Бұл салаға үлкен еңбек қосқан Мин дәуіріндегі Қытай фармациясының ең ірі өкілі, әлемдік атағы бар ғалым, фармаколог Ли-Ши-Чжень болатын. Ол 1518 жылы дәрігер отбасында дүниеге келген
Бұл салаға үлкен еңбек қосқан Мин дәуіріндегі Қытай фармациясының ең ірі өкілі, әлемдік атағы бар ғалым, фармаколог Ли-Ши-Чжень болатын. Ол 1518 жылы дәрігер отбасында дүниеге келген.
Медицинаны 30 жасқа толғанда зерттей бастады, 800-ден астам фармакология кітаптарын оқып шықты. Ли-Ши-Чженнің 10 шығармасының үшеуі біздің заманымызға дейін жеткен. Олардың негізгісі 1892 емдік өсімдіктің сипаттамасы мен 11896 рецептуралық жазбалардан құралған 52 томдық «Бэнь-Цао-Гань-Му», қытай және әлемдік ғылымға енген баға жетпес үлес болып табылады.

Ли-Ши-Чженнің зерттеуі бойынша, пиязда, сарымсақта, қара өрікте, жапон жемолостында, қытай ветреницасында антибактериалдық және антитоксикалық қасиеттері басым болған. Туберкулезді емдеу үшін жапон гинкгосын пайдалануды ұсынған.
Хуа То дәрігер (141 ж. шамасында туған), ауруды басатын затты пайдалану арқылы операция жасау үшін ауруға шарапта езілген ерігіш ұнтақ «ма фейсиньді» берген. Бұл ұнтақтың құрамында үнді коноплясының жасушалары бар.

І ғасырда «Шин-Нун-Бэнь- Цао» кітабы құрастырылған. Бұл кітапта 300-ден астам емдік құралдар мен көптеген жазбаларға түсініктеме берілген.
Б.э.д. ІІІ ғасырда, кейіннен қытай медицинасының канонына айналған алғашқы ірі медициналық трактат, табиғат пен өмір туралы еңбек- «Нэй-цзин» пайда болды. «Нэй- цзин» - көп томдық шығарма.
Б.э.д. ІІ ғасырда Қытайда әлемдік медицина тәжірибесінде алғаш рет «аурудың тарихын» жазу енгізілді.