Әдістемелік нұсқау ф со пгу 18. 2/07



Дата10.07.2016
өлшемі304.07 Kb.
#189739

Әдістемелік нұсқау Ф СО ПГУ 7.18.2/07

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы

050301 «Заңтану» мамандығы студенттері үшін

ҚР Халқаралық бұқаралық құқығы пәні бойынша студенттердің курстық жұмыстарын орындау бойынша

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Павлодар


1. Жалпы ережелер

Жұмыс оқу жоспарына сәйкес сырттай бөлімде оқитын студенттер

«ҚР Халқаралық бұқаралық құқығы » пәні бойынша курстық жұмысын жазады.

курстық жұмысын жазу «ҚР Халқаралық бұқаралық құқығы» пәнін зерттеумен байланысты студенттердің өзіндік жұмыстарының бір нысаны.

Сондай-ақ бұл жерде басты назарда мемлекет және құқықтың пайда болуының себептеріне олардың нысандарына құқық жүйесінің қалыптасу заңдылығына және құқық салаларының ерекшелігіне назар аудару керек. Жоғарыда аталған мән-жайларды ескере отырып студенттің курстық жұмысы оның оқу барысында алған білімдерге негізделеді.

Курстық жұмысының жазудың мақсаты студенттерді оқу материалдары мен басқада қайнар көздермен өзіндік жұмыс істеуге үйрету, өзіндік ойлау қабілеттігін тексеру, осы тақырыптар бойынша білімді бекіту және тереңдету болып табылады.

Курстық жұмысын жазбастан бұрын студент белгілі бір дайындық жұмыстарын жүргізуі керек:



  1. Курстық жұмысының ұсыныған тақырыбын орындау;

  1. Ұсынылған әдебиеттерді және сондай-ақ тақырыпқа қатысты қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді зерттеу.

Әдебиеттерді зерттегеннен кейін курстық жұмысын жазуға кірісу керек.

курстық жұмысын жазу тақырыпты талдаудан ғылыми әдебиеттерді және құқықтық қайнар көздерді зерттеуден басталады. Бұл кезең студенттен әдістемелік зерттеу негіздері бойынша білімнің жеке позициясын, кәсібилігін көрсету керек. Өзі зерттеудің пәнін және уақытты анықтайды.



Курстық жұмыс мазмұнына қойылатын негізгі талаптар - оның дербестігі және шығармашылық сипаты. Оқулықтарды, мақалаларды механикалық түрде көшіріп жазуға жол берілмейді. курстық жұмысының мәтінінде зерттеген қайнар көздерден сөздерді қолдануға болады, бірақ беттің астында оған сілтеме көрсетілуі керек.

2. Курстық жұмыстың құрылымы келесі бөліктерден тұруы керек:

  • алдыңғы бет (титульный лист);

  • мазмұны;

  • кіріспе;

  • негізгі бөлім, тараудан, тармақтан, тармақшадан тұруы мүмкін;

  • қорытынды;

  • қолданған әдебиерттердің тізімі.

2.1. Курстық жүмысының алдынгы беті.

Курстық жұмсының алдынғы бетінде келесі мәліметтер көрсетілуі керек:



  • «КУРСТЫҚ ЖҰМЫСЫ» атты сөзден. Астында құжаттың әріптік-сандық
    белгісі көрсетіледі;

  • оқу жұмсының тақырыбы;

  • оқытушының аты жөні, ғылыми атағы, лауазымы;

  • жұмысты орындаған студенттің аты жөні, мамандығы, тобы;

  • жазған жылы, жері («жыл» немесе «ж» сөзін көрсетусіз).

2.2. Курстық жұмысының мазмұны

Бақылау жұмысының мазмұны тарау, тармақтардың нөмірімен атауы, беттің нөмірі көрсетіледі. Атауы «МАЗМҰНЫ» тақырыптың атауы сияқты беттің ортасына жазылады және нөмірленбейді.



2.3. Курстық жұмысының жұмыстыц кіріспесі.

Кіріспе бақылау жұмысының бірінші бөлімі болып табылады. «КІРІСПЕ» сөзі тақырыптың атауы сияқты, беттің ортасында жазылады және нөмірленбейді.

Кіріспеде студент келесі мәліметтерді көрсету керек:

- жұмыста жазылған ғылыми мәселенің қазіргі кездегі жағдайына


сипаттама;

- жұмыстың тақырыбын таңдаудың себебі практикалық және заңи ғылым үшін актуалділігі және маңыздылығын жазу;



  • жұмыстың мақсаты;

  • тақырып пәнінің шеңберін анықтау;

  • тақырыптың әдебиеттерді сипаттау деңгейі (тақырып бойынша шолу).

2.4. Курстық жұмысының мәтіндік бөлігіне талаптар.

Курстық жұмысының мәтіні А-4 форматты ақ беттің бір жағына жазылады. (210x297) ГОСТ 1.02-68 бойынша). Мәтіндік бөліктің беттеріне жақша жүргізілмейді.

Әр бетте жақша қалдырылады. Жақшаньщ көлемдері: сол жағы - 30 мм кем емес; оң жағы - 10 мм кем емес; жоғарғы жағы - 15 кем емес; төменгі жағы -15 мм кем емес болуы керек.

Курстық жұмыс компьютерде стандартқа сәйкес екі интервалмен басылуы керек, шрифтін көлемі - 14 болуы керек. Жұмыстың көлемі 25 беттен кем болмауы керек.

Алдыңғы бет рәсімдеу беті. Кейінгі беттер жұмыстың көлеміне сәйкес нөмірленеді. Беттің нөмірі араб санымен беттің ортасында қойылады. Бірінші және екінші бетке нөмір қойылмайды.

Нөмірлеуде кемшіліктер, қосымшаларды (2а,3а) қосуға жол берілмейді.

Тараулар, тармақтар, тармақшалар араб сандарымен нөмірленеді. Барлық құжаттың көлемінде тараулардың реттік нөмірі болуы керек, олар араб саны-мен нүктесіз жазылады. Тараулардың атауы бас әріптермен жазылады. Үлкен тақырыптың атауы екі жолға жазылады. Тақырыптың атауында сөздерді буынға бөлу және сызуға тыйым салынады. (Курстық жұмыс қағаз бетімен электронды /диск/ ретінде бірге тапсырылуы керек)

2.5. Курстық жұмысының корытындысы

Қорытындыда берілген тапсырма тұрғысынан жұмыстың нәтижелерін бағалаудан тұрады. Қорытындының мәтіндік бөлігінде жұмыстың нәтижелеріне заңи, ғылыми, әлеуметтік, танымдық құндылығы беріледі.

Сонымен қатар қорытындыда студент қарастырылып отырған тақырыпқа байланысты заңнаманы немесе заңи практиканы жетілдіру бойынша ұсыныстардың, сондай-ақ осы салада ары қарай зерттеулерді жүргізудің бағытын көрсетуі керек.

«ҚОРЫТЫНДЫ» сөзі тақырыптың атауы сияқты бас әріптермен жазылып және нөмірленбейді.

2.6. Курстық жұмысындағы сілтемелер мен сноскалар

Сноска сөз орналасқан беттің астында жазылады. Бұл үшін сөздің үстіне сан қойылады да осы беттегі сөздің реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы:1 Голощанов С. А. Еңбек даулары. М., 1994,10 б.

Егер бір бетте бір ғана кітапқа сілтеме жасалса, онда екінші сноскада оның атауын толық атамай, келесідей атаумен шектелуі мүмкін: 2 Сонда, 102 б.

Шет тіліндегі әдебиеттерді қолданған кезде «Сонда» сөзі «Іbіd» сөзімен алмастырылады.

Егер кітапқа басқа бетте сілтеме жасалса, онда оның авторы, ал атауының орнына «Көрсетілген шығарма» деп көрсетіледі. Мысалы:

1 Голощанов С. А. Көр. шығ., 18 б. Шет тілдегі кітаптар үшін «Көр. шығ.» сөзі «Ор. сіt» сөзімен алмастырылады.

Нормативтік құқықгық актілерге сілтеме жасаудың өзінің ерекшелігі бар. Акт туралы мәтінде айтқан кезде және сілтеме жасаған кезде оның толық атауын, кім және қашан қабылдағанын, сондай-ақ сілтемеде қайнар көзін көрсетуі керек.

Мысалы: «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 1

Немесе: « Сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2


Заң газеті, 1999, 15 желтоқсан.

2 ҚР Жоғарғы Сотының жаршысы, 1995, № 2, 56 бет.

Нормативті құқықтық актіні қайталаған кезде сұраққа қатысты бапты немесе тармақты міндетті түрде көрсеткен жөн. Мысалы: «Сақтандыру туралы» Заңның 11 бабы негізінде.



2.7. Қолданылған қайнар көздердің тізімі

Қолданылған қайнар көздердің тізімі тақырыптың атауы ретінде рәсімделеді де, бас әріптермен жазылады және нөмірленбейді. Қолданылған әдебиеттердің тізімі де құжаттың мәтінінде келтірілген сілтемеге байланысты жазу керек. Қолданылған қайнар көздердің тізімін жасаған кезде нормативті құжаттардың келесі тәртібін сақтау керек: Заңдар, Жарлықтар, Үкіметтің қаулылары, басқа да нормативті актілер, кейін ҚР Жоғары Соты Пленумының қаулысы, практикаға шолу.

Қолданылған қайнар көздердің тізімін келесі тәртіппен рәсімделеді. Әр кітапті жазғанда келесі мәліметтер көрсетілуі керек:

А) автордың аты-жөні (авторлардың);

Б) кітаптің толық атауы (үтірден кейін, нүктеден арқылы, қос нүктеден кейін, жақшада тақырыптың атауымен);

В) кейін қисық сызықшадан соң - редактор туралы мәліметтер (егер кітапті авторлар тобы жазса);

Г) том туралы мәліметтер (жарияланған бөліктері жеке көрсетіледі, егер бар болса);

Д) тиреден кейін — кітаптың шыққан қаланың атауы;

Е) қос нүктеден кейін - кітаптың шығарған баспаның атауы;

Ж) үтірден кейін - шыққан жылы.

Мысалы, Козыри А. Н. Налоговое право зарубежных стран. - М.: Изд-во «Манускрипт», 1993 немесе Финансовое право: Учебник / Под ред. О. Н. Горбуновой. -М.: «Юристъ», 1996.

Қолданылған қайнар көздердің тізіміде студент бақылау жұмысында сілтеме жасаған әдебиеттер, сондай-ақ сілтеме жасамаған, бірақ дайындау барысында қолданаған әдебиеттер көрсетіледі.



Мысалы:

  1. Бархин А.С. Виндикация в гражданском праве. - М: «Прагма» баспасы,
    2000. –124 б.

  2. Пухов Р.Н. Способы защиты гражданских прав: Оқу құралы. -А:Жеты-
    жарғы, 2000. – 170б.

Курстық жұмысты жазғанда жарияланған аққпаратты (газет,телевизор,интернет) қолдану қажет
Тақырыптың нұсқасын әрбір студентке белгіленген тақырыптың біреуын таңдап алу қажет
СҚт-301 тобы



Ф.И.О.

Ұсынылған такрыптын біреуын таңдап алыңыз


Курстық жұмысты алған күні
Тақырыптың №____

Курстық жұмысты алған күні
Тақырыптың №____

1

Сеилханова Гульнур Саукеновна

1,3,5




 

2

Сыздыков Тлеген Толегенович

2,4,6




 

3

Егеубай Мадина Ермековна

7,9,11




 

4

Утугунов Айдархана Бауржановича

8,10,12




 

5

Байсуфинов Кайсар Кайратулы

13,14,15




 

















050301 "Юриспруденция" СҚт-201(қ)



Ф.И.О.

Ұсынылған такрыптын біреуын таңдап алыңыз


Курстық жұмысты алған күні
Тақырыптың №____

Курстық жұмысты алған күні
Тақырыптың №____

1

Аммри Берик Сагиндыкович

1,28







2

Ахметжанова Асель Суиындыковна

2,27







3

Аяпбергенова Айгерим Канатовна

3,26







4

Баймұрат Ермұхамед Мырзабекұлы

4,25







5

Байтуманов Жалгас Тлеубердыевич

5,24







6

Жангазин Батырхан Кубайдоллаулы

6,23







7

Жангазин Нуржан Кабибуллинович

7,22







8

Жумабекова Индира Сагатовна

8,21







9

Зайкенова Динара Дюсеновна

9,20







10

Баймурат Шура

10,19







11

Ильясова Айнаш Болатовна

11,18







12

Исаханов Рамиль Асланович

12,17







13

Исмагамбетова Алмагуль Сагатовна

14,16







14

Кокумбаева Асель Амантаевна

14,15







15

Куанов Толеген Нурмагамбетович

15,14







16

Макенева Динара Муратовна

16,13







17

Наскенов Ерлан Сержанович

18,12







18

Оразалина Ажар Кабиевна

19,11







19

Орден Мухит

20,10







20

Орманова Анара Бауржановна

21,9







21

Оспанова Асель Солтанбековна

22,8







22

Сабыров Бекжан Шахизадаевич

23,7







23

Сағындық Ақмарал Абайқызы

24,6







24

Оспанов Дамир Солтанбекович

25,5







25

Тасқынбаев Асқар Ратұлы

26,4







26

Тлеубаев Акберен Муратбекович

27,3







27

Султангазиев Серик Омербекович

28,2







28

Тасыбаева Гульмира Айтмухаметовна

1,27







29

Абдрахманов Ернур Манарович

2,28







30













31













050301 "Юриспруденция" СҚт-203(қ)



Ф.И.О.

Ұсынылған такрыптын біреуын таңдап алыңыз


Курстық жұмысты алған күні
Тақырыптың №____

Курстық жұмысты тапсырған қүні

Тақырыптың №____



1

Балгабаева Диана Ергазыевна

1,28







2

Болбырев Бауржан Кайратович

2,27







3

Досумбаева Асем Тунгаткановна

3,26







4

Елемесқызы Анара

4,25







5

Елемесқызы Дина

5,24







6

Жалгасбаев Артык Уалиханович

6,23







7

Жаркенов Асхат Айдарович

7,22







8

Жаркенов Фаркат Муратович

8,21







9

Кажикатова Альмира Жунусовна

9,20







10

Кажмагамбетова Аяулым Жанаевна

10,19







11

Каржаспаев Алибек Талгатович

11,18







12

Кизтуганов Газизбек Юбилеевич

12,17







13

Магазов Кайрат Манатович

14,16







14

Мукажанов Жаксылык Сарсенбаевич

14,15







15

Мусин Куанышбек Серикович

15,14







16

Сарсенов Айкын Кенжегалиевич

16,13







17

Танжанова Айнур Сагатбековна

18,12







18

Тастенова Гульнар Мейрамовна

19,11







19

Хамитов Адилет Нурмухамедович

20,10







20

Хожа Магзам

21,9







21

Токенова Асель Туякбаевна

22,8























Қурстық жумыс
1-тақырып. Қазіргі халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі ретінде және оның мазмұны.

1 Халықаралық қатынас және халықаралық құқық.

2 Қазіргі халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі ретінде және оның мазмұны.

3 Халықаралық құқықтың мәжбүрлеу шаралары.



2-тақырып. Халықаралық-құқықтық ғылым және халықаралық құқықтың тарихы.

1 Халықаралық құқықтың қалыптасуы және оның тарихының кезеңдері. Регионализм. Ежелгі дүниедегі халықаралық құқықтың негізгі институттары. Орта ғасырлардағы халықаралық құқық.

2 1648 жылғы Вестфаль конгресі және оның халықаралық құқықтың дамуындағы ролі. Гуго Гроций, оның замандастары және оның жолын қуушылар.

3 Халықаралық құқыққа француз революциясының тигізген ықпалы. 1815 жылғы Вена конгресі, 1856 жылғы Париж конгресі, 1884-1885 жылдардағы Берлин конференциясы. 1899 және 1907 жылдардағы Гаага әлем Конференциясы.



3-тақырып. Қазақстан тарихындағы халықаралық–құқықтық институттардың пайда болуы және дамуы

1 Қазақстандағы жүздердің Ресейге қосылуының халықаралық құқық тұрғысынан алғандағы көрінісі.

2 Қазақстан тарихында елшілік әдет-ғұрып дипломатиялық құқықтың қайнар көзі ретінде. Қазақстандағы жүздердің, қазақ хандарының сыртқы қарым-қатынасындағы мемлекеттік ішкі органдары.

3 Шет елдердегі Қазақстан елшіліктерінің мақсаты. Қазақ хандарының шарттық тәжірибедегі шарттарының атауы.


4-тақырып. Халықаралық құқықтың қайнар көздері.

1 Халықаралық шарт халықаралық құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде. БҰҰ-ның Халықаралық сот және халықаралық төрелік шешімінің ролі.

2 Мемлекеттердің сыртқы саяси және сыртқы экономикалық мәселелері бойынша заңдар - халықаралық құқықтың қосалқы қайнар көзі.

3 Халықаралық құқықты жүйелеу (кодификациялау). БҰҰ-ның халықаралық құқық комиссиясы дайындаған негізгі жүйеленген актілері.


5-тақырып. Халықаралық құқықтың қағидалары.

1 Халықаралық құқықтың негізгі қағидалар жүйесі. 1970 жылғы БҰҰ-ның халықаралық құқық қағидалар туралы декларациясы.

2 1975 жылғы Хельсинкидегі Кеңестің қорытынды актісінің маңызы. Қазақстанның осы актілерге қосылуы.

3 Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы, оның мазмұны және оны қолдану әдістері. Басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау қағидасы.



6-тақырып. Халықаралық құқықтың субъектілері, мемлекетті тану және мемлекеттің құқық мирасқорлығы.

1 Халықаралық құқық субъектілерінің ұғымы анықтамасы.

2 Халықаралық құқық субъектілерінің түрлері. Мемлекет халықаралық

Мемлекеттік егемендікті жоққа шығару концепциясы.

3 Халықаралық құқықтағы күрделі мемлекеттер,тұрақты бейтарап мемлекеттер.
7-тақырып. Халықаралық шарттар құқығы.

1 Халықаралық шарттар құқығы туралы 1969жылғы Вена конвенциясы. Қазақстан тарихындағы шарттар құқығы. 2005жылы 30 мамырдағы «Халықаралық шарттар» туралы ҚР заңы.

2 Әмбебап және басқа да шарттарға қатысу құқығы. Шарттар және үшінші мемлекеттер.

3 Шарттарды бекіту. Көпжақты шарттарға қатысты мәмілелер. Депозитарий және оның қызметі. Шарттың күшіне енуі. Өзгерістер енгізуі. Жариялау. Шарттарды тіркеу.


8-тақырып. Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі.

1 Үкіметаралық және үкіметтік емес халықаралық ұйымдар. Халықаралық үкіметаралық ұйымдар түсінігі. Халықаралық ұйымдардың жіктелуі (классификация).

2 Ұлттар лигасы. Біріккен Ұлттар Ұйымы. Қазіргі халықаралық ұйымдардың негізгі қағидалары.

3 Халықаралық ұйымдар қызметіне Қазақстанның қатысуы. Халықаралық ұйымдар органдары. Оларды қалыптастыру қағидалары және құзіреттерінің қатынастары.


9-тақырып. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) - әмбебаб халықаралық ұйым ретінде.

1 Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ). Оның құрылу тарихы. Қазіргі әлемдегі Біріккен Ұлттар Ұйымының алатын маңызы. (БҰҰ-ның Жарғысы. Мақсаты мен қағидалары. Мүшелік.



2 Біріккен Ұлттар Ұйымының органдар жүйесі. Қауіпсіздік Кеңесінің Бас Ассамблеясы. Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес).

3 Қамқоршылық жөніндегі Кеңес. Халықаралық Сот. Секретариат. Біріккен Ұлттар Ұйымының Европалық бөлімі. Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы мемлекеттің тұрақты үкіметі.



10-тақырып. Халықаралық және мемлекетішілік құқықтың қатынасы және бір-бірімен өзара әрекеттесуі.

1 Ұлттық және халықаралық құқықтың өзара әрекеттесуі және өзара байланысы – мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының өзара тереңдеуінің нәтижесі ретінде.Нормаларды жүзеге асыру және қалыптастыру процесіндегі екі құқық жүйесінің қатынасы.

2 Мемлекетішілік және халықаралық құқықтардың қатынасы туралы теориялар: дуалистік және монистік теориялар.

3 Қазақстандағы тәжірибедегі және заңдылық бойынша халықаралық және мемлекетішілік құқықтың қатынасы мәселелерін шешу.


11-тақырып. Халықаралық-құқықтық жауапкершілік.

1 Халықаралық құқықтық жауапкершілік. Халықаралық құқық бұзбаушылық ұғымы. Халықаралық қылмыстардың түрлері. Мемлекет – халықаралық құқық бұзушылықтың субъектісі ретінде. Мемлекетті жауапкершілікке тарататын кінәнің маңызы.

2 Баса-көктеп кіргені үшін (агрессия) мемлекеттің тартылатын жауапкершілігінің ерекшелігі. Қазақстан заңдары бойынша халықаралық-құқықтық жауапкершілік мәселелері.

3 Халықаралық ұйымдардың жауапкершілігі. Халықаралық ұйымдар халықаралық жауапкершіліктің субъектісі және халықаралық шағымдардың (претензий) субъектісі ретінде.



12-тақырып. Халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғау.

1 Халықаралық құқықтың азаматтық мәселелері бойынша негізгі ережелері.( Шетелде жүрген азаматтарды дипломатиялық қорғау.Азаматтықты алу және одан айрылу тәсілдері. Натурализация. Оптация. Трансферт. Ата-аналарының азаматтықты өзгертуіне байланысты балаларының азаматтығы мәселелері. Азаматттықты қайта қалпына келтіру).

2 Қос азаматтық. (Қос азаматтықты жою туралы Қазақстанның жасасқан шарттары.Азаматтығы жоқ тұлғалар. Азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық жағдайлары.)

3 «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жыл 20 желтоқсандағы, 1995 жылғы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңы. Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы



13-тақырып. Халықаралық экономикалық құқық.

1 Халықаралық экономикалық қатынастарды реттеудегі халықаралық құқықтың атқаратын ролі. Біріккен Ұлттар Ұйымының Органдары (Бас Ассамблея, ЭКОСОС, ЮНКТАД, ЮНИДО, ЮНИДРУА, аумақтық комиссия) Халықаралық сауда құқығы бойынша Біріккен Ұлтттар Ұйымының Комиссиясы (ЮНСИТРАЛ).

2 1974 жылғы жаңа экономикалық тәртіпті бекіту туралы декларация. 1975 жылғы ЮНИДО конференциясында қабылдаған өнеркәсіптік дамыту және ынтымақтастық туралы Рим декларациясы.

3 1974 жылғы мемлекеттердің міндеттілігі және экономикалық құқық хартиясы. Қазақстанның сыртқы экономикалық заңдарының халықаралық конвенциялармен қатынасы.


14-тақырып. Дипломатиялық құқық.

1 Дипломатиялық құқықтың түсінігі. Екі жақты және көп жақты дипломатия. Қазақстан және 1961 жылғы Дипломатиялық қатынастар туралы Вена Ковенциясы.

2 Қазақстанның 1995 жылғы Конституциясы бойынша сыртқы қатынастар органдары. (Қазақстан Республикасының Президенті. Қазақстан Республикасының Парламенті. Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігі. Сауда және өнеркәсіп министрлігі және оның сыртқы экономикалық байланыстарды дамытудағы ролі.)

3 Қазақстан Републикасының Президентінің 2004 жылғы 4 ақпандағы № 1287 «Қазақстан Республикасының Өкілеттілігі мен оған теңестірілген дипломатиялық ережелерін бекіту туралы» жарлығы.


15-тақырып. Консулдық құқық.

1 Консулдық өкілдіктер. (Консулдық өкілдіктердің атқаратын қызметтері (функциялары). Консулдардың дәрежелері (классы): Бас консул, консул, вице-консул, консулдық агент. Консулдарды тағайындау және кері шақырып, алу тәртібі. Дипломатиялық өкілдіктің консулдық бөлімдері.)

2 1963 жылғы консулдық қатынастар жөніндегі Вена конвенциясы Қазақстанның шетелдермен жасасқан консулдық конвенциялары.

3 Консулдық мәселелері бойынша Қазақстан Заңдары.


16-тақырып. Халықаралық қауіпсіздік құқығы.

1 Ұжымдық қауіпсіздік. Біріккен Ұлттар Ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік жүйесі.

2 Аймақ негізіндегі ұжымдық қауіпсіздік. Аумақтық келісімдер және ұйымдар. Олардың қызметтерінің құқықтық жағдайлары.

3 1975 жылғы Европа ынтымақтастығы және қауіпсіздік жөніндегі қорытынды акт. Азия және басқа да континенттер жөніндегі аумақтық қауіпсіздік мәселелері.



17-тақырып. Қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастық.

1 Қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігі. «Халықаралық қылмыстық құқық» туралы мәселелер.

2 Ынтымақтастық аясы (қысқаша )

а) Құлдықпен күрес, құл сатумен және адамдарды сатудың басқа да нысандары. 1926 және 1956 жылдардағы конвенциялар.

2 1970-жылғы Гаага Конвенциясы. 1971-жылғы Монреаль Конвенциясы. Қазақстанның бір қатар көрші мемлекеттермен жасасқан әуе кемелерін айдап кетуді болдырмау туралы екі жақты шарттары.

3 1973-жылғы халықаралық қорғауға ие тұлғаларға, сонымен бірге дипломатиялық агенттерге қарсы қылмыстарды болдырмау және жазалау туралы Конвенция.



18-тақырып. Аумақ және шекара.

1 Халықаралық қатынастардағы аумаққа қатысты проблемаларды шешу. Кеңістіктің құқықтық режимінің негізгі түрлері: мемлекеттік аумақ; халықаралық аумақ; аралас құқықтық режимдегі аумақ.

2 Мемлекеттік аумақ. Түсінігі және құрамдас бөліктері.

3 Мемлекеттік шекаралар. Шекара режимдері туралы шарттар. 1993-жылғы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекараны қорғау туралы Заңы. Қазақстанның аумағы мен шекаралары.



19-тақырып. Халықаралық теңіз және өзен құқығы.

1 1958-жылғы теңіз құқығы туралы Женева конвенциясы. Ішкі теңіз сулары.

2 Аумақ сулары. 1958, 1960-жылғы БҰҰ-ның Женева конференциялары мен БҰҰ-ның теңіз құқығына қатысты үшінші конфефренциясындағы аумақ суының көлемі туралы мәселелері.

3 1958-жылғы аумақсуы мен іргелес зона туралы Конвенция.Іргелес зона: түсінігі мен құқықтық режимі.


20-тақырып. Құрлықішілік мемлекеттердің құқықтық мәртебесі.

1 Құрлықішілік мемлекеттердің теңізге еркін шығуы құқығын реттейтін әдет-ғұрыптық және шарттық нормалардың пайда болуы.

2 БҰҰ-ның теңіз құқығына қатысты конференцияларында құрлықішілік мемлекеттердің теңізге шығуы мәселелерін қарастыру.

3 Құрлықішілік мемлекеттердің, соның ішінде Қазақстанның жағадағы мемлекеттермен теңізге еркін шығуы құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты екі жақты шарттары.



21-тақырып. Халықаралық әуе құқығы.

1 Халықаралық әуе құқығының түсінігі. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі режимі.

2 1944-жылғы халықарлық азаматтық авиация туралы Чикаго Конвенциясы.

3 Әуе кеңістігінің халықаралық режимі. Қазақстан Республикасының халықаралық әуе кеңістігінде ұшу ережелері.


22-тақырып. Ғарыш кеңістігін игеру және халықаралық құқық.

1 Халықаралық ғарыш құқығының түсінігі.

2 1975-жылғы ғарышкерлерді құтқару, ғарышкерлердің оралуы және аспан кеңістігіне жіберілген объектілердің оралуы туралы Келісім.

3 1979-жылғы мемлекеттердің Айдағы және басқа да аспан денелеріндегі қызметі туралы Келісімдер.



23-тақырып. Халықаралық экологиялық құқық.

1 Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық. БҰҰ мен оның мамандандырылған мекемелері (ИМКО, ФАО, ЮНЕСКО және т.б). БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау бойынша бағдарламасы (ЮНЕП).

2 Әлемдік мұхитты қорғау. 1954-жылғы теңізді мұнаймен ластауды болдырмау туралы Лондон Конвенциясы. 1973-жылғы теңізді кемелердің ластауын болдырмау туралы Конвенция. 1972-жылғы қалдықтар мен басқа да материалдарды лақтыру арқылы теңізді ластауды болдырмау туралы Конвенция.

3 1973-жылғы жоғалу қаупі туған жабайы фауна мен флораны халықаралық саудалау түрлері Конвенциясы. Жер атмосферасын зиянды әсерлерден қорғау. Климатқа және табиғатқа жасанды әсер теулерді құқықтық реттеу. Жоғалу қаупі туған жануарлар мен өсімдіктерді және маңызды экожүйелерді сақтау.



24-тақырып. Халықаралық гуманитарлық құқық.

1 Әскери қақтығыстар кезіндегі халықаралық қатынастарды халықаралық-құқықтық реттеу міндеттері. (Агрессияның қылмыстылығы. Соғыс жағдайы және оның құқықтық салдары. Халықаралық және халықаралық сипаттағы емес әскери қақтығыстар. Соғыс кезіндегі бейтараптық. Бейтараптықтың түрлері. Халықаралық сипаттағы құқықтар мен міндеттер.)

2 1949-жылғы соғыс құрбандарын қорғау туралы Женева Конвенциясы және 1977-жылғы оған Қосымша хаттамалар. (Соғысты жүргізу құралдарын шектейтін шарттар мен Конвенциялар. Әсери қылмыстар үшін және адамзатқа, бейбітшілікке қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік жүктейтін халықаралық актілер.)

3 Комбатанттар (соғыспайтындар). Тұрақ және тұрақты еме қарулы күштер. Партизандар. Ұлт-азаттық қозғалыстардың қатысушылары. Жалдамалыларға комбатант мәртебесінің таралмауы. Комбатант еместер.


25-тақырып. Әлемдік діндер және халықаралық құқық.

1 Әлемдік діндер және олардың халықаралық қатынастардағы ролі.

2 Ислам әлемдік дін ретінде және халықаралық мұсылман құқығының нормалары.

3 Православ шіркеулері және халықаралық құқық. Рим-католик шіркеуі және оның әлемдік дипломатиядағы ролі.


26-тақырып. Халықаралық дауларды бейбіт шешу құралдары.

1 Дауларды халықаралық ұйымдарда шешу. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ерекше ролі.Қайырымды қызмет. Дедалдық.

2 Тергеу және келісім комиссиялары және оларды ұйымдастыру. Мәмілеге келтіру процедураларына Қазақстанның қатысуы.

3 Халықаралық аралық соттар (арбитаж). Гаагадағы аралық соттың Тұрақты Палатасы. Халықаралық аралық соттардың түрлері.


27-тақырып. Мұнай, ауыл шаруашылық және туризм саласындағы ынтымақтастықтың халықаралық-құқықтық нысандары.

1 ФАО-ны (азық-түлік және ауыл шаруашылық мәселелері бойынша ұйым) құру. ФАО БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі ретінде.

2 Қазақстанның ФАО қызметіне қатысуы.

3 Ауыл шаруашылықты дамытудың Халықаралық қоры ( ИФАД). ИФАД құрылымы. ИФАД-қа мүшелік. Атқару Комитетінің 6-сессиясында қабылданған ИФАД ережелері. ИФАД, 1982-жылдың қыркүйегі.

28-тақырып. Қазақстанның әлемдік қауымдастықтың мүшесі және қазіргі халықаралық құқықтың субъектісі ретінде дамуы.

1 Қазақстанның көршілес мемлекеттермен қатынасы. Қазақстан Еуропа мен Азия-Тынық мұхиты аумағындағы елдердің өзара қарым-қатынасын байланыстырушы мемлекет ретінде.

2 Қазақстанның халықаралық қаржы-несиелік ұйымдардың қызметіне қатысуы.

3 Қазақстанның қауіпсіздік жүйесі аумақтық және планеталық қауіпсіздік жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде.Қазақстанның НАТО Кеңесінің қызметіне қатысуы.



1 Баскин Ю. Фельдман Д.И. История международного права. –М. 1990. -207 с.

2 Бельсон Я.М. Интерпол в борьбе с преступностью. М., Наука. 1989. 239 с.

3 Боярс Ю.Р. Вопросы гражданства в международном праве. М., Международные отношения. 1986. – 160 с.

4 Верещетин В.С. Международное сотрудничество в космосе: павовое вопросы. –М.:наука, 1977. 264 с.

5 Даниленко Г.М. Обычай в современном международном праве М., Наука, 1988. -191 с.

6. Ержанов Т.К. Международно-правовой статус внутриконтинентальных государств. –Алматы: Данекер, 2003.

7 Колбасов О.С. Международно-правовая охрана окружающей среды. М., Международные тоношения, 1982. 237 с.

8 Кулжабаева Ж.О. Международное публичное право. Алматы, 2002. -467 с.

9 Попов В.И. Современная дипломатия. Теория и практика. Москва, 2004, -576 с.

10 Родинов К.С. Интерпол: вчера, сегодния и завтра. М., Международные отношения. 1990. 223 с.

11 Салимгерей А.А. Правовой статус Каспийского моря (проблемы теории и практики). Алматы. 2003. -208 с.

12 Сарсембаев М.А. Международно-правовые отношения государств Центральной Азии Алматы: Галым. 1995. -368 с.

13 М.А. Сарсембаев. Международное космическое право и Казахстан. – Алматы: Данекер, 2003.

14 Сафонова О.Н. Соотношение международного права и национального права Республики Казахстан.-Алматы: Данекер, 2002.

15 Сборник международных конвенций. Республики Казахстан. –Автор-составитель К.К. Сарсембаев.- Алматы: Данекер 1997. -190с.

16 Токаев К.К Организация Объединенных Наций: Полвека служения миру. – Алматы: Атамура, 1995. -189с.

17 Тункин Г.И. Теория международного права. М. 2000, 416 с.

18 Ципин В. Церковное право. – Москва, 1994.

19 Шибаева Е.А. Право международной организации: Вопросы теории. М.: Международные отношения, 1986. – 159 с.

20 Токаев К.К. Преодление. Дипломатические очерки. Алматы. 2003. 656с.
Ұсынатын әдебиеттер

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет