М.ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ - Кафедра:Психология, психиатрия және
- наркология кафедрасы
- Студенттің өзіндік жұмысы
- Тақырыбы: “Зейін”
-
-
- Актобе-2015
Мазмұны - Зейіннің физиологиялық негізі
- Қорытынды
ЗЕЙІН ЖӨНІНДЕ ТҮСІНІК - ЗЕЙІН – адамның ой – санасының белгілі
- іс - әрекетке шоғырлануы мен шомуы,яғни психикалық іс - әрекеттің мақсат бағдарлы және нәтижелі болуы үшін адам еңалдымен өзінің ой – санасын істеп жатқан әрекеті мен сол әрекет нысанына тоқтата білу қасиеті.Зейінді болу үшін қандай да бір істің түрін таңдап кана алу жеткіліксіз,сол таңдауды тұрақтатып,сақтап қалу қажет.
-
Зейін адамның бет,дене қалпы мен қозғалыстарында көрінеді.Кейде жағдайда зейін қоршаған дүние емес,адам санасындағы ойлар мен бейнелерге бағытталады.Мұндай жағдайдағы зейін интеллектуалды деп аталып,ол сезімдік зейіннен біраз өзгеше болады.Ал ой-сана дене қозғалыстарына бағытталатын болса сөз арқауынақимылдық зейін алынады.Мұның бәрі зейіннің дербес танымдық,өз мазмұнына ие болмай,өзге танымдық процестердің қосалқы қызметтерін атқаратынын дәлелдейді. ЗЕЙІН ТҮРЛЕРІ - Өзінің пайда болуы мен іске асу жағынан зейін ырықсыз және ырықты деп екіге бөлінеді.
- Ырықсыз зейін-ең қарапайым және адамда алғашқы көрінетін психикалық процесс.Ниеттелмеген деп те аталады.
- Ырықты зейін-саналы мақсатқа тәуелді болады,адамның ерік-жігері нәтижесінде пайда болады.Ниеттелген не белсенді деп те сипаттлады.Басты қызметі-психикалық процесс ағымн белсенді түрде реттеп беру.
- ЗЕЙІННІҢ ІСКЕ ҚОСЫЛУ ШАРТТАРЫ
Зейін туралы Н.Н.Ланге тұжырымдары: - 1.Зейін қимылдық икемделудің нәтижесі.
- 2.Зейін сана аумағының шектелуі болуынан туындайды.
- 3.Зейін көңіл – күй нәтижесі.
- 4.Зейін өткен тәжірибенің нәтижесі.
- 5.Зейін рухтық сананың ерекше белсенділік қабілеті.
- 6.Зейін жүйке тітіркендіргіштері күшейуінің нәтижесі.
- 7.Жүйкелік тежелу теориясы.
Зейіннің қасиеттері: - Зейіннің шоғырлануы-оның белгілі бір нысанға бағытталып,онда топталу күші мен дәрежесі.
- Зейіннің бөінуі-адамның өз ауқымында бір уақытта бірнеше әртүрлі нысандарда ұстай алу қабілеті.
- Зейіннің ауысуы-зейіннің бір нысаннан екіншісіне саналы,байыпты өтуі.
- Зейін көлемі-сырттан келіп жатқан ақпараттарды адам өзінің өңдеу мүмкіндіктеріне орай топтастыруы.
- Зейіннің физиологиялық қасиеті
- -нақты уақытта қозуы жоғары бас миы қабығы бөлігінің болуы;
- -жаңа рефлекторлық
- байланыстардың түзілуі
- мен жіктелулердің тиімді
- жүрісі;
- -жоғары және төмен қозулы бөліктер арасындағы кері индукцияның болуы;
- -басымдылық (доминанта) құбылысының болуы;
Зейіннің физиологиялық негізі - Зейіннің физиологиялық тетіктер арқылы қажетті де мәнді әсерлерді таңдауы белсенді ми қызметінің және жалпы тәннің сергектігі арасындағы байланысынан болады.
- Зейіннің физиологиялық негіздерін айқындауда доминанта принципі(А.А.Ухтомский) жетекші мәнге ие.Доминанта түсінігі нақты бір мезетте жүйке орталықтарының қызметіне ықпал жасап,уақытша үстемдік етумен психикалық болмысқа бағыт-бағдар беретін қозу ошағын білдіреді.
Қорытынды - Сонымен зейін бағыттау-зерттеушілік іс-әрекеттің бір кезеңі,осыдан зейін адам психикасында нақты бір мезетте пайда болған бейнелер мен ой мазмұнын тұрақтатуға бағытталған психолгиялық әрекет.
- Өз қызметі бойынша зейін осы мазмұнға қойылған бақылау.Әр адам әрекеті бағыттау,орындау және бақылау бөліктерінен тұрады.Осы тізбектегі үшінші іс зейін арқылы орындалады.
- Белгілі өнім шығаруға бағытталған әрекеттен ерекше зейіннің,яғни бағыттаудың өз алдына нәтижесі болмайды.
-
Қолданылған әдебиеттер тізімі: - Аймауытов Ж. “Психология” –Алматы,1994
- Алдамұратов Ә.“Жалпы психология”- Алматы, 1996
- Сәбет Бап-Баба. “Жалпы психология” – Алматы, 2005
- Лурия А. Внимание и память- 1975
Достарыңызбен бөлісу: |