Әдістемелік нұсқаулардың
Қ ұрастырушы: ___________________________________ п.ғ.д. Алинова М.Ш. «Кәсіптік оқыту» кафедрасы «Білім беру мекемелеріндегі кәсіпкерлік қызмет» пәні бойынша 0500120 - Кәсіптік оқыту мамандығының студенттеріне арналған Әдістемелік нұсқаулар Кафедраның отырысында ұсынылды 20__ж. «___»______________, №__ Хаттама Кафедра меңгерушісі _____________ Алинова М.Ш. 20__ж. «____» ________ Сәулет және құрылыс факультеті ОӘК мақұлданды 20__ж. «___»______________, №____ Хаттама ОӘК төрағасы _______________ Алдунгарова А.К. 20__ж. «____» ________ МАҚҰЛДАНДЫ: ЖжӘҚБ бастығы _____________ Варакута А.А. 20__ж. «____» ________ Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 20__ж. «___»______________ №____ Хаттама «БИЗНЕС ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ» тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар Кез келген бизнес идеядан туындайды. Бизнесті белгілі бір өнімді немесе қызметті ашқысы келетін адамдар бастайды. Бизнестегі жаңа мүмкіндік туралы идеяның пайда болуынан басқа оның тұжырымдамасын анықтау керек.
ӨЗ ТҰЖЫРЫМДАМАҢЫЗДЫ ТЕСТІЛЕҢІЗ Өз тұжырымдамаңызды ойластырып және жазғаннан кейін оны тестілеу керек. Бизнес бәсекелесті және табысты болу үшін, сіздің идеяңыз қаншалықты негізделгенін анықтау керек. Идеяны тесілеудің бір әдісі болып SWOT сараптамасы саналады.
Бизнесіңіздің тұжырымдамасын бағалау үшін келесіні жасаңыз: SWOT сараптамасының нысанын толтырыңыз. күшті, әлсіз жақтарды, мүмкіндіктер мен қауіпті өте маңызды аса маңызды емес ретінде сипаттаңыз. Өзіңіздің бизнес тұжырымдамасын бағалаңыз. 4. Сіз осы іспен айналысқыңыз келетіні туралы шешім қабылдаңыз. 1. Тұжрымдаманы сараптау үшін Ескендір SWOT сараптамасын жүргізеді. Ол нысанды толтырады және күшті, әлсіз жақтарды, мүмкіндіктер және қауіпті бөледі (өте маңызды ++ аса маңызды емес +).
Енді SWOT сараптамасы арқылы өз бизнесіңіздің тұжырымдамасына баға беріңіз. Келесі төрт қадамды жүзеге асырыңыз: Бизнестің ішінен барлық күшті және әлсіз жақтарын, бизнестен тыс мүміндіктерін және қаупін жазыңыз. 17 бетте көрсетілген нысанды пайдаланыңыз. Күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері және қаупін талдаңыз. Әр аспектіні келесідей сипаттаңыз және әр тармақтан кейін нысанда белгі қойыңыз. ++ Күшті, әлсіз, мүмкіндіктер және қауіп өте маңызды. + Күшті, әлсіз, мүмкіндіктер және қауіп аса маңызды емес. SWOT САРАПТАМАСЫ Бизнес ішінен
Бизнес сыртынан
2. Өзіңіздің кәсіпкерлік идеяңызды бағалаңыз.
«МАРКЕТИНГ» тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар Маркетинг – бұл ықтимал клиенттерді анықтау және келесі жолмен табысқа жол жеткізіп, олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жасалатынның барлығы: - олар қажет ететін өнімдер мен қызметтер ұсыну; - олар төлеуге дайын бағаны орнату; - сіздің клиенттеріңізге тауар және қызмет жеткізу; - сіздің тауар және қызметіңізді сатып алу үшін клиенттерді ақпараттандыру және тарту. Маркетингты орындау сатылары 1)Маркетинг клиенттердің қажеттіліктері мен сұраныстарына негізделетін бизнес тұжырымдамасынан басталады. 2)Өз бизнесіңіздің тұжырымдамасы негізінде сізге өз нарығыңызбен танысу қажет. 3)Нарық туралы ақпараттың көмегімен сіз маркетинг бойынша жоспар құрай аласыз. 4)Нарықпен үнемі танысып отырыңыз. Өз ісіңізді жүргізген кезде сіз клиенттердің қалауын тыңдап, сапалы тауар сатып немесе сапалы қызмет көрсетіп және өз клиенттеріңізге қызмет ету қажет. Төменде клиенттер және бәсекелестер туралы қосымша ақпарат жинаудың тәсілдері көрсетілген. Ықтимал клиенттермен сөйлесіңіз. Олардан келесі туралы сұраңыз: - олар қандау тауар және қызмет сатып алғылары келеді. - олар сіздің бәсекелестеріңіз туралы не ойлайды. Бәсекелестермен танысыңыз. Ақпарат жинаңыз: - өнім және қызметтер туралы, мысалы, сапа және дизайн туралы, - олар қандай бағаны орнатады, - олар сіздің клиенттеріңіздің тауарлары туралы не ойлайды. Бизнес бойынша жеткізушілер және жолдастарыңызға келесі сұрақтар қойыңыз: - олардың бизнесінде кімнің тауарлары жақсы сатылады, - олардың сіздің бизнес тұжырымдамасы туралы не ойлайды, - олар сіздің бәсекелестеріңіздің тауарлары туралы не ойлайды.
Ескендір жақында орналасқан шағын жеке фермерлік шаруашылық иелеріне барып, олар нені қажет екені туралы сұрастырды. Ол сонымен қатар металлдан бұйым жасайтын және өңдейтін көптеген құрылысшылар және жұмысшылармен сөйлесіп олардың қажеттілігі фермерлердің қажеттіліктеріне сәйкес келмейтінін анықтады. Айнакөлде оның скоба бұйымдары дүкенінің дара бәсекелесі болып Мараттың скоба бұйымдары дүкені болып табылады. Сонымен қатар Ескендір Ақтастағы бірнеше дүкен туралы ұмытпау керек. Айнакөл тұрғындары кейбір кезде онда қажетті тауарлар сатып алу үшін бару қажет болады. Ескендір өз бәсекелестері туралы көп мәлімет жинады.
Өз бизнесіңіз туралы: Нарықты зерттеу кезінде алынған, клиенттер туралы мәліметті пайдаланып төменде көрсетілген нысанды толтырыңыз. 1. 1 бағанда сіз сатқыңыз келетін өнімді немесе қызметті сипаттаңыз. Көтерме және бөлшек саудамен айналысатындар осындай тауарлардың әр тобын сипаттауы мүмкін. 2 бағанда әр өнімнің немесе әр қызметтің ықтимал тұтынушысын, оның төлеуге дайын екенін ескере отырып сипаттаңыз. 3 бағанда клиенттің сұранысына сәйкес келетін өнім немесе қызметті жазыңыз. Сондай-ақ тұтынушының осы өнім немесе қызметке қатысты ерекше қалауын сипаттаңыз: олар қашан сатып алғылары келеді, қалау сатып алғылары келеді, олар нені төлеуге дайын және т.с.с. 4 бағанда сіз өз бәсекелестеріңіз туралы білген маңызды ақпаратты жазыңыз.
МАРКЕТИНГ ЖОСПАРЫН ҚҰРЫҢЫЗ Сіздің маркетинг жоспарыңызды құрған кезде сіз өз өніміңізді немесе қызметіңізді қалай сататыныңызды ойластыру қажет. Маркетинг бойынша жоспарды құрған кезде маркетингтің негізгі төрт ережесін сақтау керек: Өнім, сіз тұтынушыға сатқыңыз келетін өнім немесе қызметті білдіреді. Баға, сіз өз тауарыңызға белгілеген бағаны білдіреді. Орналасқан орны, сіз қалай және қашан тұтынушыға қол жеткізе алатыныңызды білдіреді. Сату, сіз өз тауарларыңыз немесе қызметтеріңіз туралы клиенттерді қалай хабардар ететініңіз және оларды шығарылатын өнімді сатып алуға қалай тартатыныңызды білдіреді.
Ескендірде тауардың үш тобы болады: фермерлік құрал; саймандар; материалдар Скоба бұйымдары дүкені
Мысал М Наубайхана АРКЕТИНГ ЖОСПАРЫ ![]() өндірушілер және қызмет көрсету саласының жұмысшылары үшін
МАРКЕТИНГ ЖОСПАРЫ САТУ
БИЗНЕС НЫСАНЫН ҚАЛАЙ ДҰРЫС ТАҢДАУ КЕРЕК - әдістемелік нұсқауларБизнеске тиімді заңды нысанды мұқият таңдаңыз. Бұл нәтижесінде сіздің бизнесіңіздің жетістктерін анықтайды. Заңды нысанды таңдау көптеген факторларға байланысты, мысалы: - бизнес түрі және оның көлемі. - болашақ серіктестер саны, олардың қатысу және жауапкершілік деңгейі - қолданыстағы құралдар және заңмен бекітілген жарғылық қор көлемі, - жарғылық қордағы әр серіктестіктің үлес көлемі , - әр аталған заңды нысанның ерекшеліктері, - кәсіпкердің тұрғылықты орны немесе заңды тұлғаның ораласқан жері. Әр нысанның өз артықшылықтары мен жетіспеушіліктері болғандықтан, сізге таңдалған істің ерекшелігін талдап және сізге маңызды факторларды бағалау қажет. Мысалы дербес кәсіпкердің артықшылықтары мен жетіспеушіліктері
- шаруашылық серіктестіктермен салыстырғанда кәсіпкерлік қызметке рұқсатты жеңіл алу: - дербес кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметпен мемлекеттік тіркеуден бастап заңды тұлға құрмай айналысуға құқығы бар. - мемлекеттік тіркеу қатысу ретінде жүреді және тұрғылықты жер бойынша аумақтық салық органында дербес кәсіпкер ретінде тіркеуге тұру болып саналады. - тіркеу алымы алым төлеу күні АЕК 4 көлеміне тең соманы құрайды.
- несиелеудің шектеулі мүмкіндіктері, - қызметті дамытудың шектеулі мүмкіндіктері, - бар мүлікпен жауапкершілік тәуекелі. Мысал Ескендір өзінің скоба бұйымдары дүкені үшін қандай заңды нысанды таңдау туралы көп ойланды. Ол таңдауға тиіс – дербес кәсіпкер болу ма, әлде жауапкершілігі шектеулі серіктес құру ма. Ескендір дербес кәсіпкер болғанда оның тәуекелі көп болатынын біледі, бірақ оны жеңілдетілген процедура қызықтырады. Бұл ЖШС тіркеуден арзанырақ болады. Ескендір дербес кәсіпкер болу туралы шешім қабылдайды. Техникалық-экономикалық негіздемеде ол жазады:
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР тақырыбына - әдістемелік нұсқаулар Бизнес тұжырымдамасы қызметкердің қандай қабілеттері болуы тиіс екенін шешуге көмектеседі. Осыны анықтау үшін төрт қадамды орындаңыз: 1. Бизнес тұжырымдамасынан бастап сіздің бизнесіңіз қандай міндеттерді орындайтынын анықтаңыз. 2. Сіздің қандай міндеттерді орындауға уақытыңыз немесе қабілетіңіз болмайтынын шешіңіз. 3. Сіздің қызметкерлеріңізге қандай қабілет, тәжірибе және басқа талаптар қажет. 4. Осы міндеттерді орндау үшін қанша қызметкер қажет болатынын ойластырыңыз. Мысал ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР
Осы нысанды пайдаланып, сіздің бизнесіңізге қандай қызметкерлер қажет екенін анықтаңыз.
БАСТАПҚЫ КАПИТАЛ тақырыбына - әдістемелік нұсқаулар Инвестиция дегеніміз сіз бизнесіңіз үшін үлкен құндылығы бар бір нәрсені сатып алып, және оны оны ұзақ уақыт бойы пайдаланатыныңызды білдіреді. Кейбір кезде істі бастау үшін үлкен инвестициялар қажет емес. Инвестицияны минималды көлемде пайдаланған жөн. Бұл тәуекелділікті төмендетеді. Инвестициялық минимумды есептеу керек. Оларды екі санатқа бөлуге болады: - ғимарат - құрылғы Бөлмені (ғимаратты) таңдағанда ең маңызды факторларды сипаттап, төмендегі кестеде сәйкес белгі қойыңыз. Қажет болса, кестеге басқа факторлар енгізіңіз.
Өз таңдауыңызды жасағанда келесіні жасау қажетті ме екені туралы ойланыңыз: - жаңа ғимарат салу, - бар ғимаратты алу, - ғимарат немесе оның бөлігін жалға алу, - өз бизнесіңізді үйден басқару.
БАСТАПҚЫ КАПИТАЛДЫҢ ЖАЛПЫ СОМАСЫ шығару туралы әдістемелік нұсқаулар Мысал Ескендір оның шығындары сату түсімімен өтелгенге дейін үш ай қажет болады деп ойлайды. Ол сатып алушылар өздеріне жаңа дүкен ашқанға дейін белгілі уақыт қажет екенін түсінеді. Осы мерзімде оның бастапқы капиталы барлық төлемдерді өтеу керек. Оған тауар қорын сатып алу үшін қанша капитал қажет екенін есептеу қиын. Ол барлығына тауарды несиеге бермейді, бірақ фермерлерге тауарды алты айлық несиеге беруге мәжбүр, ал кейбір клиенттерге тауарды бір ай бойы бөліп төлеу шартымен беруге қажет болады. Ол бастапқы капиталдың қажетті сомасы оның әдетте қор құнынан екі есе артық болуы тиіс екенін есептеді. Келесі бетте Ескендірдің есебі берілген. БАСТАПҚЫ КАПИТАЛ Инвестициялар
Айналым капиталы
Әдебиеттер тізімі Негізгі 1) Кәсіпкерліктің жедел курсы – Павлодар: Кәсіпкерлік пен инновацияларды дамыту орталығы, 2011 жғ – 150 бет. 2) Бизнес-жоспарлау: кәсіпкерге арналған №1 әдістемелік құрал - Павлодар: Кәсіпкерлік пен инновацияларды дамыту орталығы, 2011ж – 27 бет. 3) Өз бизнесіңді баста: кәсіпкерге арналған әдістемелік құрал - Павлодар: Кәсіпкерлік пен инновацияларды дамыту орталығы, 2011 жғ – 67 бет. Қосымша 4) Жеке кјсiпкерлiк туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қантардағы №124 Заңы // Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21- құжат; «Егемен Қазақстан» 2006 жылғы 7 ақпан № 31. 5) Исекешев Ә.Ө., Әбдіқалықова Г.Н., Асанов Ж.Қ, Тілеухан Б.Қ. - Отбасылық бизнестің 100 түрі: кәсіпкерге арналған әдістемелік құрал.- I том Астана, 2011ж. – 284 б. жүктеу/скачать 303.74 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |