Тірек-қимыл, жүйке жүйелердегіөзгерістер кезінде мейіргерлік күтім Дәріс жоспары



бет1/5
Дата27.10.2022
өлшемі36.87 Kb.
#463462
  1   2   3   4   5
т3рек


Тірек-қимыл, жүйке жүйелердегіөзгерістер кезінде мейіргерлік күтім
Дәріс жоспары:
1. Тірек-қимыл аппаратының жасқа байланысты өзгерістері.
2. Егде жастағы ДОА-ға әкелетін негізгі себептер.
3. DOA клиникалық көрінісінің ерекшеліктері.
4. Егде жастағы ДОА емдеу ерекшеліктері.
Сау шеміршектің беті тегіс, жылтыр және синовиялық сүйықтықпен майланып тұрады. Сондықтан буындар бетінің үйкелісі болар-болмас ғана.
Шеміршек ағзада аса төзімді және мықты құрылымдардың бірі. Ауыр салмақ түскеннің өзінде, ол езілмей, сәл басылады. Шеміршектің аса төзімділігі мен эластикалық қасиеті оның қүрылы-мының ерекшелігіне байланысты. Оның қүрамы хондроциттерден, аса берік II типті коллагеннен (шеміршекте ғана болатын) және дәнекер тіннің "желімдеуші" аталатын негізгі затынан тұрады. Шеміршек II типті коллагенге бай болуынан аса төзімді келеді, салмақ түскеннің өзінде, пішінін жоймайды.
Шсміршектің негізгі заты протеогликандардан, гиалурон қышқылынан қүралған. Протеогликандар молекуласының қүрамына глюкоза-миногликандар, хондраитинсульфат және кератансульфат кіреді. Протеогликандар сумен және қышқылмен тығыз байланысқан, шеміршек қүрамының 70% судан түрады. Судың молдығы салмақ түскенде шсміршсктің басылуына жол бермейді. Су мен коллагеннің молдығы-нан шеміршек аса мықты болады. Протеогликандардың бір-біріне тіркеліп іріленген гидрофильдік қүрылымдары коллаген торымен оралып, бекітілген. Мүндай күрылым шеміршектің эластикалық қасиетін қамтамасыз етеді.
Деформациялаушы остеоартрозда (ДОА) түрлі себептерден шеміршек уакытынан бұрын тозып, тез "қартаяды". Шеміршектің метаболизмі бүзылып, хондроциттер жойылады, протеогликандары азаяды және деполимеризацияланып, суын жоғалтады. Шеміршек құрғай бастайды. Сонымен қатар хондроциттердің фенотипі өзгереді, мәселен, сапасы төмен коллагенді, протеогликандарды түзетін хондроциттер пайда болады.
Дерттің ертелсу сатысында шеміршек жүмсарып, беті бүртіктеніп, жылтырлығынан айырылады. Бара-бара шеміршек тоза келе жұқарады талшыктары ыдырайды, шеміршектер тілініп жарылады, осыдан бетінде көптсген саңылаулар пайда болады. Салмақ түсуден мүндай шсміршек бөлшектеніп жойылады, осыдан сүйектің беті жалаңашта-нады. Ыдыраған хондроциттердсн бөлінетін ферменттер де шеміршектің күруына өз "үлесін" қосады. Шеміршектің жұқаруынан және жойылуынан буынның жігі тарылады, жалаңаштанған сүйектердің бастары бір-біріне тақалып, үйкеле келе беттері тығыздалады. Сүйек бастарын сақтауға бағытталған қорғаныстық реакциялардан субхондралық остеосклсроз қалыптасады және салмақ батуын азайту үшін сүйектердің беттері жалпақтанады, шеттері үшкірленіп, жан-жағына өседі.
Сүйек шеттерінің өскіншектері остеофиттер деп аталады. Остеофиттер буын бстінің кеңейіп үлғаюына мүмкіндік береді.
Кеселдің кештеу сатысында буын маңы тінінде фиброздық процестер дамиды, шел қабаты қалындайды (әсіресе әйслдерде), бұлшықеті атрофияланады, осыдан буынның пішіні біршама бүзылады. Бірақ, буынның пішіні қаншама бүзылғанымен, анкилоз бола қоймайды. Деформациялаушы остеоартроздың (ДОА) рентгендік көрінісіне мына белгілер тән:
1) шеміршектің бұзылуынан буын жігінің тарылуы;
2) эпифиздердің жиекшслік остеосклерозы (субхондралық остеосклероз);
3) эпифиздер шетін жағалаған остеофиттер;
4) сүйектердің басында (буын маңында) кисталардың түзілуі; :
5) сүйектердің ұясынан таюы;
6) остеопороз.
Деформациялаушы остеоартроздың (ДОА) аз симптомдык түрі көбіне жас шақта кездеседі. Күш түсксннен кейін буындар ауырады, сыртылдауы байқалады, кейде Гебердсн түйіндсрі пайда болады. Буыңдардың функциясы бүзылмайды. Рентгендік өзгерістер І-Ш сатыдан аспайды және болатын өзгерістер бір немесе бірнеше буындарда ғана байқалады.
Баяу орістейтін барысы барлық жаста бола береді. Буындардың өзгсрісі, аурудың басталуынан 5 жылдан кейін, біртіндеп қалыптаса-ды. Бұл остеартроздың ең жиі түрі.
Остеоартроздың ауырлау келетін тез орістейтін барысы жас шақта ксздеседі. Буын өзгерістері, аурудың басталуынан 5 жылдың ішінде тез дамиды. Көптеген буындар бір уақытта зақымданады, Геберден, Бушар түйіндері пайда болады, буыңдар деформацияланады. Сонымен бірге периартрит, синовиит, бұлшықет атрофиясы, неврологиялық бүзылыстар ерте қосылады.
Деформациялаушы остеоартроздың (ДОА) кейбір зақымдану түрлері
Саусақ буындарының зақымдануы —көбіне климакс шағындағы әйелдерде байқалады. Басым зақымданатын —саусақтың дистальді және ортаңғы фалангааралық буындары. Остеофиттср буынның сыртында түйін тәрізді көрінеді. Дистальді буындардың түйіндері — Геберден, ал ортаңғы фалангааралық буындардікі — Бушар түйіндері деп аталады. Түйіндер шығар алдында буындар біраз уақыт ашып, шаншып, ұйып ауырады. Бірақ түйіндср шыққан соң, бұл белгілер басылады. Саусақ-тарда түйіндердің бар-жоғына қарай остеартроздың түйінді және түйінсіз түрлерін айырады.
Түйінді остеоартроз түқымқуалауға бейім, әсіресе әйел жағының бірнеше ұрпағында (әжесінен немересінс дейін) таралады. Түйіндер остеоартроздың нашар белгісіне жатады. Қол үшымен, әсіресе суык суда, кэп қызмет жасағанда буындар ісініп қызарады. Аурудың кештеу сатысында саусақтың ұштары қисаяды, кейде остеофиттер тек түйін сияқтк болып қоймай, буынды жағалай өсіп, сақина тәрізденеді.
Үй шаруасымен немесе кейбір кәсіптермсн айналысатын адамдарда бас бармақтың білезік-алақан буыны жиі зақымданады. Мұндай науқас бармағын алақанына қарай бүгіп жүруге мәжбүр болады.
Гоноартроз — әйелдердс жиілеу ксздеседі (1-сурет). Тізелер баспал-дақпен түскенде немесс көтерілгенде көбірек ауырады. Әдетте екіншілік синовиитпен жүреді. Ақырында аяқтың варустық "X", сиректеу — вальгустық "0" тәрізді деформациясы калыптасады. Орготеин (супероксиддисмутаза) - антиоксиданттық корғаныс жүйесінің басты ферменті. Қабынуды тез басады, сондыктан синовит болғанда тиімді әсер етеді. Оны 0,004 г аптасына бір рет буынға салады. Әсері 3 айға созылады.
Физиотерапия. Базистік емнің бір саласы — физиотерапия. Шеміршектің, сүйектің метаболизмін күшейтіп, деструкциясын бөгейді. Буындар ауырсынып, ішінде сұйықтық жиналса гидрокортизон мен фонофорез, эритемалық дозадағы ультракүлгін сәулесі, новокаин және анальгинмен электрофорез, динамикалық тоқ колданылады.
Реактивті синовиит болмағанда - жергілікті қыздыру шаралары тиімді: озокерит, парафин, балшық аппликациялары және ДМСО аппликациялары, локальді баротерапия.
Буындардың ауырсынуын басу және реактивтік синовиитті емдеу. Ауырсыну мсн кабынуды жою үшін аз уақыт (5-7 күн) ауырғандык басылғанга дейін стероидтык емес кабынуға қарсы дәрмектсрді қолда-нады (индометацин, флугалин, сургам, вольтарен, пироксикам т.б.).
Бұларды ұзак қолданса, шеміршектің дегенерациясын күшейтеді дсген пікірлер бар. Бірақ пироксикам мен вольтарен айтарлықтай дистрофиялық әсер етпейді. Остеоартроздың емінде стероидтық емес қабынуға қарсы дәрмсктерден шеміршекке зиян келтірмсйтін түрлері тиімді — нимесулид (найз) 100-200 мг тәулігіне.
Синовииттің емінде буын ішіне протеолиз ингибиторларын, ПВП-ны, гидрокортизонды енгізеді және жоғарыда айтылған физиотерапиялық шараларды қолданады.
Ауырсынуды басатын майлар мсн аппликациялар. Ауырсыну мен қабынуды басу үшін индомстацин, бутадион майын, гель түріндегі диклофенак немесе вольтаренді, никофлексті (капсацин + этилнико-тинат + этиленгликолсалицилат + лаванда майы), финалгонды қолда-нады. Майды буынның бетіне ысқылап жағады. Май немесе гельден компресс жасайды. Бұларды димексидпен қосып колданса, емдік әсері жогарылайды (қолдану әдісі ревматоидтық артриттің емінде берілген). Мысалы, мынадай құрамы күрделі аплликацияларды жасайды: гидрикортизон ацетатының суспензиясы 2,5% - 5 мл; супрастиннің 2% ерітіндісі — 2 мл (немесе 1% тримекаин ерітіндісінің 3 мл); калий йодының 3% ерітіндісінің 50 мл; димексидтің 50% ерітіндісінің - 50 мл компресс түрінде жатар алдында.
Өт және қызыл бұрыш қосылған камфорлық аппликация: медициналық әттің 250 мл, камфорлық спирттің 160 г және үсақталған ащы қызыл бұрыштың 2-3 данасын косып, қоңыр шыныда 7 күн ұстайды. Содан кейін компресс жасайды. Компресті 2-6 сағатқа дейін ұстауға болады. Ем курсы — 5-10 процедура. Буындардың ауырсынуын "хондроксид" майы жақсы басады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет