Ежелгі Римдегі сот оратарлық өнері. Рим республикасының қоғамдық өмірінің өзі шешендік өнерге өріс алып беруге игі ықпал еткен, өйткені, «сөз өнері-дертпен тең»



бет1/2
Дата27.09.2024
өлшемі20.59 Kb.
#504067
  1   2
Ежелгі Римдегі сот оратарлық өнері


  1. Ежелгі Римдегі сот оратарлық өнері.

Рим республикасының қоғамдық өмірінің өзі шешендік өнерге өріс алып беруге игі ықпал еткен, өйткені, «сөз өнері-дертпен тең» деп, Абай айтқандай, Римде сөзді қадірлей, қастерлей білудің үздік үлгісі бар еді. Шешендік өнерге ешқандай тыйым салынбаған, ол бірте-бірте халық мінезімен бірге өрбіген. Қарапайым халық шешендердің соттағы сапасы жоғары сөздеріне лайықты бағаларын беріп, ең сәттілерін аңыздай таратып отырса керек. Әсерсіз, қатынас болмай, ештеңе өздігінен дамып кетпейді, әр нәрсенің өзінің шарықтау шегі боп жатады. Рим сөз өнеріне осы орайда Эллиндік грек мәдениетінің игі ықпалын айта кеткен орынды. Гректің риторикалық өнері Римнің реуішті сөзінің сапалы бола түсуіне әдемі әсерін тигізді. Грек және латын мектебінің арасында толассыз күрес жүріп жатқан кез еді. Екі риторикалық мектептің арасындағы тартыс Рим қоғамына да қозғалыс тудырды, яғни, ақсүйектер мен демократтық топтар арасындағы кереғарлықты күшейте түсті. Әрине, Цицерон ғұмыр кешкен заманда рим шешендік өнерінің өте асқақ дәрежеге жеткенін атап өту ләзім. Неге десеңіз, Цицерон шешендіктің шыңы да, соңы да еді. Цицерон тұсында ғана Рим қызыл сөзі Рим республикасымен бірге сахнадан көшеді. Императорлық кезеңінде сөз оты мүлдем сөніп қалмағанмен, бұрынғыдай жалын мінезінен, қалпынан ажырайды, саяси лепірме сөз азая бастады. Азаматтық және қылмыстық істерді қарайтын сот сөздері саяси мәнінен алыстайды. Сол уақыттың дәуірі салтанатты, салихалы сөзді тудыра бастайды. Сөйтіп, қызыл сөз көркем әдебиеттің белгілі бір жанрына айналды. Бұл сыпат латынның әдеби тілінің дамуына әкеліп соғады. Жарқылдақ қызыл сөз әдебиеттің барлық жанрларына жақындайды да, шешендер мен ақындар бірдей, бірегей риторикалық мектептен өтеді. Вергилий мен Овидии секілді ірі ақындарға риториканың бергені көп еді. Әсіресе, Овидии әсіреқызыл сөздерге әуес боламын деп, оқырмандар мен зерттеушілердің сындарына ұшырайды. Сөз өнері Тациит пен Ливий сынды майталман тарихшыларға аз сабақ болған жоқ. Олар тарихи фактілердің ішінен таңдаулыларын тебіренте білді. Шындықты шынайы шешендікпен бере білген соң да, кейде тарихи шындықтан ауытқып кеткен жерлері де жоқ емес. Сонымен, қызыл сөз бертін келе антикалық романның дүниеге келуіне себепші болды. Романның композициясы, стилистикасы, оның ішінде, болып жататын керағарлықтардың түп-тамырында риторикалық диалогтар жататын еді. Мұндай риториканың кейде әдебиетке де зияны тимей қалған жоқ, айталық, поэзияға әсері зор еді, алайда, поэзия тек қана жүректі тебірентетін шындықтан туатын құбылыс қой. Ендеше, оған оқта-текте айтылатын көтерме, лепті сөздер келмей қалады, яғни, өлеңді өмірден аулақтатып әкетеді.

  1. Сөз сөйлеудің екпінді анық құралдары. Сотта сөйлеу сөзі тиімді әрі әсерлі болуы оның қаншалықты дұрыс аргументтелгеніне байланысты. Бірақ соған қарамастан жұртшылыққа әсерлі болуының негізгі құралы болып сөздің мәдениетті құрастырылуы, оның анық болуы, оратордың дұрыс сөйлей білуі жатады. Күшті, дыбысты дауыс, анық дикция, дұрыс және мәнерлі дауыс ырғағының (интонация) бірге болуын 

    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет