Әкімшілік бөлімінің бас маманы, D–О–4 санаты(1 бірлік)



Дата13.06.2016
өлшемі67.09 Kb.
#132560
«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, 030010, Әбілқайыр хан даңғылы 40, анықтама үшін телефоны: 8 (7132) 545810, факс: 8 (7132) 545810, e-mail: nedra2004@inbox.ru, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

  1. Әкімшілік бөлімінің бас маманы, D–О–4 санаты(1 бірлік)

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 64 063 теңгеден 86 485 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Белгіленген тәртіпте сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттік ұйымның құқықтық мәселелерін шешуде басқарманың мүддесін қорғайды, заңдылық актілер бойынша басқарманың атынан құқықтық мәселелер бойынша, басқарманың құзіреті шегінде түсіндірулер береді, басқарманың норматворчестволық іс-әрекеті мен талдаулар нәтижесі бойынша талдаулар жасауды қамтамасыз етеді, оның пайда болу себептері мен жіберліген қателіктерді жоюға ұсыныстар беруді қамтамасыз етеді, басқармада нормативтік құқықтық актілердің мониторингінің үнемі жүргізіліп отыруын қадағалап отыруды қамтамасыз етеді, нормативтік құқықтық актілерді дайындауға және басқарманың басқа да құрылымдық бөлімшелеріндегі талдауларға келісім негізінде қатысады, нормативтік құқықтық жобаларды талдайды және басқарма бастығының тапсырмасы бойынша басқарманың құқықтық мәселелері бойынша құжаттарды дайындауды қамтамасыз етеді, басқармада құқықтық оқуларды және Қазақстан Республикасының заңдылықтары шегінде жыл сайынғы насихаттау шараларын талдап, жүзеге асырады, басқармаға түскен нормативтік құқықтық актілердің есебі мен сақталуын жүйелі түрде ұйымдастырады, заңмен бекітілген басқа да уәкілеттіктерді жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті өтуімен байланысты бұйрықтарын рәсімдеу, қызметкерлердің жеке істерін жүргізеді, мемлекеттік қызметшілердің еңбек кітапшасына (қызметтік тізім) қажетті жазулар енгізеді, заңмен бекітіліген (өзіне алынған шектеулерді бұзған жағдайда құқықтық салдары туралы мәлім етеді) мемлекеттік қызметкерлердің шектеуді қабылдауы туралы келісімдерін жазбаша түрде бекітеді, мемлекеттік қызметкерлерді олардың құқықтық мүмкіндіктері туралы сұрақтар бойынша кеңес береді, мемлекеттік қызметте жұмыс жасауымен байланысты шектеулердің сақталуын бақылайды, құзыретті органға бос қызмет орнының тізімін ұсыну үшін дайындайды, бос қызмет орны және басқа да ақпаратты толтыру бойынша өтінімдер, оқуды қайта даярлау (қайта мамандану) және мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін жоғарлатуды ұйымдастырады, заңнамамен бекітілген басқа да құзыреттерді жүзеге асырады.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, есебін жасау және уәкілетті органдарға тапсыру.

Басқарма веб-сайтын уақытылы ақпараттармен қамтамассыз ету.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі Жоғары - заңгерлік. Ортадан кейінгі - заңгерлік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық актілерін білуі.


  1. Әкімшілік бөлімінің бас маманы, D–О–4 санаты(1 бірлік)

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 64 063 теңгеден 86 485 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Тауарлар, жұмыстар және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, жүргізілген мемлекеттік сатып алу бойынша есеп дайындау және ұсыну (1ГЗ, тауарлар, жұмыстар және қызметтерді мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты, шағын кәсіпкерлік субъектілерінен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы есеп), веб-портал, веб-сайтқа мемлекеттік сатып алу жоспарын және оның өзгертулері орналастыру және дайындау, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша ақпаратты жинақтау, талдау және ұсыну, тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің мемлекеттік сатып алу келісім-шарттарының тізілімін жүргізу.

Басқарма веб-сайтын уақытылы ақпараттармен қамтамассыз ету.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі Жоғары - экономикалық, заңгерлік. Ортадан кейінгі –экономикалық, заңгерлік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру Қағидалары негізінде өткізіледі.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  1. нысанға сәйкес өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама;

  3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;

  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;

  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

  7. құжаттарды тапсыру сәтінде белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе куәландырылған нотариалдық көшiрмесi).

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда Тізімнің 4 тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.

Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын Тізімнің 3 және 4 тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, мекен-жай бойынша «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-де, 618 бөлмеде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күн.

Құжаттар «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, әкімшілік бөліміне қағаз түрінде қабылданады немесе электрондық поштаға жолданады.



Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге

арналған тестілеу бағдарламасы:

D–О–4 cанаты үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет