Әдістемелік нұсқаулар пму ұс н 18. 2/05



Дата15.06.2016
өлшемі179.83 Kb.
#136292

Әдістемелік нұсқаулар





ПМУ ҰС Н 7.18.2/05

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Химиялық технология және жаратылыстану факультеті
География және туризм кафедрасы

050609 – география мамандығы студенттеріне арналған


Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы пәнінен
Курстық жұмысты орындауға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК нұсқаулар

Павлодар



Әдістемелік нұсқауларды

бекіту парағы







ПМУ ҰС Н 7.18.1/05

БЕКІТЕМІН

Химиялық технология

және жаратылыстану

факультетінің деканы

______________Қ.Қ.Ахметов

«_____»____________2009 ж.


Кұрастырушы: б.ғ.к., доцент Габдулхаева Б.Б._______________

География және туризм кафедрасы


Курстық жұмысты орындауға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК нұсқаулар
Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы пәні

050906 - «География» мамандығының студенттеріне арналған

Кафедра мәжілісінде ұсынылған «___» __________ 2009 ж. №___хаттама
Кафедра меңгерушісі ___________________________ Калиева А.А.

Химиялық технология және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған


«___» __________2009 ж. № ___ хаттама

ОӘҚ төрайымы_________________________У.Д. Бүркітбаева




Курстық жұмысты орындау мен рәсімдеге арналған әдістемелік нұсқаулар 050609 – География мамандығының Қазақстан Республикасының Мемелекеттік жоғары білім стандарты 3.08.324-2006 мен 22.06.2006 жылы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесімен бекітілген типтік бағдарлама негізінде құрастырылды.

Андатпа
Курстық жұмыс – бұл маңызды, кешенді, ғылыми, көлемді зерттеу болып табылады. Ол студенттің оның мазмұнын өндеу мен рәсімдеудің ұқыптылығы мен сауаттылығына деген шығармашылық келісті жорамалдайды.

Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы пәні бойынша студенттердің курстық жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау 050609 – География мамандығы бойынша бакалавр дайындауындағы пәнді оқытуы процессінің маңызды оқу жұмысының түрі болып табылады.

Әдістемелік нұсқауларда курстық жұмыстарды орындауға қойылатын талаптар, орындалу тәртібі, курстық жұмыстардың тақырыптары және әдебиеттер тізімі берілген. Әдістемелік нұсқаулар пәннің жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырылды.

Мазмұны
Кіріспе

1 Студенттердің курстық жұмыстарының жалпы ережелері

2 Студенттердің курстық жұмыстарды орындауға қойылатын талаптар

3 Ұсынылатын әдебиеттер

4 Пән бойынша курстық жұмыстарының тақырыптары

А қосымшасы - Курстық жұмыстың түсіндірме жазбасының титул парағын ресімдеу үлгісі


Ә қосымшасы - Мазмұнды ресімдеу үлгісі

Б қосымшасы - Пайдаланылған әдебиеттер тізімін ресімдеу үлгісі


В қосымшасы - Диаграммаларды ресімдеу үлгісі

1 Студенттердің курстық жұмыстарының жалпы ережелері

Курстық жұмыс оқытушымен тексеріледі, нормобақылауға беріледі, автормен қайта өнделеді және кейін ғана қорғалады.

Курстық жұмыстың көлемі машиналық мәтәінмен 25-40 беттерінде жазылады.

Орындалатын жұмысқа қойылатын жалпы талаптар:

- тандалған тақырыптың өзектілігі;

- жұмыстың жоғарғы теориялық деңгейі;

- зерттеудің кешенділігі;

- аргумент ұсынудың логикалығы мен сенімділігі;

- сөйлемдердің нақтылығы мен толықтылығы;

- зерттеуге негіз болған жағдайлар мен мәліметтердің шынайылығы;

- жұмыстың мәтіндік және гррафикалық бөліктерін рәсімдеудің ұқыптылығы мен сауаттылығы;

- нәтижелердің тәжірибелік маңыздылығы, қорытындылар мен ұсыныстардың негіздемесінің болуы.

Қурстық жұмысқа келесі компоненттер кіреді: бірінші бет, оқытушының сынпікірі, мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.



Курстық жұмысты рәсімдеге қойылатын жалпы талаптар:

1.1 Мәтіндік құжаттарды, негізінде тұтас мәтіннен тұратын (рефераттар, есептер, түсіндірме жазбалар және т.б.) және кестелерге бөлінген мәтіні бар құжаттарға бөледі (сипаттізімдер, ведомостар, кестелер және т.б.).

1.2 Мәтіндік құжаттарды А4 форматты қағаздың бір жақ бетінде (210х297 мм) МЕМСТ 2.301 қажет болғанда, кестелер мен суреттемелерді (297х420мм) А3 форматты парақта орындайды.

1.3 Мәтіндік құжаттардың түпнұсқаларын келесі тәсілдердің бірін қолданып орындайды:

- қолжазба - әріптер мен сандардың биіктігі 2,5 мм кем емес. Сандар мен әріптерді бір түсті тушьпен, сиямен немесе түйіршікті қаламмен ( көк, күлгін, қара) құжат бойы анық жазу қажет. Басқа түсті пасталарды, сияларды, тушьтарды қолдануға және астын сызуға рұқсат етілмейді;

- ЭЕМ-нің баспа және графикалық құрылғыларын қолданып машиналық тәсілмен. Шрифт – Times New Roman, қалыпты, кегль 14 тармақ, жоларалық интервал – бірлік.

1.4 Машиналық тәсілде дайындалған мәтіндік құжаттарға жеке сөздерді, формулаларды, шарттық белгілерді (қолжазба тәсілмен) жазуды және де, суреттемелерді қара сиямен, пастамен немесе тушьпен орындау керек.

1.5 Парақтың барлық 4 жағында мәтіннің ақ жиегі болуы тиіс. Ақ жиектің сол жақ өлшемі – 30 мм, оң жағының –10 мм, жоғарғы және төменгі ақ жиегінің өлшемдері – 20 мм.

Мәтінде азат жолдарды қолжазба мәтінінің 15-17 мм тең немесе машиналық мәтіннің (1,25 см) бес белгісіне тең шегінуден бастайды. Азат жол шегінісі мәтін шегінде бірдей болуы тиіс.

Қолдан жазылған мәтін жолдары негіздерінің арасындағы ара-қашықтық 10 мм болуға тиіс.

Мәтіндік құжатты орындау үлгісі А қосымшасында келтірілген.

1.6 Құжатты орындау барысында табылған қате, жаңылыс және графикалық дәлсіздіктерді сол жерде түзету және түсіру немесе түзетілген мәтіннің (бағанның) жол арасына машинамен басу тәсілімен немесе қара сия, тушьпен, қол жазба тәсілімен түзету қажет.

Бір параққа бес түзетуден артық рұқсат етілмейді.

Парақтардың бұзылуы, түзетілген жерлер, бұрынғы мәтіннің (графиканың) толық жойылмаған іздері болмауы тиіс.

1.7 Оқу құжаттамасына келесі құрылымдық элементтер:

- титул парағы (қосымша А);

- тапсырма (КЖ-с/КЖ-а, ДЖ-с/ДЖ-а үшін);

- мазмұны;

- нормативтік сілтемелер (қажет болған жағдайда);

- анықтамалар (қажет болған жағдайда);

- белгілер және қысқартулар (қажет болған жағдайда);

- кіріспе;

- негізгі бөлім;

- қорытынды (тұжырым);

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;


  • қосымшалар (қажет болған жағдайда) кіреді.

Мәтіндік құжатың ерекшеліктеріне байланысты «Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілеулер мен қысқартулар», «Қосымшалар» атты құрылымдық элементтері қажет болған жағдайда құжатқа қосылады. Мәтіндік құжаттарға қосымша құрылымдық элементтер қосылуы мүмкін.

1.8 Титул парағында келесі реквезиттер көрсетіледі:

- министрліктің атауы;

- оқу орнының атауы;

- факультеттің атауы;

- кафедраның атауы;

- оқу пәнінің атауы;

- жұмыстың атауы;

- автордың аты-жөні;

- мамандықтың коды мен атауы;

- жетекшінің аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы;

- комиссия мүшелерінің аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы;

- нормобақылаушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы;

- жұмыс орындалған қала мен жыл.

Курстық жұмыс – бұл шынайы студенттік ғылыми жұмыс, ол арнайы пән бойынша жазылады және студенттік өздік ғылыми жұмысы жөнінде көрініс беріледі. Курстық жұмыс емтихан бағасымен бірге бағаланады.

Егер курстық жұмыстың тақырыбы теориялық сипатта болса, онда тақырып бойынша отандық және шетелдік әдебиеттердің жағдайы жөнінде тарауы енгізілу мүмкін, қазіргі көзқарастар мен тақырпты зерттеу әдістемелеріне салыстырмалы талдаулар жасалынады.

Тәжірибелік сипаттағы жұмыс екі-үш негізгі тарауларға бөлінеді, бірінші тарау теориялық негіздерге, екінші тарауы зерттеу нысанының қазіргі жағдайына, үшінші тарауы оларды жақсарту, жетілдіру мәселелеріне арналады.

Курстық жұмысты жазғанда, кіріспеде жұмыс туралы келесі ақпараттар қарастырылу тиіс:



  • тандалған тақырыптың өзектілігі;

  • жұмыс тақырыбының зерттелу дәрежесі;

  • жұмыстың негізіне салынған шынайы мәліметтер;

  • автордың бұрын жүргізілген жұмыстар (конференцияда баяндама жасау), басқа пәндер бойынша жазылған курстық жұмыстар;

  • жұмыстың мақсаты мен міндеттері;

  • жұмыстың көлемі мен құрылымы (тараулар, беттер, сүреттер, кестелер, саны, т.б.)

Автормен жасалынған қорытындысында тақырыпқа қатысты шығарылған ойлар, зерттеу нәтижелері, әрі қарай жұмыс жасау болашағы белгіленеді.

Әдебиеттер тізімі студенттің жұмысы барысында пайдаланған барлық дерек көздерін қамту керек. Әдеби деректердің сипаттамасы жазылған тілде болуға тиісті. Егер мақала шетелдік тілден алынса, ол шет тілінде сипатталу қажет.

Мәтінде пайдаланған сөздер мен сөз тіркестер нақты болу керек, әртүрлі статистикалық бейнелеулер болмау керек. Ғылыми мәтінде сөздер олардың нақты мағынасында пайдаланылады. Ғылыми жұмыстың стилі – бұл тұлға көрсетілмейтін монолог болып табылады, «мен» деген етістік қолданылмайды, «біз дегенді пайдалануға болады, мысалы біз қорытындыға келдік, біз анықтыдық жәнк т.б. Автор жораламайды, автор тиісті, әдетте т.с.с. сөз тіркестерді пайдалануға болады.

2 Куртық жұмысқтың құрылымына қойылатын талаптар

Құжат мәтінін қажет болған жағдайда, бөлімдер және бөлімшелерге бөледі.

Бөлімдер құжат азат жол шегінісінен бастай отыра нүктесіз, араб сандарымен белгіленген реттік сандары болуы тиіс. Бөлімшелер әрбір бөлімнің шегінде нөмірленген болуы тиіс. Бөлімшенің нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің және бөлімшенің нөмірлерінен тұрады. Бөлімше нөмірінің соңында нүкте қойылмайды. Бөлімдер бөлімшелер сияқты бір немесе бірнеше тармақшалардан тұруы мүмкін.

Бөлімдерде барлық құжат шегінде реттік нөмірлері болу қажет, олар нүктесіз арап сандарымен белгіленген және азат жол шегінісінен бастап жазылуы керек. Бөлімшелер әрбір бөлім шегінде нөмірленуі қажет. Бөлімше нөмірі нүктемен ажыратылған бөлім мен бөлімше нөмірінен тұрады. Атаулар тараулардың мазмұнын анық және қысқа қамтуы тиіс. Бөлімше нөмірінің соңында нүкте қойылмайды. Бөлімдер бөлімшелер сияқты бір немесе бірнеше тараулардан тұруы мүмкін.

Егер құжатта бөлімшелер болмаса, онда тараулардың нөмірі әрбір бөлім шегінде болу қажет, және тарау нөмірі нүктемен ажыратылған бөлім мен тарау нөмірінен құралуы қажет.

Құрылымдық элементтерді нөмірлеудегі нөмірлер саны төотеуден аспау қажет. Бөлім, бөлімше, тарау және тарауша нөмірлерінен кейін нүкте қойылмайды, бос орын арқылы мәтіннен бөлектейді.

Мәтінде (әдетте, тарау немесе тараушалар ішінде) атап көрсетулер келтірілуі мүмкін. Атап көрсетулерді мәтінде тек бірінші жолда ғана қолданылатын азат жол шегінісімен ерекшелейді.

Әрбір атап көрсетудің алдынан дефис қойылады. Егер мәтінде бір немесе бірнеше атап көрсетулерге сүйену қажет болса, онда әрбір атап көрсетудің алдынан дефис орнына әлипби реті бойынша келтірілген әріп қойып, ал одан кейін жақша қойылады.

Атап көрсетуді ары қарай нақтылау үшін арап сандары пайдаланылады, олардан кейін жақша қойылады, оларды атап көрсетуге қатысты екі белгіге оңға қарай ығыстырылып келтіріледі.

Тақырыптар бас әріппен, азат жол шегінісінен, аяғында нүктесіз, астын сызбай жазылу қажет. Тақырыптардағы сөздерді тасымалдау рұқсат етілмейді. Егер тақырып екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен ажыратады. Бөлім мен бөлімшерлер тақырыбын машиналық тәсілмен орындаған кезде жартылай қалың қаріппен орындау рұқсат етіледі.

Бөлім тақырыбы мен мәтін арасындағы, сонымен қатар бөлім мен бөлімшелер тақырыбы арасындағы, бөлімшелер мен мәтін арасындағы ара қашықтық қолмен жазып орындаған кезде – 15 мм, машинамен басқанда екі жоларалық интервалға (екі бос жолға) тең болу қажет. Бөлімше тақырыбы мен мәтін ара қашықтығы қолмен жазып орындаған кезде – 8 мм, машинамен басқанда бір бос жолға (А қосымшасы) тең болу қажет.

Тақырып және одан кейінгі мәтін бір парақта орналасуы қажет. егер оның астында мәтін жоқ немесе бір ғана жол орналасса, онда бөлімнің және (немесе) бөлімшенің тақырыбын парақтың төменгі жағында орналастыруға рұқсат етілмейді. Тақырыпты бір парақтан екінші параққа тасымалдау рұқсат етілмейді.

Мәтіндік құжаттың әрбір бөлімін жаңа парақтан (беттен) бастау керек.

Құжаттың парақтарында бос кеңістктің болуы рұқсат етілмейді. Құжаттың барлық парақтары толтырылуы қажет (бөлімнің соңғы бетін есептемегенде).

Мазмұнды берілген құжаттың жалпы парақ сандарына қосады.

«Мазмұны» сөзі тақырып түрінде бірінші жолдың ортасында (мәтінге симметриялы) бас әріппен жазылады. «Мазмұны» сөзін жартылай қалың қаріппен жазу қажет. Мазмұнға кіргізілген атаулардың басы бас әріппен қалғаны кіші әріппен жазылады. Мазмұнды толтыру үлгісі М қосымшасында келтірілген.

«Нормативтік сілтемелер» бөлімі стандарт мәтінінде сілтемелер келтірілген нормативтік құжаттар тізімінен құралу қажет.

Сілтемелік құжаттар тізімін мына сөздерден: "Осы дипломдық жобада/жұмыста (курстық жобада/жұмыста және т.б.) келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер қолданылған:" басталады. Тізімде нормативтік құжаттардың белгіленуі мен атаулар кіреді, оларды белгілеулердің тіркеу нөмірлерінің өсу тәртібіндегі реттілікте жазады:

- мемлекеттік стандарттар;

- мемлекетаралық стандарттар;

- халықаралық стандарттар;

- техникалық жағдайлар;

- ұйым стандарттары.

Басқа құжаттар категориясына  техникалық регламенттер, ережелер мен ұсыныстар, дипломдық (курстық) жобада/жұмыста және басқа құжаттарда тура немесе жанама қолданылатын нормалардың сілтемелері "Пайдаланылған әдебиеттер тізімі" бөлімінде келтіріледі.

Оқу құжаттарының парақтарын барлық мәтінде өтпелі нөмірлеуді сақтай отырып арап сандарымен белгілеген дұрыс. Парақ нөмірі беттің төменгі жағында нүктесіз қойылады.

Титулдық парақ парақтардың жалпы нөмірленуі кіреді. Титулдық парақта беттің нөмірі қойылмайды.

Жеке парақтарда орналасқан көрнекілік пен кесте оқу құжаттамасының жалпы парақ нөмірлеріне кіреді.

А3 форматында орындалған көрнекілік пен кестені бір парақ ретінде санайды.

Құжат мәтінінің аяғында оны құру кезінде қолданылған пайдаланылған әдебиеттер тізімі келтіріледі. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі құжаттың мазмұнына кіреді. Пайдаланылған әдебиеттер туралы мәліметтер МЕМСТ 7.1. сәйкес жазылады. Пайдаланылған әдебиеттер туралы мәліметтер құжат мәтінінде сілтемелердің болу тәртібіне байланысты орналасады, нүктесіз арап сандарымен нөмірлеп және азат жол шегінінісінен бастап жазу қажет Егер құжат мәтінінде әдебиеттерге сілтемелер жоқ болса, онда пайдаланылған әдебиеттер тізімін әліпби тәртібінде орналастыру қажет (Н қосымшасы).

Пайдаланылған әдебиеттерге сілтемелерді тік жақшамен келтіру қажет. Мысалы: "…. манипулятордың барлық ұрпақтары және түрлері белгілі бір қолдану саласында әрқашан өз позицияларын сақтайды все " [26, т. 1, б. 123], [12, т.2], [14].



Библиографииялық сипаттау салалар мен элементтердің жүру тәртібі мен толтыруды, құжаттың жалпы сипаты мен идентификациясы МЕМСТ 7.1. сәйкес тағайындалуын белгілейтін белгілі бір ережелер бойынша келтірілген құжат туралы библиографиялық мәліметтерден құралады.


3 Ұсынылатын әдебиет
3.1 Негізгі:


  1. Власова Т. В. Физическая география материков.- М.,1986.- Ч. 1-2.

  2. Ерамов Р. А. Практикум по физической географии материков.- М., 1987.

  3. Еремина В.А., Спрялин А. Н. Океаны.-М., 1997.

  4. Физическая география материков и океанов/ Под ред. А. М. Рябчикова.- М., 1988.


3.2 Қосымша:

    1. Воронов А. Г., Дроздов Н. Н., Мяло Е. Г. Биогеография мира.- М., 1985.

    2. Географический энциклопедический словарь: Географические названия.- М., 1983, 1989.

    3. Краткая географическая энциклопедия.- М., 1960-1966.- Т. 1-5.

    4. По материкам и океанам / Сост. Н. П. Смирнова и А, А. Шибанова. – М., 1988.- Кн. 1-2.

    5. Хрестоматия по географии материков и океанов. – М., 1987.

    6. «Страны и народы».- М., 1976-1982.

    7. «Природа мира».- М.,1981-1991.

Атластар:

  1. Атлас Африки. - М., 1968.

  2. Географический атлас для учителя средней школы. – М., 1984.

  3. Физико-географический атлас мира.- М., 1964.

Көрінекі құралдар:

  1. Глобустар мектептік М 1: 50 000 000

  2. Демонстрациялық кестелер «Растительный мир материков», «Животный мир материков»

  3. Қабырғаға ілетін әлем және материктер карталары


4 Курс жұмыстары тақырыптарының үлгілі тізімі:

    1. Әр құрлықтардың физикалық географиясындағы жаңалықтар (ғыоыми әдебиеттерге аналитикалық талдау).

    2. Әр құрлықтың геоглогиялық даму тарихы.

    3. Солтүстік Еуропаны физикалық географиялық аудандастыру мен табиғат ресурстарын үнемді пайдалану.

    4. Кордильер таулы қыраты мен ішкі үстірттердің табиғатына салыстырмалы сипаттама.

    5. Алясқаның қазіргі заманғы экологиялық мәселелері.

    6. Алманияның ландшафтарына антропогендік әсері.

    7. Британ аралдары: ландшафтарының антропогендік өзгерісі.

    8. Жерорта теніз аймағының ландшафтарының антропогендік әсерден өзгеруі.

    9. Ұлы Америка көлдерінің экологиялық аспектілері, оларды шешу жолдары.

    10. Кордильер тауының қазіргі заманғы мұз басуы.

    11. Чилидің табиғи ландшафтары.

    12. Солтүстік Африкадағы жерді пайдалану деңгейі.

    13. Үндікытай табиғи ландшафтары және олардың антропогендік өзгерісі.

    14. Африканың шөлдену аймақтары.

    15. Антарктикадағы мұз жамылғысы.

    16. Эль-Ниньоның қалыптасу себебі мен салдары.

    17. Анд тауларының биіктік белдеулік.

    18. Құрлықтардың жазғы және қысқы маусымдағы климаттық жағдайы.

    19. Американдық Арктика өңірінің климаты, қазіргі мұз басуы және жер бедерігің мұзды пішіні.

    20. Байкал, Севан және т.б. көлдердің проблемалары.

    21. Батыс Еуропаның ландшафтарының қалыптасуына төрттік кезендегі мұз басудың әсері.

    22. Аппалач тауларының табиғи рекреациялық ресурстары.

    23. Мексика және Иран таулы үстіртінің шөлді ландшафтарына салыстырмалы сипаттама.

    24. Австралияның ерекше қорғалатын аймақтары.

    25. Орталық Азияның шөлдері мен шөлейттердің типтері.

    26. АҚШ-тың Шығыс өңірінің су ресурстарының қазіргі жағдайы.

    27. Орыс жазығының плейстоценді табиғатының дамуы.

    28. ТМД елдеріндегі ландщафтардың дамуына антропогендік әсері.

    29. ТМД елдерінің табиғи ландшафтарын сақтау және қорғау.



А қосымшасы

(анықтамалық)

Курстық жұмыстың түсіндірме жазбасының

титул парағын ресімдеу үлгісі


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

14 кегль


факультеті
кафедрасы


курстық жұмыс 36 кегль
КЖ. ХХХХХХ. ХХ-ХХ. ХХ. ХХ. ТЖ 16 кегль

Пән бойынша _______________________________________________



Тақырыбы _________________________________________________

______________________________________________________________________




______________

(баға)


Комиссия мүшелері

_____________________________

(қызметі, ғылыми дәрежесі)

_____________________________

(аты-жөні, тегі)

_____________ ______________

(қолы) (күні)

Нормабақылаушы

_____________________________

(қызметі, ғылыми дәрежесі)

_____________________________

(аты-жөні, тегі)

_____________ ______________

(қолы) (күні)


Жетекші 14 кегль


_____________________________

(қызметі, ғылыми дәрежесі) 8 кегль

_____________________________

(аты-жөні, тегі)

______________ _____________

(қолы) (күні)



Студент _____________________________

(аты-жөні, тегі)

______________ ___________

(қолы) (күні)

_____________________________

(топ)

20__

Ә қосымшасы


(анықтамалық)

Мазмұнды ресімдеу үлгісі
Мазмұны


Кіріспе


3

1 Серпімділік теориясының және тербеліс теориясының тапсырмалары

6


1.1 Дөңгелек пластикалар. Тербеліс және орнықтылық

6

1.2 Серпімді негізде жатқан дөңгелек пластинкалардың осьтік симметриялық деформация

32

2 Жылу өткізгіштік теориясының тапсырмалары


36

Қорытынды

82

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

87

А қосымшасы Есептеу әдістемесі

90

Б қосымшасы Бағдарлама

91

Б қосымшасы


(анықтамалық)

Пайдаланылған әдебиеттер тізімін ресімдеу үлгісі
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Агафонова Н. Н. Гражданское право : учеб. пособие для вузов / Н. Н. Агафонова, Т. В. Богачева, Л. И. Глушкова ; под общ. ред. А. Г. Калпина ; авт. вступ. ст. Н. Н. Поливаев. – Изд. 2-е, перераб. и доп. – М. : Юрист, 2002. – 542 с. – (Institutiones ; т. 221). – Библиогр. : С. 530–540.

2 Бочаров И. Н. Кипренский / Иван Бочаров, Юлия Глушакова. – 2-е изд., знач. доп. – М. : Молодая гвардия, 2001. – 390 с., 24 л. ил. – (Жизнь замечательных людей ; вып. 1009).

3 Голубков Е. П. Маркетинг как концепция рыночного управления / Е. П. Голубков // Маркетинг в России и за рубежом. – 2001. – № 1. – С. 89 – 104.

4 Жамбылов Д. Саясаттану негіздері: оқу кұралы / Д. Жамбылов. – 2 бас. – Алматы : Жеті жарғы, 2000. – 240 б.

5 Назарбаев Н. А. Основные направления внутренней и внешней политики на 2004 год : Послание Президента народу Казахстана // Казахстанская правда. – 2003. – 5 апр.

6 Чередниченко Т. Музыкальный запас. 70-е : проблемы, портреты, случаи / Т. Чередниченко. – М. : Новое лит. обозрение, 2002. – 592 с.



В қосымшасы

(анықтамалық)



Диаграммаларды ресімдеу үлгісі

1 – толық жер телімінің аймағы; 2 – пісірілген жер түбірінің аймағы; 3 – қабырғаның ауыспалы аймағы; 4 – ауыспалы үлдірік аймағы



1-сурет – Зерттелетін үлгілер биіктігі өзгерген кезде түрлі пісірілген жер аймағының қалған кернеуін бөлу диаграммалары


Пайдалану жылы


2-сурет – Машинаны пайдаланудың жылы мен өзіндік құны арасындағы тәуелділік

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет