Әдістемелік нұсқаулар пму ұс н 18. 2/05



Дата09.07.2016
өлшемі81.35 Kb.
#186824


Әдістемелік нұсқаулар



ПМУ ҰС Н 7.18.2/05

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Химия және химиялық технологиялар кафедрасы
050606 – Химия мамандығының студенттеріне арналған

Экологиялық химия пәнінен


ПӘНДІ ОҚЫП ИГЕРУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Павлодар




Әдістемелік нұсқауларына бекіту парағы



ПМУ ҰС Н 7.18.1/05



БЕКІТЕМІН

ХТжЖФ деканы



_______________К.К.Ахметов

«___»_____________2010 ж.

Кұрастырушы: Колпек А.
Химия және химиялық технологиялар кафедрасы
ПӘНДІ ОҚЫП ИГЕРУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
050606 – Химия мамандығының студенттеріне арналған

Экологиялық химия пәнінен


Кафедра мәжілісінде ұсынылған «__»__________2010ж. №__ хаттама
Кафедра меңгерушісі ____________________К.Х.Жапаргазинова

ХТжЖФ оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған 2010ж. «___»________ №____ хаттама




ОӘҚ төрайымы _________________________ У.Д. Буркитбаева



Экологиялық химия пәнінің мақсаты қоршаған ортадағы химиялық қосылыстардың трансформациясын зерттеуде, мүмкін болатын өзгерістерді болжауда және экологиялық талаптарға сай шешім қабылдауға біліктерін қалыптастыру болып табылады.

Экологиялық химия міндеттері

Қоршаған ортадағы ластағыштардың физико-химиялық айналуы және уақыт-кеңістік бойынша таралу, жинақталу заңдылықтарын зерттеу.

Экожүйеге өте қауіпті ластағыш заттардың қоршаған орта объектілеріндегі химиялық ластануының деңгейін төмендету.

Қоршаған ортадағы ластағыштардың мониторингін және талдау тәсілі мен әдісін қалыптастыру.

Әртүрлі антропогенді және табиғи факторлардың әсерінен болатын химиялық ластағыштардың өзгерісін болжау.

Қоршаған орта күйін басқаратын әдістерді құру.

Ағын суларды және әртүрлі өзгерістердің қалдық газдарың тазартуының жаңа технологиялардың ғылыми негізін қалыптастыру, қалдықтарды қайта өңдеу.

Әртүрлі өндіріс және басқа да шаруашылық салаларында пайдаланатын жаңа препараттардың экологиялық зардаптарын азайту.

Бұл міндеттерді шешу үшін студент білу қажет

Жердің геосфера жөніндегі мәліметі мен жалпы теориялық ережесін.

Биогенді және абиогенді химиялық элементтердің биохимиялық айналымын.

Қоршаған ортадағы антропогенді әрекеттер әсерінін жүретін физико-химиялық процесстерді.

Қоршаған ортадағы химиялық ластағыш заттардың таралу процессіне әсер ететін факторлар мен зандылықтарын.

істей білу керек

Қоршаған орта компоненттерінен атмосферадан, гидросферадан, литосферадан, флора мен фаунадан алынған сынамалардағы әртүрлі типтегі химиялық ластағыштарың концентрациясын анықтау.

Қоршаған орта құраушыларын әртүрлі типтегі ластағыштардың өзгеруін болжау және олардың таралу аймағын бағалай білу.

Пререквизиттер


Органикалық және бейорганикалық химия

Физикалық химия

Аналитикалық химия

Экология



ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

Кіріспе


Қоршаған ортаның материалдық құрамының негізгі түсінігі жөніндегі жалпы мәлімет. Қоршаған ортаның ластану мәселелерінің жүйелілігіне көзқарас. Экодиагноз және экопрофилактиканың міндеті экологиялық химияны зерттеудің негізгі бағыты болып саналады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ




Затты зерттеудің негізгі концепциялары және критериялары


Қоршаған ортадағы химикаттар құрамы және өндіріс көлемі, қолдану аймағы, таралуы; ыдырау қабілеті және тұрақтылығы.

Әртүлі орталар арасындағы тасымалдану: топырақ-су. (Фрейндлихтің, Ленгмюрдің адсорбция теңдеуі); су-ауа (ұшу жылдамдығы. Генри константасы); топырақ-ауа (топырақтан химиялық заттың бөлінуі).

Табиғи ортадағы ластағыш заттардың ауысуының химиялық негізі.

Абиотикалық ауысу. Тотықтыру, тотықсыздандыру, гидролитикалық процесстер. Фотохимиялық әрекеттесулер.

Органикалық заттардың (қосылыстардың) экологиясы. Қоршаған ортадағы органикалық қосылыстар, олардың тірі ағзаға әсері. Органикалық ластағыштардың негізгі кластары. Қоршаған ортадағы химиялық канцерогендер, беттік активті заттар, пестицидтер және полимерлер.

Қосылыстардың координациялық химиясы және экологиялық химиядағы ролі. Координациялық қосылыстар және тірі жүйелер. Комплексті қосылыстар қатысуымен биологиялық процесстерді реттеу. Әртүрлі жүйелердегі керекіз катиондарды жою үшін лиганда таңдау.



ЭКОЖҮЙЕНІҢ ЭКОЛОГИЯ-ХИМИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ


Атмосфераның экологияның сипаттамасы

Ауаның химиялық құрамы. Атмосферадағы антропогенді бейорганикалық және төменгі молекулалық органикалық заттар химиясы. Атмосферадағы аэрозолдер мен шандар және олардың қоршаған орта сапасына және құрамына әсері. Газдар иммисиясы және эмиссиясы, атмосферадағы аэрозольдер және шантектес заттар. Ауаның сапа стандарты және тазалық критериі.


Сулы ортаның экологиялық химиясы


Гидросфераның жалпы сипаттамасы. Сұға қажеттілік. Судың аймақтық және ғалымдық ластануы. Судың эвтрофикациясы. Судың сапалық стандарты.

Топырақ экологиясы


Топырақтың табиғи түзіліс ретіндегі жалпы ерекшелігі. Топырақ түзілісіндегі жануарлардың және өсімдіктердің ролі. Топырақтың жылуылық, ауалық, сулық, физикалық қасиеті, механикалық құрамы. Топырақтың химиялық ластану жолдары мен көздері және олардың сипаттамалары. Топырақтың беткі қабатындағы улы заттардың миграциясының жолы. Миграция түрі. Топырақтың ластануының бақылау деңгейі және бағалау әдісі.

Қоршаған ортаға химиялық өндірістің және олардың өнімдерінің әсері. Қоршаған ортаны қорғау технологиясы

Өндіріс процесінде зиянды заттар мен техногенді ластануды төмендету тәсілдері. Керексіз химиялық өнімдерді қоршаған ортаға тиімді экологиялық өнімдермен алмастыру.

Өнеркәсіп орындарындағы газ тәрізді қалдықтарды тазалау технологиясы.

Гальванотехниканың, тоқтың химиялық көздерінің, электрохимиялық өндірістердің экологиялық мәселелері.

Өндіріс ағын суларын тазалау технологиясы. Ағын суларды тазалаудың химиялық тәсілі.

Қалдықтарды қайта қолдану технологиясы, өндірістен түсетін қатты қалдықтарды қайта пайдалану.

Қоршаған ортамен байланысты процестер үшін заттар қоспасын бөлу және экстракциялық тазалау.

Экология және экоэнергетика

Күннің, атомның энергиясын пайдалану. Энергияның альтернативті көздері. Сутекті энергетика.

Тірі және тірі емес табиғатта экология-химиялық процестерді зерттеудің эксперименталді әдістері және қоршаған орта объектілерін бақылау әдістері.

СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ




Биосфераның химиялық ластануының көздері.


Қоршаған ортаның химиялық ластануы туралы жалпы түсініктер. Биосфераның химиялық ластануының өндірістік көздері. Транспорттық ластану. Қалалардың комуналды шаруашылығы. Биосферада химиялық ластағыш заттардың таралуының жалпы заңдылықтары.

Химиялық ластағыш заттардың негізгі түрлері.

Азот, фосфор, күкірт қосылыстары. Галогендер. Озон. Фреондар. Көміртегі және көмірсутек оксидтері. Селен. Ауыр металдар. Ароматикалық қосылыстар. Мұнай және мұнай өнімдері. Табиғи сулардағы детергенттер (өндірістер және тұрмыста жуғыш заттар мен эмульгаторлар ретінде қолданылатын БАЗ).

Биосферадағы пестицидтер. Радиоактивті қалдықтар мен тастандылар.

Химиялық ластағыш заттардың биосфераға әсері және оның компоненттері.

Химиялық ластағыштардың қоршаған ортаға әсерінің түрлері. Табиғи жүйелердің тұрақтылығы. Биогеоценоздағы химиялық ластағыш заттардың техногенді ағыны. Биогеоценоздағы химиялық заттардың миграциясы: табиғи, жер асты сулардағы, топырақ ерітінділеріндегі химиялық ластағыш заттардың миграциясы; топырақтағы химиялық элементтер миграциясы. Газшанды қалдықтардың өсімдіктерге әсері. Фитоуыттылық туралы түсінік.

Биосфера компоненттеріндегі химиялық ластағыш заттардың шекті рауалды концентрациясы (ШРК).

ШРК концепциясы. Атмосферадағы улы заттардың ШРК. Сулы ортадағы улы заттардың ШРК-сы. Топырақтағы ластағыш заттардың шекті рауалды концентрациясы. Тағам өнімдеріндегі ластағыш заттардың шекті рауалды концентрациясы.

Биосфераның химиялық ластануының мониторингі. Қоршаған ортаның мониторингі туралы жалпы түсініктер. Биосферадағы ластағыш заттардың мөлшерін бақылау әдістері. Биогеоценоздар мониторингі. Топырақ мониторингінің принциптері мен мәселелері. Топырақты химиялық мониторинг әдістері және бақылау көрсеткіштері. Фитоуыттылықты анықтау әдістері.

Химиялық ластану кезіндегі табиғи объектілерді зерттеу әдістері.

Химялық ластағыштардан атмосфераны қорғау әдістері. Топырақ күйін бақылау анализінің әдістері. Ағынды суларды тазарту әдістері.

Қазақстан Республикасының табиғатын қорғаудың қазіргі мәселелері.

Биосфера компонентеріндегі органикалық ластағыштар.



ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР


Атмосфералық ауа сапасын бағалау. Қышқыл жаңбырлардың өсімдікке, металл бұйымдарына әсері. Көмірдегі күкірттің жалпы құрамы. Атмосфералық жауын – шашындардағы ауыр металдар. Ауаға автокөліктен түсетін зиянды заттардың көлемінің сандық бағасы. Газ-ауа құрамын аммиактан тазарту. Қоршаған ортада формальдегидті анықтау.

Су сапасының жалпы және қосынды көрсеткіштері. Сулы ортада жүретін биохимиялық процестер. Су қоймасындағы темірдің ролі және оның судың органолептикалық сапасына әсері. Су қоймасындағы күкіртсутек. Комплексті қосылыстарды қолдану арқылы улы металдарды спектрофотометриялық және вольтамперметриялық анықтау.

Топырақ сапасының жалпы және қосынды көрсеткіштері. Топырақтағы ауыр металдардың жалпы және қозғалмалы мөлшерін спектрофотометриялық, атомды-адсорбциялық анықтау. Топырақ горизонты бойынша ластағыш заттардың миграциясы. Топырақтың биоиндикациясы және хемоиндикациясы.

Қоршаған ортадағы ластағыш заттар. Өсімдік жапырақтарындағы қорғасын. Судағы белсенді хлор. Қала қоймаларының шөгінділеріндегі мұнай өнімдері. Жұмыс орындарындағы көмірқышқыл газының көлемдік үлесін анықтау. Қоршаған орта объектілеріндегі улы металдарды вольтамперметрлік анықтау.



Тамақ өнімдерінің экологиялық химиясы. Тамақ өнімдеріндегі ауыр металдар. Тағам қоспалары. Күкірт-сусын бояғыштарындағы негізгі компонент ретінде.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет