Әке – отбасы қорғаны



Дата21.02.2024
өлшемі14.39 Kb.
#492606
әке отбасы корганы сценарий


Әке – отбасы қорғаны
Іс - шараның тақырыбы: Әке – отбасы қорғаны
Құзіреттілікке жеткізетін мақсат - міндеттер:
А) ақпараттық: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту, ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту.
Ә) коммуникативтік: Әкелерді шығармашылық жұмыстарға баулу, өз өнерлерін көрсете білуін қалыптастыру;


Ұйымдастыру бөлімі
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар , әкелер, оқушылар! Бүгінгі мектебіздің «Ұлағат» әкелер мектебінің жоспарына сәйкес «Әке – отбасы қорғаны» атты волейбол жарысына қош келдіңіздер!
Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын оған қарап өсетін нысанасы. «Әке – асқар тау, ана – қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ» дегендей «Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші! Өмірде әкесін жақсы көрмейтін бала жоқ шығар, өйткені бала үшін әкенің орны бөлек.«Әке - бәйтерек» дейміз.

Жүргізуші:Бүгінгі сайысымыз «Ұлағат» әкелер мектебінің жоспарына сәйкес ұйымдастырылуды. Алдағы уақытта осы мектеп бойынша бірқатар жұмыстар атқарылмақшы. Барлығыңызды ат салысуға шақырамыз! Әрі қарай мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қуандықов Елсултан Малікұлы жалғастырады. /қатысушыларды топқа бөлу/



Жүргізуші:Әке қандай болса да,
Қорқу одан – бір құрмет.
Әкенің бір сөзіне
Ешқандай тыйым жетпейді.
Әке қатты сөз айтса,
Есіңнен еш кетпейді.
Әкесін сыйлай білгендер
Көгереді, көктейді.

Қорытынды.


Мұғалім: Құрметті әкелер , ағалар , оқушылар! «Әке - асқар тау, ана - бауырындағы бұлақ, бала - жағасындағы құрақ» дегендей барлықтарыңыз аман болыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет