«Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» пәні бойынша тәжірибешілік сабақтарға арналған
Әдістемелік нұсқау
ТӘЖІРИБЕШІЛІК САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
1-тақырып. Кіріспе. Фонетика туралы түсінік. Фонетика, оның нысаны.
Тапсырма
- фонетика салалары; фонетиканың тіл білімінің басқа салаларынан ерекшілігін көрсету.
- қазақ тілі фонетикасының зерттелуіндегі алғашқы кезең айқындау;
- фонетиканың зерттелуіндегі қазақ ғалымдарының пікірлерін дәйектеу.
2- тақырып. Қазақ тілі фонетикасының зерттелуі. Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістердің мақсат-мәні
А.Байтұрсыновтың фонетика жөніндегі зерттеулері. «Тіл - құрал» еңбегінің маңызы. Сөз һәм буындар. Буын және һәм дыбыс. Қазақ сөзіндегі дыбыстар һәм олардың харіфтері. Қ.Жұбановтың қазақ тілі фонетикасы жөніндегі зерттеулері. Фонетика біздіңше нендей ғылым? Тіл дыбыстарының табиғаты. Дыбыстарға анықтама. Дыбыстардың жіктелуі.
Тапсырма
- А.Байтұрсынұлының қазақ тілі фонетикасының зерттелуіне қосқан үлесін ғылыми тұрғыдан дәлелдеу;
- фонетиканы зерттеген қазақ ғалымдарының еңбектеріне шолу.
3 –тақырып. Дыбыс, әріп, фонема. Транскрипция мен транслитерация. .
Әріп, дыбыс, фонема. Бұлардың арақатысын межелеудің маңызы. Транскрипцияның орны. Қазақ сөздерін транскрипциялау мәселесі.
Тапсырма
-Дыбыстың физикалық қасиеттері;
-фонема мен дыбыстың ұқсастықтары;
4-тақырып. Дыбыстарды қарастырудың аспектілері.
Жасалым (артикуляция). Айтылым (акустика). Естілім. Айтылым мен жасалымның үндесім, үйлесіммен байланысы. Айтылым, жасалым, естілім және фонология.
Тапсырма
- дыбысты қарастырудың анотомия-физиологиялық қасиеті;
- дыбысты қарастыруда акустикалық аспект;
- дыбысты қарастырудағы лингвистикалық аспект.
5-тақырып.. Дыбыстардың түрлері және дыбыстар тіркесі. Дауысты дыбыстар
Дауысты фонемалар: олардың саны, сапасы, жіктелуі; айтылу, жазылуындағы ерекшеліктер
Достарыңызбен бөлісу: |