Халықаралық құқықтың мазмұны барша мойындаған ережелер мен қағидаттардан (принциптерден) тұрады. Халықаралық құқықтың ережесі дегенде ХҚ субъектілері заңды деп мойындаған ұстанымдарды айтамыз. Қазіргі кездегі халықаралық тәртіп БҰҰ Уставында (1945 ж.), Хельсинки өткен ЕЫКК-ның қорытынды актілерінде (Европадағы Ынтымақтастық пен Кауіпсіздік Кеңесі 1975 ж.), Европаға арналған Париж Хартиясында (1990) көрсетілген ХҚ – тың ережелері мен қағидаттарына негізделген. Халықаралық қатынастарда халықаралық ұйымдардың, әсіресе Біріккен Ұлттар Ұйымы мен оның арнаулы мекемелерінің атқарып отырған игілікті әрі ықпалды іс - әрекеттерін ерекше атаған жөн. - БҰҰ – ның негізгі мекемелерінің қатарына Бас ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және Әлеуметтік кеңестері, Қамқорлық бойынша кеңес, Халықаралық сот, БҰҰ мамандандырылған мекемелері ЮНЕСКО (білім, ғылым және мәдениет мәселерін қарайтын ұйым), ХЕҰ (Халықаралық еңбек ұйымдары), ЮНИДО (Өнеркәсіптік даму туралы ұйым), ХВҚ (Халықаралық валюта қоры), МАГАТЭ (Атом энергия бойынша халықаралық агенттік) БДҰ (Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы).
Осы заманғы халықаралық қатынастардың ерекшеліктері: Осы заманғы халықаралық қатынастардың ерекшеліктері: - Біріншіден, ол бүкіләлемдік сипатқа ие, яғни аймақтық ауқыммен немесе нақты бір салалармен шектелмейді;
- Екіншіден , оған кешендік, жүйелік сипат тән.
- Осы заманғы халықаралық қатынастардың, соған орай халықаралық саясаттың негізгі принциптері мыналар болып табылады:
- Демократизация – мемлекеттердің ішкі саясатында және өзара қарым – қатынастарда демократия принциптерін басшылыққа алу;
- Демилитаризация – халықаралық қауіпсіздік жүйесін құру, елдер мен халықтар арасындағы өзара сенім мен сыйласым орнатып, қарусыздану процесін пәрменді жүргізу;
- Деидеологизация – халықаралық қарым – қатынастарды реттеуге идеологиялық тіресуден, қасаңдықтан бас тартып, жалпы адамзат мүддесін жоғары ұстау;
- Гуманизация – халықаралық қатынастарға ізгілік, адамгершілік, имандылық сипат беру, адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, саясат адамға қызмет ететінін, адамның бостандығы мен құқығы ең жоғары құндылық екенін үнемі басшылыққа алу.
- Халықаралық саяси қарым – қатынас әр мемлекеттің сыртқы саясатынан нақты көрініс табады.
Достарыңызбен бөлісу: |