлдауын (апробациясын) белгілейді (егер ол орын алса).

Кіріспеде нақты жұмыс көзқарасы тұрғысынан маңызы аз мәліметтер болмауы тиіс және көлемі бойынша 2-3 беттен аспауы керек.

Бірінші бөлім, ереже бойынша, теориялық сипатқа ие. Бақылау жұмыстың теориялық бөлігінде зерттелетін мәселенің мәні ашылып көрсетіледі, оның өңделу жағдайы анықталады, зерттелетін объектінің әрекет етуінің нақты жағдайларын ескере отырып осы мәселені шешудің тұжырымдамасы баяндалады. Берілген бөлім ғылыми-зерттеушілік сипатқа ие, мұнда мемлекеттік және жергілікті басқарудың әдістемелік сұрақтары, ұйымдастырушылық, экономикалық, аумақтық, әлеуметтік және басқа да мәселелердің принципиалды аспектілері терең қарастырылады және бұл бөлімде зерттелетін мәселеге байланысты шетел тәжірибесін қоса қарастыруға болады. Теориялық бөлімнің мазмұны студенттің мамандану мен мамандықтың профильді пәндері саласындағы білімдерін, әдебиетпен жұмыс істеу және жиналған материалды жүйелендіру іскерлігін көрсетеді. Теориялық бөлімде егер әдебиет көздері туралы сөз болса, онда әдебиетке сілтемелер көрсетілуі қажет.

Екінші бөлім сараптамалық сипатқа ие. Мұнда жинақталған мәліметтер көмегімен тақырыптың қазіргі күйі зерттелініп, мәселенің оң және теріс қырлары анықталады. Зерттеу объектісінің жағдайын талдау және бағалау практикада жиналған мәліметтер негізінде орындалады. Зерттеу барысында зерттелетін объектінің жағдайына әсерін тигізген факторларды бөліп көрсету, оның дамуының қол жеткізілген деңгейіне баға беру, осы үдерістің серпінінің оң және кері үрдістерін, олардың негізгі факторларын анықтау қажет. Берілген тарау талдау және жоспарлау үшін алдын-ала өңделген, жүйелендірілген сандық материалға негізделген есептеулермен толықтырылады.

Үшінші бөлім – ұсыныс бөлімі. Мұнда бірінші және екінші бөлімде жинақталған мәліметтер негізінде аталмыш мәселенің қолайсыз, олқы тұстарын жетілдіру немесе түбегейлі өзгерту бағыттарына арналуы мүмкін немесе бұл бөлімде зерттелетін мәселеге байланысты шетел тәжірибесін қоса қарастыруға болады. Бұл қорғау үшін аса маңызды бөлім, сондықтан да берілген бөлімде келтірілетін барлық есептер аса сенімді негіздеуге, ал кестелер мен сызбалар – жеткілікті дәлелдер мен түсініктерге негізделген болуы тиіс.

Қорытынды бөлімнің басты міндеті болып барлық жұмыстың қорытындысын шығару табылады. Сондықтанда мұнда, ереже бойынша, жаңа нақты мәліметтер де, жаңа теориялық ережелер де келтірілмейді, ал тек қана қорытындылар мен ұсыныстар беріледі. Ұсыныстар мен қорытындыларға келесі талаптар қойылады:

- оларда теориялық және тәжірибелік зерттеулердің нәтижелері болуы тиіс;

- олар нақты әрі қысқаша болуы керек;

- қортындыда әдебиетке сілтемелер мен түсіндірмелер болмауы керек;

- қорытындыда тек «кіріспе» бөлімінде көрсетілген зерттеу мақсаттарына сәйкес болуы керек және олардың мазмұны жұмыс мәтінін оқымай-ақ түсінікті болатындай баяндалуы тиіс, сонымен қатар орындалған жұмыстың практикалық маңыздылығын және егер мүмкін болса – жаңашылдықтың маңызын атап өту қажет.

Жұмыс СТП-СК-03-02 талаптарына сәйкес нысандалады және белгіленген мерзімде «экономкалық теория» кафедрасына тіркелуге тапсырылады:

- әдістемелік нұсқауларымен сәйкес жазылған бақылау жұмысы жетекшіге тексеруге және оның деңгейін бағалауға тапсырылады;

- бақылау жұмыс ғылыми жетекшісінің ескертулерімен өңделуі тиісті, егер ғылыми жетекшіні бақылау жұмыс қанағаттандырмаса, онда ол қорғауға жіберілмейді;

- егер бақылау жұмыс талаптарға сәйкес келіп, ғылыми жетекшімен құпталса, онда студент бақылау жұмысын қорғайды.

Бақылау жұмысын қорғау барысында студент тақырып бойынша өз бетінше зерттеу жүргізгенін, талданып отырған әдеби-дәлелдік материалдарды жеткілікті мөлшерде игергенін, ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік сипатта қойылған сұрақтарға дәлелді жауап қайтара алатынын дәлелдеп шығуға тиісті. Егер қорғау бұл талаптарға сай болмаса бақылау жұмыс жөндеу мен толықтыру үшін қайтарылады.

Жұмыс ұсынылған талаптарға сәйкес рәсімделіп, белгіленген уақытында тіркеуге “экономикалық теория” кафедрасына ұсынылады.

Жұмысты ойдағыдай қорғағаннан кейін “Акционерлік қоғам экономикасы және басқару ” курсы бойынша емтиханға жібертіледі.

3 Бақылау жұмысының тақырыптары
3.1 Өндіріс дамуындағы акционерлеудің маңызы

Жоспар:


3.1.1 Кәсіпорын және оның мақсаты

3.1.2 Кәсіпорынның негізгі түрлері

3.1.3 Кәсіпорынның ұйымдастырушылық – құқықтық формасы
3.2 Қазақстан Республикасындағы акционерлеудің сипаттық белгілері

Жоспар:


3.2.1 ҚР-ның “Акционерлік қоғамдар туралы” заңы

3.2.2 Акционерлік қоғам түрлері және тұрпаттары

3.2.3 Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы
3.3 Өнеркәсіп кәсіпорынының акция эмиссиясы

Жоспар:


3.3.1 Өнеркәсіп кәсіпорынының түрлері

3.3.2 Өнеркәсіп кәсіпорынының акция эмиссиясы

3.3.3 Қазақстанда өнеркәсіп кәсіпорыны акция эмиссиясының бүгіні мен болашағы
3.4 Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу

Жоспар:


3.4.1 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығы

3.4.2 Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу

3.4.3 Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңы
3.5 Бағалы қағаздар қоржынын қалыптастыру

Жоспар:


3.5.1 Бағалы қағаздар қоржыны

3.5.2 Бағалы қағаздар қоржыны тұрпаттары

3.5.3 Бағалы қағаздар қоржынын қалыптастыру тетіктері
3.6 Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдарды басқарудағы мәселелер

Жоспар:


3.6.1 Қазақстандағы акционерлік қоғамдар

3.6.2 Акционерлік қоғамдарды басқарудағы мәселелер

3.6.3 Акционерлік қоғамдарды басқаруда туындайтын мәселелер шешу жолдары
3.7 Бағалы қағаздар нарығының әрекет етуінің әлемдік тәжірибесі және оның Қазақстандағы бейімделуі (адаптациясы)

Жоспар:


3.7.1 Бағалы қағаздардың әлемдік нарығы

3.7.2 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығы

3.7.3 Бағалы қағаздар нарығының әлемдік тәжірибесінің Қазақстандағы бейімделуі
3.8 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы және әрекет ету ерекшеліктері

Жоспар:


3.8.1 Қазақстан Республикасында шығарылатын бағалы қағаздар түрлері

3.8.2 Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңы

3.8.3 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы және әрекет етуі

3.9 Бағалы қағаздар және инвестициялық қорлар нарығы

Жоспар:

3.9.1 Бағалы қағаздар және және оның түрлері



3.9.2 Инвестициялық қорлар нарығы

3.9.3 Қазақстан Республикасының «Инвестициялық қорлар туралы» заңы


3.10 Әртүрлі акционерлік қоғамдарды басқару ерекшеліктері

Жоспар:


3.10.1 Акционерлік қоғам түрлері

3.10.2 Әртүрлі акционерлік қоғамдардың басқарушы органдары

3.10.3 Әртүрлі акционерлік қоғамдарды басқару ерекшеліктері

3.11 Қарапайым акциялардың әлемдік нарығы

Жоспар:

3.11.1 Қарапайым акциялардың түрлері



3.11.2 Қазақстандағы қарапайым акциялардың нарығы

3.11.3 Қарапайым акциялардың әлемдік нарығы


3.12 Қазақстан Республикасы экономикасындағы акционерлік меншіктің рөлі мен орыны

Жоспар:


3.12.1 Қазақстан Республикасы экономикасындағы акционерлік меншік

3.12.2 Қазақстан Республикасы экономикасындағы акционерлік меншіктің рөлі мен орыны

3.12.3 Қазақстан Республикасы экономикасындағы акционерлік меншіктің маңыздылығы
3.13 Акционерлік қоғам қызметін мемлекеттік реттеу

Жоспар:


3.13.1 Қазақстан Республикасының “Акционерлік қоғамдар туралы” заңы

3.13.2 Акционерлік қоғам қызметін

3.13.3 Акционерлік қоғам қызметін мемлекеттік реттеу
3.14 Қазақстанда өнеркәсіпте акционерлік қоғамдар құру мәселелері

Жоспар:


3.14.1 Өнеркәсіптерді акционерлеудің алғы шарттары

3.14.2 Өнеркәсіптерді акционерлеудің мәні және маңызы

3.14.3 Қазақстанда өнеркәсіптерді акционерлеу барысындағы артықшылықтар мен олқылықтар
3.15 Акционерлік қоғамның қаржы стратегиясы мен дивиденд саясатының өзара байланысы

Жоспар:


3.15.1 Акционерлік қоғамның қаржы стратегиясы

3.15.2 Акционерлік қоғамның дивиденд саясаты

3.15.3 Акционерлік қоғамның қаржы стратегиясы мен дивиденд саясатының өзара байланысы
3.16 Әртүрлі акционерлік қоғамдардағы дивиденттік саясаттың ерекшеліктері

Жоспар:


3.16.1 Дивиденттік табыс көрсеткіштері

3.16.2 Акционерлік қоғамдардағы дивидент саясатының үлгілері

3.16.3 Акционерлік қоғам табыстылығының болжамы

3.17 Дивиденттік саясат және қаржы стратегиясының өзара байланысы

Жоспар:

3.17.1 Акционерлік қоғамның дивидент саясаты



3.17.2 Кәсіпорынның қаржы стратегиясы

3.17.3 Дивиденттік саясат және қаржы стратегиясының өзара байланысы


3.18 Акционерлік қоғамдарды құру және қалыптастырудың шетелдік тәжірибесі

Жоспар:


3.18.1 Акционерлік меншік түрлерінің дамуының жалпы заңдылықтары

3.18.2 Әртүрлі елдерде халықты акционерлік меншікке тарту және бағалы қағаздарға капитал салудың формалары мен әдістері

3.18.3 Акционерлік меншіктің дамуындағы қаржы институттарының рөлі
3.19 Акционерлік кәсіпорында инвестициялық белсенділікті арттыру

Жоспар:


3.19.1 Инвестициялық белсенділік, оған ықпал ететін факторлар

3.19.2 Кәсіпорынның күй-жайын бейнелейтін көрсеткіштер жүйесі

3.19.3 Акционерлік кәсіпорында инвестициялық белсенділікті арттыру жолдары
3.20 Бағалы қағаздар қоржыны теориясы

Жоспар:


3.20.1 Қоржын (портфель) теориясының негізгі түсініктері

3.20.2 Қоржынды әртараптандыру

3.20.3 Бағалы қағаздар қоржынын басқару
3.21 Қазақстандағы инвестициялық белсенділіктің жандануына ықпал етуші факторлар

Жоспар:


3.21.1 Қазақстандағы шетел инвестициялары

3.21.2 Қазақстандағы ішкі инвестициялар

3.21.3 Қазақстанда инвестициялық белсенділіктің жандануына ықпал етуші факторлар
3.22 Акционерлеу аясында шетел тәжірибесін қолдану

Жоспар:


3.22.1 Қазақстандағы кәсіпорындарды акционерлеу

3.22.2 Шетелдердегі кәсіпорындарды акционерлеу тәжірибесі

3.22.3 Акционерлеу аясында шетел тәжірибесін Қазақстанда қолдану
3.23 Шетелдегі АҚ қызметін мемлекеттік реттеу әдістері

Жоспар:


3.23.1 Шетелдердегі акционерлік қоғамдар

3.23.2 Шетелдерде акционерлік қоғамдар қызметін мемлекеттік реттеу әдістері

3.23.3 АҚ қызметін мемлекеттік реттеудегі шетел тәжірибесін Қазақстанда қолдану
3.24 Шетелдер экономикасындағы акционерлік қоғамдардың рөлі

Жоспар:


3.24.1 Шетелдердегі акционерлік қоғамдар

3.24.2 Шетелдердегі акционерлік қоғамдардың қызметін мемлекеттік реттеу

3.24.3 Акционерлік қоғамдардың шетел экономикасындағы рөлі
3.25 Бағалы қағаздар қоржынын әртараптандыру стратегиясы

Жоспар:


3.25.1 Бағалы қағаздар қоржынын әртараптандырудың мәні және маңызы

3.25.2 Бағалы қағаздар қоржынын әртараптандыру стратегиясы

3.25.3 Инвестициялық қоржын мониторингі
3.26 Қазақстан Республикасындағы қор нарығының дамуы

Жоспар:


3.26.1 Қазақстан Республикасындағы қор нарығының қазіргі жай-күйі

3.26.2 Қазақстан Республикасының «Инвестициялық қорлар нарығы туралы» заңы

3.26.3 Қазақстан Республикасындағы қор нарығының болашағы
3.27 Акционерлік қоғам капиталы

Жоспар:


3.27.1 Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы

3.27.2 Акционерлік қоғам капиталы түрлері

3.27.3 Акционерлік қоғам капиталын басқару
3.28 Бағалы қағаздар қоржынын басқару

Жоспар:


3.28.1 Бағалы қағаздар қоржыны түсінігі

3.28.2 Қоржынды әртараптандыру стратегиясы

3.28.3 Бағалы қағаздар қоржынын басқару
3.29 Акционерлік қоғамда капиталды басқару

Жоспар:


3.29.1 Акционерлік капитал құрылымы

3.29.2 Акционерлік қоғам капиталын бағалау әдістері

3.29.3 Табысты капитализациялау әдісі
3.30 Акционерлік қоғамның дамуының экономикалық талдауы

Жоспар:


3.30.1 Акционерлік қоғамның қызметі

3.30.2 Акционерлік қоғамның жалпы экономикалық көрсеткіштері

3.30.3 Акционерлік қоғамның дамуының экономикалық талдауы
3.31 Акционерлік қоғамды құру және оның даму мәселелері

Жоспар:


3.31.1 Акционерлік қоғам, оның түрлері

3.31.2 Акционерлік қоғамды құру

3.31.3 Акционерлік қоғамның даму мәселелері
3.32 Қор портфелін қалыптастыру

Жоспар:


3.32.1 Қор портфелі түсінігі

3.32.2 Портфельден күтілетін табыс және тәуекел

3.32.3 Қор портфелін басқаруды ұйымдастыру
3.33 Акционерлік қоғамның инвестициялық тартымдылығын бағалау

Жоспар:


3.33.1 Акционерлік қоғам іс-әрекетін кешендік бағалау

3.33.2 Акционерлік қоғамның қаржылық тұрақтылық және төлем қабілеті көрсеткіштері

3.33.3 Акционерлік қоғамның инвестициялық тартымдылығы
3.34 Қазақстан экономикасының дамуындағы акционерлеудің маңызы

Жоспар:


3.34.1 Кәсіпорындарды акционерлеу – жаңа заман талабы

3.34.2 Қазақстан экономикасының дамуындағы акционерлеудің маңызы

3.34.3 Қазақстандағы акционерлеудің нәтижесі
3.35 Бағалы қағаздар түрлері

Жоспар:


3.35.1 Акция және оның түрлері

3.35.2 Облигациялар

3.35.3 Бағалы қағаздардың басқа да түрлері
3.36 Акционерлік қоғамды қайта құру және тарату мәселесі

Жоспар:


3.36.1 Акционерлік қоғамды қайта құру

3.36.2 Акционерлік қоғамды тарату

3.36.3 Таратылған қоғамның мүлкін бөлу
3.37 Бағалы қағаздар нарығы

Жоспар:


3.37.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы дамуы

3.37.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу

3.37.3 Әлемдік бағалы қағаздар нарығы
3.38 Акционерлік қоғамды басқарудағы негізгі ұстанымдар

Жоспар:


3.38.1 Акционерлік қоғамның жоғарғы органы

3.38.2 Акционерлік қоғамның атқарушы органы

3.38.3 Акционерлік қоғамның бақылаушы органы
3.39 Акционерлік қоғамды құрудың негізгі жолдары

Жоспар:


3.39.1 Акционерлік қоғамды құрылтайшылары, акционерлері. Олардың құқықтары мен міндеттері

3.39.2 Акционерлік қоғамның құрылтайшылық құжаттары, олардың мазмұны

3.39.3 Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы
3.40 Акционерлік қоғамның қаржы жағдайының жалпы экономикалық талдауы

Жоспар:


3.40.1 акционерлік қоғам қызметінің кешендік бағаламасы

3.40.2 жалпы экономикалық көрсеткіштердің талдауы

3.40.3 акционерлік қоғамның инвестициялық тартымдылығын талдаудың маңызы және мақсаты

Әдебиеттер
Негізгі


  1. Артур Томпсон, Джон Формби. Экономика фирмы. М.: ЗАО «Из – во БИНОМ», 1998. – 544 с.

  2. Байдельдинов Ж. Проблема «выбывших» акционеров. РЦБ Казахстана. – 2000. - №3. – С.6-11.

  3. Берденикова Т.В. Рынок ценных бумаг: вопрос-ответ.М.: ИНФРА-М, 2000. – 278с.

  4. Бизнес – план. Методические материалы. 2–е издание, М.: Финансы и статистика, 1997. – 160 с.

  5. Вахрин П.И. Организация и финансирование инвестиций (сборник практических задач и конкретных ситуаций). М.: Информационно-внедренческий центр «Маркетинг», 2000. – 164с.

  6. Глушецкий А. Реструктуризация АО: плюсы и минусы. РЦБ Казахстана. – 2000. - №9. – С.60-63.

  7. Дубровский В.Ж., Чайкин Б.И. Экономика и управление предприятием (фирмой ), 1996., 220 с.

  8. Ендовицкий Д.А. Комплексный анализ и контроль инвестиционной деятельности: методология и практика / Под ред. Проф. Гитляровской, . – М.: Финансы и статистика, 2001 г. - 400 с.

  9. Ершова И.В. Имущество и финансы предприятия. Учебно-практическое пособие. – Юрист. – 1999 - 248 с.

  10. Елемесова А.М., Кииков Е.М. Система национальных счетов. – 1995. – 156 с.

  11. Инвестиционно – приватизационный портфель. Книга приватизации. Книга акционирования. / Отв. ред. Рубин Ю.Б., Солдаткин В.И. – М.: «СОМИНТЕК». – 1993. – 752 с.

  12. Инвестиционно – финансовый портфель. Книга финансового посредника. Книга инвестиционного менеджера. Книга финансового менеджера. / Отв. ред. Рубин Ю.Б., Солдаткин В.И. – М.: «СОМИНТЕК». – 1993. – 752 с.

  13. Комментарий к новому закону РК «Об АО». Предпринимательство и право. – 1999. - №1. – С. 3-6.

  14. Коттл С., Мюррей Р.Ф., Блок Ф.Е. Анализ ценных бумаг «Грэма и Додда»/Пер. с анг. – М.: ЗАО «Олимп-Бизнес», 2000. – 704с.

  15. Крылов Э.И., Журавкова И.В. Анализ эффективности инвестиционной и инновационной деятельности предприятия: Учебное пособие. - М.: Финансы и статистика, 2001 - 384с.

  16. Миркин Я.М. Ценные бумаги и фондовый рынок. // М.: Издательство «Перспектива», 1996. – 384 с.

  17. Назханов Т. Компетенция органов АО. Предпринимательство и право. – 2000. - №8. – С.10.



Қосымша

18 Берзон Н.И. Фондовой рынок. – М.: Финансы и статистика, 2002 г. - 250с.



  1. Гражданский кодекс Республики Казахстан от 27 декабря 1998 г. (по состоянию на 1 сентября 2000 г.). – Алматы: 2000.

  2. Закон Республики Казахстан «Об иностранных инвестициях». С учетом внесенных изменений и дополнений от 5.07.2000г.// Бизнес класс.- 2000.

  3. Закон Республики Казахстан «Об оценочной деятельности в РК»// Каз.правда, 2000, 13 декабря.

  4. Закон Республики Казахстан «Об акционерных обществах» от 10 июля 1998 года. (по состоянию на 1 сентября 2000 года). – Алматы: Юрист, 2000. – 55с.

  5. Закон Республики Казахстан «О товариществах с ограниченной и дополнительной ответственностью» от 22 апреля 1998 г. с изменениями и дополнениями.(по состоянию на 1 сентября 2000 года). - Алматы: Юрист, 2000.

  6. Закон Республики Казахстан «О банкротстве» (по состоянию на 1 сентября 2000 года). – Алматы: 2000.

  7. Закон Республики Казахстан «О внешнем заимствовании и управлении внешним долгом» от 10 апреля 1997 года (по состоянию на 1 сентября 2000 года). – Алматы: 2000.

  8. Закон Республики Казахстан «О вексельном обращении в РК» от 28 апреля 1997 года (по состоянию на 1 сентября 2000 года). – Алматы: 2000.

  9. Закон Республики Казахстан «О республиканском бюджете на 2002г.» от 15.12.2001г./Каз. правда, 2001. 26 декабря.

  10. Закон Республики Казахстан «О бюджетной системе». Каз. правда от 26 декабря 1996.

  11. Закон Республики Казахстан «Об инвестиционных фондах» от 6 марта 1997 года. Сборник нормативно – законодательных актов рынку ценных бумаг в РК. – Алматы: РЦБК.,1997.

  12. Закон Республики Казахстан «О государственной поддержке прямых инвестиций» от 28 февраля 1997 года. Сборник нормативно – законодательных актов рынку ценных бумаг в РК. – Алматы: РЦБК.,1997.

  13. Иванов А.Н. Акционерное общество: управление капиталом и дивидендная политика, 1996 г. – М.: Финансы и статистика, 1996 г. - 180 стр.

  14. Ковалев В.В. Финансовый анализ: управление капиталом. Анализ отчетности. – М.: Финансы и статистика, 1996. – 432 с.

  15. Конституция /Основной Закон/ Республики Казахстан. (по состоянию на 1 сентября 2000 г.). – Алматы, 2000.

  16. Кодекс Республики Казахстан «О налогах и других платежах в бюджет» (налоговый кодекс) от 12.06.2001. – Алматы: Издательский дом «БИКО», 2001.

  17. Экономика предприятия: Учебник для вузов. Глава: Акционерные формы хозяйствования. 2–е издание. // Под. ред. проф. В.Я. Горфинкеля, проф. Е.М. Купрякова. – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1998. – 367 с.

  18. Шарп У.Ф. Инвестиции – М.: Финансы и статистика, 1999 г – 754 с.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет