С. Торайғыров атындағы Павлодлар мемлекеттік университеті
Философия және мәдениеттану кафедрасы
пәнді оқытуға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАу
«Постмодерн және мәдениет»
пәні бойынша
050204 «Мәдениеттану»
мамандықтары студенттері үшін
Павлодар
Постмодерн және мәдениет
Пәннің мақсаты – Жоғарғы оқу орындарында философия пәндерi бойынша мамандар дайындау және оны практика жүзiнде пайдалану студенттердiң мәдениеттанымдық бiлiмiнсiз мүмкiн емес. Мәдениеттану - Қазақстан үшiн жаңа бiлiм саласы, “Постмодерн” және “постмодерн және мәдениет” терминдерi осыдан ширек ғасыр бұрын қазiргi заман философиясы мен ғылымында пайдаланыла бастады; осы уақытқа деiн “постмодернң түсiнiгi төңiрегiндегi, оның мәдениеттегi орны туралы айтыстар толастаған жоқ және қазiргi заманғы гуманитарлық бiлiмнiң маңызды да күрделi тақырыптарының бiрi. Сондықтан - “постмодерн және мәдениет” пәнi XX ғасыр мәдениетiң дамытушы,бүгiнгi күн ақиқаттарын ой елегiнен өткiзуде, түсiнуде жаңа көптеген көрiнiстерiнде байқалады.
Пәннің міндеттері –
а) оқытылатын мәселелер төңiрегiнде түсiнiгi болуы керек;
б) пән мен оның тапсырмаларын қалыптастырады;
в) ќоғамның мәдени - құлықты дамуын болжау үшiн пәннiң тарихи қалыптасуы мен негiзгi сатыларын бiлуi керек;
г) тоқтаусыз бiлiмiн жеттiлдiруге, шығармашылық қызметке деген қабiлетiн, кызығушылығын дамытады;
д) сұхбатқа бағытталған ғылыми және объективтiк ақиқат шеңберiнен шықпайтын жеке кiсiлiк бағдарын қалыптастырады.
Пререквизиттер: “Постмодерн және мәдениет” пәнi студентке гуманитарлық бiлiмдер кеңiстiгiнен түсiнiктер беретiн; оның көзқарасын, кiсiлiк дүниетанымын кеңiтетiн “Философия”, “Философия тарихы”, “Этика”, “Саясаттану”, “Мәдениеттану” сабақтарына сүйенедi. Олардың негiзiнде ой, сұхбат мәдениеттерi қалыптасады.
Дәріс сабақтары студенттердің ғылыми білімін арттыратын маңызды бµлім. Жүйелі, толық аргументтері келтірілген кешенді дәріс сабақтары мамандарды дайындаудыің басты көзі. Дәрістің әдістемелік, ғылыми – тәжірибелік, қоғамдық-саяси және кәсіби маңызы бар.
Дәрістерді тыңдау және қабылдау: Студенттердің оқытушының дәрісіне дайындығына енетіндер:
Біріншіден, психологиялық жағынан дайын болу, оның жүйелі орындалуын қадағалау; екіншіден, дәріс алдындағы мақсатты танымдық – тәжірибелік қызмет, соның ішінде:
А) алдынғы өткен материалдарды, жазғандарын еске тұсіру мақсатында қарастыру;
Ә) Алдыњғы сабақпен байланысын анықтау мақсатында берілетін дәрістің материалдарымен бағдарлама және оқулықтар бойынша танысу. Оқулық бірнеше жылда бір рет шығарылатындықтан, бағдарламадағы кейбір сұрақтар оқулықта қарастырылмауы мұмкін. Осындай сәйкессіздіктен кейін студент дәріс барысында осы мәселелерге көңіл аударуы керек.
Б) Дәріс барысында істелінетін негізгі жұмыстардың тұрлерін анықтау (жазу, сызбалар, суреттер және т.б);
Г) Бағдарлама мен оқулықтар да енгізілген өздік жұмысына арналған тапсырмалармен танысу, білімді тереңдетіп, тапсырмаларды орындауға қажетті әдебиеттерді таңдау;
Дәріске алдын–ала дайындықстудентті шығрмашылық жұмысқа және ең бастысы дәрісті тыңдап, оның мазмұнын қабылдай білуге ұйретеді.
Дәріс беруде материалды баяндау, талдау, фактологииялық мазмұндау, мәселе қою әдістері басым. Мұның бәрі студенттердің шығармашылық белсенділіктерін арттыра тұседі.
Студент дәріс мазмұнын толық тұсіну ұшін оның мақсаты мен міндеттерімен таныс болуы қажет. Сонымен қатар, дәрістің мақсаты мен міндеттерін тұсіну студентке баяндалып отырған материалды терең тұсініп, оған сын көзқараспен қарауына мұмкіндік береді.
Сонымен қатар дәріс оқытушы мен студент арасындағы байланыс ретінде психологиялық-педогогикалық талаптарға да сәйкес болу керек. Оның орындалуы студентке ғана қатысты емес, оқытушының баяндауына студенттер беделін арттыра білуіне де байланысты.
Жазу – оқытушының студенттердің материалдарды қаншалықты меңгергендігін бақылауға мұмкіндік береді. Егер дәріс барысында студенттер тыңдап қана қоймай жазып отырса, оқытушы дәрісті оқу кезінде оған көмек көрсетеді (қайталау, баяулау, басты мәселелерге акцент жасау арқылы және т.б.)
Дәрісті жазуға қалай ұйрену керек? Бәрінен бүрын нені және қалай жазу керектігін білу керек. Сабақтыњ кұні, тақырып, мақсаты, сабақтыњ жоспары жазылады. Жоспар тақырыпты игеруге жєне берілген материалмен өздігінше жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Жоспарды жазғаннан кейін оның дәріс барысында оның мағынасы қалай ашылғандығына баса назар аудару керек.
Жазу барысында тақырыптар, тақырыпшалар және сұрақтар арқылы, абзацтарды, нөмірлеп көрсетуді пайдаланып жүйелілікті сақтауға болады.
Дәріс жазудың тұрлері әртұрлі болуы мұмкін. Оны таңдау пәннің ерекшелігіне байланысты. Мысалы: кейбір сабақтарда суреттер, сызбалар жєне т.б. қолданады. Гуманитарлық ғылымдар бойынша жазудың әртүрлісі қолданады. Кең тараған түрі:
Дәрістің негізгі сұрақтары
|
Негізгі тезистермен, дәлелдер, қортындылар. Негізгі сұрақтар бойынша өз ойлары.
|
|
|
Дәріс материалының мазмұнын келесідегідей тұрде де жазуға болады:
Дәрістің негізгі сұрақтары
|
Негізгі ережелер, негізгі фактілер, жалпылау, дәріс мазмұнын қорытындылау
|
Студенттің ескертпесі және оның оқытушыға сұраѓы.
|
|
|
|
Дәрісті жазғанда онымен әрі қарай жұмыс істеу үшін және өз ойларын жазуға шетінен орын қалдыру қажет. Немесе дәптердіњ келесі беттерін бос қалдыру керек.
Студенттің жан-жақты тұлға болып қалыптасуына, білікті маман болуына, кәсіби және т.б. қызмет тұрлеріне дайындығын арттыруға дәріспен бірге тәжірибе сабақтары да маңызды рөл атқарады.
Дәріс басты ғылыми білімнің негізін салады, студентке оны жалпылама тұрде меңгеруге мұмкіндік береді. Ал, семинар мен тәжірибе сабақтары білімді кеңейтіп, нақтыландыра тұседі, оны толықтай меңгеруіне көмектеседі. Сонымен бірге оқу үрдісінің мұндай түрлері өздік жұмыстарды орындауға үйретеді
Студентің жан-жақты дамыған тұлға, маман ретінде дамуына және оны кәсіби және басқа қызметтерге дайындауда семинар сабақтарының маңызды зор, олар дәрісте басталған сабақтардың логикалық жалғасы. Дәріс ғылыми білімнің негізін қалыптастырады, олар студентке оларды жалпы түрде меңгеруге мүмкіндік береді, семинар және тәжірибе сабақтары бұл білімдерді тереңдетеді, нақтылайды және кеңейтеді, жоғары репродукция және трансформация деңгейінде меңгеруді көмектеседі. Оған қоса, осы оқу процессінің формалары жеке жұмыс жасау және өзін-өзі оқытуды үйретеді. Семинар және тәжірибе сабақтарында жеке жұмыстың өзіндік ерекшелектері бар болғандықтан, оларға тереңірек тоқталайық.
2Дәріс сабақтарының мазмұны
Дәріс I. Кіріспе
Адамзат тарихына XX ғасыр ең бiр әсерлi, көп сырлы, соңында “постмодерн” мәдениетi деп анықталып кiрдi. Экономика саласында “кибернетикалық” немесе “ақпараттық” деп аталатын индустриалдықтан постиндустриалдық коғамға өттi. Ақпарат, ғылым салаларында, автоматтандырылған өндiрiстерде жұмыскерлер үстемдiгi қалыптасқан және адамсыз, жалпылық өндiрiс дәуiрi дүниеге келдi. Жеке адам талғамдары жоғалып жалпыға арналған автомобилдер, жалпылық саңа, жалпылық мәдениеттер өз дамуларын тапты. Ақиқат құбылыстар: жеке компьютерлер, мәтiндi автоматты өңдеу, кабелдi және спутник теледидары, мобильдi телефондар т.б. Ақпарат ағындары және оны сақтаудың жаңа тәсiлдерiн iздеу, оқу мен тарату бiлiм беру жүйесiнiң алдына жаңа талаптар қояды. Мәдениеттегi постмодерн мәселелерi Ж.-Ф.Лиотар, Ж.Деррида, М.Фуко, Ф.Гваттари, Ж.Делез, У.Эко, Дж.Джойс, Ф.Кафка, Р.М.Рильке т.б. еңбектерiнде қарастырылады. Осы бағдарлама постмодерн мәдениетiнiң өзектi мәселерiн ой елегiнен өткiзуге бағытталған. Рухтың айрықша жағдайы ретiндегi постмодернизмге деген екi түрлi көзқарастың екеунiң де тең құқы бар; ақиқат осылардың ортасында жатыр. Пәндi оқудың негiзгi тәсiлдерi салыстыру, талдау, тарихи және қисынның бiрлiгi болады.
Дәріс II. Постмодернизмнiң мәдени- философиялық алғы шарты
Постмодернизм туралы сұрақ. Модерн және постмодерн. Мәдениет құбылысы ретiндегi негiзгi белгiлерi бар модернизмнiң өзiндiк ерекшелiктерi: дағдарыстығы, теориялығы, әрқашан философиялық негiздерге сүйенуi, жаңа бейнелеу түрлерiн iздеуi, элитарлығы. Бодлер тұжырымдаған постмодерн мәдениетi мақсатына жетуде модерн қандай да бiр “жаңаны” бiлдiредi. Модерн негiздерi ортасынан рационализм принциптерiнiң (парасатқа табыну), урбандық (қалаға табыну), технологияларға (индустриялауға табынушылық), қарадүрсiндiк (дамымаған бейнелерге елiктеуге табыну), эротика, гуманизациядан бас тарту т.б. бөлектенуi.“Постмодернизмнің мәнi. Модернмен салыстыру. “Постмодернің терминiнiң қазiргi мәдениет көрiнiсiнiң тенденциясы ретiндегi әдеттен тыстығы (парадокстiк). Постмодерннiң негiзгi белгiлерi: парасаттық желiден ауытқу, барлық капиталистiк елдер дамуы үшiн бiр догмадан бас тарту, плюрализмдi, мәдениет әр түрлiлiгiн, табиғатпен бiрiгудi, қоршаған ортаны қорғау, планетарлық ой т.б. мойындау. Қалаға табынуды космоска (космизм) табынумен, индустриализм идеалдарын экология императивтерiмен ауыстыру. “Постмодерн” және “постмодернизм” терминдерiнiң қалыптасуы. Постмодерн философияда, ғылымда, өнерде, әдебиетте көрiнiс тапқан мәдениеттiң жаңа тарихи түрi. Оның негiздiк принциптерi – мәнерлi тәсiлдердi еркiн бiрiктiру, ой-пiкiр көзқарастарының көптүрлiлiгi және нақты гуманизм. Постмодерннiң дүниетанымдық негiздерi. Космостық, экологиялық, постгуманизм, жаңа жынысқұмарлық және басқа да принциптер – дүниетанымдық көзқарас есебiндегi постмодернизм түп қазығы. Әдебиет пен өнерде, сонымен қатар әлеуметтiк-экономиялық, әлеуметтiк-саяси және технологиялық орталардағы жаңалықтарды бейнелеу үшiн осы терминнiң қолданылуы. Постмодерннiң объективтiк алты шарттарының қалыптасуындағы үш фактордың бөлектенуi: мемлекеттiң басқару мүмкiндiктерiнiң таусылуы; адам және оның еркiндiгi тақырыбының естен шығарылуы, әлеуметтiк үдерiске жаңа әлеуметтiк топтардың (феминистiк, экологиялық қозғалыс, жыныстық бағыттан айрылғандар азшылық ұйымдары мен олардың өзiндiк мәселелерi) белсендi қосылуы. Ессiздiк, түрме, жыныстық мәселелердi бiрiншi болып күн тәртiбiне қойған М.Фуко. Постмодерн жаңа статусын 70-жылдар соңында Ж.-Ф.Лиотардың ашық ұстаған бағытынан алады. Ол постмодерн туралы айтыста философияны да қамтиды.
Дәріс III. Постмодернизмнiң дамуы
Постмодерннiң жаңа бағдарламасы мен оның анықтамасы. Р.Панвицтiң 1914 жылы “Европа мәдениетiнiң дағдарысы” еңбегiнде “постмодерн” терминiң бiрiншi қолдануы. Нақты тарихи ойды, модерн әдебиеттерiн ауыстыруға келе жатқан соңғы немесе постмодернизм әдебиеттерiн белгiлеу үшiн XX ғасырдың 20-30 ж.ж. мәдени айналымға “постмодернң терминiң еңуi. А.Тойнбидiң 40- жылдардың аяғында Жаңа дәуiрден соңғы уақытты батыс дiнi мен мәдениетiнiң соңы есебiнде осы терминмен белгiлеуi. “Постмодернң сөзiнiң пайда болуын Скрутонның нағыз осы уақыт тарихын жазуға талпыныс деп жорамалдауы. Батыстың дамыған елдерiнде соңғы 20-30 жылғы мәдени санадағы пайда болған бағғытардың жиынтығын белгiлеу есебiндегi постмодернизм анықтамасы. Постмодернизмнiң негiзгi түсiнiктерi. Постмодернизмнiң бағалаудан, иерархиядан, өткенмен салыстырудан, өмiрдi парасатты қайта құруға талаптанудан Қайта өрлеудiң, Ағартушылык және Жаңа уақыттың парасаттық жобаларынан бас тартуы. Мәдениеттегi кез келген билiктен, бәрiнен бұрын салт-дәстүр билiгiнен босануға ұмтылуы. “Қазiргi заманың немесе модерн ой-мақсатынан арылу, Ф.Бэконның Бiлiм-күшің ұраны. Ғылымда нақты көрсетiлгенңпарасатң белгiлерi негiзiнде әлемге әсер етудiң мүмкiн еместiгi.Болмыс, ақиқат түсiндiрмесiнiң мүмкiндiгi. Жаңашылдықты ығыстыру, наразылықты ауыстыруға конформизмнiң келуi. Субъектiнi ұжымдық “Менге” алмастыру, мәтiн мен билiк арасындағы қарым-қатынастың негiзгi мақсат болып аңықталуы. Постмодернизмде наррация, мәтiндiк, экологиялық, феминистiк, логофонофаллолцентристiк, деконструкция, номадизм т.б. терминдердiң жеке зертелуi.
Дәріс IV. Постмодерн және философия
Постмодерннiң философиялық бiлiм аймағына таралуы. Ж.Батай, М.Бланшо, Р.Барт, М.Фуко, Ж.Делез, Ф.Гваттари және Ж.Деррида, Ж.-Ф.Лиотар көзқарастарындағы постмодернистiк шығармашылық элементтерi. Структурализм, марксизм, фрейдизм және ницшелiк дүниетанымдық мүмкiндiктердi сақтау мен игеру талпынысы нәтижесiнде философиялық постмодерннiң пайда болуы. Тиiмдi, батыл эклектиканы пайдалану, ежелгi (“кiшiң философия) ұмытылған дискурстардың жандануы, бәрiнен бұрын софистiк, философиялық бiлiмнiң әлеуметтенуi, оның психологиялануы мен шешенденуi. Философиялық постмодерннiң негiзгi түсiнiктерi: “әлем хаос есебiнде”, “әлем мәтiн есебiнде”, “сана мәтiн есебiнде”, ңинтермәтiндiк, авторлық бет перде (маска)”, қатынас сәтсiздiгi”, “пастиш, “метаәңгiме” және т.б. Постмодерн философтарының зейiнiн көптеген кiшi наррациялардан қалыптасатын үлкен наррацияны терiстеуге, мәтiндiк фактiге бұру. Постмодернист-деконструктивист жазалаушы мемлекет шекарасынан тыс жолдарда көшiп жүрген жиһанкез-көшпендi болуы керек. Ж.-Ф.Лиотар: постмодерн құрастырушы. “Балалар үшiн постмодерндi мазмұндауң (1986 ж.) еңбегiнде автор постмодерндi модернге жасырынған оның бөлiгi деп есептейдi. Лиотардың “Постмодерн жағдайың еңбегiнiң негiзгi желiсi –постмодерн дәуiрiндегi бiлiм статусының өзгерiсi. Лиотардың бiлiмнiң статусын анықтауы және оның шақыруларына жауап есебiндегi постмодерн мәселелерiн құрастыруы. Кез келген бiлiмдi тiл ойыны сапасында құрастыру. Лиотардың ғылыми және дәстүрлi бiлiмдердi салыстыруы мен сипаттамасы; заңды деп танылу мәселесiн құрастыру, жаңа бiлiмнiң дұрыстығын дәлелдеу. Лиотар босаңсуларға үндеудi қабыл алмайды, эксперименттердi тоқтау, жалпылық мәдениет шыңдалуларының нольдiк дәрежесi дамуының қарсыласы болады. Ж.Дерриданың постмодернистiк дискурсы. Онтологияны, теологияны, телеологияны, фонологияны, фаллологияны бүтiндей бiрнеше жұмыстарында жоюы. Басты қағидасы – деконструкция. Деконструкция адамды құртушы мемлекеттiк құрылымдар жағынан қудалану әсерiнен құтқарушы негiзгi тәсiл есебiнде. Деконструкция – бұл талдау және талдау емес, сын және сын емес, тәсiл және тәсiл емес, бүтiн және бүтiн емес, мәтiннiң талдануы-жинақталуы, мәтiннiң хаттық-оқылуы. Деконструкция көбеюшi белгiсiздiк белгiсiнiң астында – Деррида стилi осындай. Бұл мәтiндiк сыңарлармен сөздермен және сөйлемдермен жұмыс; оларды мүмкiн болатын орынбасар тiзбекткрiмен жазу; оларды шексiз толықтырулар; өздерiнде құпиялық пен ынтызарлық таңбасын алып жүретiн сөздер мен заттарды қандай да бiр iздерге айналдыру. Постмодернизмнiң философиялық мәнi. Конструктивтi және конструктивтi емес постмодернизм айырмашылығы. Философиялық постмодерн мен эстетикалық мәдениет постмодернi арасындағы пәнаралық шыңырау, үзiлген қарым-қатынасты айғақтау. Мәдениеттi постмодерн үлкен еркiндiгiмен ерекшеленедi; философиялық герменевтикаға, франкфурт мектебiнiң сыни теориясына, аналитикалық философияға бағыт ұстайды. Әдебиетке, сәулет, театр т.б. өнер түрлерiне философиялық постмодерн қызметiнiң әмбебап бағыттылығы. Философиялық постмодерндi көпұлтты философиялық, эпистемологиялық. ғылыми-теориялық және эмоционалды-эстетикалық түсiнiктер жинағы ретiнде аңықтау.
ДәрісV. Постмодерн және ғылым
Постмодернистiк жағдай және ғылым. Батыс эпистемологиясы ғылымындағы постмодернизм магистралды тақырыптардың бiрi есебiнде. Рационалдық түрдiң өзгерiстерi туралы қортындыға алып келген кванттық физика, термодинамика, информатика, ойын теориясы, апат теориясы жетiстiктерiн философиялық ой елегiнен өткiзу. М.Фуконың ғылым туралы дискурсивтiк практика философиясы. Фуконың дискурсивтiк практика-бiлiм-ғылым талдау желiсiнде ғылым тiзбек соңы. Дискурсивтiк практика мен бiлiм ғылымнан ауқымы, кең. Кез келген бiлiм ғылыми болмайды, тек белгiлi бiр позицияны тұрғызу заңдылықтарына бағынатыны ғана ғылыми бiлiм болады. Фуконың төрт бiлiм деңгейiн бөлектеуi: позитивтiк, эпистемологиялық, ғылыми және формалданған (“Бiлiм археологиясың). Фуко археологиясы назары ақиқат/жалған оппозициясында емес, дұрысында бiлiмге (ақиқатка) деген ерiкте. Дискурсивтiк формация, оқиғалар, мүмкiндiктер, кездейсоқтықтар, үзiк-үзiктiлiк, ойындары және ыдырату мен қоюландыру, тiл ойындарына баса назар аудару. Ж.-Ф.Лиотардың конструктивтiк постмодернизмi. Тұрақты жүйенiң қарсы моделi есебiндегi соңғы классикалық емес ғылымның сипаттамасы. Тiл ойындарындағы елестету, жаңа ойлар, пiкiр алшақтығы, дисконсенсус, жанталас, тiлдiк материя “бұлттардыныңң ашық, мөлдiр еместiгi, “үлкенң хикаялар айту, ондағы танылмағандарға ұмтылыс, “кiшiң жергiлiктi әнгiмелердiң басымдығы, ғылымдағы постмодерн жағдайының белгiлерi. Постмодернистiк ғылым мен эстетикаға тән ғылыми зерттеу бағдармаларының көп түрлiлiгi және суреткерлiк стилдердiң осы мақсатпен анықталуы. Лиотар қортындысы - ғылым, ғылымның соңғы жаңалықтарының табиғатымен толық сәйкестiк жағдайында болатын ғажап iс шара. Ж.Дерриданың деконструктивтiк модернизмi және ғылым. Деконструкция Дерриданың теория мен фактiлерге қарым-қатынасында сөздер мен заттардың әрен ажыратылың iздерi, жалғандықтан баска ешнәрсе қалмайтын ең қатал әдiсi. Ғылыми ой ойсыздыққа аударылады, ғылым жоғалады. Дискурсивтiк практикада сұлға көрiнiсi, паралогия бейнесiндегi немесе деконструктивизм “ұнтақтаушысындаң қиратылушы есебiндегi (В.Канке) постмодернистiк философиядағы ғылым табиғаты.
Дәріс VI. XX ғасыр соңындағы мәдениет жағдайы есебiндегi постмодерн
Тарихи болмыс ретiндегi батыс мәдениетiнiң конституциясы. Адамзатты тек қана Құдай еркiнен, парасат үстемдiгiнен, өзiндiк рефлекстерден, сонымен қатар уақыт үстемдiгiнен азат етушi үлкен жоба есебiндегi постмодерн. Постмодерн жағдайларының уакыт мәселелерiнен пайда болуы. Постмодерндегi уақыт байланыстарының ажырауы, үзiлуi. Өткенмен себептi байланыссыз, қазiргi (осы күнгiнiң) өмiр сүрудiң және “осындаң, “қазiрдің бар болудың күйзелiстер, қасыреттер нуктесiне айналуы. Осы шақ бұл сенуге болатын жалғыз ақиқаттық. Августиннiң жалпы қабылданған уақыттың үш түрiнiң өмiр сүрмейтiндiгi туралы қанатты сөзi, бiрақ олардың осы шақтық көзқараста; өткен осы шақ, нақты осы шақта, болашақ осы шақта өмiр сүруi. Постмодерндегi “жаңаң түсiнiгiнiң өзiндiк ерекшелiгi. Жаңа әлем бағасының тәсiлi ретiнде: ләзатты сезiну, көпшiлiктi таң қалдыру, немесе ұятқа қалдыру. Жаңаның дүниеге келуiндегi үдеу тенденциясы, кумирлер мен батырлардың ауысуы. Жаңашыл әлеуметтiк негiздер мен сұраныстар есебiнде. “Шекарасыз өмiр сүруің және “барлық ережелердi бұзуың, “қалай iстегiң келсе солай iстең, минез құлық пен өмiр жаңалықтарына шақырулар.
Дәріс VII Постмодернизм мәдениетiнiң негiзгi белгiлерi мен ерекшелiктерi
Постмодерн мәдениетiнiң өлшемдерi. Постмодерн мәдениетiнде болмыстық, танымдық, тарихи-мәдени, эстетикалық өлшемдердiң бөлектенуi. Әлемдi өзгерту талпыныстарындағы сенiмсiздiктер (скепсис), әлемдi жүйелендiру талпынысынан бас тарту, жүйесiздiк постмодерннiң өзiндiк белгiсi есебiнде, классикалық емес, “ақыл онтологиясыныңң қалыптасуы. Дәстүрлi түсiнiктер оппозициясынан тыс (субъет-объект, бүтiн-бөлiк, iшкi-сыртқы, ақиқат-елестету) жорамалдар, тұрақты бүтiндерге байланысынан тыс (Шығыс-Батыс, капитализм –социализм, ер-әйел) ойлаудың пайда болуы. Классикалық философиялық сөздердiң жiктелу үлгiсiн классикалық емес философия жағынан эпистемологиялық сынау. Постмодерннiң мәдени-дүниетанымдық бағдарламасының өзiндiк ерекшелiгi, Ф.Кафка, Р.Музиль романдарының, П.Пикассо және В.В.Кандинскидiң көрiнiстерiнiң, И.Стравинскидiң әуенiнiң, Ш. Ле Корбюзье сәулет өнерiнiң, А.Тарковский, А.Хичкок фильмдерiнiң модернистiк дүниетанымдағы заттануы. Постмодерннiң эстетикасы мен өнер үшiн Деррида түжырымдаған контекст деконструкциясы идеясы сенiм символы болды. Мәтiн мен контекст, тiл мен метатiл арасындағы айырмашылықтың өшiрiлуi. Зерттеушi мақсаты қалайда металингвистiк кiлттердi Руссоның “қосымша” түрiндегi сөз-құралдарды, Малларменiң “ақтық”, “қатпарын” табу. Метафораның деконструкциясы мәселесi есебiндегi эстетика мақсаты. Бүкiл әлем метафоралы, автомобилдегiдей, онда сапар шегетiн және өмiр сүретiн адамдар метафора жолаушылары. Мәдениеттегi постмодернизм диалог пен ашықтыққа, рухани өмiрдiң көптүрлiлiгiне бағыт ұстаған феномен.
Дәріс VIII Әдебиет. Көркем постмодерн
Әдебиеттiң басты ерекшелiктерi. XX ғасыр басына тән ерекше белгi есебiндегi Д.Голсуорси, Т.Манн, А.Франс шығармашылығындағы классиқалық дәстүрге адалдық. Поэзия мен прозадағы модернизм дамуы (П.Элюар, Л.Арагон, М.Пруст, Ф.Кафка, Дж.Джонс) және тоқтаусыз ой ағыны, адам сезiмi мен пiкiрi есебiндегi “сана ағымы” әдiстемелiк тәсiлдi пайдалану.
Дәріс IX Өнердегi постмодернизм
Қазiргi заманғы өнер бағыттарының басты ерекшелiктерi. Бейнелеушi мүмкiндiктер, жаңа тiл мен бейнелеу пәнiнiн жаңа түрлерiн iздеу. Фовизм, экспрессионизм, кубизм, абстракционизм, супрематизм, футуризм бағыттарының дамуы. Өнер бастауы пайымсыздық (инстинкт, түс көру, галлюцинация) аймағы, тәсiлi еркiн ассоциациялар мен қисындық байланыстардың ажырауы деп жариялаушы сюрреализм өнердегi жетекшi бағыт есебiнде. С.Дали, П.Блум, И.Танги шығармаларында құбылыстар мен заттарды үйлестiрудiң әдеттен тыс қисынсыздығы, оларға нәзiк пәндiк сияқты болып көрiнетiн анықтық бередi. Л.Бретонның “Сюрреализм манифестiнң тұжырымдауы. Сюрреалистер ұраны – “сұлулық дегенiмiз – iс машинасы мен қол шатырдың анатомиялық стол үстiнде кездейсоқ кездесуiң (Лотреамон). Бейнелеу өнерi шығармасы көрермендерден егжей-тегжейлi тәптiштеп, зер салып зерттеудi керек ететiн шифрланған мәтiн есебiнде. Таңдамашылықтан, жалпы композиция нәзiктiгiнен, жалпыламалықтан алшақтау. Конструктивистiк сәулет өнерiндегi өнердiң пайдакүнем-конструкциялығы, қарапайымдыққа ұмтылыс. Өнер эталоны есебiндегi адам туралы идеалды түсiнiктен, гуманизмнен алшақтау. Эстетикалық белсендiлiктен, “шығармашылықтанң цитата алуға саналы түрдегi бетбұрыс, өзiндiк шығармадан – коллажға. Постмодернизмнiң жинақ сипаттамасы (И.Хассан). Постмодерн мәдениетiнiң қайшылықтығы, оның қызу рухын беретiн апокалипсистiк көнiл күйi, көнiлдi қирату пафосы, эпатаждық сипаттамасы мен мысқылы.
Дәріс X Постмодерн мәселелерi
Постмодерн мен жалпылық мәдениеттердi салыстырудың маңыздылығы. Постмодерннiң авангарттың кейбiр принциптерiн мұраға алуы, жалпылық мәдениеттiң болмысына, сәнiне, күнделiктi тұрмысына қызығушылық қатынасы. 60-жылдар соңындағы жастар контрмәдениет құбылысы. Оның элитарлық және жалпылық өнер оппозицияларын, жоғарғы және жалпылық мәдениет “жоғарғы өнерң мен “кичң арасындағы анық айырмашылықты жоюы. Жалпылық мәдениеттi миғула, мылжың, көрiксiз, тұрпайы, классикалық мәдениетке қатынасында “басқашаң өзiндiк, соны есебiнде қабылдау. Постпостмодернизм. Технобейнелер ақиқат асқан шеберлiк, транссентименталдық 90-жылдар соңындағы көркем-эстетикалық феномен. XXI ғасыр басындағы постмодерн мәдениетiнiң өрбу символы ретiндегi Интернеттiң сеттiк табиғаты. Постмодернистiк өнер мен эстетикадағы нонклассикалық жаңа сатының пайда болуы; “жылтылдаушың эстетика идеялары (Д.Пригов, В.Ерофеев), “транс-ң және “прото-ң постмодерндiк дамыдың жаңа сатысы дәуiрiнiң өзiндiк ерекшелiгi (М.Эпштейн), хаостың iшкi қисыны, тәртiбi есебiндегi хаосмос (Ж.Делез, М.Липовецкий), “батырдың дәуірдiң соңы және бейбiт өмiрге көшу (В.Курицын).
Әдебиет
Негізгі:
-
Дженкс Ч. Язык архитектуры постмодернизма. М., 1985.
-
Деррида Ж. Эссе об имени. М., 1988.
-
Зыбайлов Л.К., Шапинский В.А. Постмодернизм. М., 1993.
-
Ильин И.П. Постструктурализм. Деконструктивизм. Постмодернизм. М., 1996.
-
Ильин И.П. Постмодернизм от истоков до конца столетия: эволюция научного мифа. М., 1996.
-
Ильин И.П. Постмодернизм. Словарь терминов. М., 2001.
-
Интенциональность и текстуальность. Философская мысль Франции XX века. Томск, 1998.
-
Канке В.А. Основные философские направления и концепции науки. Итоги XX столетия. М., 2000.
-
Лиотар Ж.-Ф. Состояние постмодерна. М., 1998.
-
Маньковская Н.Б. Эстетика постмодернизма. СПб., 2000.
-
Маньковская Н.Б. Париж со змеями (Введение в эстетику постмодернизма). М., 1995.
-
Постмодерн в философии, науке, культуре. Хрестоматия. Харьков, 2000.
-
Силичев Д.А. Постмодернизм: экономика, политика, культура. М., 1998.
-
Федорова Л.Ф. Философские основания эстетики постмодернизма. М., 1993.
-
Фуко М. Воля к истине: по ту сторону знания, власти и сексуальности. М., 1996.
Қосымша
-
Бодрийар Ж. Фрагмент из книги “О соблазнең// Иностранная литература. 1994. № 1.
-
Вайнштейн О. Леопарды в храме (Деконструкционизм и культурная традиция)// Вопросы литературы. 1989. № 12.
-
Гальцева Р. Борьба с Логосом. Современная философия на журнальных страницах// новый мир. 1994. № 9.
-
Генис А. Вавилонская башня. (Искусство настоящего времени)// Иностранная литература. 1996. № 9.
-
Гройс Б. Новое в искусстве// Искусство кино. 1992. №3.
-
Жак Деррида в Москве. Деконструкция одного путешествия. М., 1993.
-
Козина Ж. Музыкальный постмодернизм – химера или реальность?// Советская музыка. 1989. № 9.
-
Курицин В. Книга о постмодернизме. Екатиринбург, 1992.
-
Малахов В. Парадоксы мультикультуризма// иностранная литература. 1997. № 11.
-
Силичев Д.А. Деррида: деконструкция, или философия в стиле постмодерн// Философские науки. 1992. № 3.
-
Силичев Д.А. Методологические основы структуралистской эстетики// Вестник МГУ. Сер. 7. Философия. 1988. № 3.
-
Якимович А. Утраченная Аркадия и разорванный Орфей. Проблемы постмодернизма// Иностранная литература. 1991. № 8.
-
Якимович А. О лучах Просвещения и других световых явлениях (культурная парадигма авангарда и постмодернизма)// Иностранная литература. 1994. № 1.
Достарыңызбен бөлісу: |