5 тәжірбие. Алюминийдің қышқылдармен әрекеттесуі.
6 пробирка алып оның үшеуіне 2 н сұйытылған тұз, күкірт, азот қышлдарының, ал 3-не осы қышқылдардың концентірілі ерітіндісінің 5-6 тамшысын құйыңыз. Олардың әрқайсысына алюминий түйіршігін салыңыз. Барлық жағдайда реакция бөлме т епературасында жүргізіледі. Алюминий қандай қышқылмен әрекеттеспейді? Не себептен. Прбиркаларды сулы моншада қыздырыңыз. Бұл қалай әсер етеді. Сұйытылған қышқылдар әрекеттескенде қандай газдар бөлініп шығады, концентірлі қышқылдармен әрекеттесу реакциясының теңдеуін жазған кезде, азот қышқылы азоттың (ІІ) оксидіне дейін, күкірт қышқылы күкірттің (IV) оксидіне дейін, ал қыздырған кезде күкірт қышқылы бос күкіртке дейін тотықсызданатынын еске алу керек. Барлық реакция теңдеуін жазыңыз.
6 тәжірбие. Алюминий гидроксидін алу және оның қасиеті.
2 пробиркаға алюминий тұзы ерітіндісін 2-3 тамшысын құйып, оларға 2 н күйдіргіш натр ерітіндісін 2-3 тамшысын алюминий гидроксидінің тұнбасы түзілгенше қосыңыз. Пробиркалардан түзілген тұнбаның біреуіне 2 н тұз қышқылының ерітіндсін, 2-не осынша көлемде натрий гидроксидінің ерітіндісін қосыңыз. 2 пробиркаларда қандай құбылыстарда байқалды? Алюминий гидроксидінің қасиеті туралы қанднай тұжырым жасауға болады. Реакция теңдеулері жазыңыз.
7 тәжірбие. Алюминий тұздарының гидролизі.
Алюминий хлориді мен аммоний сульфидінің біріккен гидролизі.
Пробиркаға алюминий хлоридінің 2-3 тамшысын тамызып, оған осынша көлемде аммоний сульфидінің ерітіндісін қосыңыз. Реакция нәтижесінде алюминий гидроксидінің тұнбаға түскенін және күкіртті сутек газының бөлінгенін байқайсыз. Екі тұздың бірге гидролизге түсу реакциясының молекулалық және ионды молекулалық теңдеуін жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |