Егемен Қазақстан. 2011. №472-473. 1 қазан



Дата16.06.2016
өлшемі26.24 Kb.
#139218
Егемен Қазақстан. – 2011. - № 472-473. – 1 қазан

Кенжалин Д.


Елеусіңовтің екпіні

Кеше Бакуде бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатының бесінші күні біздің құрамадан шаршы алаңға 64 кило салмақтағы Данияр Елеусінов (С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенті) шығып, шотландиялық Джош Тэйлормен қолғап түйістірді.
Осы кездесуде қолына былғары қолғап кигелі бері алғаш рет әлем чемпионатына қатысып жатқкан біздің боксшы қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, келесі айналымға жолдама алды. Бұған дейін жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, жастар арасындағы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, былтырғы жылғы жазғы Азия ойындарының жеңімпазы атанған астаналық боксшыға ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов бекер сенім артпапты. Кездесуде ол өзін еркін сезініп, бірінші раундтан бастап-ақ соққылар жасауға көшті.

Шотландиялық та осал бокс­шы емес екен, біздің боксшының шабуылына жауап қайтаруға ұмтылып отырды. Бірақ екінші раундта Елеусінов қарсыласын нокдаунға жіберді. Алайда, Тэйлор есін тез жинады. Осы кезде ұлттық құраманың бапкері Мырзағали Айтжанов пен өзінің жеке бапкері және әкесі Марат Елеусіновтің шаршы алаңның сыртынан Даниярға кеңестерін беріп, қамшылап жатқанын да көзіміз шалды. Бапкерлерінің айтқан сол ақыл-кеңесімен боксшы да алға ұмтылуын жалғастырып, қарсыласына бірнеше әдемі соққылар жасап үлгерді. Қазақ боксшысының қаһарына іліккен Тэйлор кездесудегі есепті теңестіруге тырысқанымен, онысынан ештеңе шықпады.

Ал үшінші раунд таза тәуелсіздіктің төл құрдасының басымдығымен өтті десе болады. Сөйтіп, кездесудің соңында осындай тактиканы ұстанған боксшымыз шотландиялық қарсыласын 11:5 есебімен айқын жеңді.

Біздің боксшының салмағында кубалық Рониел Солотонго, ағылшын Томас Сталкер, әзербайжан Гайбатулла Гаджалиев, мажар Гуила Кате, моңғол Мункх Ердене Уранчимес бар. Дегенмен, боксшының әкесі және бапкері Марат Елеусіновтің айтқанындай, әр айқасқа дұрыс тактика ұстанып шығатын қазақстандықтың биылғы әлем чемпионатынан дәмесі зор. Соңғы кездері елішілік жарыстарда қарсыластарын шыдатпай жүрген боксшымыз былтырғы Азия ойындарында алтын тұғырдан қол бұлғап, өзін жақсы қырынан көрсеткен болатын.

Жалпы, осы жолғы әлем чемпионатында Олимпия ойындарының 92 жолдамасы сарапқа салынуда. Бұл сында Лондонға жолда­ма алу үшін боксшылар 49 кило, 91 кило және +91 кило салмақ дәрежелері бойынша үздік алты боксшының қатарынан көрінуге тиіс. Ал өзге салмақтарда ширек финалға шықса да жеткілікті.

Бүгін Баку рингіне 60 кило салмақта Ғани Жайлауов пен 75 килодағы Данабек Сужанов шығады. Екеуі де Қазақстанның бір емес, бірнеше дүркін чемпионы. Жайлауов Жамбыл облысының өкілі. Команда сапындағы тәжірибелі боксшылардың бірі. Ол студенттер арасындағы әлем чемпионаты мен Азия чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілген. 2009 жылы Миланда өткен әлем чемпионатына да қатысты. Бірақ, сол кезде оның жолы болмады. Қазақстандықтың биылғы чемпионаттағы алғашқы қарсыласы - жапон Шота Накаяма.



Данабек Сужанов ересектер арасындағы әлемдік додада рингке алғаш рет шыққалы отыр. Оның қарсыласы - тайпейлік Янг Ю Тинг. Осы бәсекеге Өскеменнен Данабектің әкесі Жұмағүл Сужанов та келіпті. Баласына жанкүйер болу үшін ғой. Әкесімен күн сайын кездесеміз. Жеңе ме? Жолдама ала ма?» деп сұраймыз. Өзі де кезінде төрт жыл бокспен айналысқан Жүкең: «Әзірше ештеңе айтпаймын. Бәрін ринг көрсетеді», дейді тура жауаптан қашқақтап...



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет