Ә.Ә. Сатыбалдин 1, Д. Р. Қорғасбеков



Pdf көрінісі
бет4/15
Дата26.12.2023
өлшемі0.59 Mb.
#488072
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Satybaldin

Ә.Ә. Сатыбалдин, Д.Р. Қорғасбеков, Т.А. Джунисбекова, 9-26


12
 / Экономика: стратегия и практика, № 3 (14), 2019 г.
жөніндегі 
неоклассикалық 
қөзқарастарды 
қарастырды [12]. 
Айтылған тұжырымдардың ішінде көп 
тарағаны ұлттық инновациялық жүйелер 
тұжырымдамасы. 
Швед 
экономисі 
А. 
Лундвалдың инновациялық жүйеге байланысты 
тар және кең мағынадағы анықтамасы бар. Тар 
мағынада «зерттеу үрдісіне тартылған ұйымдар 
мен институттарға жасалым және зерттеу 
білімдерін, технологиялық институттарды және 
университеттерді» қосады [13]. Кең мағынадағы 
анықтамасында Ұлттық инновациялық жүйе 
«зерттеу үрдісіне және оқытуға әсер ететін 
институтционалдық 
және 
экономикалық 
құрылымның барлық бөліктерін, оқыту үрдісі 
жүргізілетін өндірістік жүйе, маркетинг жүйесі 
және қаржы жүйесін» кіргізеді [14]. 
Р. Нельсон бойынша ҰИЖ Б.А. 
Лундвалдың тар мағынадағы анықтамасына 
сәйкес келеді. ҰИЖ кеңейтілген анықтамасын 
Ч. Эдквист берді. Ол «инновацияны қолдануға, 
диффузиясына және дамуына әсер ететін барлық 
маңызды экономикалық, әлеуметтік, саяси, 
ұйымдастырушылық, институтционалдық және 
басқа да факторларды» қосты [15].
Осылайша 1980-90 жж. аралығында 
инновацияны ұлттық инновациялық жүйелер 
арқылы түсіну көзқарасы қалыптасты. Ең 
басты жері жетілдірілген немесе кемшіліксіз 
ҰИЖ болмайтындығын ұсынды. Бұндай 
көзқарас соңғы онжылдықтарда құрылған және 
сарапшылар мен мемлекеттік қызметкерлер 
арасында өте атақты болған бірнеше 
тұжырымдамадан тұратын үлгіні есетеді. 
Гарвард университетінің профессоры М. 
Портер өзінің ұлттық бәсекелестік басымдықты 
талдауында жүйелік көзқарас идеяларын 
қарастырды, ішкі сұраныс пен ішкі тұтынудың 
тауарлық 
инновацияларға 
маңыздылығын 
атап өтті және белгілі бір салалардағы немесе 
кластерлердегі инновацияларға ішкі бәсекенің 
жағымды әсер ететіндігі жайлы идеясын 
айтты. Мемлекеттік саясаттың инновациялық 
дамуға әсер ететінін зерттей келе, М. 
Портер, С. Штерн және Д. Фурманмен бірге 
экономиканың инновациялық әлеуеті түсінігін 
енгізді. Экономиканың инновациялық әлеуеті 
– мемлекеттің ұзақ мерзімді кезең ішінде 
экономикалық және саяси нысандар ретіндегі 
технологиялардың инновациялық ағымын 
қалыптастыру мен коммерцияландыру қабілеті 
[16]. 
Инновация теориясының бұл кезеңі 
инновациялар және циклдар теориясын жасаумен 
де сипатталады. Ресейлік ғалымдар да өз үлесін 
қосты. Ю.В. Яковец инновацияларды ғылыми-
техникалық және экономикалық циклдердің 
бірегей бөлігі, сондай-ақ, дағдарыстан шығудың 
негізі деп қарастырды [17]. 
Жақын 
шетелдердегі 
ғалымдардың 
жүйелендірілген 
көзқарастарын 
алсақ, 
мысалы Ресейдің ҒА Экономика институты 
мамандарының терминологиялық тұрғыда 
жүйелендіріп «инновациялық саясат» және 
«инновациялық қызмет» деп инновацияны 
екі аспектіде қарастырады [18]. Бірінші 
жағынан – ғылым мен техниканың нәтижелерін 
(ғылыми-техникалық қызметтің тауарлары) 
заттандыру немесе коммерцияландыру кезінде 
алынған нәрсе (нәтиже, тауар, нысан) ретінде 
қарастырады. Екінші жағынан – нәтижелерді 
алу үрдісі ретінде, осы үрдісті жүзеге асыруға 
жағдай жасайтын қоғамдық (субъектілік, 
объектілік) қарым-қатынас ретінде. 
Біздің ойымызша, бұл топтың пікірін 
кеңінен ашатын инновация түсінігін экономист 
Б.Сантоның анықтамасы береді [19]. Ол 
инновацияны – жасалымдар мен идеялардың 
тәжірибелік тұрғыда қолданылу нәтижесінде 
құрылымы жағынан ең жақсы бұйымдар, 
технологиялар шығаратын, егер инновация 
экономикаға бағытталса, онда табыс және оның 
нарықта пайда болуы қосымша түсімдер әкелетін 
қоғамдық техникалық-экономикалық үрдіс 
ретінде қарастырылады. Барлық жағдайларда 
инновация бұрынғы даму бағытынан қаттырақ 
ауытқитын және терең өзгерістерді талап ететін 
жаңа бастаманы білдіреді.
Нарықтық 
экономика 
жағдайындағы 
инновацияны жүйелік сипаттау әдістемесі 
1992 жылы Осло қаласында қабылданған 
халықаралық стандарттарға негізделеді. Олар 
технологиялық 
инновацияларға 
қарайлап 
жасалған және жаңа тауарлар мен үрдістерді, 
технологиялық өзгерістерді қамтиды. 
Технологиялық 
параметрлеріне 
байланысты инновациялар тауарлық және 
үрдістік болып бөлінеді. Тауарлық инновациялар 
– бұл жаңа материалдар мен жартылай 
фабрикаттарды қолдану және толықтыратын 
жаңа функцияларды алу (жаңа тауарлар).
Үрдістік инновациялар – бұл өндірістің 
жаңа технологиясы, амортизацияның жоғарғы 
Ә.Ә. Сатыбалдин, Д.Р. Қорғасбеков, Т.А. Джунисбекова, 9-26


13
 / Экономика: стратегия и практика, № 3 (14), 2019 г.
деңгейі, өндірісті ұйымдастырудың жаңа 
әдістері (жаңа технологияларға қатысты) [20].
Заман өзгере келе инновацияларды 
дамыту және оларды экономикалық жүйеге 
енгізе отырып экономикалық өсуге қол жеткізу 
мақсатында жаңа үлгілер қалыптаса бастады. 
Сондай үлгілердің бірі «Ашық инновациялар» 
үлгісі [21]. 
Ашық инновациялар үлгісінің аясында 
қуып 
жетуші 
жаңғырту 
стратегиясына 
басымдылық беріледі, оған сәйкес жаңғырту 
және шетелде жасалған және игерілген 
технологияларды бейімдеу негізгі басымдыққа 
айналады [22]. 
Ашық инновациялар үлгісімен қатар 
экономиканы 
инновациялық 
дамытуға 
бағытталған тағы бір үлгі ол «Үштік шиыршық» 
үлгісі. Үштік шиыршық (TripleHelix) теориясы 
Англия мен Голландияда XXI ғасырдың 
басында Ньюкасл университетінің профессоры 
Генри Ицковиц (Henry Etzkowitz) пен 
амстердамдық университеттің профессоры 
Лойет Лейдесдорфпен (Loet Leydesdorff) 
жасалды. «Үштік шиыршық» кез-келген 
мемлекеттің инновациялық жүйесінің шешуші 
элементтері болып табылатын билік, бизнес 
және ғылымның арасындағы бірлікті көрсетеді 
[23]. 
«Үштік шиыршық» үлгісі мемлекет, 
ғылым және бизнестің арасындағы өзара 
қарым-қатынастың жаңа сипатын көрсетеді 
[24]. Инновациялардың дамуының негізгі 
субъектілері одан әрі қиысып, үштік спираль 
құрайды. Ғылым мемлекетпен және жеке 
сектормен өзара әрекеттеседі, олар бір-біріне 
ықпал етеді және бірлесіп экономикалық 
дамудың бағыты мен жылдамдығын анықтайды. 
Зерттеулер 
нәтижесі 
көрсеткендей 
жиырмасыншы жүзжылдықтағы ең көп 
зерттелген тақырыптардың бірі инновация 
тақырыбы болып отыр. Инновациялық 
экономика өзінен-өзі құрылмайды, ол білімге 
негізделген экономика жағдайында немесе 
білімді жоғары деңгейде ұйымдастырудың 
негізінде құрылады. Оның соңынан пайда 
болатын ақпараттық экономика өндірістің 
жаңа факторы – ақпаратты кең қолданумен 
шартталады. Білімге негізделген экономиканы 
түсіну барысында оның негізін, яғни өнімге 
енгізілген білімді немесе инновацияны 
зерттеуден басталады [25].
Қорыта келе, қарастырылған инновация 
түсінігінің біріңғай анықтамасының жоқ 
екенін айтуға болады. Ол ұйымда болатын 
әртүрлі үрдістермен және экономиканың даму 
кезеңдерімен шартталған. Әлемдік дамудың 
заманауи кезеңінде бірінші кезекке сапалы 
экономикалық өсуді және сапалы заманауи 
үлгілерді қолдана отырып әлемдік нарықтағы 
бәсекеге қабілеттілікті арттыруға қол жеткізу 
бүгінгі күннің талабы. Ол өндіріске жаңа 
технологияларды енгізумен және ғылыми 
сыйымды экономиканың дамуымен тікелей 
байланысты. 
Ғылым мен жоғары технологияларды 
өндіріске енгізу мемлекетті алдыңғы қатарға 
шығарады, себебі заманауи тұтынушылардың 
қалауы тек қана жоғары сапалы тауар емес, 
сонымен қатар, жоғары технологиялық тауар 
болып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет