Екімүшелік үлгі (дамыған елдер – солтүстік, дамушы елдер – оңтүстік); үшмүшелік үлгі



бет1/4
Дата31.01.2024
өлшемі0.87 Mb.
#490441
  1   2   3   4
10 кл 26.01.24ж.


Дүниежүзілік шаруашылықтың аумақтық модельдері
Ғалымдар дүниежүзілік шаруашылықтың бірнеше аумақтық үлгісін ұсынған:

  • екімүшелік үлгі (дамыған елдер – солтүстік, дамушы елдер – оңтүстік);

  • үшмүшелік үлгі (дамыған елдер, өтпелі экономика елдері, дамушы елдер);

  • көпмүшелік үлгі (дүниежүзілік шаруашылық он орталыққа бөлінеді).

Екімүшелік үлгі елдерді экономикалық «дамыған» және «дамушы елдер» деп екі үлкен топқа бөледі. Географиялық жағдайдың ерекшеліктеріне байланысты 1-топты шартты түрде «солтүстік» деп, ал екінші топты «оңтүстік» деп атайды. Бөлу экватор арқылы жүргізіледі: солтүстік – дамыған, динамикалық, бай елдер, оңтүстік – артта қалған, кедей елдер. Соңғы жылдарда оңтүстік елдерінің экономикалық даму деңгейі солтүстік елдеріне қарағанда жоғары, олар әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша артта қалды. Кейбір ел өзінің дамуында соншалықты артта қалуына байланысты «Дүниежүзілік экономиканың ажырап қалған вагоны» деп аталады. Орталық Африка елдері Ауғанстан, Солтүстік Корея, Непал, т.б. солардың қатарында.

1-сурет. Дүниежүзілік шаруашылықтың екімүшелік үлгісінің картасы
БҰҰ Даму бағдарламасының бағалауы бойынша бай елдердің әлемдік ЖІӨ-дегі үлесі 86%-ды, орта деңгейдің үлесі 13%-ды құрайды, ал кедей елдер үлесі тек 1%-ды құрайды. Экономикалық өсу қарқынының әртүрлі мәндері бай және кедей елдер арасындағы алшақтықтың артуына әкеледі.
Солтүстік және оңтүстік елдердің арасындағы жаһандық қайшылық:

  1. дамушы елдердің экономикалық жағдайының тұрақты нашарлауы;

  2. олардың неғұрлым табысты елдерге тәуелділігінің өсуі және соның салдарынан сыртқы қарыз сомасының артуы;

  3. дамушы елдер азаматтарының өмір сүру деңгейінің төмендеуі;

  4. дамыған елдерге мәжбүрлі көші-қонның өсу қарқыны (оның ішінде ақыл-ойдың кетуі);

  5. экономиканың тұрақсыздығы саяси тұрақсыздықты тудырып, нәтижесінде аймақтағы саяси жағдайдың нашарлауы;

  6. өмір сапасының төмендеуі (мысалы, медициналық көмектің болмауы жұқпалы аурулардың көбеюіне әкеледі);

  7. азаматтарды білім алу құқығынан айыру (оқу процесін қамтамасыз ету үшін жағдайлардың болмауы).

Кедей елдер категориясының бар болуы көптеген фактормен түсіндіріледі. Оның ішінде қолайсыз географиялық орналасуы, елдегі азаматтық соғыс, табиғи апаттарға үнемі шалдығуы, отаршылдық және оның салдары, олардың көпшілігіндегі тарихи колониалды аграрлы экономиканың қалыптасуы, елдегі техника, технология дамымауының әсері, халықтың өте тез өсу қарқыны, т.б. себептері бар. Бұл елдердегі мәселенің мәні – артта қалуы мәселесі, кедейлік пен сыртқы қарыздың өсуі, сауатты халықтың төмен деңгейі, ЖҰӨ-дегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 10%-ға дейін, жан басына шаққандағы жыл сайынғы ЖҰӨ 100 – 200$ аспауы, орташа өмір сүру ұзақтығы төмен (Еуропа елдерімен айырмашылық 30 жыл), күнделікті калория тұтынуы нормадан 10 – 25%-ға аз болуымен сипатталады.
Қазіргі таңда әлемдегі кедей елдердің көбеюі әлемдік экономика дамуының маңызды мәселелеріне жатады. Кедейшілік әлемдегі азаматтық соғыстардың, халықаралық лаңкестіктің, трансұлттық қылмыстылықтың, халықтың заңсыз миграциясының, жұқпалы және эпидемиялық аурулардың пайда болу мен таралуына мүмкіндіктерді көбейтеді. Ал экономикалық тұрғыдан өте кедей елдердің болуы әлемдік экономиканың дамуына, оның ресурстарын тиімді пайдалануына кері әсерін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет