Екатерина жукова, СҚму-дің екінші курс студенті ҚазақТЫҢ орыс қызымын



Дата11.07.2016
өлшемі24.75 Kb.
#191064
Екатерина ЖУКОВА, СҚМУ-дің екінші курс студенті
ҚАЗАҚТЫҢ ОРЫС ҚЫЗЫМЫН
Мен Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында тудым. Қазақ тіліне деген сүйіспеншілікке өзімнің сүйікті қалам Петропавлдағы "Салтанат" балабақшасынан қанықпын. Екіжыл №1 гимназиясыноқып, З сыныптан қалалық классикалық гимназияға ауыстым. "Қазақ тілінде оқуға не түрткі болды?" деген сұрақ қойғанда, "Анам қазақ мектебіне берді" деп жауап беремін. Мінезімнің, тәрбиемнің қалыптасуына анамның қосқан үлесі зор деп айтсам, қателеспеймін.

Бала кезімнен музыка пәніне қызығушылығым мол болды. Анам музыка мұғалімі ретінде маған алған білімдерін үйретуге күшін салды. 7 жылдан кейін вокал, фортепиано, домбыра сыныбы бойынша музыкалық мектепті бітірдім. Шындығына келгенде алғашқы концертті еске түсіре алмаймын. 5 жастан бастап үлкен сахнаға шығып, ересек адамдармен қатар еңбектендім.

Мектебім - әркез сағынышым. Классикалық гимназия - тәуелсіздік тілі мекеніндей. Онда алған білім, тәрбие мен үшін баға жетпес қазына. Айсұлу Тұрарқызы, Сандуғаш Жанботақызы, Ырысты Олжабайқызы, Ләззат Аманжолқызы сияқты ұстаздарыма ризамын. Осы мүғалімдердің арқасында оқуда, өнерде үлкен табыстарға жеттім. Бүгін "Мен классикаданмын!" деп мақтана айтамын. Осы мектептің және қаланың халықаралық деңгейде атын шығардым.

Музыкалық мектепке қоса анам мені "Қуанамын" би студиясына берді. Би әлемі маған 1 сыныпта ашылды. Бимен айналысу, ең бірін-шіден тәртіпке, екіншідең жинақы-лыққа, үшіншідең сахнада өзіңді ұстауға үйретеді. Жаппы, бидің пайдасы туралы ұзақ айтуға болады. Бимен айналысқан уақытта Ресей, Қырғызстаң Эстония елдерінде болдым.

Ақын Қадыр Мырзалиев кезінде қазақ халқының бүкіл ерекше қасиеттерін тізбелей келіп. "Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра", - деген еді. Неге екенін білмеймің бірақ осы киелі аспаптың дауысын естігенде, кең дүниеге сыймай кететін көп адамдардың бірімін. Тойкен Күдерованың атсалысуымен ұйымдастырылған "Күдер" ансамблінің мүшесі болғаныма қуанамын.

Бүгін Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеттің шет тілі мамандығының 2 курс студентімін. Оқушы кезімнен мұғалім боламын деп армандаушы едім. Университет өміріне белсене қатысуға тырысамын. Өйткені, жоғары оқу орны тек білім ордасы ғана емес, жаңа достарды табатық өздігінен өсу орны. Болашақ мамандығым - ағылшын және неміс тілінің мұғалімдігі. Мұғалім мамандығы бұл әрқашан ізденісті тапап етеді. Ол балаға сүйсіпеншілікпен қарау және қамқор болуымен ерекшеленеді. Сондықтан мұғалім салмақты, биік тұлға болуы керек деп ойлаймын.



Жуырда мен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясының жұмысына қатыстым. Бұл - Елбасын алғаш рет керген сәтім. Сессия күндерін мен үлкен толғаныспен күттім. Өйткені, осындай үлкен іс-шаралар әрқашанда рух береді. Еліміздің еңсесі биік деп армандайтын бүгінгі Қазақстан жастары - ертеңгі бейбіт өмірдің кепілі екендігін Астана қаласында анық көрдім. 1 мамырдағы үлкен халықтық мейрам қарсаңында замандастарыма айтар тілегім - Қазақстанның нағыз патриоты болу керек. Сез жүзінде емес, іс жүзінде. Өмір деген оңай нәрсе емес. Бірақ қай жерде өмір сүрсең де, өз Отаныңды ұмытпауың керек. Жүрегің ұлтым деп соғуы керек. Тіліміз, ұлтымыз, дініміз әртүрлі болса да, туып өскен жеріңді сүю - әр аза-мат үшін парыз. Мен Қазақстанда туғаныма қуанамыа Көпұлтты республикада мен орыс екенімді ұмытпаймын, бірақ өзімді - қазақтың орыс қызымын деп айтамын.
// Қызылжар нұры. - 2014. - 1 мамыр

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет