Әдiстемелiк ұсыныстар титулдік парағы



Дата27.02.2016
өлшемі114.68 Kb.
#27687


Әдiстемелiк ұсыныстар

титулдік парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Металлургия кафедрасы

«Материалдарды өңдеу технологиясы» пәні бойынша



050709 «Металлургия» мамандығының студенттеріне арналған

пәнді оқыту бойынша


ӘДIСТЕМЕЛIК ҰСЫНЫСТАР

Павлодар


Әдiстемелiк ұсыныстар

бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.1/06



БЕКІТЕМІН

ОІЖ проректор

____________Н.Э.Пфейфер

«_____»_______20__ж


Құрастырушы: т.ғ.к., доцент Н.С. Сембаев __________



Металлургия кафедрасы



ӘДIСТЕМЕЛIК ҰСЫНЫСТАР
«Материалдарды өңдеу технологиясы» пәні бойынша
050709 «Металлургия» мамандығының студенттеріне арналған
20__ж. «_____» ____________ металлургия кафедрасы отырысында ұсынылған хаттама №___
Кафедра меңгерушiсi____________ М.М. Сүйiндiков 20__ж. «___» _________

(қолы)


Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің оқу-әдiстемелiк кеңесi қолдады, хаттама №___, «_____» ____________20__ж.
ОӘК төрағасы ______________ Ж.Е. Ахметов 20 __ж. «___» __________

(қолы)
ЖжӘҚБ құпталған

ЖжӘҚБ бастығы _______________ А.А. Варакута, 20 __ж. «___» _________

(қолы)
Университеттің оқу-әдiстемелiк кеңесiде құпталған

20__ж. «____» ____________ хаттама №___,

Кіріспе
«Материалдарды өңдеу технологиясы» профильді пәнге жатады және металлургия бакалаврын дайындаудағы міндетті компонент болып табылады.

Пәнді оқытудың мақсаты – студенттерге қыздыру технологиясы, әртүрлі стандарда металды таптау білімін және оларды өзінің кәсіптік іс-әрекетінде қолдану дағдысын пішіндеу, қыздыру мен суыту кезіндегі фазалық және құрылымдық түрленудің теориялық негіздерін, сонымен қатар термиялық өңдеу режимдерін меңгеруге үйрету.

Пәнді оқытудың міндеті – металлургия өндіріс және оның құралатын үрдісінің үздіксіздігінің масштабы жайлы, металлургиялық өндіріс бойындағы технологияның өркендеуінің құрылымымен тенденция заңдылықтары жайлы, өндірістік конструкторлы жобалық және зерттеулік қайраткерлік үшін қажетті білім беру болып табылады.

Пәнді оқып білу үшін физика, химия, кристаллография мен металлография пәндеріне негізделеді.



Пән тақырыптарының мазмұны



1 тақырып. Кіріспе

Пәннің мақсаты, мәселесі, мазмұны, оның басқапәндермен байланысы, металлургияда бакалаврды дайындаудағы рөлі. Металлургиядағы қысыммен өңдеудің технологиялық үрдістері, осы үрдістердің өркендеуінің қысқаша тарихи анықтамасы.



Ұсынылатын әдебиет: [4], 112 – 147 бет.; [10], 299 – 361 бет.
2 тақырып. Материалдарды қысыммен өңдеудің негізгі түсінігі мен тәсілдері

Материалдарды қысыммен өңдеу аймағынан негізгі түсініктер, терминдер, анықтамалар. Материалдарды қысыммен өңдеу: таптау, созу, престеу, соғу және көлемдік штамптау, қаңылтырды штамптау. Қысыммен өңдеумен алынатын бұйымдардың негізгі түрлері.



Ұсынылатын әдебиет: [4], 112 – 147 бет.; [10], 299 – 361 бет.
3 тақырып. Қысыммен материалдарды өңдеудің әртүрлі тәсілдері үшін алғашқы материалдар

Болат, қорытпалар, қысыммен өңделетін басқа материалдар. Қысыммен өңдеуге арналған алғашқы материалдар: құймалар, блюмдер, слябтар, дайындамалар, болванкалар, сырықтар, сым-катанка, қаңылтыр, жолақтар. Алғашқы материалдардың ақаулары. Алғашқы материалдарды қысыммен өңдеуге дайындау. Беттік ақауларды жою тәсілдері. Алғашқы материалдарды бөлу. Материалдарды бөлу дәлдігі, қалдығы.



Ұсынылатын әдебиет: [4], 112 – 147 бет.; [10], 299 – 361 бет.
4 тақырып. Қысыммен өңдеу алдында металды қыздыру

Қыздыру мақсаты, қыздыру сапасына қойылатын негізге талаптар. Қыздыру режимінің сипаттамасы: қыздыру температурасы, қыздыру жылдамдығы, қыздыру саты (периодтар, зоналар) саны, қыздыру ұзақтығы. Қыздыру құрылғыларының түрлері. Құймаларды қыздыру режимдері. Слябтарды, блюмдерді, Дайындамаларды қыздыру режимдері. Қыздыру ақаулары. Қыздыру құрылғыларының жұмысының технико-экономикалық көрсеткіштері.



Ұсынылатын әдебиет: [4], 112 – 147 бет.; [10], 299 – 361 бет.
5 тақырып. Таптау үрдісінің мәні мен теориялық негіздері

Металдардың кристалдық құрылымы. Кернеулер мен деформациялар. Серпімді жәнепластикалық деформация. Тойтарылу және рекристалдану. Пластикалық қабілеттілік және металдың пластикалық деформацияға кедергісі. Пластикалық қабілеттілікті бағалау әдістері. Көлем тұрақтылық заңы. Ең аз кедергі заңы.

Таптау үрдісінің анықтамасы. Таптау үрдісінің классификациясы. Таптау кезіндегі деформация ауқымы және оның геометриялық сипаттамалары. Деформация көрсеткіштері. Біліктермен жолақты қармау шарты. Озу және қалып қою. Созылу және кеңею. Таптау кездегі деформация әркелкілігі. Толассыз стандарда таптау. Таптау кезіндегі үйкеліс. Таптау күші. Таптаудың айналу моменттері, жұмысы мен қуаты.

Ұсынылатын әдебиет: [4], 112 – 147 бет.; [10], 299 – 361 бет.
6 тақырып. Ыстықтай және салқындай таптау

Таптау өнімінің негізгі түрлері. Таптау стандарының классификациясы. Таптаманы өндірудің технологиялық сүлбелері. Толассыз құйылған дайындамаларды қолдану жетістіктері мен перспективалары. Таптау цехтарындағы негізгі технологиялық операциялар. Таптау өндірісінің технико-экономикалық көрсеткіштері. Қоршаған ортаны қорғау.

Жазық таптама сортаменті мен тағайындалуы. Қаңылтыртаптау стандарының жалпы сипаттамасы. Слябтарды өндіру технологиясы мен жабдығы. Ыстықтай тапталған жолақтар мен қаңылтырды өндіру технологиясы мен жабдығы. Салқындай тапталған жолақтар мен қаңылтырды өндіру технологиясы мен жабдығы. Қаңылтыр таптамасын өндіру технологиясын, жабдығын таңдау және күштік параметрлерді есептеу.

Сортты таптаманың сортаменті мен тағайындалуы. Блюмдерді өндіру. Дайындамаларды өндіру. Дайындама стандарының біліктерін калибрлеу. Дөңгелек, квадрат, алтықырлы өндіру. Релстерді, мәткелерді, швеллерлерді өндіру. Сортты таптаманы өндіру технологиясы мен жабдығын таңдау.



Ұсынылатын әдебиет: [4], 112 – 147 бет.; [10], 299 – 361 бет.
7 тақырып. Тігіссіз құбырларды таптау

Ыстықтай таптаумен құбырларды өндірудің жалпы технологиялық сүлбесі. Алғашқы дайындамада мен оны таптауға дайындау. Таптау алдында дайындаманы қыздыру және алғашқы құбырларды қыздыру. Дайындамаларды тесу. Алғашқы құбырларды гилзаға тесу. Құбырларды калибрлеу және редукциялау. Әртүрлі құбыртаптау агрегаттарында құбырды өндіру. Құбырлардың негізгі ақаулары мен сапасын жоғарылату жолдары.

Салқындайдеформацияланған құбырларды өндірудің негізгі технологиялық сүлбесі. ХПТ және ХПТР стандарында құбырларды таптау. Құбырларды салқындай таптау маршруты. Салқындайдеформацияланған құбырларды алудың ерекшк тәсілдері.

Тігіссіз құбырларды өндіру технологиясы, жабдығын таңдау, күштік көрсеткіштерді есептеу.



Ұсынылатын әдебиет: [4], 112 – 147 бет.; [10], 299 – 361 бет.
8 тақырып. Дәнекерленген құбырларды таптау

Дәнекерленген құбырларды өндірудің жалпы технологиялық сүлбесі. Дәнекерлеу тәсілдер. Толассыз пештік дәнекерлеумен құбырларды өндіру. Кіші және орташа диаметрдегі электрлідәнекерленген түзутігісті құбырды өндіру. Үлкен диаметрлі электрлідәнекерленген түзутігісті құбырларды өндіру. Дәнекерленген құбырларды өндіру, өндіру технологиясы мен жабдық құрамын таңдау. Құбыр дайындамасын пішіндеу процесінің көрсеткіштерін есептеу.



Ұсынылатын әдебиет: [4], 112 – 147 бет.; [10], 299 – 361 бет.
9 тақырып. Түсті металдар мен қорытпаларды таптау

Түсті металдар мен қорытпалардан жасалған таптамаларды сортаменті қолдану аймағы.

Алғашқы материал, оны таптауға дайындау. Мысты, мыстымырышты қорытпаларды, жезді, алюминий мен оның қорытпаларын, мырышты, никельді қыздыру, таптау ерекшеліктері. Жекелендірілген және комбинацияланған стандарда түсті металдар мен қорытпалардан жасалған жолақтарды, қаңылтырларды және таспаларды өндіру технологиясы. Құймалы-таптау кешендерінде қаңылтырды салқындай периодты таптау. Жұқа және өте жұқа алюминді фолгаларды таптау. Таптау кезінде түсті металдар мен қорытпалардан жасалған жолақ сапасын жоғарылату. Түсті металдар мен қорытпалардан жасалған сортты таптамаларды өндірудің технологиялық процестерінің элементтері.

Ұсынылатын әдебиет: [4], 112 – 147 бет.; [10], 299 – 361 бет.
10 тақырып. Құймасыз таптау

Құймалы-таптау модульдерінде сортты таптама, қаңылтыр, күрделі профильдерді өндіру. Толассыз құю және таптау үрдістерін біріктіру. Балқымадан қаңылтырды өндіру.



Ұсынылатын әдебиет: [4], 112 – 147 бет.; [10], 299 – 361 бет.
11 тақырып. Созу үрдісінің мәні

Созу үрдісінің теориялық негіздері. Сырықтарды, сымдарды, құбырларды өндіру. Созу кезендері. Созу үрдістерін жетілдіру. Монолитті волокалар арқылы сымдар мен құбырларды созудың күштік есептеуі.



Ұсынылатын әдебиет: [4], 112 – 147 бет.; [10], 299 – 361 бет.
12 тақырып. Сымдарды, жұқа қабырғалы құбырларды өндіру. Калибрлеу

Сымдар – катанкалар сортаменті. Сым өндіру стандарының типтері.

320-150 комбинацияланған толассыз ұсақ сортты-сым өндіру станы. Сым-катанка өндіру кезінде технологиялық үрдістер. Сымдар-катанкалар өндірудің технико-экономикалық көрсеткіштері.

Сымдар мен калибрленген металды созуды технологиялық сүлбесі мен алғашқы материалдары. Созуға металл бетін дайындау. Сымдар мен сырықтарды созу технологиясының негіздері. Созу аспабы. Созу кезіндегі айлау. Сым мен калибрленген металды термиялық өндеу. Сым мен сырықтарды қаптау, өндеу, орау, өлшеу және сынау.

Мыс және оның қорытпаларынан жасалған жұқа қабырғалы құбырлардың сортаменті, тағайындалуы. Мыс және оның қорытпаларынан жасалған жұқа қабырғалы құбырларды өндірудің қазіргі кездегі үрдістері. Дәнекерленген құбырлы дайындамалар негізінде жұқа қабырғалы және өте жұқа қабырғалы құбырларды дайындаудың технологиялық түрлері.

Ұсынылатын әдебиет: [4], 112 – 147 бет.; [10], 299 – 361 бет.

Әдебиет


  1. Давильбеков Н.К. Металлургия машиналары мен жабдықтары (оқулық). – Алматы : Каз НТУ, 2002.

  2. Технология прокатного производства: Учебник для вузов / Грудев А.П.,

Маш-кин Л.Ф., Ханин М.И.-М. : Арт-Бизнес-Центр. Металлургия, 1994. – 656 с.

  1. Технология процессов прокатки и волочения. Листопрокатное

производство: Учебник /М.М. Сафьян, В.Л. Мазур, A.M. Сафьян, А.И. Молчанов. – Киев : Выс­шая школа. Головное издательство, 1988. – 351с.

  1. А.И. Рудской, В.А. Лунев. Теория и технология прокатного производства: Учебное пособие. - СПб. : Наука, 2005. – 540 с.

  2. Прокатное производство: Учебник для вузов. 3-е издание /Полухин П.И., Федосьев Н.М., Королов А.А., Матвеев Ю.М. : - М. : Металлургия, 1982.– 696 с.

  3. Диомидов Б.Б, Литовченко Н.В. Технология прокатного производства.- М.: Металлургия, 1979. – 488 с.

  4. Калибровка прокатных валков /Смирнов В.К., Шилов В.А., Инатович Ю.В. /Учебное пособие для вузов. - М. : Металлургия,1987.– 368 с.

  5. Обработка металлов давлением /Ю.Ф. Шевакин, В.Н.Чернышев, Р.Л. Шаталов, Н.А. Молчанов. Под научн. ред. Ю.Ф. Шевакина. -М.: Интермет Инжиниринг, 2005.– 496 с.

9 Технология трубного производства: Учебник для вузов./ В.Н.Данченко, А.П.Коликов, Б.А.Романцов, СВ. Самусев.- М.: Интермет Инжиниринг, 2002.– 640 с.

10 Грудев А.П. Теория прокатки. Изд.2-е, перераб. и доп. - М.: Интермет Инжиниринг, 2001.– 280 с.



11 Охрименко Я.М. Технология кузнечно-штамповочного производства. – М. : Машиностроение, 1966.– 600 с.

  1. Целиков А.И., Никитин Г.С, Рокотян СЕ. Теория продольной прокатки М.

: Металлургия, 1980.320 с.

  1. Технология процессов обработки металлов давлением / П.И. Полухин,

Хензель, В.П. Полухин и др. /Под ред. П.И. Полухина, - М. : Металлургия, 1988 – 408 с.

  1. Лякишев Н.П., Шалимов А.Г. Развитие технологии непрерывной разливки стали. - М.: ЭЛИЗ, 2002.208 с.

  2. Технология и оборудование трубного производства / В.Я. Осадчий, А.С. Вавилин, В.Г. Зимовец, А.П. Коликов.- М.: Интермет Инжиниринг, 2001.608 с.

  3. Диомидов Б.Б., Литовченко Н.В. Калибровка прокатных валков: Учебное пособие для вузов. - М. : Металлургия,1970.313 с.

  4. Матвеев Б.И. Горячая прокатка труб. - М. : Интермет Инжиниринг, 2000. 142 с.

  5. Данченко В.Н., Чус А.В. Продольная прокатка труб. - М.: Металлургия. 1984 136 с.

  6. Технология производства труб / И.Н. Потапов, АЛ. Коликов, В.Н. Данченко и др.-М. : Металлургия, 1994.528 с.

  7. Савин Г.А. Волочение труб . - М. : Металлургия, 1982.160 с.

  8. Зубцов М.Е. Листовая штамповка: Учебник для студентов вузов, -3 изд., перераб. и доп. - Л.: Машиностроение. Ленингр. отд.-ние, 1980.432 с.

  9. Романовский В.П. Справочник по холодной штамповке.- 6-е изд., перераб. доп. - Л.: Машиностроение, Ленингр. отделение, 1979520 с.

  10. Технология прокатного производства. В 2-х книгах. Кн.1. Справочник: Беняковский М.А., Богоявленский К.Н., Виткин А.И. и др.- М.: Металлугия, 1992.440 с.

  11. Технология прокатного производства. В 2-х книгах. Кн.2. Справочник: Беняковский М.А., Богоявленский К.Н., Виткин А.И. и др.-М.: Металлургия, 1992. 423 с.

  12. Коновалов Ю.В., Налча Г.И., Савранский К.Н. Справочник прокатчика - М. : Металлургия, 1977.312 с.

  13. Теория прокатки: Справочник /А.И. Целиков, А.Д. Томленов, В.И. Зюзин и др. - М. : Металлургия, 1982.335 с.

  1. Комановксий А.З. Листопрокатное производство: Справочник.- М. : Металлургия, 1979.280 с.

  2. Коновалов Ю.В., Остапенко А.П., Пономарев В.И. Расчёт параметров листовой прокатки. Справочник.- М. : Металлургия, 1986.430 с.

  3. Теория прокатки. Справочник /Целиков А.И., Томленов А.Д., Зюзин В.И. и др.-М. : Металлургия, 1982.335 с.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет