ҚОҒам қайраткері нұртас оңдасыновтың білім алған ортасы



Дата02.07.2016
өлшемі111.02 Kb.
#173103
ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ БІЛІМ АЛҒАН ОРТАСЫ

 

Амирканов М.Б. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті аға оқытушы,

Бегалиева А. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті аға оқытушы

 

Нұртас Оңдасыновтың жан-жақты білім алуына, қоғам қайраткері дәрежесіне көтерілуіне өскен ортасының әсері зор болды. Жалпы Нұртас Оңдасыновтың білімі, мұғалімдік қызметі туралы ресми мәліметтер өте аз.Оңдасынның ұлдарының ішінде оқу-білімге айрықша ынта танытқаны Нұртас болатын. Нұртасты 7-8 жасында екінші анасы Дәрігүл ауыл молдасынан сауат ашуға береді.Сөйтіп, Нұртас алғаш ауыл молдасынан оқып, сауатын ашады. Бала кезінде ауыл молдасынан жазу-сызуды үйренген ол екі жылда хат танып, жыр-қисса  сияқты кітаптарды оқу дәрежесіне жетеді. Сол кезде алған білімі, кейін қазақ тіліне енген араб-парсы сөздерінің түсіндірме сөздіктерін жазуға нақты көмегін тигізе-ді. Кейіннен ауылдастары оған түрлі хаттар жаздырып, қыстың ұзақ түндерінде қиссалар оқытатын болған. Сонымен қатар, ол бала кезінде «Алпамыс», «Қыз-Жібек», «Айман-Шолпан», «Көрұғлы», «Дәриға», «Ләйлі-Мәжнүн», «Зарқұм» сияқты жыр-қиссаларды және ақындардың өлеңдерін оқып беріп, ауыл адамдарының рухани шөлін қандырған.[1] Ол халықтық батырлық жырларды, аңыз-ертегілерді жақсылап, мәнеріне келтіріп оқып жеткізе білді. Нұртастың сол кездегі білімі, кейінгі Ахмет Байтұрсыновтың жасаған жаңа қазақ емлесін тез игеруге септігін тигізеді. Нұртас Оңдасыновтың өнер-білім жолындағы ізденісінің қайнар бастауы да, осы киелі Түркістан топырағынан басталады. Әсем де әдемі табиғат кімнің де болса дүниетанымдық ой-өрісіне игі әсер берері сөзсіз. Осы өңірде талай ғұлама ақын-жазушылар, небір қазақтың жез таңдай би-шешендері туып-өскен аймақ екені анық. Нұртас Оңдасынов өзінің «Мен Түркістанның түлегімін» атты естелігінде алғаш жазу-сызу үйреткен ұстазы Керімқұл молда жайлы кеңінен тоқтаған. [2] Керімқұл молда сол жердің адамы, бірақ ол қайда оқыды, қайдан білім алды бізге белгісіз. Керімқұл молда өзінің кішіпейілдігімен, сыпайылығымен, адалдығымен, үлкен адамгершілігімен қалың бұқараның құрметтісі болып дүниеден өткен. Ал, кейінгі кезде біз «молда» деген сөзді естісек денеміз түршігіп, жек көретін болдық. Оның басты себебі – арабтың бұл сөзін тек дін қызметкері деген мағынада бір жақты түсінгендігімізден. Ал, бұл сөз өз мағынасында сауатты, оқымыс-ты, білімді ұстаз деген кеңірек мағынаны білдіреді. Хат жазу мен кітап оқуды үйренгеннен кейін-ақ, Нұртас Оңдасыновты ауыл адамдары «молда бала» деп атаған. Арабша молданың көпше түрі – «улама (ұлама)», оның қазақшасы – «ғұлама». Ғұлама сөзінің мағынасы халқымыздың ұғымында үлкен ғалым деген мәнге ие екенін елдің бәрі де біледі. Бұл мысалды жоғарыда айтылған ой-пікірлерді дәлелдей түсу үшін келтіріп отырмыз.Молдалар да адам. Ал адамға пендешілік, күпірлік тән. Олардың бәріне бір дең-гейден қарауға болмайды, әрине. Сонымен қатар, олар да қазақ халқының мәдениеті мен әдебиетінің дамуына өзіндік үлес қосқан. Ал, ауыл молдаларынан сабақ алып шыққан шәкірттер қаншама. Олардың бәрі араб, парсы, қытай халықтарының мәдениеті, әдебиеті, өнерінің қазақ арасына кеңінен таралуына септігін тигізіп, ұлттық өнердің баюына үнемі ықпал еткен.

Нұртас Оңдасыновтың ата-анасы баласының білім алуына негіз болатындай мектепке жақын деп әдейі Ақжігіттің қыстауына қоныстанған. Бұл оның оқуға ден қойып кірісіп кетуіне мүмкіндік берген. 1916 жылы Нұртас Оңдасынов лаждап жүріп ауыл мектебіне оқуға түскен. Бірақ, сол жылы оның ағасын патша үкіметі тылға жұмысқа алып кеткеннен соң, Нұртас лажсыздан оқуды тастайды да, жұмыс істейді. 1917 жылдан бастап ол еңбекке араласып, ата мен ананың, содан кейін келе халық алдындағы перзенттік парызы мен жауапкершілігі басталады. Біраз уақыт өткеннен кейін тағдыр оны ізгі адамдармен жолық-тырып, олардан тәрбие алуына мүмкіндік береді. Әсіресе, шығыс жастарының жарық жұлдызы Ғани Мұратбаевтың игі ықпалы өлшеусіз еді. Сондықтан болар, ол: «жақсы адамдармен, зиялы, білімді, ұлағат шарапаты мол адамдармен жақын болу дегеннің өзі өлшеусіз бақыт екенін, олардан алар тәлім-тәрбие мен білімнің де нәрлі, шырайлы, ізгі боларын барша жұртқа өсиет етіп айтқан. Ұзақ ғұмырдан бір түйіні – осы. Жақсыға  жанаса жүруді әдет етіңдер, өрендерім» - деп ағынан ақтарыла айтқаны әлі есімізде деп «Нұртас Оңдасынов» атындағы қордың төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов  үлкен шабытпен еске алады.  [3]

Уақыт өте келе кейін,әкесі Нұртастың ержетіп – есейгенін сезіп, білім алсам деген құштарлығын  байқайды. Әкесінің жаңа заман туралы топшылаулары  Нұртас Оңдасыновты да терең ойландырады, әке ой-толғамы оны жаңа өмірге, жақсы тұрмысқа  жетелеген. Әкесі Оңдасын да, баласы Нұртас та қазақ тіршілігіне бұрын-соңды болмаған бір өзгерістің келгенін ұғып пайымдаған болатын.  Нұртас Оңдасынов жаңа өмірдің келгенін, техникалық прогресс дами бастағанын көріп сол өскен елге еру үшін оқудың, білімнің қажеттігін сонда ғана алғаш сезінген.Не керек бар дүниенің кілті – оқу, білім, ғылымға келіп тірелгенін түсінді. Түсінуін түсінгенмен, қаржы-қаражаттың жоқтығынан жұлқынып шыға алмай, арман жетегінде жүргенде көктен сұрағаны жерден табылған. Ақырында, ол Ташкентте жетім балаларға арнайы ашылған мектеп-интернаттан бір-ақ шыққан. Ал Ташкенттің №14 мектеп-интернаттың тәрбиесі жас Нұртастың көзқарасын қалыптастырып, саяси санасын оятты. Халық басындағы, өз басындағы тақсырет пен нәубеттің қайдан, қалай туындап жатқанын түсіне алатын, талдай, екшей алатын халге жеткен. Сан-сауалдың жауабын білімнен, ғылымнан ғана табуға болатынын ұқты. Сол кездің қоғамдық-саяси сипаты да басқаша болды. Бұрынғы көшпенді ел – отырықшы тұрмысқа бет бұрған көшелі елге айналды.

Осылайша, кедей балаларына жарқын, бақытты өмірге жетудің даңғыл жолы ашылады.1920 жылы Нұртас Оңдасынов Ташкент қаласында ашылған мектеп-интернатқа қабылданып, сол жерде тәрбие-ленеді. Нұртастың өміріне бұл интернат өзгеріс, жаңа құлшыныс әкелгені рас. [4]Білімгедеген мол құлшынысының нәтижесінде зерек те ақылды Нұртас Оңдасыновтың бұған дейін тек мұсылмандық сауаты бар жас шәкірт оқудың қиыншылығына қарамастан өз бетінше ізденіп, ерінбей оқып, орыс тілін жетік меңгерген. Нұртас мұнда негізінен жалпылама пәндерді өтіп, түрлі дәрежедегі ұстаздардан дәрістер тыңдаған. Осы интернатта орыс тілінен алғаш дәріс берген ұстазы Ғани Мұратбаев еді.1921 жылы сәуір айында интернат жанында Ғани Мұратбаев ұйымдастырған комсомол ұясына мүшелікке қабылданады. Сол кездегі №14 мектеп-интернатынан оқыған 265 жетім бала ішінен небір айтулы азаматтар өсіп шықты. Олар: жазушы Өтебай Тұрманжанов, әдебиетші-ғалым, профессор Бейсенбай Кенжебаев, мемлекет қайраткері Өмірзақ Орымбетов, Жамалбек Шалабаев, орман шаруашылығының алғашқы білгір маман-дары Райымбек Ахметов, Бектас Шынарбаев  осы интернаттың түлектері. «Жылан жылғы» ашаршылықта ата-аналарынан айырылып, панасыз, қорғансыз, көше кезіп, теміржол бойын жағалап, базар торыған ашқұрсақ жетімдер жетіліп қана қоймай, шынында да, қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шыққан жастардың бірі болды.

1922 жылы Нұртас Оңдасынов аталмыш мектеп-интернатын тәмамдайды. Осы интернатты оқып бітісімен бірден Ташкенттегі Орман-тоғай техникумының дайындық бөліміне оқуға қабылданады. Сол жылы ақпанда Қазақ орман шаруашылығы техникумның өзіне оқуға түседі. Осы техникумда Нұртас комсомол ұйымының жауапты хатшы жұмысын атқарады. Комсомол жұмысын өте белсенді, абыройлы атқарғандықтан Нұртасты кейін осы орынға екі рет сайлайды. Бұл оның Ғани Мұратбаевпен тығыз қарым-қатынаста араласып, өмір жолын, білімін шыңдай түсуіне септігін тигізеді. Одан алған тәлім-тағылымын, естіген өсиеттерін басқаларға да айтып отырған.

 Қиын жағдайда алған білімі оның таптық санасын ерте оятты. Оқу тоқусыз алдағы күннің қараң екенін ол жете түсінді. Сондықтан да Нұртас жас кезінен-ақ оқу білімге құштар болып өседі. [5]  Әрине,Нұртас Оңдасынов үшін бұл жылдар жеміссіз болған жоқ. Алғыр да, зерек ол қатарының алды болып, ой-санасы толысып, халық ауыз әдебиеті мен шығармаларын өздігінен оқитын дәрежеге қол жеткізді. Сол кездегі талап бойынша жергілікті ұлт өкілдері дайындық бөлімінде орыс тілін үйренетін.Ал,Нұртас өзі-нің ана тілімен қоса араб, парсы, түрік тілдерін және орыс тілін де жақсы меңгерген.1926 жылы қазанда Орман-тоғай техникумының студенті кезінде, Коммунистік партияның қатарына өтеді. 1927 жылы Нұртас Ташкенттегі техникумды ашқұрсақ болып жүріп, аяқтайды.

Техникумды бітірген соң өз мамандығы бойынша орманшы-техник қызметін атқарады. Бірақ осы техникум қабырғасында оқығаны жайлы, оқу-үлгерімі туралы, білім ордасын үздік аяқтағандығын куә-ландыратын құжаттық деректерді мұрағаттардан біз кездестіре алмадық. Н.Оңдасынов 1927 жылдың сәуірінен 15 қыркүйегіне дейін Қостанай облысы, Қарабалық ауданының Михайловск орман шаруашы-лығында орман қарауылының көмекшісі болып еңбек етеді. Осы жылдың 23 қазанынан – 1928 жылдың сәуір айына дейін Қызылорда қаласында су шаруашылығында санақшы болып жұмыс істейді. Осы жылдың 1 мамырынан 27 қыркүйегіне дейін Жамбыл қаласында – Талас зерттеу партиясының кіші технигі міндетін атқарды. 1928 жылдың қазанынан 1930 жылдың ақпанына дейін Сырдария су шаруашы-лығында – Аймақтық су шаруашылығының зерттеуші технигі қызметін атқарады. [6]



Сонымен қатар, Орталық мұрағаттан Нұртас Оңдасыновтың Сырдария су шаруашылығында, Орта Азия жұмысшылар факультетінде оқытушы қызметін атқарғандығы туралы анықтамаларын да таптық. [7] .Бұл анықтамалар біздің ары қарай жұмыс істеуімізге көп көмек тигізді. Ал, Ресей Мемлекеттік жаңа тарих мұрағаттық құжаттарда  Нұртас Оңдасыновтың 1930-1934 жылдарда Ташкент қаласындағы Орта Азия ирригация (жер суландыру) инженерлер институтында оқығандығы, кейін «ирригация» факультеті-нен 4 курстан кеткендігі туралы мәлімдеген. Ал 1931 жылы 1 қазаннан бастап 1932 жылдың қазан айына дейін Ташкент қаласында – Ирригациялық институттың графика катескетінің меңгерушісі қызметін атқарған. Осы жылдың 1 қазанынан – 1933 жылдың 1 қазанына дейін – Су шаруашылығы техникумында оқытушы болып істейді. 1933 жылдың 15 қарашасынан – 1934 жылдың 23 қыркүйегіне дейін – ауыл шаруашылығы жұмысшы факультетінің меңгерушісі, кеңшарлар курстарының оқытушысы және директор орынбасары қызметтерін атқарады. Сондай-ақ, ол ҚазКСР Су шаруашылығының меңгерушісі болып та жұмыс істейді. Басшылық қызметте жүріп, ол жоғары білім алудың қажеттігін жете түсінеді. Бірақ та Нұртас Оңдасыновтың білгенінен білмейтіні көп болып шығады. Осылайша тағдырмен тайталаса жүріп 1932 жылдың ақпан айынан бастап 1934 жылдың наурыз айына дейін Ташкенттегі Орта Азиялық ирригация су инженерлері институтында оқиды [8].Ол сол кезде бүкіл аймақтағы  ең ірі жоғары оқу орны болатын.Кейін осы Орта Азиялық жұмысшы факультетінде дәріс береді. Айналасы 5-6 жылда бірнеше пәндердің негізі жөнінде жалпылама ғана мәліметтер алып шыққан Нұртас Оңдасынов өздігінен көп ізденіп, шәкірттерінің ой-өрісіне сай сабақтар жүргізіп, бар білгенін жас ұрпаққа үйретумен болды. Өз ісіне ұқыпты да, дарынды ұстаз оқушылармен тез тіл табысып, олардың ықыласына бөленеді.Осы институтта жұмыс істегендігі туралы анықтамасы Орталық мұрағаттан таптық.Орталықмұрағаттан Нұртас Оңдасыновтың Орта Азия жұмысшы факультетінде 1934 жылдың 25 -ші ақпанынан –1-ші қыркүйекке дейін мұғалім болып жұмыс істегендегі құжаты сақталған. Институттың үшінші курсын бітіргеннен кейін 1934 жылы Қазақ Орман шаруашылығы трестіне әуелі директордың орынбасары, сосын директор қызметіне ауысады [9].Нұртас Оңдасыновтың көкірек көзін оятқан сауатын ашқан алғашқы ұстазы – Ғани Мұратбаев еді. Ғани үлкенді – үлкен, кішіні – кіші деп сыйлай білетін тамаша тәрбиелік қасиеттерімен шәкірттерінің орасан зор құрметіне бөленген адам. Ол шынында да тумысы бөлек жан-тұғын.  Нұртас Оңдасынов үшін Ғани  есімі аса қадірлі, білім алсам, дүниені танысам деген арманын шындыққа айналдырған ұстаз. Оны алғаш көрген, дәріс алған күні Нұртас Оңдасыновтың көз алдында  мәңгі қалған, өмірі ұмытқан емес.  Нұртас Оңдасынов «Ғанидан ғибрат өмірбаяным» атты естелігінде [10] Ғани Мұратбаев интернаттағы балаларға: «жарқын болашақ алда, оны салатын өздерің. Ол үшін көп оқу керек, білім керек» дегенді күн сайын айтатын. Бірақ та оқуға зерек Нұртас, Ғани ұстазы берген тап-сырмасын уақытында орындап, бар ынта-жігерін білсем деген бір мақсатқа бағыштады. Нұртас Оңдасыновтың үлкен жолға түсуіне Ғани Мұратбаев себепші болған. Ғани Мұратбаевтың мұраты – қазақ жастары оқыса, білім алса, орыс тілін үйренсе, дүние-әлемге көзін ашса деген ниет екенін түсінді. Бұл Нұртас Оңдасыновтың Ғани Мұратбаевтан алған алғашқы ғибраты. 1921 жылы Нұртас Оңдасынов Ғани Мұратбаев ұйымдастырған  БЛКЖО-ның  ұйымына мүшелікке қабылданады. Сол интернатта Ленин комсомолының қатарына түсіп, жақсы оқиды. Нұртас Оңдасыновқа ұстазы Ғани Мұратбаев интернатта да, Қазақ орман шаруашылығы техникумында да комсомол ұйымын басқаруға үнемі сенім білдіріп отырған [11].Бұл оның аудандық, қалалық, облыстық комсомол комитетінде және мәжілістер мен конференцияларда Ғани Мұратбаевпен  жиі  кездесуге мүмкіндік туғызып отырды.  Нұртас Оңдасынов «Комсомол – жастығым менің» аттыестелігінде Ғани Мұратбаевпен алғаш кездесіп, ақылын тыңдаған, дәм-тұздас болған кездерін сағынышпен еске алғандығы айтылады [12]. Ол  Ғани Мұртабаевпен кездес-кен күндерін ешуақытта ұмытпаған, қайта сол кездерді өмірімнің ең бақытты сәттері деп білген. Ал, Ғани Мұртабаев әрдайым өзінің білімділігімен, парасаттылығымен, қарапайымдылығымен өзгелерден оқшау-ланып тұрған. Н.Оңдасынов өзінің болашақтағы ұстазы, Алаштың көрнекті қайраткері Ғани Мұратбаевты танып-білуі осы кезден бастау алған. Н.Оңдасыновтың Ғани Мұратбаевпен бұл таныстығы оның өмірінде терең із қалдырды.

Нұртас Оңдасыновтың бағын ашқан екінші ұстазы – Мұхтар Әуезов.Нұртас мектеп-интернатты өте жақсы үлгеріммен бітіріп, Ташкенттің Орман шаруашылығы техникумында оқығанда алғаш қазақ әдебиетінен сабақ берген ұстазы – Мұхтар  Әуезов еді. Алғаш әлем әдебиетінен мағлұмат алып, хабардар еткен, қазақ ауыз әдебиетінің інжу-маржандарын түсіндіріп, ұлы Абайды таныстырған да осы – М.Әуезов. Студент Нұртас алдында ұстаз Мұхтар ұлы Абай хақында ой тербегенде, жас шәкірттің қия қияңдарға қалықтап, арманы аққу болып ұшатын. М.Әуезов арқылы Нұртас Оңдасынов ұлы Абайды, Абай арқылы қазақтың өзге елден көш кейін қалған халін ұққан, тағдырын таныған.Баяғы диқандар орта-сы жауап бере алмаған сан сауалға ұстазы Әуезовтің дәрістерінен тапқан болатын. «Біз Абаймен көп жұрттан бұрынырақ және тереңірек таныстық. Абайды толық түсінуімізге қадірлі ұстазымыз Мұхтар Әуезовтің мағыналы сабақтары тікелей себебін тигізді», - деп қысқаша мәлімет береді [13]. Сонымен қатар, Н.Оңдасынов «Үлкен ұстаз» атты естелігінде [14] Мұхтар Әуезовтей үлкен адамдармен кездесу, жақын сырлас болу, олардан тәлім-тәрбие алу кімге болса да – үлкен мәртебе екенін айтып тоқталады. Нұртас Оңдасыновтың ұстазы Мұхтар Әуезовтен ұққан ең басты тағылымы – ұлы Абайдың қабырғасын қайыстырған, ой қазынасын қопартқан өз қамы емес, ел қамы, халық мұраты. Мұхтарды да жауларымен жағаластыра жүріп, Мәскеу мен Алматының арасында қашып-пысса да ретін тауып, білгенін жастарға талмай, шаршамай айтқызып жүрген күш – Абай мұраты, Абай арманы екен. Абай арманы Мұхтар мұратына ұласып, онысын алдындағы студенттерге мақсат пен аманат еткендей болған. Әйтеуір, жалық-пай жастарды мақсаткерлікке, еңбекқорлыққа, білім мен ғылым қууға күн сайын уағыздап жататын ұстаз – Мұхтар Әуезов. Артынша Абай арманын, Мұхтар мұратын шындыққа айналдырсам деген айбынды қазақ жастары көптеп кездесетін. Кейін Ғ.Мұратбаевтан тәлім, М.Әуезовтен дәріс алған көптеген жастар ақырында білімін арттыру мақсатында Мәскеу, Ленинград, Ташкент, Қазан, Омбы, Саратов қалаларына оқуға аттанады.

Әрине, Нұртас Оңдасыновтың ондай үлкен, алыс жаққа барып оқуға жағдайы келмеген. Нұртас Оңдасыновтың халықшыл, ұлтын ұлықтай білетін білікті басшы болуына ұстазы Әуезовтің қалай да қалай әсері болған.

Нұртас Оңдасынов қай жұмыста болса да, өзін адал қызметкер екенін таныта білген. Сондай-ақ өзіне тән адалдықпен, жігерлілікпен, қажырлылықпен еңбек еткен. Ол еңбекте шыңдалып, мол тәжірибе жинап, лауазымды, жауапты қызметтерге дейін көтеріледі. Білімге құштар жігерлі жас  Орта Азия ирригация инженерлері институтын бітірген соң, орман шаруашылығы саласында әртүрлі деңгейдегі басшылық қызметтерде еңбек етеді [15].Тағдыр оған ізгі адамдарды жолықтырып, олардан тәрбие алуына мүмкіндік берген. Әсіресе, Шығыс жастарының жарық жұлдызы Ғани Мұратбаевтың оған тигізген игі ықпалы өлшеусіз. Сондықтан болар, ол: «жақсы адамдармен, зиялы, білімді, ұлағат-шарапаты мол адамдармен жақын болу дегеннің өзі өлшеусіз бақыт екенін, олардан алар тәлім-білімнің де нәрлі, шырайлы, ізгі боларын барша жұртқа өсиет етіп айтып отырған [16].Өзі де осы қағиданы өмір бойы ұстанып келді. Мұны нақты істерімен де көрсете білген.



Қорыта айтсақ, алғыр, зерек, сезімтал, пайымшыл Нұртас Оңдасынов ізденіп, өз білімін өзі толықтыру арқылы, жаңа дүниеге деген жаңа көзқарасын қалыптастырды. Қазақ елінің басына қиын-қыстау күн туған шақта қазақтың сенімін арттыруға тұратын азаматтарының қатарынан оның есімінің тізімге ілігуі бұл оның қоғамдық қызметке ерте араласып, есейгендігіннің, ел-жұртына ісімен танылғандығының айғағы болмақ.

 

1. «Нұртас Оңдасынов» Құрастырған Г.Оразалиева. – Алматы, 2004. – 12 б.

2. ҚР ОММ 2330-қор, т-1, іс-21.

3. ҚР ОММ 2330-қор, т-1, іс-101, 6-п. 

4. ССР Одағы Жоғарғы Советінің депутаттығына кандидаттар Нұртас   Дәндібайұлы Оңдасынов. // Социалистік Қазақстан 15 январь 1946 жыл №11. – 1 б.

5. ҚР ОММ 2330-қор, т-1, іс-18, 4-п. 

6. Ресей Мемлекеттік жаңа тарих мұрағаты. 5-қор,  т-98, іс-35640, 3-4 п .

7. ҚР ОММ 2330-қор, т-1, іс-68, 2-3-7-п.

8. ҚР ОММ 2330-қор, т-1, іс-67, 2-п.

9. Г.Оразалиева Нұртас Оңдасынов (ғұмырбаяндық хикаяттар). –  Алматы, «Білім» 2004. – 19 б.

10. ҚР ОММ 2330-қор,  т-1, іс-19, 1-п.

11. Н.Оңдасынов «Ғанидан ғибрат өмірбаяным» // Лениншіл жас. 29 қазан 1986 ж.

12. ҚР ОММ 2330-қор, т-1, іс-18, 4-6-7 пп.

13. Г.Оразалықызы «Оңдасынов – өз дәуірінің дара қайраткері» // Жалын. 2008. №9. 4 б.

14. Н.Оңдасынов. «Үлкен ұстаз» //Қазақстан әйелдері, 1987.  №8. – 11-13 бб.

15. Қасиетті жердің перзенті. Ж.Әпетова., А.Байтелиев. //Шалқар. 16 желтоқсан. 1994 ж.

16. ҚР ОММ 2330-қор, т-1, іс-81, 1-п.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет