- Вавилон ("Тәңірі қақпасы" деген мағынада) — Қос өзен бойындағы ежелгі мемлекет.Вавилон Қосөзеннің ең ыңғайлы жерінде, сауда жолдарының қиылысында орналасқан. Қалада 200 мыңдай тұрғын болған көрінеді. Хаммурапи б.з.б. 1792-1750 жылдар аралығында патшалық еткен. Ол қарсыластарын жеңе отырып, Қосөзенді Вавилонның қоластына бағындырды. Сөйтіп бүкіл шумер-аккад жерін біріктірген Вавилон патшалығы құрылды. Ежелгі вавилондық мемлекет Тигр мен Ефрат өзендерінің аралығында жердің оңтүстік бөлігінде пайда болған: бұл жердің ежелгі халқы болып шумерлер табылған, ал оңтүстік бөлігінде аккадтар өмір сүрген.
Б.з.д. III мыңжылдықтың басында қоғамның таптарға бөлінуі және мүліктік теңсіздіктің пайда болуы нәтижесінде қала - мемлекет нысанындағы алғашқы 40 мемлекет пайда болған, олардың әрқайсысында 40-50 мың адамдай өмір сурген. Бұлар ежелгі шумерлік мемлекеттер болып табылатын, олардың iшiндегi ең әйгiлерi –Эриду, Ур, Ларса, Лагаш, Киши және Умма. Бұл мемлекеттердің пайда болуының негізгі факторы болып кершiлес кауымдастықтардың бірлескен күштерiн қажет ететiн ирригациялық және мелиоративтік жұмыстарды ұйымдастыру қажеттігі табылды . Ежелгi шумерлiк коғамдағы билеуші топ мемлекеттердің билеушілерінен, олардың отбасыларының мүшелерiнен, рулык - тайпалық және шіркеулік ақсуйектерден, сонымен қатар, патшалық және шіркеулік шаруашылықты басқарушы тұлғалардан құралған. Халықтың қаналушы тобына құлдар мен тәуелді тұлғалар жатқан. Қоғамның жоғарғы тобы мен тәуелдi тұлғалардың арасында халықтың негiзгi бөлігі - аумақтық қауымдастықтармен өмір сүрген еркін шаруалар болған. - Б.з.д. III мыңжылдықтың басында қоғамның таптарға бөлінуі және мүліктік теңсіздіктің пайда болуы нәтижесінде қала - мемлекет нысанындағы алғашқы 40 мемлекет пайда болған, олардың әрқайсысында 40-50 мың адамдай өмір сурген. Бұлар ежелгі шумерлік мемлекеттер болып табылатын, олардың iшiндегi ең әйгiлерi –Эриду, Ур, Ларса, Лагаш, Киши және Умма. Бұл мемлекеттердің пайда болуының негізгі факторы болып кершiлес кауымдастықтардың бірлескен күштерiн қажет ететiн ирригациялық және мелиоративтік жұмыстарды ұйымдастыру қажеттігі табылды . Ежелгi шумерлiк коғамдағы билеуші топ мемлекеттердің билеушілерінен, олардың отбасыларының мүшелерiнен, рулык - тайпалық және шіркеулік ақсуйектерден, сонымен қатар, патшалық және шіркеулік шаруашылықты басқарушы тұлғалардан құралған. Халықтың қаналушы тобына құлдар мен тәуелді тұлғалар жатқан. Қоғамның жоғарғы тобы мен тәуелдi тұлғалардың арасында халықтың негiзгi бөлігі - аумақтық қауымдастықтармен өмір сүрген еркін шаруалар болған.
Достарыңызбен бөлісу: |