Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Филология, журналистика және өнер кафедрасы
«Қазіргі дәуір әдебиеті» пәнінен 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының сыртқы бөлім студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР
Павлодар
Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/41
|
|
БЕКІТЕМІН
ОІ жөніндегі проректор __________ Пфейфер Н.Э.
(қолы) (аты-жөні)
20__ж. «___»____________
|
Қ ұрастырушы: _____________ф.ғ.к, доцент Муталиева Р.М.
( қолы) (аты-жөні)
Қазақ филологиясы кафедрасы
(кафедра атауы)
«Қазіргі дәуір әдебиеті» пәні бойынша 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының сыртқы бөлім студенттеріне арналған
Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
Кафедраның отырысында ұсынылды
20__ж. «___»_______№__ Хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________ Жүсіпов Н.Қ. 20__ж. «____» ________
(қолы) (аты-жөні)
Филология, журналистика және өнер факультетінің ОӘК мақұлданды
(факультет атауы)
20__ж. «___»______________ №____ Хаттама
ОӘК төрағасы _______________ Жұманқұлова Е.Н. 20__ж. «____» ________
(қолы) (аты-жөні)
МАҚҰЛДАНДЫ:
ЖжӘҚБ бастығы _____________ А.А.Варакута 20__ж. «____» ________
(қолы) (аты-жөні)
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
20__ж. «___»______________ №____ Хаттама
Курс бойынша қамтылатын тақырыптар
1-тақырып. Сәкен Сейфуллин(1894-1938)
Сәкен Сейфуллиннің қазақ кеңес әдебиетінің іргесін қаласқан көшбасшы екендігі. Өмірбаянынан қысқаша мәлімет.
Ақынның «Өткен күндер» (1914)жинағы. Алғашқы өлеңдеріндегі демократтық, ағартушылық сарындар және оның Абай дәстүрімен жалғастығы.
«Асау тұлпар» (1922) атты екінші жинағы. Оның жаңа заман, зымыран уақыт тынысын асау тұлпар арқылы бейнелеуі. Өзіне тән ақындық стилінің қалыптаса бастауы.
С.Сейфуллиннің төңкеріске белсене атсалысуы, оның «Асығып тез аттандық», «Кел,жігіттер», «Жас қазақ марсельезасы», «Кім де кімнің тасқын судай қайраты», «Біз» және т.б. өлеңдерінде көрініс табуы.
Сәкен поэзиясының тақырып, жанр жағынан байи түсуі. Өз туындыларында еңбек адамының бейнесін «Жұмыскерлерге», «Қара айғыр», «Маржан», «Бұлшық ет», «Біздің Сәуле» өлеңдерінде жасауы.
Ақын поэзиясында махаббат, табиғат,көңіл-күй лирикасының айрықша орын алуы. Осы тақырыптың «Күз», «Жазғытұры», «Жазғы дала», «Қарлы аязда», «Тау ішінде», «Сағындым», «Шәйіт болған досыма», «Сыр сандық» сияқты көптеген өлеңдерінде сипатталуы.
Ақын поэмаларында өршіл романтикалы махаббат сарыны. «Аққудың айрылуы», «Лашын әңгімесі».
«Советстан» поэмасында ақынның өмір құбылыстарына таптық, социалистік идеология тұрғысынан қарап, жалаң үгіт-насихатқа ұрынуы.
«Қызыл ат» поэмасында Қазақстандағы «кіші октябрьдің» авторы Голощекиннің қазақ халқын ашаршылыққа, босқындыққа ұшыратқан қанқұйлы саясатын символдық образдар арқылы ишарамен білдіруі. Поэмадағы Қызыл аттың еңбекші шаруаның образы екендігі. Дастандағы ақын бейнесі. Атты сипаттаудағы ақынның өзіндік жаңалығы.
«Көкшетау»(1929) поэмасы. Шығарма оқиғасының ел аузындағы аңыз-әңгімелермен сабақтастығы. Автордың Абылай хан образын сомдауда тек таптық тұрғыдан келіп, оны қатыгез, жексұрын етіп суреттеуі. Тұтқындағы қалмақ қызының, Адақ батырдың бейнелері.
Сәкеннің «Бақыт жолында»(1917), «Қызыл сұңқарлар» (1920) пьесалары және олардың қазақ драматургиясының туып, қалыптасуына ықпалы.Бұл пьесаларда таптық, топтық күрес пен әйел теңдігі мәселелерін көтеруі. Тартыстың нанымды шықпауыцндағы олқылықтар.
«Тар жол,тайғақ кешу» романы(1927). Шығарманың шежірелік, өмірбаяндық, публицистикалық сипаттары. Автордың сол кездегі «Үш жүз», «Алаш» партияларының көсемдеріне деген біржақты көзқарасы. Сәкен образы. Романдағы автор тұлғасы мен орта, заман, уақыт құбылыстарының диалектикалық бірлігі.
«Айша» повесі. Шығармада махаббат, ар-ұждан бостандығы мәселелерінің қозғалуы. Айша бейнесі. Оның басқа әйелдер образынан айырмашылығы.
«Жер қазғандар» повесі. Идеялық, көркемдік маңызы.Хикаядағы Гүлия-Бұзаубақ- Әзімхан сюжеттік линиясы арқылы жазушының адамгершілік мәселесін көтеруі.
Ұсынылатын әдебиет: [1], [2], [22],[25], [61]
2-тақырып. Бейімбет Майлин (1894-1938)
Қазақ әдебиетінен Бейімбет Майлиннің алатын орны. Өмірбаянынан қысқаша мәлімет.
Қаламгердің жас кезінде жазған «Байлыққа», «Мал», «Жазғы қалып» өлеңдерінде кедей бұқараның мұң-мұқтажын жырлауы.
Ақынның жиырмасыншы жылдардың бас кезінде жазған «Рәзия қыы» (1920), «Зәйгүл» (1921), «Жігіт пен қыз», «Қашқын келіншек» өлеңдерінде әйел зарын паш етуі.
Бейімбет поэзиясындағы ауыл кедейінің бейнесі. Мырқымбай образы арқылы автордың кедейлердің басынан кешкен бүкіл өмір тарихын, олардың сана-сезіміндегі жаңа өзгерістерді сипаттауы. Бұл құбылыстардың «Мырқымбай», «Қазақ туралы кім не дейді», «Кедейдің кейістігі», «Әйт,шу,ала атым», «Қара сор» өлеңдерінде көрініс табуы. Осы жүйелі ойдың «Мырқымбай» атты пэмаға ұласуы.
Бейімбеттің лирикалық поэмалары. Олардың көлемінің шағын, оқиғасының тартымды келетіні.
«Сағындық»(1927), «маржан»(1923), «Кемпірдің ертегісі»(1927), «Қанай»(1928) поэмаларында әйел теңдігін , 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысты , азамат соғысы жылдарының кейбір оқиғаларын суреттеуі.
«Шұғаның белгісі»(1915) повесінің Бейімбеттің проза жанрындағы алғашқы шығармасы екндігі. Повестің тақырыбы,идеясы. Шұға, Әбдірахман бейнелері.Кейбір ұнамсыз типтер.
«Талақ», «Естай ауылы», «Киелі сұлу» әңгімелерінде салт-сананың көрінісі.
Бейімбеттің қазақ аулын колхоздастыруға көзқарасы. «Күлтай болыс», «Қар шелек», «Көктеректің баурайында», «Қызыл әскердің семьясы» әңгімелерінде кедейлерді қоғамдық жұмысқа ұйымдастыру айтылса, «Арыстанбайдың Мұқышы», «онбес үй», «Қырманда» әңгіме, новеллаларында колхозға қарсы адамдарды сипаттауы.
«Раушан-коммунист» (1920) повесі. Раушан образы. Раушанның қоғамдық істерге араласуы.
«Азамат Азаматыч» (1934)романы. Романда қазақтығ оқыған зиялыларының суреттелуі.Реалист қаламгердің Азамат Азаматыч бейнесінен адам баласына кемшілік пен қателесу тән екендігін көрсетуі. Романдағы айнымалы, азғын әйел Мәриямның, Бұрынғы ақтың офицері Жүністің және Рахым Шегіров образдарының өмір шындығына сай суреттелуі. Романның толық аяқталмай қалғандығы.
Б.Майлиннің драматургиялық жанрда өнімді еңбек етуі. «Жалбыр»1916 жылғы қозғалыстың , «Амангелді» (Ғ.Мүсіреповпен бірге жазған) , «Біздің жігіттер» туындыларында азамат соғысын суреттеуі.
«Майдан», «Талтаңбайдың тәртібі» драмалық шығармаларында колхоздастыру мәселесін көтеруі. Бұл шығармалар өткір тартысқа, сатираға құрылуы.
Б.Майлиннің «Ауыл мектебі», «Шаншар молда», «Неке қияр», «Көзілдірік», «Жасырын жиылыс», «Келін мен шешей» комедияларында ескілікті сынауы.
Ұсынылатын әдебиет: [1], [2], [22],[25], [61]
3-тақырып. Ілияс Жансүгіров(1894-1938)
І.Жансүгіровтің әдебиеттің әртүрлі жанрына қалам тартып, барлық талант қырларының жарқырап көрінуі. Әсіресе поэзия саласындағы жетістігі.
Өмірбаяны туралы қысқаша мәлімет.
Шығармашылық жолының басында әлеуметтік мәселені көтеруі. «Не күйде», «Ел шетінде», «Жау бетінде», «Арыным» өлеңдері.
Қазақ поэзиясында Абай дәстүрін ілгері дамытып, табиғат көріністерін «Күз», «Жазғытұрым», «Жазғы шілде» өлеңдерінд суреттеуі.
Өндіріс туралы «Алтын қазан», «Заводта», «Жаңа дала» жырларын шығаруы.
«Қазақстан», «Мәскеу», «Ресей жері» өлеңдері арқылы достыққа үндеуі. Күншығыс халқының саяси-әлеуметтік санасын суреттейтін «Гималай» өлеңінің қысқа лирикалық өлеңнің озық үлгісі екендігі.
Өнер тақырыбына арналған өлеңдері: «Ән», «Әншіге».
І.Жансүгіровтің қазақ әдебиетінде поэма жанрының дамуына үлес қосып, «Байкал», «Рүстем қырғыны», «Жаңа туған», «Кәмпеске», «Дала», «Күй», «Күйші», «Құлагер» туындыларын жазуы.
«Күй»(1929), «Күйші» (1935) поэмаларында күй құдыретін, өнердің эстетикалық мәнін, сыры мен сипатын шабытпен өрнектеуі. Қобызшы Молықбай образы. Күйші үйсін жігіті мен Қарашаш бейнелері.
«Құлагер» поэмасында Ақан сері образын сомдауы.
Проза жанрындағы алғашқы қадамдары. «Құқ» атты фельетондар жинағы.
«Жолдастар» романы (1935).Онда төңкеріс қарсаңындағы қазақ кедейлерінің аянышты өмірі. Сатан, Мардан, Шалматай, Нәзипалардың кесек образ дәрежесіне жетпей қалуы. Сюжет құрудағы кемшіліктер.
«Кек»(1931), «Түрксиб»(1934), «Исатай-Махамбет»(1936) пьесалары. Махамбет бейнесін поэзия тілімен драмалық образ дәрежесіне көтерудегі шеберлігі. Исатай бейнесі.
Аудармалары. Пушкиннің «Гаврилиада», «Евгений Онегин» шығармаларын аударуы.
Ұсынылатын әдебиет: [1], [2], [22],[25], [61]
4-тақырып. Мағжан Жұмабаев(1893-1937)
Өмірбаянынан қысқаша мәлімет. М.Жұмабаевтың шығармашылық жолындағы алғашқы қадамдары.Қазақ поэзиясының ежелгі дәстүрін ілгері дамыта отырып, ағартушылық бағытта «Өнер-білім қайтсе табылар», «Сорлы қазақ», «Жазғы таң» , «Қазағым» өлеңдер жазуы.
Ақынның ағартушылық,үгіт-насихаттық бағыттағы сыншыл реализмге ден қойып, ескі әдет-ғұрыптың, қалыңмалдың құрбаны болған қазақ әйелдерінің бас бостандығын жырлайтын «Орамал», «Тілегім», «Алданған сұлу» өлеңдері.
Мағжан поэзиясының саяси-әлеуметтік сарынын күшейтіп, уақыт талабын, замана рухын бейнелейтін «Бостандық», «Күншығыс», «Жаралы жан», «Тұтқын», «Жауға түскен жанға» өлеңдерін жазуы.
Ақынның поэзия әлеміндегі ізденістері. Бальмонт, Брюсов, Мережковский, Сологуб, Блок сияқты символист ақындарға еліктеп өлеңдер жазуы. «Сарғайдым», «Бүгінгі күн өмір, өлім менікі», «Берниязға», «Өмір», «Мені де өлім, әлдиле» өлеңдеріндегі өмір мен өлім философиясы.
Мағжанның махаббат лирикасы. «Сүй, жан сәулем», «Н-ға», «Сен сұлу», «Сүйгенім анық», «Гүлсім ханымға», «Жұлдызды жүзік, айды алқа қып берейін» өлеңдеріндегі жан мен тән сұлулығының диалектикалық бірлікте жырлауы.
Мағжанның балаларға арнап өлеңдер, оқу құралдарын шығаруы. «Бастауыш мектептегі ана тілі»(Ташкент,1923), «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту мәні»(Москва,1925) , «Педагогика» (Орынбор,1923) , «Сауатты бол»(Москва, 1926) оқулықтары мен «Аққала», «Әже», «Немере мен әжесі», «Қойшы бала мен күшік» өлеңдері.
Қазақ халқының тарихы, аңыз-әңгімелері негізінде «Батыр Баян», «Жүсіп хан», «Өтірік ертек», «Қорқыт», «Қойлыбайдың қобызы» поэмаларын жазуы.
«Батыр Баян» поэмасы. Поэмадағы Абылай хан, Баян батыр образдары. Махаббаттың трагедиялы хикаясы. Абылай ханның характеріндегі кейбір қайшылықтар. Баянның өлімі. Поэмадағы орыс әдебиетінің әсері.
«Жүсіпхан» поэмасы. Шығармадағы Аббасхан, Жүсіпхан, бейнелері. Жүсіп образының символдық мәні.Сол арқылы сталинизм дәуірінің сипатын әшкерелеу.
«Өтірік ертек» дастаны. Шығарма сюжетінің шарттылыққа құрылуы. Мысыққа қарсы тышқандардың көтерілісі. Поэмада байды байыту тәңірдің ісі деген философияны жоққа шығару.
«Тоқсанның тобы» дастаны. Поэмадағы тоқсан деген сөздің символдық мәні. Автордың еңбекші жарлыны мадақтап, туған халқын жақсы көретінін өлеңмен өрнектеуі.
Мағжан аудармалары. «Орман патшасы» (Гете), «Күннің батуы» (Гейне), «Сарғайып келген егін толқынданса», «Тұтқын»(Лермонтов) шығармалары арқылы көрінетін аударма саласындағы асқан шеберлігі. Ақынның Горький, Иванов, Мамин- Сибиряк тәрізді орыс қаламгерлерінің прозалық шығармаларын аударуы. Олардың өзіндік ерекшеліктері.
Мағжан поэзиясының өлең құрылысы. Қазақ өлеңін байытудағы жаңалықтары. Образдар өрнегі.
Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы туралы қорытынды.
Ұсынылатын әдебиет: [1], [20], [23],[25], [61]
5-тақырып. Жүсіпбек Аймауытов(1889-1931)
Өмірбаянынан қысқаша мәлімет.
Прозалық шығармалары.. «Қартқожа»(1926) романы. Шығармада қазақ аулының төңкеріс қарсаңындағы саяси- әлеуметтік тіршілігін, қоғамдық әділетсіздіктерді суреттеу.1916 жылғы оқиғаның 1917 жылғы ақпан төңкерісіне ұласуы. Соның нәтижесінде сана – сезімі оянған қазақ кедейлерінің әлеуметтік күрес алаңына шыға бастауы. Қартқожа бейнесі. Романның көркемдік әлемі. Авторлық мінездеме, характер сомдау ерекшеліктері.
«Ақбілек»(1927-28) романы. Романдағы феодалдық- патриархалдық қоғам қалыптастырған ескі салт-сананың бұғауынан құтылып, мәдениетке, оқу-білімге ұмтылған Ақбілектің образы. Алтынай, Бозінген, Күмісай, Өрік сияқты қазақ әйелдерінің от басы, ошақ қасында қалып, етекбасты болған өмірлерінің суреттелуі. Шығармадағы Ақбала, Доға, Балташ, Жорғабек,т.б. қосалқы қаһармандар тағдырының суреттелуі
.Романның психологиялық роман екендігі. Шығарманың көркемдік әлемі. Автордың баяндау тәсілдері. Кейіпкерлер психологиясын сипаттаудағы шеберлігі.
«Күнікейдің жазығы» (1928) повесінің тақырыбы қазақ әйелінің тағдыры екендігі. Күнікей образы. Оның образын сомдап, толықтыра түсуге көшпелі тұрмыс тудырған салт- сананың әсер-ықпалы. Повестегі қосалқы кейіпкерлер Құлтума, Тұяқ,Шекер, Байман образдары.Шекер, Байман, Тұяқ бейнелері.
Ж.Аймауытовтың 20-30 жылдары жазылған «Өмір деген осы ма», «Мысыққа ойын, тышқанға өлім»(1923), «Елес», «Қойшы Тастамақ», «Жидебайдың баяндамасы»(1924), «Әнші», «Көшпелі Көжебай», « Жол үстінде»(1925), «Боранды болжаған әулие» (1926), «Ханамар тарихы»(1927), т.б. әңгіме-новеллаларының тақырыбы, идеясы.
Драмалық шығармалары: «Мансапқорлар»(1925), «Ел қорғаны», «Қанапия мен Шәрбану»(1926), «Шернияз»(1926).
«Ел қорғаны» пьесасындағы оқыған кейбір қазақ зиялыларының еркіндік, бостандық үшін күресте қате көзқарастарының сыналуы. Ал «Қанапия- Шәрбану» пьесасының С.Сейфуллиннің «Бақыт жолына» атты шығармасымен тақырып жағынан үндестігі. Бірін-бірі ұнатқан екі жастың махаббат хикаясы, қосыла алмауы мен 1916 жыл шырғалаңының тұспа-тұс келуі. Елдегі әлеуметтік әділетсіздік пен тап тартысының көрінісі. Пьесадағы Шәрбану, Қанапия, Ынтықбай, Сазанбай, т.б. образдар.
«Мансапқорлар» пьесасы. Шығармадағы атақ, мансапқа таласып, өзара қырғиқабақ болған Қасқырбай болыстың, оның туыс інісі әрі тілмашы Мүсілімнің бейнелері. Пьесада ағайын адамдардың арасына жік салған іштарлықтың, көре алмаушылықтың қантөгіске, зұлымдыққа ұласуы.
«Шернияз» пьесасы. Шығармадағы Шернияз бейнесі. Рушылдық пен жікшілдік жайлаған ел ішіндегі айтыс- тартыс, дау- дамайдың Шерниязды күреске итермелеп ширатуы. Оның жеңісі мен жеңілісі. Пьесаның жалпы идеясы.
Ж.Аймауытыв шығармашылығы жөнінде қорытынды.
Ұсынылатын әдебиет: [1], [20], [23],[36], [61]
6-тақырып. Мұхтар Әуезов (1897-1961)
Шығармашылық өмір жолы. 20-жылдары жазған әңгіме, повестері: «Қорғансыздың күні», «Барымта», «Жетім», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық», «Қаралы сұлу», «Оқыған азамат» және «Қараш-Қараш оқиғасы», «Қилы заман» повестері.
«Барымта», «Жетім», «Қорғансыздың күні», т.б. әңгімелерінде автордың сол кездегі әлеуметтік өмір шындығын көрсетіп, зорлық пен қорлық көрген қорғансыздардың жағына шығуы.
«Қараш-Қараш оқиғасы» (1927) повесі. Шығармадағы таптық, топтық және әлеуметтік тартыстардың көрінісі. Бақтығұл мен Жарасбай образдары. Көркемдік ерекшеліктері. Толстой стиліне тән психологизмнің кейбір әсерлері.
«Қилы заман» (1928) повесі. Повестің ел басқарудың әкімшілдік-әміршілдік жүйесінің тұсында оқылуға тыйым салынуы. Жетісу өңіріндегі 1916 жылғы көтерілістің суреттелуі. Ұзақ, Жәмеңке, Серікбай сияқты халық өкілдерінің образдары. Рахымбай, Түнғатар, Ақжелке тәрізді ұнамсыз типтер. Повестің баяндау жүйесінің ерекшеліктері. Портрет пен пейзаж. Адам характерін жасаудағы диалогтың мәні.
М.Әуезовтің отызыншы жылдары жазылған «Іздер», «Бүркітші», «Шатқалаң», «Білекке білек», «Құм мен Асқар» шығармаларының мәні.
Драмалық туындылары: «Еңлік-Кебек»(1917), «Қаракөз» трагедиялары. Оларда махаббат бостандығы мен әйел теңдігі мәселесінің көтерілуі. Трагедиялық образдар жүйесі.
«Түнгі сарын»(1934) пьесасында 1916 жылғы көтерілістің көркем бейнеленуі. Драмалық шиеленіске толы тартыс таңбасы. Жантас, Тәнеке образдары.
«Шекарада» пьесасы (1938). Шығармада ел қорғау,қырағылық, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімінің өркендеуі. Пьесадағы Мұрат , Сәрсен, Қанай мен Ажардың образдары. Әйтсе де драмалық шиеленістің жалған тартысқа құрылуы.
Тарихи тақырыптағы «Хан Кене» драмасын жазуы. Туындыдағы Кенесары мен оның інісі Науан батырдың бейнесі. Әлеуметтік және жеке бастық ішкі тартыстар. Әйелдер образдарының кейбір ерекшеліктері.
М.Әуезовтің Соболевпен бірге жазған «Абай» трагедиясы (1940). Ондағы Абай бейнесі.Ақынның әділетті өмір мен адам баласының бақыты үшін жауыздықпен бетпе-бет арпалысуы. Бірін бірі сүйген Айдар мен Ажардың бас бостандығын қорғау арқылы феодалдық ескі салт- санаға қарсы шығу.
Халықтық эпостық жырлар негізінде «Айман-Шолпан»(1934), «Қарақыпшақ Қобыланды» (1941) пьесаларын жазуы. Ел қорғау, ерлік пен ездік мәселесін көтеруі.
«Абай жолы» роман-эпопеясының тек қазақ әдебиетінің ғана емес, әлемдік әдебиеттің озық туындысы екендігі. Оған берілген әр түрлі әдеби сыйлықтар мен өнер қайраткерлерінің бағасы.Романның эпопеялық сипат-белгілері. Шығармада Абай өмірі мен шығармашылығымен қатар қазақтың жарты ғасырлық саяси-әлеуметтік өмірін , тұрмыс салтын көрсетуі.
Роман – эпопеяның басты тұлғасы Абай екендігі.Абайдың өсу, кемелдену эволюциясы.
Романдағы Абай және кедей жатақтар. Құнанбай бейнесі. Тәкежан, Әзімбай, Ысқақ, Оразбай, Майбасар бейнелері. Романдағы әйелдер бейнесі. Романның көркемдік ерекшеліктері.
Әуезовтің аяқталмай қалған «Өскен өркен» (1962) романы. Оңтүстік өлкедегі мал шаруашылығына қатысты көкейтесті мәселелер. Карпов, Алмасбек, Әсия бейнелері.
Әуезовтің аудармалары. Шекспирдің «Отелло», «Асауға тұсау», Гогольдің «Ревизор», Н.Погодиннің «Ақсүйектер», К.Треневтің «Любовь Яровая» пьесаларын аударуы. Осы арқылы драматургияның қыры мен сырын игеруі.
«Әдебиет тарихы»(1927) Әуезовтің тұңғыш зерттеу кітабы екендігі. Ғалым-жазушының қазақ фольклорының ертегі, эпостық жырлар, ақындар айтысы, т.б. жанрлар туралы зерттеулері. «Әр жылдар ойлары», «Абай Құнанбаев», «Уақыт және әдебиет» зерттеулері.
Әуезов бейнесінің көркем прозада, театр сахнасында бейнеленуі.
Ұсынылатын әдебиет: [1], [22], [23],[37], [46], [59]
7-тақырып. Сәбит Мұқанов (1900-1973)
Өмірінен мәлімет. Жетімдіктің, жоқшылықтың тақсіретінен үзіп-жұлып білім алуы. Оның «Бостандық», «Кедей баласы» жырларында жастық шағының көрініс беретіні. Сәбиттің ақындық өнерге бой ұруына халық арасына кең тараған қисса, дастан, аңыздардың, батырлық, лиро-эпикалық, тарихи жырлар мен жыраулардың, Ғ.Тоқай, Абай, Горький, И.Бунин, Маяковский, Гладков, т.б. игі ықпалы. Социалистік құрылысты құптауы мен оған белсенді қызмет етуінің заңдылығы. «Шоқпыттың шаруасы», «Сүт заводы», «Қазақстан», «Егістік», «Конвейер», «Майға сәлем», «Колхозды ауыл осындай», «Малшының мақтанышы», т.б. шығармалары. Соғыс кезінде туған «Мен де аттандым майданға», «Фашизмнің ажалы», «Гвардеец бауырларға», «Ленин қаласында», «Берлин алынды» өлеңдеріндегі патриоттық сезім.
Ақынның «Жетім қыз үйінде», «Октябрьдің өткелдері», «Батырақ», «Балбөпе», «Пионер», «Жұмаштың өлімі», «Құрдас», «Жұпархан» «Алдабергенов туралы аңыз» поэмалары.«Сұлушаш» поэмасындағы Сәбиттің сюжет құрудағы, тіл қолданудағы, образ жасаудағы көркемдік ізденістері.
С.Мұқанов – жазушы. «Түсімде», «Ақбөпенің сыры», т.б. әңгімелердің, «Балуан Шолақ», «Екпінді» повестері, «Адасқандар» («Мөлдір махаббат»), «Теміртас», «Жұмбақ жалау» («Ботагөз»), «Сырдария» романдары, «Өмір мектебі» трилогиясы. «Тыңдағы толқындар», «Аққан жұлдыз» романдары. Жазушының «Адасқандар» романына таптық, әлеуметтік шындықтың арқау болатыны. Кезінде романның сынға ұшырағаны.Автор біраз ізденістерден кейін «Мөлдір махаббат» (1959) деген атпен қайта шығарғаны. Бәтес, Бүркіт, Мүсәпір бейнелері. «Мөлдір махаббаттың бастапқы варианты «Адасқандардың зерттеушілері (Қ.Ергөбеков) тарапынан көбірек құпталуының себептерін ашу.
«Ботагөз» (Жұмбақ жалау) – жазушының басты кітабы. Қазақ әдебиетінің тарихында өскен әдебиеттер талабына сай күрделі оқиғалы реалистік туынды. Асқар, Ботагөз, Амантай, Итбай, Кулаков,Кузнецов, Сарбас, Кошкин образдарының типтік деңгейге көтерілуі. Романның көркемдік табыстары.
«Өмір мектебі» - өмірбаяндық трилогия («Азапты жолда», «Азатты жолда», «Есею жылдары») екендігі. Әміршіл-әкімшіл жүйенің саясаты мемуарлық шығармаға өз ізін қалдырғаны. Оның ұлттық санаға тигізген зиянын әділ бағалаудың қажеттігі.
«Балуан Шолақ» - белесті туынды. «Сырдария, «Тыңдағы толқындар» романдары мен «Алтын аймақ», «Каспийге саяхат» сияқты очерктері.
«Аққан жұлдыз» дилогиясы. Роман материалдары төрт кітапқа жоспарланғандықтан Шоқан образының әлі өз биігіне шыға қоймағаны. Романның аяқталған кітаптарында қазақтың тек Шоқан өмір сүрген тұсындағы тіршілік-тағдыры емес, бір жарым ғасыр бұрынғы сұлбасының бой көрсететіні.жазышының алдымен ескі тарихымыздың шежіресіне ден қоятыны.Қаламгер халық тарихының кезеңдерін оқиғалармен бере отырып, сындарлы талдауға барғаны, есте қаларлық көркем бейнелер сомдағаны.
С. Мұқановтың – драматург. «Көкірегі көрегендер», «Алтын аймақ», «Бурылтай», «Біздің үй», «Ақан мен Зайра» (Әуезовпен бірігіп жазған), «Балаусаға келіңіздер», «Жеңіс жыры», «күрес күндерінде» поэмалары мен»Гвардия, алға» либреттосы. «Сыбызғының сыры», «Ариадна арқауы» пьесалары, «Шоқан Уәлиханов» трагедиясы. Қазақ драматургиясын байытқаны.
«Сәкен Сейфуллин» драмасының Сәкеннің «Қызыл сұңқарлар» драмасымен, «тар жол, тайғақ кешу» романымен үндестігі. Драманың алғаш «Дала дауылпазы» деген атпен жұрт назарын аударғаны. Кейін өңделіп, «Сәкен Сейфуллин» атты тарихи драмаға айналғаны. Колчак, Анненков, Қаранайлардың бейнелері. Сәкен, надежда, Шафран, Досов, Абдолла Асылбеков тұлғалары. Пьесада үш желі: төңкерісшілердің күрес жолы, Сәкен-надежда- Хамит арасындағы тартыс, әйел теңдігі мәселелерінің қиюласа өрілуі.Пьесаның түрлі кедергілерге кездесуі.
С.Мұқановтың «Саяхаттар», «Алыптың адымы» кітаптары мен «цейлон шеруі», «Адам атаның шоқысы» атты жолжазба очерктерінің дүниетанымдық, этнографиялық маңызы.
«Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер», «Абай – халық ақыны», «Абайдың ақындық мектебі», «Менің қателерім қандай», «Қазақтың 18-19 ғасырларындағы әдебиеті тарыхынан очерктер», «ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиеті», «Айтыс», «Сынға сын», «Жікшілдік туралы», «Мен қалай жазып келемін», «Халық мұрасы», «Жарқын жұлдыздар», «Қазақ қауымы», т.б. мақалалар мен зерттеу еңбектерін, оқулықтар жазуы.
С.Мұқановтың әдеби бейнесінің жасала бастауы.
Шығармашылығының зерттелу жайы.
Ұсынылатын әдебиет: [1], [22], [23],[37], [46], [59]
8-тақырып. Ғабит Мүсірепов (1902-1985)
Өмірінен мәлімет.Білім алған мектептері. Жазушылық жолы.Қоғамдық-саяси өмірге араласуы. Әдебиетке үлкен дайындықпен келуі. «Едіге» (1925) әңгімесінен басталған сәтті қадам «Тулаған толқында»(1928) повесімен жалғасып, «Қос шалқар», «Талпақ танау», «Көк үйдегі көршілер», «Шұғыла», «Адамның анасы», «Ананың арашасы», «Жеңілген Есрафиль» т.б. әңгімелерімен қоғамдық өмір қатпарларын бейнелеп бергені. Жазушыға Л.Толстой, Дж.Лондон, Чехов,Гоголь, горький, Короленколардың тигізген ықпалы.
1938-1955жж. Жазылған «Ер ана», «Ана кесімі айнымайды», «Ақлима» новеллаларында соғыс салған тақсіретті көтерген қажырлы аналардың бейнесінің жасалуы. 1956-1977 жылдары жазылған «өмір жорығы», «тимка-Димка», «Сөз жоқ, соның іздері», «Қасқырды атқан қайсысы», «Автобиографиялық әңгіме», «Қыран жыры», «Ұлпан стансасы», «боранды түнде», «қарлы жаңбыр астында», т.б. әңгімелерінде уақыттың әлеуметтік-көркемдік талабын арқалаған замандастарымыздың кесек тұлғасын жасаумен қатар, қызыл империяның тоталитарлық саясатын әшкерелейді. 1977-1983 жылдары жазылған «Жапон балладалары» циклына енген «Арқаның әңгімесі», «Көздің әңгімесі», «Тастың әңгімесі» туындыларында әлеуметтік-философиялық сарын, мифологиялық мағына терең жататыны. Ғылымның ұлы жетістіктерін адам игілігінен басқа агрессиялық әрекеттерге пайдалануға қарсы күрес ашуға үндейтіні. «Ана жыры», «Өмір жорығы», «Қыран жыры» новеллаларындағы символдық, әлеуметтік-философиялық мағына.
«Қазақ батыры» (1945) повесіннен «Қазақ солдаты» романына (1956) айналған туындыда майдан шындығы суреттеліп, Қайрош пен оның бала күнгі достары Бораш, Шеген, Ақбота, т.б. бейнелерінің жасалуы. Романдағы Қайрош Сарталиевтің майдандас серіктері Сәмед Абдоллаев, Василий Гришин, Мирошник, Семен Зонин, Володя Толстов, т.б. солдат, офицерлердің елі үшін, жері үшін ерлік көрсеткен, ұлттық асыл қасиеттерді бойларына жинақтаған , өзіндік мінез ерекшеліктері бар, Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм, гуманизм, мызғымас достық тұғырына шыққан жандар дәрежесінде суреттелетіні. Жазушының майдан шындығына социалистік реализм әдісіне тән үстірттікке, кейіпкер тіліне байланысты олқылықтарға орын беріп алғандығы.
«Оянған өлке» (1952), «Жат қолында» (1984) дилогиясы. Онда ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазан төңкерісіне дейінгі қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалы, тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық жағдайы кең қамтылып суреттелетіні. Романда дала шонжарлары Игілік пен Жұман, орыс алпауыттары Рязанов пен Ушаков, шетелдік компаниялардың иелері Клод Карно, нельсон Филь, фон Штейн, және олардың сойылын соққан малайлары Акула, Зубов, Сикорский, Бернер, Некрасов образдары. Осы алпауыттар әулетімен күрес үстінде шыңдалып, биік азаматтық тұлғаларымен көрінетін Сүгірәлі, Бұланбай, Байжан, Байшегір, Байжан, Байшегір, Жабай, Кенжеғара, Нартай, Әлішер, Андрей- Елизавета Быковтар, Михайло Неволя, Шило қарт, Зуев, т.б. шыққан табының мүддесінен гөрі халық мүддесін жоғары қоятыны. «Жат қолында» романының табысы саналатын Кенжеғараны Ғабит «атаның баласы емес, адамның баласы», халқының көш бастар перзенті дәрежесіне жеткізе бейнелей алғандығы.
Дилогиядағы Назыкеш, Наркөз, Көпей, Күлше, Айғанша, Күнзила секілді әйелдер мен Кенжеғараның тәрбиесін алғанг Күлбәден, Қарлығаш, Анар тәрізді образдары.
«Кездеспей кеткен бір бейне» (1967) поэмасының өнер адамын, өнерге деген көзқарасты лирико- философиялық тұрғыда бейнелеген повесть екендігі. Еркебұлан образы. Еркебұлан мен Сәкен Сейфуллин бейнелерінің үндестігі. Поэмада Ақлима, Ақбала, Қоянжырық, Қайсар, т.б. характерлердің жасалуы.
«Ұлпан» (1975) повесінің осы аттас романға (1981) айналуының көркемдік заңдылықтары. Шығарманың тарихи шындыққа негізделгені. Ұлпан бейнесінің қазақ әйелінің асыл қасиеттерін бойына жинақтаған типтік тұлғаға айналғаны. Ұлпан образынан өрістейтін адамгершілік сабақтары.
«Қыз Жібек» (1930) музыкалы драмасы.
«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» (1939) трагедиясы. Драматург фольклорлық эпосты идеялық шығармашылық екшеуден өткізіп, реалистік әдебиеттің биік үлгісімен қайта жазып шыққаны.
«Ақан Сері - Ақтоқты» (1945) трагедиясының психологиялық драма екендігі. Тар заманда торға түскен ақын Ақанның рухани келбеті, ашынған ойы мен ащы күйзелісін Ғ.Мүсіреповтің тебірене суреттегені. Хазірет Науан, азғын ақын Сердәлі, Жалмұқан төре, мүсәпір Қоңқай, Ақтоқты, Мәрзай, Дәмелілердің психологиялық драма талаптарына сай мүсінделетіні.
«Амангелді»(1950) тарихи - әлеуметтік драмасы. Онда дәуірдің әлеуметтік-саяси шындығы мен қайшылықтары реалистікпен бейнеленіп, қаһармандарының күрес үстінде шыңдалып, түлейтіні. Күрделі рухани жаңаруларды басынан кешірген адамдар тағдыры мен сан қилы тартысты оқиғалар өзінің табиғи заңдылығымен дамитыны. Жазушының ер мен ел парызы, озық ойлы орыс адамдарының қазақ халқына көрсеткен интернационалдық көмегін бейнелеп беруі. Пьесада Амангелді характерінің әр қырынан , әр әлеуметтік топ өкілімен қатысы арқылы ашылатыны.
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек» пьесалары негізінде киносценарийлер жазуы.
«Болашаққа аманат» драмасының басты кейіпкері қазақ халқының тәуелсіздігін аңсап, елді күреске көтерген Сырым Датов екендігі. Трагедиядағы тарихи тұлғаның көркем бейнеленуі.
Ғ.Мүсіреповтың қоғамдық – саяси келбетін, публицистік, зерттеушілік, сыншылдық қабілетін көрсеткен «Суреткер парызы», «Уақыт іздері», «Заман және әдебиет» атты еңбектері.
Ғ.Мүсіреповтың қазақ әдебиетіндегі орны. Шығармашылық мұрасының зерттелу жайы.
Ұсынылатын әдебиет: [1], [22], [23],[37], [46], [59]
9-тақырып. Әбдіжәміл Нұрпейісов(1924)
Жазушы, драматург, публицист, әдебиет-сыншысы, аудармашы, қоғам қайраткері, СССР және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы.
Өскен ортасы, білім алған мектепетрі. Шығармашылық жолы. Қоғамдық күрескерлік тұлғасы.
«Курляндия» (1950) романына 1942-45 ж.ж. Курляндия плацдармындағы
қырғын соғыс шайқастарының арқау етілетіндігі. Есей бейнесінің көп белгілері. Курляндия операциясының бел ортасында жүрген жауынгер Нұрпейісовке ортақтығы. Романдағы көркемдік шындықтың майдан шындығымен біте қайнасып кетуі. Тәжірибесі аз қаламгердің алғашқы туындысы екендігіне қарамастан оның республикалық сыйлыққа ие болғандығы. Кейінірек оны жазушыныың «Күткен күн» деген атпен жариялатуы. Отанын жаудан қорғап жүрген, мақсат-мүддесін тоғыстырған халықтардың достығы, адамгершілік, моральдық тұлғасының терең ашылатындығы.
«Қан мен тер» трилогиясындағы рухани қайсарлық пен суреткерлік кемлділіктің тоғысы. 1913-1920 жылдардағы Арал өңірінде өткен тарихи оқиғалардың күллі қазақ сахарасына ортақ шындығын толғап, ескі қоғамдық формацияның аласапыран күрес нәтижесінде шұғыл төңкеріс екпінімен жаңа формацияға орын беруінің адам рухы арқылы көрінуі. Төңкерістің қазақ сахарасына емес, сахараның төңкеріске келуін реалистік шындық негізінде шеберлікпен бейнелегені. Еламан, Кәлен, Сүйеу, Ақбала, Мөңке, Әли, Қара қатын, Судырақмет, Тәңірберген, Қалау, Құдайменде, Тентек Шодыр, Колчак , т.б. бейнелері. Композиция құрудағы жаңашылдық, сюжет пен характер, психологиялық талдау, портрет жасау жолындағы ізденістер. Жазушының трилогия негізінде драмалық туынды, киносценарий жазуы.
«Сең» (1983) романы. «Сеңнің» Еуропалық көркем романдардың үздік жетістіктерін шығармашылықпен игеріп, сезім сергелдеңі мен ар арпалысын, ірі қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді жеріне жеткізе бейнелеу талабынан «Соңғы парыз» (1999) дилогиясына айналуы. Шығарманың ішкі динамизімінің қуаттылығы, тақырыбының өзектілігі. Өзімшіл саясаттың экологиялық проблемалар төңірегіндегі қасіретке тап қылуы. Жәдігер мен Әзімнің ар алдындағы жауапкершілігін, азаматтық боыршын сезінудегі кереғарлықтың үстемдігі. Әзім мен Жәдігер арасындағы Арал теңізінің болашағы жайлы тартыс, реалистік көзқарас пен консервативтік көзқарастың бітіспес болымыс. Ә.Нұрпейісовтің табиғат трагедиясы мен адам трагедиясын параллель өрістетуі, романды адамзаттық трагедия дәрежесіне көтеруі. Жазушының дилогияда тоқырау кезеңін суреттей отырып, социалистік қоғамның күйреуіне әкеп соққан саяси-әлеуметтік мәселелерді ашық көрсеткені. «Сең» мен «Соңғы парыз» романдарының жанры, поэтикасы.
Ә.Нұрпейісовтің очерктері мен әдеби-сын мақалалары. «Толғау», «Жүрегі толы жыр еді», «Ақ бидай туралы аңыз» атты жинақтарында Л.Толстой, Ф.Достоевский, И.Тургенев, Ж.Жабаев, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мұстафин, Ш.Айтматов шығармашылығы туралы ой айтқаны. М.Әуезов , Ф.Достоевский, И.Тургенев, М.Горький, Жамбылдардың әдеби портреттерін сомдауы. «Алыптар халықтан» атты және «АннаКаренинаның» аудармасы туралы эстетикалық , публицистикалық, танымдық мақалалары.
Ә.Нұрпейісовтің Чеховтің, Горькийдің, Н.Хикметтің, испан жазушысы Кэсонның пьесаларын аударғаны.
Шығармашылығының зерттелу жайы.
Ұсынылатын әдебиет: [1], [2], [20],[22], [28] ],[26], [49]
10-тақырып. Ілияс Есенберлин
Ақын, жазушы, публицист, қоғам қайраткері. Абай атындағы Қазақ ССр мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Өскен ортасы, білім алған мектептері. Ақындық, жазушылық өнерге бой ұруы. Поэзия, проза, драматургия, кинодраматургия саласында еңбек еткені. Алғашында ақын ретінде танлып, қырықтан аса әннің мәтінінң жазып, «Сұлтан», «Айша» (1945), «Біржан сал трагедиясы» (1959)дастандары мен большевиктер туралы поэмаларын тудыруы. «Адамгершілік туралы жыр» өлеңдер жинағының (1949), «Жұлдыздар» атты поэмалар кітабының жарық көруі.
І.Есенберлин қазақ прозасының көрнекті өкілі. Оның «Адам туралы ән». (1957) повесі, «Айқас» (1966), «Қатерлі өткел» (1967), «Ғашықтар» (1968), «Қаһар» (1969), «Алмас қылыш» (1971), «Алтын құс» (1972), «Жанталас» (1973), «Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974), «Маңғыстау майданы» (1978), «Аманат» (1978), «Махаббат мейрамы», «Алыстағы арпалыс», «Аққу құстың қуанышы» (1984), «Мұхиттан өткен қайық» («Жұлдыз», №1,2, 1991) романдары мен «Көшпенділер» (1976), «Алтын орда» (1982-83) трилогиялары.
І.Есенберлиннің «Көлеңкеңмен қорғай жүр», «Аманат» романдарында бүгінгі жұмысшылар мен тың игерушілердің өмірі мен күресінің жан-жақты пайымдалатыны. Тың игерудің жақсы жақтармен бірге жерді тоздырған науқаншылдықты, шолақ белсенділікті ашық суреттегені.
І.Есенберлин прозасының әлем тілдеріне аударылуы. Шығармаларының үнемі пікірталастар тудырғаны.
Шығармаларының зерттелу жайы.
Ұсынылатын әдебиет: [1], [2], [20],[22], [28] ],[26], [49]
11-тақырып. Мұқағали Мақатаев (1931-1976)
Ақын, жазушы, аудармашы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Өскен ортасы, білім алған мектептері. Еңбек жолы, қызметі.Балалық, жасөспірімдік шағының соғыс жылдарымен, тылдағы ауыр еңбекпен тұспа-тұс келуі. «1945 жыл ақпан», «Қайран жеңгем», «Соғыстың соңғы көктемі», «Абысындар», «Әке», «Қырқыншы жылдардың бесік жырынан», «Біздер жеңдік», «Әке аманаты», «Масақ» өлеңдері мен «Өмір-дастан» поэмасында ақынның сол уақыттың реалистік картинасын жасағаны. Оның өмірге жіті үңіліп, толғана жырлағаны. Әкелік махаббаты «Бесік басында», «Менің кішкен күнім» «Ұлыма», «Қызымыа», «Майгүлге», «Біздің үйге көктем келді»; үлкенді қадірлей білуге шақыратын «Алпысқа келдіңіздер», «Мен қарапайым қарттарды сүйемін», «Әбділдаға», «Бауыржан Момышұлына», «Ғабаңа», «Қариялар азайып бара жатыр», «Тоқта балам, атаң келед , артыңда»; халқын сүюге үндейтін «Елім барда», «Қазақстан», «Үш бақытым», «Оралыңдар» «Толғау», «Халқым барда», «Халқыма хат», «Қазақ жері»; Туған жер табиғатының келбеті «Сап-сары жапырақтар», «Сәуір айы», «Алматының аспаны», «Сарыжайлау», «Тау өзені тентек қой тасып жатыр» , «Көктемде», «Қайран Қарасазым-ай», «Түнгі Алматы», «Хан Тәңірі»; парасат пен танымға бойлататын философиялық «Сәби болғым келеді», «Қар жауып тұр», «Алтын адам», «Бақыт деген», «Мен қайың бола бастаймын», «Қызық өмір», «Тауға келмсем», «Ақиқаттың ауылы», «Таудай болғым келеді», «Ей, өмір»; мәңгілік өмір сыйлайтын,өнерді қастерлететін «Қара өлең», «Арыз жазып кетейін», «Жазылар естеліктер», «Дариға домбырамды берші маған», «Өлең керек», «Ақынның ауылы», «Бибігүлге», «Сыр», «Төлегенге», «Фаризаға»; махаббат күйін әлдилеген «Бір келіншек», «Сен», «Есіңе мені алғайсың», «Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған», «Махаббат диалогы», «Әйелдер-ай», «Махаббат моласы», «Иек артқан теңізге мүйістейін», «Алдынан терезеңнің жүріп өттім», Мен сені сағынғанда» т.б. шығармалары.
«Аппоссионата», «Мавр», «Ильич», «Большевиктер», «Чили, шуағым менің», «Алтай, Атырау», «Райымбек, Райымбек», «Бала шақтан болашаққа», «Аққулар ұйықтағанда», «Моцарт. Жан азасы», «Жанары неткен тұңғиық», «Атамекен» поэмалары.
«Қарлығашым, келдің бе?» (1968), «Дариға-жүрек» (1972), «Аққулар ұйықтағанда» (1974), «Шуағым менің» (1975), «Өмір-дастан» (1976), «Өмір өзен» (1978), «Бәсіре» (1981), «Соғады жүрек» (1982), «Шолпан» (1984), «Қош, махаббат» (1988), «Аманат» (2000) жинақтары.
Прозасы. «Қош, махаббат» атты повестер мен әңгімелер жинағы, «Махаббаттан парасатқа» атты күнделіктер жинағы.
Ақын өлеңдеріне ән саздарының көптеп жазылғаны.
Аудармалары. У.Уитменнің «Шөп жапырақтарын», В.Шекспирдің «Сонеттерін», Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақ тіліне аударуы.
М.Мақатаев шығармаларының зерттелу жайы.
Ұсынылатын әдебиет: [1], [2], [5],[22], [25] [24].
Әдебиеттер тізімі
Негізгі:
-
Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық.А. Т.9.2008
Қосымша:
-
Қазақ әдебиетінің тарихы . 3-том, бірінші кітап. – Алматы: Ғылым,1967.
-
Кәкішев Т., Дүйсенов М. Ұлы Октябрь шуағы.- Алматы, 1961
-
бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы.- Алматы, 1971
-
Базарбаев М., Нарымбетов Ә. Отан соғысы кезіндегі әдебиет. –Алматы,1984
-
Ахтанов Т. Көкейтесті. Әдебиет туралы ойлар.- Алматы, 1980
-
Әбдірахманова Т. Қасым Аманжолов поэтикасы.- Алматы,1976
-
Әбдірахманов Т. Жаңа ғасыр көгінде. –Алматы,1969
-
Әбдірашев Ж. Парасат пен парыз. Әдеби сын.- Алматы,1973
-
Әдібаев Х. Көкжиек. Сын. –Алматы,1978
-
Әлімбаев М. Қалам қайраты.- Алматы,1976
-
Әуезов М. Времен связующая нить.- Алматы,1972
-
Әшімбаев С. Сын мұраты.- А. 1974; Талантқа тағзым.-А.,1982; Парасатқа құштарлық.- А., 1985
-
Базарбаев М. Әдебиет және дәуір.- А.,1966; Қаһарлы жылдар жыры.-А.,1968; Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы.-Алматы,1973.
-
Байжанов С. Замандас туралы толғау.- Алматы,1973
-
Бердібаев Р. Әдебиет және өмір.-А., 1964; Қазақ тарихи романы.- Алматы,1979
-
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры.-А.,1981; Ғабит Мүсірепов- драматург.-А., 1982.
-
Дүйсенов М., Рақымжанов Т. Халық ақындары творчествосының көркемдік сипаты. –Алматы, 1982.
-
Егеубаев А. Сыр мен сымбат.-А.,1981; Сөз жүйесі.-А.,1985.
-
Елеукенов Ш. Қазақ романы және қазіргі дәуір.- А. 1968; Замандас парасаты.-А.,1977; Жаңа жолдан. –А.,1989
-
Жақыпов Е. Дастаннан драмаға.-Алматы,1979
-
Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Оқу құралы.- Алматы: Білім, 1998.
-
Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. – Астана: Күлтегін,2002; Трагедия табиғаты.-А.,1968; Күретамыр.-А.,1973; Айдын.-А.,1985; Телағыс.-А.,1986
-
Алпысбаев Қ. Мұқағали өрнегі.- Алматы:Қазақ университеті, 2001.
-
Жүсіп Қ. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. Монография. – Павлодар: Эко, 2000.
-
Қабдолов З. Жебе. – Алматы: Жазушы,1977.
-
Қабдолов З. Көзқарас. – Алматы: Рауан,1996.
-
Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау.- Алматы: Санат,1996; Қазақ прозасындағы замандас бейнесі.-А.,1982; көркемдік нәрі.-А.1983
-
Мәмбетов Ж. Жұбан Молдағалиевтің ақындық шеберлігі.- Алматы: Қазақ университеті,2002.
-
Серікқалиев З. Алтын жамбы.- Алматы:Жазушы,2001.
-
Жәмішев Ә. Жыр жанары.- Алматы,1970; Биік мәртебе.-Алматы,1974
-
Ибрагимов Т. Өлең өрісі. –Алматы,1979
-
кәкішев Т. Дәуір суреттері.-А.,1967; Оңаша отау.-А.1982; Дәуір дидары.-А.,1985.
-
Қайырбеков Ғ. Бір кеменің үстінде.-А.1981
-
Қаратаев М. Эпостан эпопеяға.-А.,1968; Әдебиет және эстетика.-А.1970; Ізденіс іздері.- А.1984
-
Қирабаев С. Өнер өрісі.-А., 1971; Әдебиет және дәуір талабы.-А., 1976; Шындық және шығарма.-А.,1981; Шындық және шеберлік.-А.,1983; Талантқа құрмет.-А.,1988; Жүсіпбек Аймауытов.-А.,1993; Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері.-А.1995
-
Қоңыратбаев Ә. Шеберлік сырлары.-Алматы,1979
-
Мұстафин Ғ. Ой әуендері.-Алматы,1978
-
Мүсірепов Ғ. Суреткер парызы.-Алматы,1970
-
Мырзалиев Қ. Сөз сиқыры.-Алматы,1982
-
Атымов М. Қазақ романының поэтикасы.-Алматы,1975
-
Исмагулов Ж. Облик современника.-Алматы,1970
-
Нұрқатов А. Жалғасқан дәстүр.-Алматы,1980
-
Нұрмаханов Қ. Дос лебізі.-19687; Дәстүрлі достық.-А.1978
-
Нұрпейісов Ә. Жүрегі толы жыр еді.-Алматы,1972
-
нұртазин Т. Шеберлік туралы ойлар.-Алматы,1968.
-
Омаров І. Шабыт шалқары.- Алматы,1973
-
Ордалиев С. Конфликт және характер.-А.,1970; Сөз зергері.-А.,1982
-
Рахымжанов т. Қазіргі қазақ романының поэтикасы.-Алматы,1992
-
Сарбалаев Б. Қызыл алма.-Алматы.1981; Ақиқат алдында-А.,1985
-
Сыдықов Т. Мұрат пен міндет.-Алматы,1987
-
Сейітов С. Өлең өлкесінде.-Алматы,1984
-
Серғалиев М.Кең өріс.-Алматы,1983
-
Серікқалиев З. Жылдар сазы.-А.,1971; Ақыл таразысы.-А.,1976
-
Смайлов К. Өмірдің өзімен өлшесек.-Алматы,1983
-
Тәжібаев Ә. Ойлар, толғаныстар-А.1977
-
Тоқбергенов Т. Тоғыз тарау.-А.,1974; Қос қағыс-А.,1981
-
Шаймерденов С. Әдеби толқындар.-А.1985.
-
Шалабаев Б. Қазақ прозасының тарихы.-Алматы,1968
-
Шәріпов Ә. Қазіргі дәуір және қазақ әдебиеті дамуының проблемалары.-А.,1974; Қазақ әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдық.-А.,1984; Сырбай Мәуленов творчествосы.-А.1985
-
20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті. –Алматы,1997
Достарыңызбен бөлісу: |