ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және Бизнес Жоғары Мектебі
Тақырыбы: Қаржы нарығы , Ақша нарығы
Оқытушы: Карабаева Жансая Смагуловна
Студент: Бекмұрат Бекмахан
Алматы 2022ж.
Екі тақырыпты бір ойға жинай келе біз қаржы нарығынан бастасақ болады. Бірінші «Қаржы нарығы» дегеніміз не ? оның мәні қандай жәнеде түсінігі қалай? Қаржы нарығы дегеніміз ақша операцияларын жүзеге асыратын арнайы сала болып табылатын нарықтық қатынас.Бұл қаржылық активтер мен қаржылық ұсыныс сұраныстың қосатын тетігі құралы. Қаржы нарығының негізгі объектісі халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік құрылымдардың клиенттерге не бағалы қағаз кепілдігімең немесе несие түрінде берілетін бос ақшалай қаражаты Сондықтан ол бағалы қағаздар нарығы ретінде де, несие капиталының нарығы ретінде де әрекет етеді.Қаржы нарығы жаңа бағалы қағаздар шығару ісімен айналысатын бастапқықаржы нарығы және бұрын шығарылған бағалы қағаздарды қайта сатумен айналысатын қайталама қаржы нарығы түрлеріне бөлінеді. Қайталама нарық өз кезегінде биржалық және биржадан тыс нарық түрлеріне бөлінеді. Биржалық нарықта мамандандырылған қор биржалары жетекші компаниялардың акцияларын сатып алу-сату операцияларын жүргізеді. Әлемдік экономиканың жаһандануы жағдайында дамыған елдердің ұлттық қаржы нарығы әлемдік қаржы нарығының бір бөлігі болып табылады. Бұған қаржы нарығында сауданы ұйымдастырушылар көрсететін қызметтер ұсынысының ақпараттық технологиялар негізінде ұлтаралық сипаталуы септігін тигізуде. ұлттық несие-қаржы институттарының мүдделерін қорғау үшін мемлекет қаржы нарығына қатысу- шылардың қызметін арнаулы мекемелер арқылы реттеп отырады. Мысалы, Қазақстанда мұндай міндетті Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі орындайды.
Қаржы нарығы өзіндік функцияларынан тұрады, оларды біз бес түрге бөлеміз реттеушілік , ақпараттық, бөлу, коммерциялық, баға белгілеу болып табылады. Әрбір функцияның өзіндік ісі бар мысалға айтатын болсақ, реттеушілік ол бізде мемлекеттік басқару органдарының және өзін өзі реттеу ұйымдардан нарықтық реттеу жүзеге асырылады. Ал ақпараттық, қаржы нарығының қатысушыларға ақпараттарымен толық және теңдей қол жеткізуге мүмкіншілік береді. Бөлу бізде қаржы нарығының құралдарын бір аймақтан екіншісіне өтуіне қамтамасыз етіп отырады. Коммерциялық қаржы нарығындағы жүзеге асатын операцияларды іске асырып жәнеде соған қатысушыларға барлығына қандайда бір табыс әкеледі.Қаржы нарығының бесінші функциясы ол бізде баға белгілеу – оның негізгі функциясы қаржылық құралдардың бағасы нарықта еркін бәсекелестік жағдайындағы сұраныс пен ұсыныстың әсерінен қалыптасатын болады.
Ақша нарығы - кең мағынада - нарыққа бейтауар активтер: ақша жиыны, бағалы қағаздар, туынды құралдар, несие капиталдары, т. б. бойынша қатысушылардың арасындағы экономикалық қатынастардың жиынтығы; тар мағынада сайып келгенде қолма-қол ақша айналымы мен қолма-қол ақшасыз нысандағы айналысты, вексельдер мен чектер, банк сертификаттары мен депозиттерінің, т. б. айналысын қамтитын ақша жиынының агрегаттарына біріктіру дәстүрге айналған қысқа мерзімді ақша және қаржы активтері бойынша экономикалық қатынастар; ұлттық несие және депозит нарықтарының жиынтығы, орталық банк, коммерциялық банкілер мен қаржы институттары қысқа мерзімді несие беру операцияларын жасайды. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінде, яғни олардың ағымдағы өтімділігін қамтамасыз етуде тауарлар мен қызметтерді сатушылар мен сатып алушыларға ақша қаражаттарын бөлу және қайта бөлу механизмін қамтамасыз ететін ақша нарығының қаржылық құралдары жиынтығы. Кез келген қаржы құралының негізін ақша құрайтыны белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: |