Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Химиялық технология және жаратылыстану факультеті
География және туризм кафедрасы
050609 – география мамандығы студенттеріне арналған
Жалпы жертану пәнінен
Зертханалық жұмыстарды орындауға
ӘДІСТЕМЕЛІК нұсқаулар
Павлодар
Әдістемелік нұсқауларды
бекіту парағы
|
|
ПМУ ҰС Н 7.18.1/05
|
БЕКІТЕМІН
Химиялық технология
және жаратылыстану
факультетінің деканы
_________ Қ.Қ.Ахметов
«_____»_________2009 ж.
Кұрастырушы: б.ғ.к., доцент Габдулхаева Б.Б._______________
География және туризм кафедрасы
Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК нұсқаулар
Жалпы жертану пәні
050906 - «География» мамандығының студенттеріне арналған
Кафедра мәжілісінде ұсынылған «___» __________ 2009 ж. №___хаттама
Кафедра меңгерушісі ___________________________ Калиева А.А.
Химиялық технология және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған
«___» __________2009 ж. № ___ хаттама
ОӘҚ төрайымы_________________________У.Д. Бүркітбаева
Кіріспе
Әдістемелік нұсқаулар бұл пәнді оқитын университеттің география мамандығындағы студенттерге арналған. Әдістемелік жобаның мақсаты: жоғары таксондық дәрежедегі табиғи аумақтық кешендердің ерекшеліктері туралы түсініктерді қалыптастыру тәлімінде студенттердің географиялық ой-өрісін дамыту. Тапсырмалары студенттерде табиғат пен адам арасындағы әрекет етуінің аумақтық мәселелері туралы түсінігін қалыптастырады.
Әдістемелік нұсқаудың мақсаты: студенттердің «Жалпы жертану» курсы бойынша білімдерін бекіту және тереңдету.
Әдістемелік нұскаудың міндеттері:
-
материалдарды зертханалық жұмыстар арқылы бекіту;
-
студенттерді картамен жұмыс істеуге үйрету;
-
дұрыс қортынды және талдау жасауға үйрету.
«Жалпы жертану» географиялық қабықтың жалпы заңдылықтарын, дамуын, оның жекелеген компоненттері мен комплекстерінің кеңістік пен уақыт аралығында өзгеруін, қазіргі табиғи-антропогендік комплекстердің болашақта дамуын зерттейтін ғылыми сала.
Бұл пән бірінші курста қойылғандықтан студентер зертханалық жұмыстарды орындаған кезде мектептегі және дәріс сабақтарындағы алатын білімдерімен қолдану керек.
Әдістемелік нұсқаулық мамандықтың оқу жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Зерханалық жұмыстардың мазмұны:
Тақырып № 2. Ғарыш және ғаламшарлар жүйелері
Зертханалық жұмыс №1.Планеталардың салыстырмалы сипаттамасы
Тақырып № 3. Жердің даму тарихында геосфералардың байланысы
Зертханалық жұмыс № 2. Жер туралы жалпы мәліметтер.
Тақырып № 4. Географиялық қабықшаға ғарыштық және жалпы планеталық әсері.
Зертханалық жұмыс № 3. Жыл мезгілдерінің өзгеруі.
Тақырып № 5. Географиялық қабықшаның құрамы
Зертханалық жұмыс № 4. Жердегі өтіп жатқан заттар айналымы.
Тақырып № 6. Эндогенді факторлар қалыптастыратын құрылымдар
Зертханалық жұмыс № 5. Жер қыртысы.
Тақырып № 7. Географиялық қабықшаның дамуы
Зертханалық жұмыс № 6. Жылу балансының таралу заңдылықтары.
Тақырып № 8. Адам және географиялық орта.
Зертханалық жұмыс № 7. Халықтардың тығыздығы
Тақырып 2. Ғарыш және ғаламшарлар жүйелері
Зертханалық жұмыс №1. Планеталардың салыстырмалы сипаттамасы
Мақсаты: планеталар мен Жерге салыстырмалы сипаттамасын беру; планеталардың ерекшеліктерін анықтау;
Жоспар:
Зертханалық жұмыстарды орындау барысында студенттер қауіпсіздік ережелерін ұстану керек. Студенттер өздік жұмыс орындау барысында карталар мен анықтамалық мәліметтерді пайдалануға болады.
№1тапсырма:
Кестеде берілген мәліметтерді пайдалана отырып, салыстырмалы сипаттама беру:
Астрономиялық көрсеткіштер
|
Жер
|
Плутон планетасы
|
Экватордың диаметрі
|
40075
|
2300
|
Көлемі
|
1
|
0,0022
|
Тығыздығы
|
5,52 г/см3
|
2,03 г/см3
|
Күннен арақашықтығы: орт. макс., мин.
|
Max 152 млн. км.
Min 147 млн. км.
Орт: 149 млн. км.
|
49,28
29,65
59,00
|
Күн орбитасынан айналымы
|
365,26 тәулік
|
248,54 тәулік
|
Өз осінен айналымы
|
23,93 сағ.
|
6,38 сағ.
|
Жер бетінің температурасы
|
150
|
-2200
|
Кестені толтыру барысында келесі сұрақтарға жауап беру:
1. Планета өз маңында басқа планеталарды ұстап тұра алады ма?
2.Осы планеталарды жыл мезгілдерінің өзгеруі байқалады ма?
3.Планетаның атмосфералық құрамы қандай?
4. Планетаның ішкі құрылысы мен жер бедерінің түрлері қандай?
5. Планеталардағы биосфераның дамуына әсер ететін физикалық географиялық жағдайларын бағалау?
Әдебиет:
Негізгі:
-
Боков В.А., Селиверстов Ю.П., Общее Землеведение -, 1978.
-
Мильков Ф.Н. Общее Землеведение – М: Высшая школа, 1990
Қосымша:
-
Бакулин П.И., Коновин Э.В., Мороз В.И. «Курс общей астрономии» - М: Наука, 1966
-
Воронцов-Вельяминов Б.А. «Очерки о Вселенной – М: Наука 1980
Атластар:
-
Атлас 6 сынып. - М., 1968.
-
Географический атлас для учителя средней школы. – М., 1984.
-
Физико-географический атлас мира.- М., 1964.
Көрінекі құралдар:
-
Глобустар мектептік М 1: 50 000 000
-
Қабырғаға ілетін әлем және материктер карталары
№ 3 тақырып. Жердің даму тарихында геосфералардың байланысы
Зертханалық жұмыс № 2. Жер туралы жалпы мәліметтер.
Мақсаты: физикалық көкжиектің шекаралары көтерілуімен созылады екенің көрсету және Жердің көлемі мен аумағы туралы білім алу.
Жоспар:
1. Тапсырма.
Көрініп тұрған көкжиектің алыстығының қисығын байқау биіктігіне байланысты салу. Ол үшін келесі формуламен қолдаңызындар.
L= 3.86*h
L- көрініп тұрған көкжиектің алыстығы (мм)
Һ- байқау жердің биіктігі
Кестені толтырындар
|
Һ, м
|
|
|
1
|
2
|
10
|
100
|
500
|
1000
|
3000
|
5000
|
10000
|
Көрініп тұрған көкжиектің алыстығы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
График салу (кесте бойынша). Салынған графикка талдау жасау.
2. Тапсырма.
Келесі биіктердің көкжиектің алыстығын есептендер. Джомолунгма һ=8848, Эльбрус һ=5642, Монблан һ= 4807, Косцюшко һ =2270, Мак-Кинли һ=6193, Чимборасса һ=6262 м.
3. Тапсырма.
Барлық Европаны ғарыштық кораблі арқылы көруге болатын биіктікті есептеңіздер.
Формула арқылы: һ=L2/ (3,86)2 L- көкжиектің алыстығы
L= (1/2)S S –екі шеткі нүктелердің қашығы
4. Тапсырма.
Жер аумағын формула арқылы табындар.
S =4пR2. R- радиус (6378 м)
Жердің формула арқылы көлемін табындар
V=(4/3)пR3
5. Тапсырма.
Сүрақтарға жауап беру:
-
Геоид дегеніміз не ?
-
Сфероид дегеніміз не?
-
Жер типтес планеталардың алып планеталарынан айырмашылығы?
-
Жердің орбитасының формасы?
Әдебиет:
Негізгі:
-
Селиверстов Ю.П. Общее землеведение. М.: «Академия»,2007
-
Шубаев Л.П. Общее землеведение учебник. Мм.: Ввысшая школа, 1977
Қосымша:
-
Неклюкова Н.П. Общее землеведение. М.:: Просвещение, 1975
-
Половинкин А.А. Основы общего землеведения. М.: Учпедгиз, 1958
Атластар:
-
Атлас. - М., 1968.
-
Географический атлас для учителя средней школы. – М., 1984.
-
Физико-географический атлас мира.- М., 1964
Көрінекі құралдар:
-
Глобустар мектептік М 1: 50 000 000
-
Демонстрациялық кестелер «Растительный мир материков», «Животный мир материков»
-
Қабырғаға ілетін әлем және материктер карталары
Тақырып 4. Географиялық қабықшаға ғарыштық және жалпы планеталық әсері.
Зертханалық жұмыс № 3. Жыл мезгілдерінің өзгеруі.
Мақсаты: Жыл мезгілдерінің өзгеруі Жер Күнді айналуымен байланысты екенің түсіну.
Жоспар:
1. Тапсырма.
Жердің теңесу күндеріндегі орбитадағы орналасу схемасын салып, талдау жасау. (Шубаев Л. П. Общее землеведение. – 73 бет.)
2. Тапсырма.
00, 23027/, 66030/, 900 ендіктерге сәйкес күннің теңесу күндерінде көкжиектегі биіктігін есептендер. Оны табу үшін келесі формуламен қолдану керек: h = 90 0 – б +(-) L , б- жердің ендігі; L – күннің еңкеуі.
Теңесу күндер
|
23.09
|
22.12
|
21.03
|
22.06
|
L
|
00
|
+23027/
|
00
|
-23027/
|
3. Тапсырма.
Егер 00 меридианда 15 00 сағат болса, сонда келесі бойлықтарда жергілікті уақыт қанша болады.
-
150 батыс бойлық
-
750 шығыс бойлық
-
28032/ батыс бойлық
Осы тапсырманы орындағанда 1 сағат 150 тең екенің ескерту керек.
Егер келесі бойлықтарда осынша уақытты көрсетіп тұрса, сонда Лондонда жергілікті уақыт неше.
-
41028/ шығыс бойлық – 16 сағат 25 мин.
-
27030/ шығыс бойлық – 17 сағат 20 мин.
-
32017/ батыс бойлық – 20 сағат 35 мин.
4. Тапсырма.
Мәскеудің жергілікті және белдеулік уақытын анықтандар, егер декреттік уақыты: 1) 13 сағ., 2) 17 сағ., 3) 22 сағ.
5. Тапсырма.
Түсінік беру:
-
Жергілікті уақыт?
-
Белдеулік уақыт?
-
Декреттік уақыт?
-
Жұлдыз жылы?
-
Тропиктік жыл?
Сұрақтарға жауап беру:
-
Жердің айналуының басты геграфиялық салдарын атап шығындар?
-
Жер Күннен ең алыс қашықта қашан болады?
-
Біркелкі уақытта әр түрлі меридиандарда неге бір жергілікті уақыт болмайды?
Әдебиет:
Негізгі:
-
Т.М. Савцова – Общее землеведение – М.,2003
2. Ю.П. Селиверстов, П.А. Бобков – Землеведение – М.,2004
Қосымша:
-
Сватков Н.М. Земное зеркало Солнца. – М., 1979
-
Лосев К.С. Климат:вчера, сегодня, завтра – Л., 1985
Атластар:
-
Атлас. М., 1968.
-
Географический атлас для учителя средней школы. – М., 1984.
-
Физико-географический атлас мира.- М., 1964.
Көрінекі құралдар:
-
Глобустар мектептік М 1: 50 000 000
-
Демонстрациялық кестелер «Растительный мир материков», «Животный мир материков»
-
Қабырғаға ілетін әлем және материктер карталары
Тақырып № 5. Географиялық қабықшаның құрылымы
Зертханалық жұмыс № 4. Жердегі өтіп жатқан заттар айналымы.
Мақсаты: Жердегі заттар айналымының маңызын көрсету.
Жоспар:
1. Тапсырма.
Биогеохимиялық айналымының схемасын салып, талдау жасау.
2. Тапсырма.
Оттегінің, азоттың, күкірттің, фосфордың. Қышқылдың айналымының схемаларын салып, талдау жасау.
Әдебиет:
Негізгі
-
Селиверстов Ю.П., А.А.Бобков Землеведение 2004.
-
Мильков Ф.Н. Общее землеведение: Учебное пособие. М: Высшая школа 1990 г.
Қосымша
-
Маракушев А.А. Происхождение Земли и природа ее эндогенной активности- М.1999 г.
-
Монин А.С. История Земли – Л.,1977 г.
-
Монин А.С. История Земли. - Х., 1977
-
Флинт Р.Ф. История Земли. – М., 1978
Атластар:
-
Атлас Африки. - М., 1968.
-
Географический атлас для учителя средней школы. – М., 1984.
-
Физико-географический атлас мира.- М., 1964.
Көрінекі құралдар:
-
Глобустар мектептік М 1: 50 000 000
-
Демонстрациялық кестелер «Растительный мир материков», «Животный мир материков»
-
Қабырғаға ілетін әлем және материктер карталары
Тақырып № 6. Эндогенді факторлар қалыптастыратын құрылымдар
Зертханалық жұмыс № 5. Жер қыртысы.
Мақсаты: Жер қыртысының негізгі структураларымен таңысу.
Жоспар:
1. Тапсырма.
Геохроникалық кестені жазып, оны жаттап алу.
( Ж.Н. Муқашева. Жалпы жертану. -80-81 бет.)
2. Тапсырма.
Әлемнің контурлық картасына белгілеу:
-
Мұхиттардың шекараларын және олардың ең үлкен тереңдігі
-
Материктердің және мұхиттардың ауданың
-
Материктердің шеткі нүктелерін және биіктерін
3. Тапсырма.
Берілген сызық бойынша ұзына бойы кескінді жасау. Ол үшін милиметрлі қағаз, карта, сызғыш, қарындаштар қажет. Милиметрлі қағазға координаттық остары салынады (ордината – жердің биіктігі, абцмсса – созылған қашықтығы). Ұзына бойы кескінде жер бедерін, кысқы және жазғы теператураларды, топырақтарды көрсету керек.
4. Тапсырма.
Сұрақтарға жауап беру:
-
Жер қыртысы деген не?
-
Жер қыртысының қабаттары?
-
Жер қыртысының ауданы?
-
Жердің ірі морфоструктуралық бірліктері?
-
Ең биік құрлық?
-
Ең терең мұхит?
Әдебиет:
Негізгі
1. Селиверстов Ю.П., А.А.Бобков Землеведение 2004.
2. Мильков Ф.Н. Общее землеведение: Учебное пособие. М: Высшая школа 1990 г.
Қосымша
1. Маракушев А.А. Происхождение Земли и природа ее эндогенной активности- М.1999 г.
2. Монин А.С. История Земли – Л.,1977 г.
Атластар:
-
Атлас Африки. - М., 1968.
-
Географический атлас для учителя средней школы. – М., 1984.
-
Физико-географический атлас мира.- М., 1964.
Көрінекі құралдар:
-
Глобустар мектептік М 1: 50 000 000
-
Демонстрациялық кестелер «Растительный мир материков», «Животный мир материков»
-
Қабырғаға ілетін әлем және материктер карталары
Тақырып№ 7. Географиялық қабықшаның дамуы
Зертханалық жұмыс № 6. Жылу балансының таралу заңдылықтары. Ауаның ылғал айналуы.
Мақсаты: Жылу балансының және жер бетіндегі жауын-шашындардың зональдық пен аумақтық таралу заңдылықтарын түсіну.
Жоспар:
1. Тапсырма.
Жер бетіндегі шілде және қантар айларындағы температураларының карталарына талдау жасау:
-
ең жоғары және ең төмен шілде және қантар айларының температураларын анықтау
-
құрылықтық және мұхиттық жылынатын дәрежелерін салыстыру
-
бар областарды белгілеу және себебін түсіндіру
2. Тапсырма.
Егер бастапқы ауаның температурасы -30С болса, ол 700 м көтерілсе оның мағнасы қандай болады. Ескерту: 100 м көтерілген сайын температура 0,6 градусқа төмендейді.
3.Тапсырма.
Ресейдің Солтүстік-Шығыс қантар және шілде изотермаларының картасын құру. Ол үшін: изотермаларды 5 градус сайын салу керек, қантарға - -200 ,- 250 ,- 300 ,- 400; шілдеге - +5 0 , +100, +150,+ 200. Төменгідегі берідген пунктер арқылы изотерма сызықтарын өткізу керек.
Пункт
|
Орташа температура (0С)
|
қантар
|
шілде
|
Анадырь
|
-23
|
10
|
Благовещенск
|
-24
|
20
|
Верхоянск
|
-50
|
15
|
Витим
|
-28
|
17
|
Николаевск – на –Амуре
|
-25
|
17
|
Охотск
|
-25
|
12
|
Петропавловск – Камчатский
|
-11
|
12
|
Салехард
|
-26
|
14
|
Сургут
|
-22
|
14
|
Туруханск
|
-28
|
15
|
Чита
|
-27
|
19
|
Якутск
|
-44
|
19
|
4.Тапсырма.
Әлемдік жауын-шашын карталарына талдау жасау (Неклюкова Н. П. Общее землеведение. – 132 бет):
-
ендіктерге қарай қалай өзгереді
-
mах және mіn жауын-шашын жерлерді анықтау және себептерін түсіндіру.
5.Тапсырма.
Сулулық коэффицентін табу:
-
Конго алабына
-
Амазонка алабына
-
Калимантан аралына
Оны формула арқылы табуға болады: k= (R/E )* 100, мұнда R- жылда түсетін жауын-шашынның саны (мм), Е – бұландылық (жыл/ мм).
6.Тапсырма.
-
Бұлттардың кестесін салып, жатқа білу (Шубаев Л. П. Общее землеведение. – 176-177 б.).
Әдебиет:
Негізгі:
-
Шубаев Л.П. Общее землеведение учебник. Мм.: Ввысшая школа, 1977
-
Селиверстов Ю.П. Общее землеведение. М.: «Академия»,2007
Қосымша:
-
Неклюкова Н.П. Общее землеведение. М.:: Просвещение, 1975
-
Половинкин А.А. Основы общего землеведения. М.: Учпедгиз, 1958
Атластар:
-
Атлас Африки. - М., 1968.
-
Географический атлас для учителя средней школы. – М., 1984.
-
Физико-географический атлас мира.- М., 1964.
Көрінекі құралдар:
-
Глобустар мектептік М 1: 50 000 000
-
Демонстрациялық кестелер «Растительный мир материков», «Животный мир материков»
-
Қабырғаға ілетін әлем және материктер карталары
Тақырып№ 8. Адам және географиялық орта.
Зертханалық жұмыс № 7. Халықтардың тығыздығы
Мақсаты: халықтардың таралуы мен тығыздық картасына талдау жасау, оларға әсер ететін факторларды бағалау.
Тапсырма №1. Кескін картада мемлекеттерді тығыздығы бойынша сүреттеп, белгілеу. Тығыздықтарын анықтау.
Тапсырма № 2. Келесі сұрақтарға жауап беру:
-
Халық неғұрлым көп шоғырланған елдер мен аудандар қандай?
-
Халықтың бөлінуінде континенттер арасындағы айырмашылықтарды түсіріндер?
-
Дүние жүзі халқының көбірек тұрады – қалаларда әлде ауылдық жерде ме?
Тапсырма № 4. «Урбандалу», «агломерация», «мегаполис», «субурбандалу» ұғымдарына анықтама беру.
Әдебиет:
Негізгі:
-
Гладкий Ю.Н., Лавров С.Б. Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы. Алматы, Мектеп, 2002
-
Шубаев Л.П. Общее землеведение учебник. Мм.: Ввысшая школа, 1977
Қосымша:
-
Неклюкова Н.П. Общее землеведение. М.:: Просвещение, 1975
-
Половинкин А.А. Основы общего землеведения. М.: Учпедгиз, 1958
Атластар:
-
Атлас Африки. - М., 1968.
-
Географический атлас для учителя средней школы. – М., 1984.
-
Физико-географический атлас мира.- М., 1964.
Көрінекі құралдар:
-
Глобустар мектептік М 1: 50 000 000
-
Демонстрациялық кестелер «Растительный мир материков», «Животный мир материков»
-
Қабырғаға ілетін әлем және материктер карталары
Терминдердің сөздігі.
Абсолют ылғалдылық – (латынның absolutus – шексіз деген сөзінен шыққан) – белгілі бір ауа көлеміндегі су буының мөлшері. 1 куб. м аудағы су буы граммен өлшенеді (г/м3).
Абсолют биіктік – Жер бетіндегі белгілі бір нүктенің мұхит бетінің орташа деңгейінен вертикаль бойынша алғандағы қашықтығы.
Амплитуда – атмосфералық қымымның , тәуліктік және жылдық температураларының ауытқу айырмашылығы.
Антипассат – (гректің anti-қарсы және немістің passat- ауа райы деген сөздерінен шыққан) – үнемі пассатқа қарама –қарсы бағытта соғатын жел, яғни солтүстік жарты шарда – оңтүстік-батыстан солтүстік шығысқа, оңтүстік жарты шарда – солтүстік-батыстан оңтүстік шығысқа қарай соғады.
Антициклон – тұрақты жоғары атмосфералық қысым аймағы. Бұл аймақ мыңдаған километр территорияны қамтиды. А. аймағындағы жел солтүстік жарты шарда сағат тілінің қозғалу бағытымен, оңтүстік жарты шарда – оған қарсы бағытта соғады, ауа райы құрғақ, бұлтсыз, қыста күшті аяз болады.
Атмосфера – Жерді қоршап тұрған газды қабықша.
Атмосфералық қысым – атмосфералық ауаның барлық денелер мен жер бетіне түсіретін қысымы.
Атмосфералық жауын-шашын – бұлттардағы су буының конденсациялануы нәтижесінде жер бетіне жаңбыр, бұршақ, қырау, қар түрінде түсетін ылғал.
Алап - өзен, көл, теңізге су жиналатын алап.
Ағынсыз алап – суы мұхитқа жетпейтін ағынсыз аймақ.
Ауаның ылғалдылығы – ауадағы су буының мөлшері, жергілікті жердің ауа райы мен климатының ерекшеліктерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі.
Ауа массасы – тропосферадағы ірі ауа массасы. Шығу тегіне қарай артикалық, антарктикалық, полярлық, қоныржай, тропиктік және экваторлық ауа массалары болып бөлінеді.
Аумақты жер бедері – тау жоталары, таулы үстірттер, жазықтар, ойпаттар секілді жер бетінің көлемді бөлігінің бейнесін білдіретін жер бедерінің ірі формасы.
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы – ауадағы су буы мөлшерінің осы температурадағы ең көп су мөлшеріне қатынасы, процентпен көрсетіледі.
Атмосфера циркуляциясы – Жер бетіндегі ауаның әр түрлі қызуы және ондағы қысым айырмашылығы салдарынан пайда болатын ауа ағыстарының жүйесі.
Барометрлік саты – атмосфералық қысым жоғары қарай 1-мм-ге кеміп, төмен қарай өсіп отыратын биіктік.
Бентос – топырақта және су қоймасының түбінде тіршілік ететін жануар және өсімдік организдерінің жиынтығы.
Биомасса – аудан бірлігіне келетін тірі организмдердің мөлшері.
Биосфера – (гректің bios –тіршілік және sphaira- шар деген сөздерінен шыққан) жер шарындағы тірі организмдер таралған аймақ. Биосфера Жер бетін, литосфераның 2-3 км тереңдігін, гидросфераны, атмосфераның төменгі 10-12 км бөлігін қамтиды.
Бофорт шкаласы – желдің күшін баллмен өлшейтін шартты шкала: 0-тымық, 4-баяу жел, 6- күшті жел, 12-дауыл.
Бриз – теңіз, көл жағасында соғатын жергілікті жел.
Биік ендіктер – Жердің поляр аймағы.
Белдеулік уақыт – уақытты есептеудің халқаралық жүйесі. Жер беті 24 сағаттық белдеуге бөлінген, олардың әрқайсысы бойлықтың 15 градусына сай келеді.
Бұлттылық – аспан күмбезін бұлт басуы, ол 10 баллдық шкаламен белгіленеді.
Вулканизм – магманың жер қыртысында немесе оның бетінде орын ауыстыруына байланысты құбылыстардың , басқаша айтқанда, жанартау пайда болу және атқылау процестерінің жиынтығы.
Геологиялық жас – белгілі бір геологиялық дәуірден бері өткен уақыт.
Географиялық қабық – литосфераның, атмосфераның, гидросфераның және биосфераның өзара жанасатын, бір біріне ауысатын және өзара әсерететін күрделі кешен.
Географиялық ендік – жер бетіндегі белгілі бір пункттің экватордан қашықтығы.
Географиялық координаталар – жер бетіндегі бір нүктенің орның анықтайтын шамалар (ендік пен бойлық).
Географиялық бойлық – жер бетіндегі пункттің бастапқы меридианнан қашықтығы.
Геосинклиналь – жер қыртысының ұзынынан созылып жатқан тектоникалық қозғалмалы ойпаң учаскесі.
Гидрографиялық тор – белгілі бір территориядағы өзендердің, көлдердің, батпақтардың, су қоймаларының жиынтығы.
Гидросфера – (гректің hudor - су және sphaira- шар деген сөздерінен шыққан) Жердің су қабығы.
Географиялық зоналылық – жердің географиялық қабығының басты заңдылықтарының бірі, ол экватордан полюстерге қарай ландшафтардың ауысып отыруынан және әр түрлі географиялық белдеулердің, географиялық зоналар мен зона тармақтарының таралуынан байқалады.
Декреттік уақыт – жергілікті жердің белдеулік уақытына 1 сағат қосылған уақыт.
Денудация – тау жыныстарының үгілуі және пайда болған үгінділердің биік жерден су, жел, мұздың, әрекетінен сырғып, ойысқа шөгуі.
Депрессия – жер бетіндегі кез келген ойыс, мұхит деңгейінен төмен орналасқан қазаншұнқыр.
Дефляция – желдің әсерінен борпылдақ тау жыныстары мен топырақтың бұзылуы.
Жинау – ( латынның accumulatio – жиналу, шоғырлану деген сөзінен шыққан). Жер бетінде борпылдақ минералдық және органикалық шөгінділердің жиналу процесі. Ол суға, желге, мұздыққа байланысты болады.
Жағалық сызық – құрлық пен су аралығындағы жиек сызық.
Жел – ауаның жоғары қысымды аймақтан төменгі аймаққа қарай көлденең бағытта қозғалуы.
Жердің су балансы – жер бетіне жауын-шашын түрінде түсетін судың мөлшерін құрлық беті мен Дүниежүзілік мұхиттан белгілі уақыт ішінде буланатын су мөлшерімен байланыстыратын арақатыныс.
Жердің айналуы – Жердің батыстан шығысқа қарай немесе сағат тілінің қозғалу бағытына қарсы өз осін айнала қозғалуы.
Жылдық амплитуда – жыл бойындағы ең жоғары және ең төмен ауа температурасының арасындағы аыйрмашылық. Жылдық амплитуда негізінен алғанда жердің ендігіне байланысты.
Жылдық ағын - өзен арнасының ағыс қимасы арқылы бір жыл ішінде ағып өтетін су мөлшері, куб. м немесе куб. км – мен белгіленеді.
Жергілікті уақыт - әрбір елді мекеннің географиялық орнына сәйкес уақыт.
Жазық – құрлықтын биіктігі 200 м-ден аспайтын кең алқабы.
Қуаншылық климат – ауа температурасы жоғары, атмосфералық жауын-шашын аз, шөл мен шөлейттерге тән құрғақ климат.
Қойнау – теңіз, көл, су қоймасының құрлыққа ілгерілей еніп жатқан, дауыл мен толқын болмайтын шағын бөлігі.
Қырат – құрлықтың мұхит деңгейінен 200-500 м көтерінкі бөлігі.
Күннің айналуы – Жер секілді, батыстан шығысқа қарай Күннің өз осін айнала қозғалуы.
Климат – белгілі бір жерге тән ауа райының көпжылдық режимі.
Конвергенция - шыгу тегі әр түрлі жер бедері формаларының сырттай ұқсастығы.
Конденсация – булануға қарама-қарсы, су буының газ тәрізді күйден сұйық немесе қатты күйге айналу процесі.
Қалқан – жер қыртысының қатпарлы негізінің жер бетіне шығып жатқан үлкен аймағы, оның негізі тереңде орналасады.
Литосфера – (гректің litho - тас және sphaira- шар деген сөздерінен шыққан) жердің беткі , 15-70 км аралығындағы қатты қабығы.
Морена – мұздықтардың сырғуымен қоса жылжитын неше түрлі кесек тау жыныстарының (қиыршық тас, құм, саз) үйіндісі.
Муссондар – құрлық беті мен теңіз суының түрліше қызуына байланысты қыста құрлықтан теңізге, жазда – теңізден құрлыққа қарай соғатын желдер.
Нектон – жақсы жүзетін және ағыстарға қарсы едәуір қашықтыққа қозғала алатын су организмдері.
Ойпат – мұхит деңгейінен есептегенде биіктігі 200 м-ден аспайтын жазық.
Орогенез – тау түзілу процесі.
Пассаттар – мұхиттардың тропиктік белдеуінде соғып тұратын тұрақты желдер.
Планктон – су ағыстарымен бірге қозғалып жүретін өсімдік және жануар организмдерінің жиынтығы.
Платформа – материктердің геологиялық құрылымының негізгі элементі, жер қыртысының нашар тілімденген ірі бөлігі.
Полюстер – жердің ойша осьтері өтетін нүктелер.
Поляр шеңбері – экватордан солтүстікке қарай 66033/ ендіктерде жүргізілген параллель.
Су режимі - өзен, көл, батпақ суының деңгейі мен көлемінің белгілі уақыт аралығында өзгеруі
Салыстырмалы биіктік – жер бетіндегі белгілі бір нүктенің басқа нүктеден биіктігі, немесе абсолют биіктіктерінің айырмашылығы.
Тік белдеулік – таулы аудандарда климаттың, топырақтың, өсімдіктер мен жануарлардың биіктікке қарай біртіндеп алмасуы.
Тау жүйесі – шығу тегі ортақ, тізбек түзе орналасуында белгілі бір заңдылық болатын тау жоталарының жиынтығы.
Тау жыныстары – жер қойнауын түзетін, құрамы әр түрлі минералдардан тұратын табиғи түзінділер. Тау жыныстары шөгінді, магмалық және метаморфтық болады.
Тау торабы – екі немесе бірнеше тау жоталары түйіскен биік таулы аймақ.
Тау жотасы – екі жақ беткейі анық байқалатын, ұзындығы едәуір көтереңкі жер.
Теңіз суының толысуы – Ай мен Күннің Тарту күші салдарынан мұхит, теңіз суы деңгейінің оқтын-оқтын көтерілуі.
Тальвег - өзен аңғарының, сайдың ең терең нүктелерін қосатын сызық.
Трансгрессия – қүрлықтың төмен түсуі, мұхит түбінің көтерілуі немесе мұхит алабындағы су көлемінің артуы салдарынан теңіздің құрлықты басуы.
Транспирация - өсімдіктердің суды буландыруы. Транспирация нәтижесінде өсімдіктерде су ағыны түзіліп, ол арқылы олардағы еріген минералдық тұздар тамырдан жапыраққа өтеді.
Тропиктер – жер шарының бетіне экватордан солтүстікке қарай 23027/ ендіктер аралығына ойша жүргізілетін паралелльдер.
Төменгі ендіктер – жер бетіндегі 30-40 градус солтүстік және оңтүстік ендіктерге қарай орналасқан белдеулер.
Үгілу қыртысы – көптеген факторлардың әсер етуі нәтижесінде магмалық, метаморфтық және шөгінді жыныстардың бұзылып, өзгеруінен пайда болатын борпылдақ жыныстар қабаты.
Үлкен жер бедері – құрлықтың, мұхиттар мен теңіздер түбі жер бедерінің ең ірі формаларының жалпы атауы.
Үгілу – Күннің, ауаның, су мен тірі организмдердің әсер ету нәтижесінде тау жыныстарының бұзылып, химиялық өзгеріске ұшырауы.
Үйінді – белгілі бір арнамен ағатын су тасқындарының әрекетінен түзілетін шөгінділер (малтатас, қиыршықтас, құм және т.б.).
Шағын жер бедері – биіктерінің айырмашылықтары бірнеше метр ғана болатын жер бедері.
Шекаралық (төсеніш) қабат – атмосферамен жылу және ылғал алмасатын жер беті.
Шағылысқан радиация – жер бетінің шағылыстыру қасиеті нәтижесінде жоғалатын жиынтық күн радиациясының бір бөлігі.
Циклон – атмосферадағы орталығына қарай төмендей беретін аймақ.
Достарыңызбен бөлісу: |