ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» ПЦК
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАНЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ РӘСІМДЕУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
(1304000 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)»,
1305000 – «Ақпараттық жүйелер»)
АЛМАТЫ 2020
Дипломдық жобаны орындау және рәсімдеу бойынша әдістемелік нұсқаулық (1304000 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)», 1305000 – «Ақпараттық жүйелер») . - Алматы: ИТК, 2020. – 21 б.
Құрастырушылар: Буркутбаева Ф.В., Сексембаева Н.С., Раймбаева М.Е.
Әдістемелік нұсқаулық «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» және «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша дипломдық жобаны жазу ұсыныстарынан құралған. Жұмыста дипломдық жобаны дайындауға қажетті материалдар келтірілген: жалпы ережелер, жұмыстың мазмұны мен рәсімдеу талаптары, жобаны жазуға жетекшілік, жобаны қорғау мен түрлері.
«ЕТжБҚ» ПЦК отырысында қаралған және келісілген
№__ хаттама «__» _______________ 20___ ж.
«ЕТжБҚ» ПЦК төрайымы_______________ М.Е.Раймбаева
Оқу-әдістемілік кеңесте қаралған және бекітуге шешім шығарылған
№__ хаттама «__» _______________ 20___ ж.
ОӘК төрайымы _______________ Ф.В.Буркутбаева
© Алматы қаласының Инновациялық техникалық колледжі
МАЗМҰНЫ
|
Кіріспе
|
4
|
1
|
Жалпы ережелер
|
5
|
1.1
|
Дипломдық жоба мақсаты, міндеті және мазмұны
|
5
|
2
|
Дипломдық жоба тақырыптарының белгіленуі, бекітілуі мен берілуі
|
5
|
3
|
Кеңес беруді ұйымдастыру
|
5
|
4
|
Жұмыстың орындалу барысын бақылау
|
6
|
5
|
Дипломдық жобаның бағалануы
|
6
|
6
|
Дипломдық жобаны қорғаудың ұйымдастырылуы
|
7
|
6.1
|
Пандемия кезеңінде қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалану арқылы дипломдық жобаны қорғау үрдісі
|
9
|
7
|
Дипломдық жобаны рәсімдеу бойынша ұсыныстар
|
9
|
7.1
|
Дипломдық жоба құрылымы
|
9
|
7.2
|
Дипломдық жобаны рәсімдеуге қойылатын талаптар
|
11
|
|
А қосымшасы
|
15
|
|
Ә қосымшасы
|
16
|
|
Б қосымшасы
|
17
|
|
В қосымшасы
|
18
|
|
Г қосымшасы
|
19
|
|
Ғ қосымшасы
|
20
|
|
Д қосымшасы
|
21
|
КІРІСПЕ
Дипломдық жоба бітірушінің жазбаша жұмысы болып табылады, ол «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» және «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен типтік оқу жоспарында қарастырылған оқытудың қорытынды кезеңінде орындалады.
Дипломдық жобаны орындауға және қорғауға барлық теориялық пәндер бойынша оқу жоспарын толық орындаған және диплом алдындағы өндірістік тәжірибеден өткен студенттер ғана жіберіледі.
Дипломдық жоба бітірушінің оқудың қорытынды кезеңінде өзіндік жұмысы болып табылады.
Дипломдық жоба бітірушілердің жалпы кәсіптік және арнайы дайындығын, олардың қазіргі заманғы техника мен технологияларды білуін, мамандығы бойынша оқу, техникалық және нормативтік әдебиеттерді пайдалануды айқындауы тиіс.
Дипломдық жобаны дайындауға кірісе отырып, студент әдістемелік нұсқауларды мұқият оқып, ғылыми жетекшінің әдістемелік көмегіне сүйене отырып, диплом жобаның барлық кезеңдерінде әдістемелік нұсқаулықты басшылыққа алуы тиіс.
Дипломдық жобаны орындай отырып, студенттің міндетті: оқытылатын мәселе бойынша іргелі білімді көрсету; әртүрлі библиографиялық дереккөздерден материалдарды өз бетінше жүйелеу және талдай білу; зерттеу тақырыбына қатысты өзекті мәселелерді шешу бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеу және негіздеу; өз жұмысын қисынды құру, материалды байланыстыра сауатты баяндау және оны мемлекеттік аттестаттау комиссиясының алдында сәтті қорғау.
Достарыңызбен бөлісу: |