Астана қаласы
әкімдігінің
2011 жылғы «30» қараша
№ 27-1292п қаулысымен
бекітілді
«Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Басқарма – «Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
2) қорытынды - «Қазақстан Республикасынан әкетілетін және оған әкелінетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы № 447 қаулысымен (бұдан әрі – Ереже) бекітілген, әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы сараптама нәтижелері берілген құжат;
3) мәдени құндылық - зайырлы және діни сипаттағы мәдени мұра заты, сондай-ақ, тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени мәні бар құндылықтар;
4) орындаушы - міндетіне сараптама өткізу мен әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беруге жататын басқарманың лауазымды тұлғасы;
6) регламент - «Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ішкі тәртіпті реттеуші нормативтік құқықтық акт;
7) сараптама комиссиясы - әкетілетін және әкелінетін мәдени құндылықтар бойынша жергілікті атқарушы органмен құрылатын комиссия;
8) тұтынушы - жеке немесе заңды тұлға.
2. Жалпы ережелер
2. Осы «Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті «Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 976 қаулысына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді.
3. Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру бойынша Басқарманың тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) айналысады.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет Ереженің негізінде жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Басқарманың қорытынды беруі, не қорытынды беруден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. Қорытынды жазбаша түрде қағаз тасығышта ресімделеді.
7. Мемлекеттік қызмет тегін жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің талаптары
8. Мемлекеттік қызмет күн сайын Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген жұмыс кестесі және мекен-жайға сәйкес көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы және оны көрсету барысы туралы ақпарат Басқарманың: www.madeniet.astana.kz веб-сайтында және www.astana.kz веб-сайтында немесе Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекен-жайда орналастырылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қолданылады:
1) Бөлімінің қызметкері;
2) Басқарма басшысы;
3) Бөлімінің қызметкері;
4) сараптамалық комиссиясы;
5) Бөлімінің қызметкері
11. Кестедегі мәтіндік кезектілігі және әкімшілік әрекеттің (процедурасы) өзара іс-қимылының (процедурасының) орындалу мерзімін көрсету арқылы әр ҚФБ осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
12. Мемлекеттік қызмет көрсетудегі және ҚФБ әкімшілік әрекет үдерісі кезіндегі логикалық кезектілігі арасындағы қарым-қатынасты көрсететін сызба осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.
13. Мемлекеттік қызмет көрсетілу мерзімі:
1) тұтынушының осы Регламенттің 19-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсыруы – бес жұмыс күні;
2) мемлекеттік қызметті алғанға дейін ең ұзақ күтілетін уақыт, өтініш берушінің берген күні көрсетілетін уақыты – 15 минуттан аспауы тиіс;
3) мемлекеттік қызметті алушыға көрсетілетін уақыттың ең ұзақ жіберілетін уақыты, өтініш берушінің берген күні көрсетілетін уақыты – 10 минут;
4) қорытынды алу кезіндегі күту уақыты - 10 минуттан аспауы тиіс.
14. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негізі осы Регламенттің 19-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын тұтынушының толық ұсынбауы.
15. Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
1-кезең - Бөлімде тұтынушының қажетті құжаттары қоса берілген өтініші мен заттарын тіркеу;
2-кезең - Басқарма басшылығының орындаушыны белгілеу;
3-кезең - орындаушының сараптамаға құжаттар мен заттарды жіберуді жүзеге асыру;
4-кезең - сараптама комиссиясының мәдени құндылықтың сәйкестілігін немесе әкетілген мәдени құндылықтың түпнұсқалығын анықтау мақсатында сараптаманы жүзеге асыру;
5-кезең - орындаушының қорытындыны Басқарманың мөрімен бекіту бойынша ұйымдастыру іс-шараларын, сондай-ақ қорытындының бір данасы мен заттарды тұтынушыға беруді жүзеге асыруы.
16. Тұтынушы Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілген мәдени құндылықтарды қайталама сараптамаға Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде ұсынады.
Қайталама сараптамасының нәтижесінде мәдени құндылықтардың түпнұсқалығының өзгергендігі айқындалған жағдайда, сараптама комиссиясы зақымдалған мәдени құндылықтарды қалпына келтіруге арналған шараларды анықтайды.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін тұтынушының құжаттарын қабылдауды, осы Регламенттің 8-тармағында көрсетілген Басқарманың жұмыс кестесінің негізінде, жұмыс күні ішінде бір адам жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекеттер (өзара әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы
18. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін Басқармаға құжаттар мен заттарды ұсынады, оны Бөлім қызметкері тұтынушының өтінішінде көрсетілген тізімдеме бойынша қабылдайды. Талаптарға сәйкес келетін құжаттар мен заттар бақылау белгілері көрсетіліп, тіркеу журналында нөмірін, күнін және парақ санын көрсетіп, Бөлімде ресімделеді және тіркеледі. Тұтынушы Бөлімінде тіркеу мөртабаны (кіріс нөмірі, күні) қойылған өтініштің көшірмесін алады.
19. Тұтынушы Басқармаға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Стандарттың 3 және 4-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ осы Регламенттің 9-тармағында көрсетілген веб-сайтында өтініштің үлгісі орналастырылған;
2) жеке тұлға үшін - тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесін;
заңды тұлға үшін - заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін;
3) қабылдаушы тараптың мәдени құндылықтардың болу мақсаттары мен жағдайлары туралы шартының көшірмесі;
4) әрбір мәдени құндылықтың немесе оның құрамдас бөліктерінің көлемі 10x15 сантиметр фотосуреті;
5) мәдени құндылықтарға меншік құқығын растайтын құжаттар;
6) заңды тұлға үшін – мәдени құндылықтарды уақытша әкету кезеңіне белгілі бір тұлғаға жауапкершілік жүктеу туралы ұйым басшысының бұйрығы;
7) мәдени құндылықтар ретінде қаралып, сараптамаға жататын заттар.
20. Тіркелген, тиісті түрде ресімделген құжаттар мен заттар Басқарма басшылығына жіберіледі, кейіннен олар орындаушыға жіберіледі. Оларды алғаннан кейін орындаушы құжаттар мен заттарды сараптама комиссиясына сараптамаға жіберуді жүзеге асырады.
Сараптаманы өткізу орны мен уақыты Басқарма басшылығымен белгіленеді.
Сараптама комиссиясы жұмысының нәтижелері бойынша қорытынды екі данада ресімделеді, оның әрқайсысы сараптама комиссиясы төрағасының қолымен расталады және Басқарманың мөрімен бекітіледі. Ресімделген қорытынды заттармен бірге орындаушыға беріледі.
Орындаушы қорытынды мен заттарды алған соң, қорытындыны Басқарманың мөрімен бекітіп, оның бір данасын затпен қоса тұтынушыға береді.
Қорытындының екінші данасы, сондай-ақ қаралған құжаттар топтамасы Бөлімнің мұрағатында мерзімсіз сақталуында қалады.
Қорытынды мен заттардың берілуі берілген қорытындылар журналында тіркеледі.
5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды
тұлғалардың жауапкершілігі
21. Басқарма басшысы және Бөлім бастығы (бұдан әрі – лауазымды тұлғалар) мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты тұлға болып табылады.
Лауазымды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес белгіленген мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуді жүзеге асыруға жауапкершілік жүктеледі.
_______________________
«Әкетілетін және әкелінетін заттың
мәдени құндылығының болуы туралы
қорытынды беру» мемлекеттік қызмет регламентіне 1-қосымша
1-кесте. ҚФБ әрекетінің сипаттамасы
№
|
Негізгі үдерісінің әрекеті (жұмыс барысы, кезегі)
|
1
|
№ әрекет (жұмыс барысы, кезегі)
|
1
|
2
|
2
|
ҚФБ атауы
|
Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімнің қызметкері
|
Басқарма басшысы
|
3
|
Әрекеттің атауы
(үдеріс, процедурасы,
операциясы) және оны сипаттау
|
Тұтынушының қажетті құжаттарға қоса берілген өтініші мен заттарын тіркеу
|
Орындаушыны белгілеу
|
4
|
Аяқталу нысаны (мәліметтер,
құжат, ұйымдастыру-бөлу шешімі)
|
Өтінішті арнайы журналда тіркеу
|
Құжаттарды қарастыру және сараптама өткізуді белгілеу, бас тарту немесе тоқтата тұру туралы шешімді бекіту
|
5
|
Орындалу мерзімдері
|
Өтініш берген күні – 15 минут
|
1 жұмыс күні
|
6
|
Келесі әрекеттің нөмірі
|
2
|
3
|
Негізгі үдерісінің әрекеті (жұмыс барысы, кезегі)
|
3
|
4
|
5
|
Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімнің қызметкері
|
Сараптама комиссиясы
|
Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің қыз-меткері
|
Орындаушының сараптама комиссиясына сараптама үшін құжаттар мен заттарды жіберуді жүзеге асыруы
|
Сараптама жүргізетін орынды және уақытты белгілеу. Сараптама комиссиясының мәдени құндылықтың сәйкестілігін немесе уақытша әкетілген мәдени құндылықтың түпнұсқалығын анықтау мақсатында сараптаманы жүзеге асыру
|
Орындаушының қорытындыларды Басқарманың мөрімен бекіту бойынша ұйымдас-тыру іс-шараларын, сондай-ақ қорытындының бір данасы мен заттарды тұтынушыға беруді жүзеге асыру
|
Сараптаманы ұйымдастыру бойынша іс-шараларды өткізу
|
Сараптама комиссия-сының ұсынылған заттарға қорытындысы
|
Арнайы журналда қорытындының берілгені туралы белгі
|
2 жұмыс күні
|
2 жұмыс күні
|
10 минут
|
4
|
5
|
6
|
Негізгі үдеріс (жұмыс барысы, кезегі)
|
Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің қызметкері
|
Басқарма басшысы
|
Сараптама комиссиясы
| -
Тұтынушының қажетті құжаттары мен заттарын қабылдау және тіркеу
| -
Орындаушы-ны белгілеу
|
3. Сараптама жүргізетін орынды және уақытты белгілеу. Сараптама комиссиясының мәдени құндылықтың сәйкестілігін немесе уақытша әкетілген мәдени құндылықтың түпнұсқалығын анықтау мақсатында сараптаманы жүзеге асыруы
|
4. Орындаушының сараптама комиссиясына сараптамаға құжаттар мен заттарды жіберуді жүзеге асыруы
|
|
|
5. Орындаушының
қорытындыларды Басқарманың мөрімен бекіту бойынша ұйымдастыру іс-шараларын, сондай-ақ қорытындының бір данасы мен заттарды тұтынушыға беруді жүзеге асыруы
|
|
| 2- кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдерісі
Баламалы үдеріс (жұмыс барысы, кезегі)
немесе кеңейту
|
Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің қызметкері
|
Басқарма бастығы
| -
Тұтынушының қажетті құжаттары мен заттарын қабылдау және тіркеу; толық топтама құжаттарды тапсырмағандығын анықтау
| -
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту
|
Әкетілетін және әкелінетін
заттың мәдени құндылығының
болуы туралы қорытынды беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени
құндылығының болуы туралы қорытынды
беру мемлекеттік қызмет көрсетудің
үдерісі
-
Тарихи және мәдени ескерткіш-терді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімі Тұтынушының қажетті құжаттары мен заттарын тіркеу
2. Басқарма басшысы
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау
5. Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімі Орындаушы-ның қорытындылар-ды Басқар-маның мөрімен бекіту бойынша ұйымдастыру іс-шараларын, сондай-ақ қорытындының бір данасы мен заттарды тұтынушыға беруді жүзеге асыруы
4. Сараптама комиссиясы
Сараптама жүргізетін орынды және уақытты белгі-леу. Сараптама комиссиясының мәдени құнды-лықтың сәйкес-тілігін немесе уақытша әкетіл-ген мәдени құндылықтың түпнұсқалығын анықтау мақса-тында сарап-таманы жүзеге асыруы
2. Басқарма басшысы
Орындаушы-ны белгілеу
3. Басқарма орындаушы-сы
Басқарма орындаушы-сының сарап-тама комис-сиясына сараптамаға құжаттар мен заттарды жіберуді жүзеге асыруы
Достарыңызбен бөлісу: |