Р.А.Қадырқұлов, Н.Қ. Беристемова
Цифрлық сауаттылық
Жалпы білім беретін мектептің
3-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқау
ҚазақстанРеспубликасының
Білім және ғылым министрлігі
ұсынған
Алматыкітап баспасы 2021 ж.
Қадырқұлов Р.А., Беристемова Н.Қ.
Цифрлық сауаттылық: Жалпы білім беретін мектептің 3-сынып мұғалімдерінеарналған әдістемелік нұсқау./ Р. А. Қадырқұлов, Н.Қ. Беристемова – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2021. – 112 бет.
© Қадырқұлов Р.А., Беристемова Н.Қ., 2021 © «АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫ» ЖШС., 2021Алғы сөз
Цифрлық технологияларқоғамды ақпараттандырудың негізгі факторларының біріне айналды. Қоғамның ақпараттануыжаңа есептеу құралдары базасында ақпаратты қабылдау, жинау, өңдеу, сақтау мен тасымалдаудың жаңа әдістерін ендірумен ерекшеленеді. Білім қорын жинақтау мен түрлі міндеттерді шешудің жаңа әдістері адам іс-әрекетінің барлық саласында ойлау әрекетін дамытуға ықпал ететін,есептеу тәсілдерін қажет ететін маңызды үдеріс болып саналады.
Цифрлық технологиянықолдану сандық формада ұсынылған ақпарат түрлерімен жұмыс істеуді жедел әрі жеңіл ететіні белгілі. Сондықтан оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамытудыбастауыш сыныптардан бастапоқыту еліміздің білім беру жүйесіне алғашқы тәжірибе ретінде енгізілді.
Орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде дайындалған 3-сыныптың «Цифрлық сауаттылық» оқулығының әдістемелік нұсқау ҚазақстанРеспубликасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндеттістандарты мен оқу бағдарламасы негізінде жасалған. «Цифрлық сауаттылық»курсыақпараттық-коммуникативтіктехнологиялардықолданудың бастапқы негізін қалайтын пропедевтикалық курсәрі кіріктірілген пәнретінде дайындалды. Әдістемелік құралда пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері, оқушылардан күтілетін нәтиже, пәнді оқытудың әдіс-тәсілдері, критериалды бағалау үдерісі жөнінде түсіндірме беріліп, әрбір сабақтың қысқа мерзімді жоспарының үлгісі ұсынылды.
Достарыңызбен бөлісу: |