Әкімдігі қаулысы 2013 жылғы 26 шілдедегі №151 Орал қаласы Облыс әкімдігінің Батыс Қазақстан облысы



Дата23.02.2016
өлшемі40.74 Kb.
#8888


БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ

ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫСЫ

2013 жылғы 26 шілдедегі №151 Орал қаласы

Облыс әкімдігінің «Батыс Қазақстан облысы

қаржы басқармасының 2011-2015 жылдарға

арналған стратегиялық жоспары туралы»

2010 жылғы 30 желтоқсандағы №341

қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып және «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №5-2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 26 маусымдағы №10-2 Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Облыс әкімдігінің «Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №341 қаулысымен (облыс әкімдігінің 2011 жылғы 18 шілдедегі №119, 2011 жылғы 17 тамыздағы №146, 2011 жылғы 30 қарашадағы №223, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №262, 2012 жылғы 16 сәуірдегі №81 және 2012 жылғы 27 желтоқсандағы №281 қаулыларымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қоса) бекітілген Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

2. «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпиялардың қорғалуын қамтамасыз ете отырып, енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тиісті мерзімде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Ж.Шапкеновке жүктелсін.




Облыс әкімі Н.Ноғаев
2013 жылғы «26» шілдедегі №151

облыс әкімдігінің қаулысына

ҚОСЫМША
2010 жылғы 30 желтоқсандағы №341

облыс әкімдігінің қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН

Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының

2011–2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына

енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
1. 18-беттегі «7-бөлім. Бюджеттік бағдарламалар 7.1. Бюджеттік бағдарламалар «257.001 «Жергілікті бюджетті атқару және коммуналдық меншікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» кестесінде «Бюджеттік шығындар көлемі» деген жолының «2013 жыл» бағанындағы «115 080» саны «116 803» санымен ауыстырылсын.

2. 18-беттегі «7-бөлім. Бюджеттік бағдарламалар 7.1. Бюджеттік бағдарламалар кестесіндегі «257.002 «Ақпараттық жүйелер құру» бюджеттік бағдарламасы алынып тасталсын.

3. 19-беттегі «257.009 «Жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу» кестесінде «Бюджеттік шығындар көлемі» деген жолының «2013 жыл» бағанындағы «18 439,0» саны «17 539» санымен ауыстырылсын.

4. 19-20 беттердегі «257.011 «Нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару» кестесінде «Тікелей нәтиже көрсеткіштері: жоғары тұрған бюджетіне нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді уақтылы қайтару» және «Түпкілікті нәтиже көрсеткіштері: жоғары тұрған бюджетіне нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді толық көлемінде қайтаруды қамтамасыз ету» деген жолдарының «2013» бағанындағы «100,0» санымен және «Бюджеттік шығындар көлемі» деген жолының «2013 жыл» бағанындағы «686 899» санымен толықтырылсын.

5. 20-беттегі «257.012 «Облыстың жергілікті атқарушы органының резерві» кестесінде «Бюджеттік шығындар көлемі» деген жолының «2013 жыл» бағанындағы «709 510» саны «304 999» санымен ауыстырылсын.

6. 21-беттегі «257.024 «Мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейлерінен жоғарғы деңгейлерге беруге байланысты жоғары тұрған бюджеттерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» кестесінде «Бюджеттік шығындар көлемі» деген жолының «2013 жыл» бағанындағы «563 644» саны «564 132» санымен ауыстырылсын.

6. 21-беттегі «257.013 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» кестесінде «Бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерінің атауы» деген бағаны «Тікелей нәтиже көрсеткіштері: мемлекеттік органның материалдық-техникалық жарақтандыруды:» жолындағы «Қаржы органдарында бюджеттік есептілік» ақпараттық жүйесін, «Парус-КАЗ» 2 жұмыс орны АЖ сатып алу» деген сөздермен және «2013 жыл» бағанындағы «3» деген санымен толықтырылсын, «Бюджеттік шығындар көлемі» деген жолының «2013 жыл» бағанындағы «4 470,0» саны «4 627» санымен ауыстырылсын.

7. 22-беттегі «257.016 «Жергiлiктi атқарушы органдардың республикалық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдердi төлеу бойынша борышына қызмет көрсету» кестесінде «Бюджеттік шығындар көлемі» деген жолының «2013 жыл» бағанындағы «108,0» саны «1 362» санымен ауыстырылсын.

8. 22-23 беттердегі «257.025 «Батыс Қазақстан облысының аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне өңірдің шығындарының орнын өтеуге және экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер» кестесінде «Тікелей нәтиже көрсеткіштері: аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне нысаналы трансферттерді уақтылы бөлу» және «Түпкілікті нәтиже көрсеткіштері: аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне нысаналы трансферттер толық көлемінде түсуін қамтамасыз ету» деген жолдарының «2013» бағанындағы «100,0» санымен және «Бюджеттік шығындар көлемі» деген жолының «2013 жыл» бағанындағы «1 745 851» санымен толықтырылсын.

9. 24-беттегі «7.2. Бюджеттік шығыстардың жиыны» кестесіндегі:

1) «Бюджет шығыстары БАРЛЫҒЫ:» деген жолының «2013 жыл» бағанындағы «23 131 123» саны «25 161 212» санымен ауыстырылсын;

2) «Ағымдағы бюджеттік бағдарламалары» деген жолының «2013 жыл» бағанындағы «23 130 143» саны «25 161 212» санымен ауыстырылсын;



3) «Даму бюджеттік бағдарламалары» деген жолының «2013 жыл» бағанындағы «980,0» саны алынып тасталсын.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет