Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың



Дата11.06.2016
өлшемі136.91 Kb.
#128352

Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Гуманитарлық-педагогикалық факультет

«Әдебиеттану ғылымына кіріспе» пәнінен 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»

мамандығының студенттеріне арналған пәнді меңгеру жөніндегі

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР

Павлодар



Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор __________ Пфейфер Н.Э.

2012ж. «___»____________

Қ ұрастырушы: _____________аға оқытушы Г.А.Жұмабекова


Қазақ филологиясы кафедрасы
«Әдебиеттану ғылымына кіріспе» пәні бойынша 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының сырттай бөлім студенттеріне арналған пәнді меңгеру жөніндегі
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Кафедраның отырысында ұсынылды

2012 ж. «12» маусым №11 Хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________ Жүсіпов Н.Қ. 2012 ж. «30» қазан
Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің ОӘК мақұлданды

2012 ж. «19» қараша № Хаттама


ОӘК төрағасы _______________ Темиров К.У. 2012 ж. «21» маусым

МАҚҰЛДАНДЫ:

ОӘБ бастығы _____________ Жұманқұлова Е.Н. 2012ж. «____» ________
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

2012ж. «___»______________ №____ Хаттама



Курс бойынша қамтылатын тақырыптар
1-тақырып. Кіріспе. Әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігі
«Әдебиеттануға кіріспе» пәнінің мазмұны мен мәні. Әдебиетанудың негзгі салалры болып табылатын әдебиеттің тарихы, әдебиеттің теориясы, әдебиеттің сыны сияқты жеке салаларының өзара бірлігі мен ерекшеліктері туралы. Әдебиеттанудың қосалқы үш саласы: текстология және оның зерттеу объектісі; библиографияның әдебиеттану ғылымындағы маңызы, историографияның ғылыми функциясы. Әдебиеттанудың тіл білімімен, тарихпен, философиямен, мәдениеттанумен, эстетикамен байланысы. «Әдебиеттануға кіріспе» пәнінің құрылымдық жүйесі. «Әдебиеттануға кіріспе» пәнінің басты мақсаты студенттерді ғылыми терминдермен, теориялық топшылаулар жүйесімен таныстыру екендігі, сонымен қатар әдебиеттің қоғамдық сананың құрамдас бір бөлігі екендігін таныту. Әдебиеттің даму заңдылықтары мен әлемдік сөз өнерінің ортақ қасиеттерін, шығармашылықтың мазмұны мен өзіндік өнер ретіндегі ерекшеліктеріне тоқталу. Көркем әдебиеттің әлеуметттік-эстетикалық маңызы мен мәні туралы негізгі мәліметтер.

Қазақстанда әдебиет туралы ғылымының туу, қалыптасу кезеңдері. Әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігі. Оның басқа өнер түрлерімен байланысы және айырмашылығы. Сөз өнерінің қоғамдық сананың айрықша бір саласы ретіндегі қызметі. Оның эстетикалық сипаты. Сөз өнерінің өнер атаулының ең қиын және күрделі түрі екендігі. Өнер туралы қазіргі түсініктер мен пайымдаулар. Өнер мен әдебиеттің өмірді образды бейнелеудегі қызметі. Сөз өнерін жасаушы сурекер шеберлігі туралы қазіргі ғылыми пайымдаулар. Қаламгердің қоғамдық тұлғасы. Өнер иесінің талант табиғаты жайлы ой-пікірлері. Суреткердің азаматтық бітім-болмысы. Жазушы-ақындардың әрқилы ерекше қасиеттері туралы ойлар. Кез-келген қаламгердің өз заманының ұлы екендігі туралы тұжырым және оған қарсы айтылатын пікірлер. Көркем әдебиеттің қоғамдық мәні. Әдебиеттің таным тарапындағы маңызы. Әдебиеттің тәрбиелік қасиеті. Әдебиеттің эстетикалық сипаты. Әдебиеттің халықтығы мен ұлттық ерекшеліктері туралы.

Әдебиеттану сөз өнерін зерттейтін ғылым. Әдебиеттің ғылыми-эстетикалық сипаты. Әдебиеттану ғылымының негізгі үш саласы: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы, әдебиет сыны. Әдебеит теориясының зерттеу объектісі. Әдебиет тарихының жеке ғылым саласы ретінде қарастыратын зерттеу аясы. Әдебиет сынының қамтитын ғылыми-эстетикалық функциялары. Әдебиеттану ғылымының қосалқы үш саласы. Текстологияның қарастыратын мәселелері. Историяграфияның ғылыми сұраныс пен қажеттіліктерді қамтамасыз етудегі ролі. Библиографияның әдебиеттану ғылымының дамуындағы орны мен қызметі. Әдебиетану ғылымының басқа ғылым салаларымен байланысы.

Әдебиеттану және қоғамдық ғылымдар. Әдебиеттану ғылымы және жаратылыстану ғылымдары. Әдебиеттану ғылымының басқа ғылым салаларынан өзіндік ерекшелігі.



Ұсынылатын әдебиеттер: [1, 58-61 беттер], [2, 25-29 беттер].

2-тақырып. Сөз өнері жайлы ғылымның туу, қалыптасу тарихы
Сөз өнері жайлы алғашқы топшылаулар. Адамзат тарихындағы алғашқы ауызша-жазбаша деректер, олардағы әдеби-эстетикалық балаң пайымдаулар. Мысыр, Үнді, Қытай т.б. халықтардың ежелгі жазбаларында сақталған алғашқы әдеби мұралар туралы мағлұматтар. Көне Грециядағы әдеби-эстетикалық түсініктер. Эллада эстетикасы. Пифогордың әсемдік негізін сандық жүйесімен түсіндіруге ұмтылуы. Гераклиттің әсемдік негізін санамен байланыстыруы. Сократтың әрбір зат қажетке жарамдылығына қарай әсем болады деген түсінігі. Платонның идеалистік тұжырымдары. Аристотельдің «Поэтика» атты еңбегі. Оның көркем әдебиетті зерттеудегі маңызы мен мәні. Оның өнердің мақсаты – ақиқатты тану деген даналық қағидасының маңызы. Орта ғасырдағы діни түсініктер және ғылым. Ояну дәуірінің адамзат қоғамының дамуындағы ролі. Ғылымның, өнердің дамуы, озық ой-пікірлердің мистикалық, схолостикалық тұжырымдармен күресі. Р.Декарттың рационалистік көзқарасы. Оның әдеби-эстетикалық ойдың дамуындағы ролі. Н.Буалоның «Поэтикалық өнер» атты еңбегі. Ондағы өнердің ақиқат болмысы туралы пайымдаулар. Д.Дидро және оның өнер туындысының мақсаты мен мұраты туралы пікірлер. Л.Лессингтің шығармашлықтың мәні реализмде деп түсінуі. И.Гердердің әдебиеттану ғылымын қалыптастырудағы, оның әлем халықтары әдебиеттерін зерделей отырып, әдеби дамудың жаңаша, жалпыға ортақ заңдылықтарын ашуға ұмтылуы. И.Кант және оның көркем шығарма мен суреткер туралы өзіндік тұжырымдары. Ф.Гегельдің «абсолюттік идея», «абсолютті рух» туралы философиялық, эстетикалық тұжыырмдары. Оның «Эстетика» атты еңбегінің адамзат мәдениеті тарихындағы мәні мен маңызы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1, 112-118 беттер], [4, 69-75 беттер].

3-тақырып. Ресейдегі әдеби-эстетикалық ойдың даму тарихы
Батыс мәдениетінің орыстың философиялық, эстетикалық ой-пікірлерінің қалыптасуына жасаған әсер-ықпалы. Орыс ойшылдарының өнерді материалистік тұрғыдан түсінуінің басты себептері. XIX ғасыр Ресейдегі сыншыл реализмнің эстетикалық принциптерінің теориялық негіздері. Өнер мақсаты қоғамға қызмет ету деп түсіну. Батыс Еуропа ғалымдарының ой-пікірлерін дамытудағы әдеби-эстетикалық пайымдаулары. В.Г.Белинскийдің сөз өнері жайлы толғамдары. А.С.Пушкиннің шығармашылық мұрасы туралы зерттеулері. Орыс әдеби-эстетикалық, әлеуметтік сипаты. А.И.Герценнің әдеби-эстетикалық ой-тұжырымдары. Оның көркем шығарманың халықтығы мен ұлттығы туралы ойлары. Н.Г.Чернышевскийдің философиялық, эстетикалық көзқарастары және оның қоғамдық санаға әсері. Оның «Өнердің болмысқа эстетикалық қарым-қатынасы» еңбегіндегі көркем әдебиеттің мақсаты мен міндетін, адамзат өміріндегі маңызын анықтауы. Оның әдебиеттің қоғамдық мәнін ғылыми негізде түсіндіруі. Л.Н.Толстойдың көркем шығармашылық процесс туралы пайымдаулары. Оның шығармашылық табиғатын терең тануының себептері. мен алғышарттары. Өнердегі мазмұн мен пішін жайлы тұжырымдары. Оның әлемдік әдебиетке жасаған әсер-ықпалы. Орта ғасырдағы Қазақстандағы саяси-әлеууметтік жағдай жжәне ғылым мен білімнің даму ерекшеліктері. Ислам діні және философиялық, эстетикалық ілімнің өркендеу сипаты. Әбу Наср әл-Фарабидің әдеби-эстетикалық тұжырымдары. Ұлы ойшылдың шығармашылық тұлғаға қатысты пікірлері. «Поэзия өнерінің конондары» трактатының маңызы мен мәні. М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік», Ж.Баласағұидің «Құтадғу білік», А.Яссауидің «Хикмет» атты еңбектеріндегі эстетикалық пайымдаулар және олардың әлемдік ғылымдағы ролі. Қазақстанның Ресей арқылы Батыс Еуропалық ой-пікірлермен танысуы. Абайдың әсемдік туралы толғамдары. Оның шығармаларындағы поэзияның әлеуметтік, эстетикалық сипатына қатысты ой-пікірлер. Сыншыл реализмді қалыптастырудағы ролі, мазмұн мен пішін үйлесімін жасаудағы ерекшелігі. Ш.Уәлихановтың қазақ әдебиеттануы туралы зерттеулері. Еңбектерінің маңызы мен мәні. Қазақ поэзиясын классификациялауы. Ы.Алтынсариннің шығармашылық мұрасы. Оның қазақ прозасын қалыптастырудағы еңбегі. Көркем шығарманың тәрбиелік, эстетикалық мәніне қатысты ой-тұжырымдары. А.Байтұрсынов және қазақ әдебиеттану ғылымының жаңа сапаға көтерілуі. «Әдебиеттанытқыш» және ондағы кәсіби ғылыми тұжырымдар. Әдебиеттану терминдерінің қалыптасуы. XX ғасыр басындағы әдеби-эстетикалық көзқарастар.

Ұсынылатын әдебиеттер: [4, 58-63 беттер], [6, 86-91 беттер], [7, 110-112 беттер], [10, 46-49 беттер].
4-тақырып. Образ және образдылық
Әдебиет туралы ғылым және образдылық мәселесі. Әдебиеттің объектісі өмір, предметі адам екендігі. Образбен ойлаудың өзіндік ерекшеліктері. Өнердің өмірді бейнелеу ерекшеліктері. Адам тағдыры – өмірді танудың өзгеше тәсіл екендігі. Көркем шығарма негізгі – материал жинау. Қаламгер фантазиясының көркем бейне жасаудағы ролі. Ойдан шығару – образға апарар жол. Ойдан шығарудың адам тұлғасын жинақтау мен даралаудағы қызметі. Образ-адам-көркем бейне. Образдың суретті сөз екендігі. Суретті сөздің пайда болу жолдары. Көркем шығармадағы деталь. Жинақтау типке апарар жол. Типтік образдардың қасиеті. Даралаудың мінез жасаудағы қызметі. Мінез – адамның психологиялық ерекшелігі. Тура мінездеу мен жанама мінездеу. Образ жасау ерекшеліктері туралы қазіргі пайымдаулар. Тип және прототип. Қаламгердің портрет жасау жолындағы ізденістері. Портрет және мінездің өзара бірлігі туралы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [12, 32-38 беттер], [13, 62-67 беттер], [17, 58-63 беттер], [18, 44-51 беттер].

5-тақырып. Образдың түрлері
Образдың түрлерін көркемдік әдіс, әдеби тек (жанр) және жасалу тәсілі жағынан бөлудің ғылыми мәні. Романтикалық және реалистік образдар. Олардың ортақ қасиеттері мен айырмашылықтары. Лирикалық образ. Эпикалық образ, драмалық образ. Лирикалық образдың шарттылық қасиеті. Лирикалық бейне мен ақынның өз бейнесінің арақатынасы. Лирикадағы нәзіктік пен сыршылдық.

Эпикалы образдың толық жинақталған, жеке дараланған тип екендігі. Эпикалық образ сомдаудағы суреткер мүмкіншілігі. Бұл образдың нақтылығы мен заттылығы. Лирикалық образдан айырмашылығы. Драмалық образдың көзбе-көз, қолма-қол жасалатын бейне екендігі. Драмалық образ жасаудағы қимылдың, іс-әрекеттің, тартыстың ролі. Образдың жасалу тәсілдері тұрғысынан жіктелуі. Юморлық образ, сатиралық образ, трагедиялық образ, қаһармандық образ, фантастикалық образ т.б.



Ұсынылатын әдебиеттер: [10, 22-24 беттер], [11, 92-97 беттер].
6-тақырып. Тақырып пен идея. Мазмұн мен пішін
Өнер туындысының тақырыбы туралы пайымдаулар. Көркем шығарма

Тақырыбы туралы түсініктер. Тақырып табу және шығармашылық процесс. Тақырып пен идеяның тығыз байланыс. Шығарма тақырыбы және онда көрніс табатын шындық өмірдің мәні мен мазмұны. Кең тынысты эпикалық шығармалардағы бірнеше тақырыптың болу ерекшеліктері. Шағын көлемді шығармалардағы тақырып. Лирикалық туындылардың тақырыбы туралы қазіргі көзқарастар. Ой өзегі – тақырып пен идеяны жалғастырушы буын. Идея болмысы. Көркем шығарманың өзара бірлігі. Идеяның заманалылығы мен маңыздылығы. Идеяның күрделілігі. Негізгі идея. Оның алғышарттары пен принциптері. Авторлық идея және шығармашылық фантазия. Объективті идея. Оның шығу тенденциялары. «Мәңгілік» тақырыптар мен өміршең идея туралы қазіргі ғылыми ой-пікірлер. Суреткердің өзі таныған шынайы өмір құбылысына идеялық баға беруінің әр алуан сипаттары. Қаламгер идеясының объективтілік ерекшеліктері мен субъективтілік қасиеті.

Көркем өнердегі мазмұн мен пішін туралы ғылыми пайымдаулар. Сөз өнеріндегі идеялық мазмұнның образдылық пішінмен арақатынасы. Мазмұнның пішінге қарағанда басымдылығы.

Мазмұнның көркем әдебиетте тақырып пен идеяға негізділігі, пішіннің образдар жүйесіне қатыстылығы. Әсемдіктің өмір мен өнердегі қызметі.

Эстетика туралы түсінік. Негізгі эстетикалық категориялар. Эстетикалық сезім мен эстетикалық талғам. Сөз өнеріндегі мазмұн мен пішіннің ажырамас бірлігі мен бір-біріне көшу ерекшелігі.

Көркем пішіннің ақиқаттылығы мен бейнелілігі. Сөздің пішіннің алғашқы элементі екендігі. Мазмұнның пішінге қарағанда тұрақтылығы және пішіннің өзгермелі қасиеті.

Көркем шығармадағы мазмұн мен пішінге қатысты қазіргі ғылыми ой-тұжырымдар.

Ұсынылатын әдебиеттер: [11, 16-18 беттер], [15, 66-74 беттер], [19, 158-162 беттер].

7-тақырып. Сюжет пен композиция
Сюжеттік оқиғалар мен қаһармандардың өзара қарым-қатынасы, тартыстың нақты көрініс екендігі. Өмірдегі тартысты қайшылықтардың өнер шығармасында көрініс табу ерекшеліктері. Тратыстың көркем шығармадағы мәні мен маңызы, оның қозғаушы күш екендігі. Сюжет пен фабула. Лирикалық шығамадағы сюжет. Сюжетсіз шығармалар.

Композиция – көркем шығарма құрылысы, образдың өзара жүйелі байланысуы. Композицияның негзгі компоненттері. Сарынның тақырып пен идеяға қызмет етуі. Көркем шығарма композициясының негзгі талабы. Көркем шығарма эпизодтары. Көркем шығарма композициясының жанрлық ерекшеліктері. Шығарма композициясындағы уақыт пен кеңістік. Сюжет пен композицияның өзара бірлігі. Пролог пен эпилог туралы қазіргі ой-пікірлер.



Ұсынылатын әдебиеттер: [14, 162-168 беттер], [15, 28-35 беттер].
8-тақырып. Көркем шығарманың тілі. Троп және оның түрлері
Тіл және сөйлеу. Тіл - қатынас құралы. Тілдің қоғамдық функциялары. Ауызекі сөйлеу тілі. Әдеби көркем тіл. Тілдің стилистикалық еркшеліктері. Сөздердің көп мағыналылғы. Сөздердің тура және бұрма мағыналары. Шығарма тіліндегі жалпы қолданыстан тыс лексика. Көркем шығарма мәтіні. Филологиядағы, мәдениеттану мен семиотика ғылымдарындағы мәтін туралы тұжырымдар. Тілдің бейнелеуіштік қасиеті. Тіл мен ойдың арақатынасы. Автор тілі мен кейіпкер тіліндегі типтілік пен оқшаулық. Поэтикалық синтаксис. Поэтикалық сөздердің дыбыстық жүйелену ерекшеліктері. Көркем шығарма тілі және оның жанрлық ерекшеліктері. Қаламгердің сөздік қорының молдығы туралы түсінік. Мәндес сөздерді талғап пайдаланудың жолдары. Синонимия, синонимдердің қабаттаса, қатар келуі (плеоназм). Омонимдердің әдеби тілдегі қызметі. Антонимдік параллеь. Көркем шығармашылық материалының бір түрі: архаизм, неологизм, варваризм, диалектизм, идиомалар. Көркем тілдің интонациялық – синтаксистік мәнерлілігі. Эпитет, теңеудің қызметі.

Әдеби тілді тура мағынасында емес бұрма мағынасында қолданудың ерекшеліктері. Оның шығарма көркемдігіне әсері. Троптың классификациясы. Метафора және оның қолданылу аясы. Сөз мәнін өзгерту суреттелетін құбылысты айқындау, ажарландыру, суреттелетін объектінің мазмұнын терңдету ерекшеліктері. Жансыз табиғат құбылысының тірі адам кейпінде суреттелуі – кейіптеу, немесе олицетворение. Аллегорияның (пернелеу) деректі құбылысқа айналу қасиеті. Символыдың астарлы мәні. Метониямның ой ықшамдау мен образ дәлдігі үшін атқаратын қызметі. Метонимияның бір түрі синекдоханың (мегзеу) көркем тілдегі орны.

Троптың бір түрі – ирония (кекесін) мен сарказмның (мысқыл) сөз ажарын түрлендіру қызметі.

Ұлғайту (гипербола) мен кішірейту (литота) бейнелеуіш құрал ретінде. А.Байтұрсыновтың тіл көрнекілеу тәсілдері.



Ұсынылатын әдебиеттер: [10, 73-78 беттер], [11 29-33 беттер].
9-тақырып. Фигура (айшықтау) және оның түрлері
Фигура (айшықтау) әдеби тілдің әсемдігі мен әсерлігін күшейтетін тәсіл. Синтаксистік қалыптың өзгеру себептері. Фигураның түрлері. Арнау және оның түрлері. Жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау. Олардың өзіндік ерекшеліктері. Қайталаудың мағыналық сипаты. Оның түрлері: жәй қайталау, еспе қайталау, әдепкі қайталау, кезекті қайталау. Антитезаның (шендестіру) қарам-қарсы ұғымдарды бір-біріне бетпе-бет қою арқылы жаңа сапалық мағына немесе ұғым тудыру қасиеті. Градация (дамыту) және оның көркем ойды ажарлаудағы ролі. Оның Е.Ысмайлов бөліп көрсеткен екі түрі: түйдектеу мен баяулату. Инверсия (сөз орнын ауыстыру). Инверсияның жазушы стилімен байланысы. Элипсис (сөз тастап кету) және оның эфимизммен байланысы. Егіздеудің (параллелизм) екі ұдай құбылыстарды салыстыра суреттеушілік қызметі. Әдеби тілді ажарлау мен айшықтаудағы басқа да мағыналық өзгерістер туралы қазіргі ой-пікірлер.

Ұсынылатын әдебиеттер: [11, 12-15 беттер], [13, 58-63 беттер].


10-тақырып. Өлең туралы ғылыми пайымдаулар. Өлең өлшемдері
Көркем әдебиет тілінің екі түрлі сипаты: а) еркін құрылысты тіл – проза; белгілі бір тәртіптегі, тізбекке түскен тіл – поэзия. Өлең түрінде ой айту принциптері. Өлең құрылысы, жүйесі. Метрикалық өлең жүйесіндегі әуезділік. Тоникалық өлең жүйесіндегі екпіннің қызметі. Силлабикалық өлең жүйесіндегі буынның атқаратын қызметі. Силлабатоникалық өлең жүйесінің ерекшеліктері.

Ырғақ және оның өлең жүйесінде атқаратын қызметі. Өмір мен өлеңдегі ырғақ заңдылықтары. Өлең құрылысын түзудегі ырғақтың мәні. Өлең тілінің ұлт тілі және әдебиеттің даму заңдылығына байланысы.Өлең пішіні және схема туралы түсініктер. Өлең құрылым туралы қазіргі пайымдаулар.

Өлең құрылымын ажыратудың жолдары.поэзиялық шығармадағы ең үлкен бірлік шумақ. Шумақтың белгілі бір аяқталған ойға қатыстылығы. Тармақ және оының белгілі бір өлшемге негізделуі. Бунақ. А.Байтұрсыновтың бунақ туралы тұжырымдары. Буын және оның түрлері.Қазақ өлеңінің буын сандарының сәйкесу жолдары. Он бір буынды өлең. Жеті буынды өлең. Аралас буынды өлең. Өлең тармақтарының сөз аяқтарының үндестігі, өзара ұқсас, дыбыстас естілуі – ұйқас. Ұйқастың өлең пішіні мен мазмұнына әсері. Қазақ өлеңіндегі дәстүрлі ұйқас түрлері: қара өлең ұйқасы, шұбырптпалы ұйқас, ерікті ұйқас, кезекті ұйқас, шалыс ұйқас, егіз ұйқас, аралас кезекті ұйқас , осы күнгі ерікті ұйқас. Ұйқастың өлең өлшеміндегі қызметі. Ұйқас пен ойдың бірлікте болу принциптері. Ұйқас қуалаушылқтың өлең мазмұнына тигізер әсері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [12, 85-88 беттер], [14, 112-118] беттер.

11-тақырып. Әдебиеттің тектері мен түрлері
Әдебиеттің тектері - эпос, лирика, драма екендігі. Әдеби шығарманың түрлері - әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, трагедия, т.б. Жанр мәселесі маңындағы шартты пікірлер. Жанрдың даму үстіндегі ұғым екендігі. Эпостың адам мінезін терең ашып, жан-жақты танытатын күрделі жанр екендігі. Лириканың шындықты адамның көңіл-күйі мен ой-сезіміне астастыра суреттейтін психологиялық қасиеті. Драманың шындықты айрықша тәсілдермен синтез қалпына келтіріп, шиеленіскен тартыстар үстінде жинақтап, оқиғаға қатысатын адамдардың сөзі мен ісі арқылы көрерменнің көз алдына қолма-қол көрсететін ерекшелігі. Аристотель, Гегель, Белинскийлердің поэзияның түрі мен тегі туралы ойлары. Көркем шығармашылық тегінің дифференциясы. Көркем шығармашылық жанрларының нақты тарихи характері. Жанрлардың өзара байланысы және олардың шартты шекаралары. Түр – жанрдың жеке, нақты көрінісі. Көркем шығарманың жанрлық-түрлік өзіндік ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [13, 89-93 беттер], [16, 112-115 беттер].
12-тақырып. Әдеби процесс туралы түсінік
Әдеби даму заңдылықтары. Әдебиет және фольклор. Әдебиеттің қалыптасуы. Әдебиет дамуының тарихи кезеңдері, мәдени-тарихи дәуірлері. әдеби байланыстар. Дәстүр және жаңашылдық. Әдебиетті нақты тарихи және салыстырмалы типологиялық тұрғыда зерттеу. Әдебиеттің жаппай дамуы. Көркемдік әдіс, әдеби ағым, бағыттар туралы түсінік. Көркем әдіс туралы түсінік. Бағыттар мен ағымдарды бағалау, таңдау принципі бойынша қалыптасуы. Әдебиеттегі негізгі бағыттар. Әдіс және стиль. Стиль туралы түсінік. Стиль және шығармашылық ерекшелігі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [4, 53-57 беттер], [6, 28-34 беттер], [17, 61-68 беттер], [19, 79-85 беттер].
Қолданылатын әдебиеттер
Негізгі:

1 Көп томдық шығармалар жинағы. 5 том. Жаңа жолдан. Алматы, 2010.

2 Елеукенов Ш. Әдебиет – тәуелсіздік қаруы. Бүгінгі сөз өнері. Алматы, 2009.

3 Әскербекқызы Ж. Көркемдік өріс. Астана, 2008.



Қосымша:

4 Ахметов К. Әдебиеттануға кіріспе. Алматы, 2004.

5 Әдебиеттану терминдерініі сөздігі. Алматы, 1996.

6 Байтұрсынов А. Шығармалары. Алматы, 1989.

7 Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. Алматы, 1959.

8 Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, 1992.

9 әл-Фараби. Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат. Алматы, 1980.

10 Дербісәлин Ә. Әдебиет туралы толғаныстар. Алматы, 1990.







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет