Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан


-тарау. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы



бет11/74
Дата23.02.2016
өлшемі5.76 Mb.
#3108
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   74
9-тарау.

Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы

 

2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен 72-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



72-бап. Кәмелетке толмағандардың әкiмшiлiк жауаптылығы

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде он алты жасқа толған, бірақ он сегiз жасқа толмаған адамдар осы тараудың күшi қолданылатын кәмелетке толмағандар деп танылады.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шаралары қолданыла отырып, әкімшілік жаза тағайындалуы мүмкін.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 73-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)



73-бап. Кәмелетке толмағандарға әкiмшiлiк жазалар қолданудың ерекшелiктерi

1. Кәмелетке толмаған адамға салынатын әкімшілік айыппұлдың мөлшері осы Кодекстің ерекше бөлімінің бабында көзделген айыппұл мөлшеріне қарамастан, айлық есептік көрсеткіштің бестен бір бөлігінен кем болмауға және он айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.

Айыппұл кәмелетке толмаған адамда бар мүліктің есебінен төленеді. Кәмелетке толмаған адамның айыппұл төлеуге жеткілікті мүлкі болмаған жағдайда, айыппұл ата-анасына немесе олардың орнындағы адамдарға салынады.

2. Арнаулы құқықтан айыру кәмелетке толмағандарға бір жылдан аспайтын мерзiмге қолданылуы мүмкiн.

3. Әкiмшiлiк жазалардың басқа да түрлерi (әкiмшiлiк қамауға алуды қоспағанда), сондай-ақ осы Кодекстiң 45 және 57-баптарында аталған әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауда кiнәлi кәмелетке толмағандарға жалпы негiздерде қолданылады.

74-бап. Кәмелетке толмаған адамға әкiмшiлiк жаза қолдану

1. Осы Кодекстiң 61 және 62-баптарында көзделген мән-жайлардан басқа, кәмелетке толмаған адамға әкiмшiлiк жаза қолданған кезде оның өмiр сүру және тәрбиелену жағдайлары, психикалық даму деңгейi, жеке басының өзге де ерекшелiктерi, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың әсер етуi ескерiледi.

2. Кәмелетке толмаған жас басқа да жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлармен жиынтықта жеңiлдететiн мән-жай ретiнде ескерiледi.

2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  75-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

75-бап. Кәмелетке толмағандарды әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан босату

Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бірiншi рет жасаған кәмелетке толмаған адамды сот, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) оған заңдарда көзделген тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдана отырып, әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе тағайындалған әкiмшiлiк жазаны орындаудан босатуы мүмкiн.

2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 76-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

76-бап. Тәрбиелік ықпал ету шаралары

1. Кәмелетке толмаған балаға тәрбиелік ықпал етудің мынадай шаралары тағайындалуы мүмкін:

1) заңды түсіндіру;

2) ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;

3) келтірілген зиянның есесін толтыру міндетін жүктеу;

4) бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған баланың мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу.

2. Кәмелетке толмаған балаға бір мезгілде тәрбиелік ықпал етудің бірнеше шаралары тағайындалуы мүмкін.

3. Осы баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдану мерзімі үш айға дейінгі уақытқа белгіленеді.

4. Кәмелетке толмаған бала осы баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларын жүйелі түрде орындамаған жағдайда, мамандандырылған мемлекеттік орган, егер осы Кодекстің 703-бабының 1-тармағында белгіленген ескіру мерзімі өтпеген болса, бұл шараның күшін жою және кәмелетке толмаған баланы әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселесін шешу үшін материалдарды сотқа ұсынады.



 

2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен 77-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



77-бап. Тәрбиелiк ықпал ету шараларының мазмұны

1. Заңды түсiндiру кәмелетке толмаған адамға оның әрекетiмен келтiрiлген зиянды және осы Кодексте көзделген құқық бұзушылықтарды қайталап жасаудың заңдық салдарын түсiндiруден тұрады.

2. Қадағалауға беру ата-аналарға немесе олардың орнындағы адамдарға, не мамандандырылған мемлекеттік органға кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк ықпал ету және оның мiнез-құлқына бақылау жасау жөніндегі мiндеттердi жүктеуден тұрады.

3. Келтiрiлген зиянды жөнге келтiру мiндетi кәмелетке толмаған адамның мүлiктiк жағдайы мен тиiстi еңбек дағдыларының болуы ескерiле отырып жүктеледi.

4. Бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу белгiлi бір орындарға баруға, бос уақытын өткізудiң белгiлi бір нысандарын, оның iшiнде көлiк құралдарын пайдалануға, тәулiктiң белгiлi бір уақытынан кейiн үйден тыс жерлерде болуға, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның рұқсатынсыз басқа жерлерге кетуге тыйым салуды көздеуi мүмкiн. Кәмелетке толмаған адамға қатысты құқық бұзушының мінез-құлқына осы Кодекстің 59-1-бабында көзделген ерекше талаптар белгіленуі, сондай-ақ, оқуды аяқтау не кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көмегімен жұмысқа тұру талабы қойылуы мүмкін. Бұл тiзбе осымен шектелмейдi.

 

78-бап. Ескіру мерзiмдерi



Осы Кодекстiң 69-бабында көзделген ескіру мерзiмдерiнiң кәмелетке толмағандарды әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе әкiмшiлiк жазаны орындаудан босату кезiнде жартысы қысқартылады.

79-бап. Кәмелетке толмаған адам әкiмшiлiк жазаға ұшырады деп есептелетiн мерзiм

Өзiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған кәмелетке толмаған адам осындай жазаға әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап алты айдың iшiнде ұшырады деп есептеледi.

 

ҚР 09.12.04 ж. № 10-III Заңымен 9-1-тараумен толықтырылды; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  9-1-тарау өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)



9-1-тарау.

Жеке адамға қол сұғатын және отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар

 

79-1-бап. Ұрып-соғу

Тән ауруына ұшырататын, бірақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 105-бабында көзделген зардаптарға әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау, -

айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн қамауға әкеп соғады.

79-2-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 79-3-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 79-3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



79-3-бап. Денсаулыққа зиян келтiру

1. Денсаулыққа зиян келтiру, егер осы iс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, -

айлық есептiк көрсеткiштiң елуден бір жүз елуге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн әкімшілік қамауға әкеп соғады.

2. Денсаулықтың қысқа уақыт бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру-

айлық есептiк көрсеткiштiң елуден үш жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.

 

79-4-бап. Соз ауруын жұқтыру



Өзiнде соз ауруы бар екендiгiн бiлген адамның басқа адамға осы ауруды жұқтыруы, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -

айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн қамауға әкеп соғады.

2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  79-5-баппен толықтырылды (2008.01.01. бастап қолданысқа енді)

79-5-бап. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер



1. Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсетіліп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй заттарына зақым келтіру және жеке тұрғын үй немесе пәтер шегінде жасалған олардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттер, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, —

айлық есептік көрсеткіштің бірден үшке дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, —

айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он тәуліктен он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

Ескерту: Отбасы-тұрмыстық қатынастар деп:

бірге тұратын немесе тұрған;

некеде тұрған;

бұрынғы ерлі-зайыптылар;

жақын туыс адамдардың арасындағы қатынастар түсініледі.

 

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 79-6-баппен толықтырылды

79-6-бап. Еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейi жалтару

Еңбекке жарамды адамның еңбекке жарамсыз және материалдық көмекке мұқтаж жұбайын (зайыбын) асырауға сот шешімі бойынша қаражат төлеуден үш айдан астам әдейi жалтаруы -

айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүзден үш жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.

 

Ерекше бөлім



 

10-тарау.

Жеке адамның құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық

 

80-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға кедергi келтiру

Лауазымды адамның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамның Қазақстан азаматтығын алуына кедергi келтiретiн заңсыз iс-әрекеттер жасауы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

81-бап. Тiл туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауаптылық

Лауазымды адамның тiл бiлмеймiн деген сылтаумен құжаттарды, сауал салуды, өтiнiштердi немесе шағымдарды қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ оларды мәнi бойынша қарамауы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 82-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

82-бап. Жеке тұлғалардың тiл таңдау құқықтарын шектеу

Жеке тұлғалардың тiл таңдау құқықтарын шектеу, тiлге байланысты себептер бойынша кемсiту, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.18.04. № 429-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 83-бап өзгертілді



83-бап. Еркiн жүрiп-тұру және тұрғылықты жер таңдау құқығын шектеу

Жеке тұлғалардың еркiн жүрiп-тұру және тұрғылықты жер таңдау (Қазақстан Республикасының Үкіметі шек қоюы мүмкiн шекаралық өңiрлердi, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтарды және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды және жекелеген жерлердi қоспағанда) құқығын шектейтiн лауазымды адамдардың iс-әрекетi не әрекетсіздiгi, егер бұл қылмыс жасады деген айыптаумен байланысты болмаса, -

айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 83-1-баппен толықтырылды

83-1-бап. Қоғамдық бірлестiктердiң қызметiне кедергi жасау

Қоғамдық бірлестiктердiң заңды қызметiне лауазымды адамның қызмет бабын пайдаланып кедергi жасауы, сол сияқты лауазымды адамның өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып, осы бірлестiктердiң заңды қызметiне олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соғатын араласуы -

айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.

 

ҚР 07.01.03 ж. № 372-II; 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 84-бап өзгертілді; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 84-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)



84-бап. Жеке тұлғаға ақпарат беруден бас тарту, сол сияқты ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқығын заңсыз шектеу

1. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ, белгіленген тәртіппен жиналған, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты құжаттарды, материалдарды беруден заңсыз бас тарту не жеке тұлғаға толық емес немесе көрінеу жалған ақпарат беру, сол сияқты жалпы жұрт қол жеткізетін ақпаратты шектеулі қол жеткізілетін ақпаратқа заңсыз түрде жатқызу, -



лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқығын заңсыз шектеу -



жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Лауазымды адамның осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді жасауы, егер бұл әрекеттер жеке тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірсе, -



айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 85-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен 85-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



85-бап. Медициналық көмек көрсету тәртібін, стандарттарын сақтамау және оны сапасыз көрсету

1. Медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттеріне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды орындамауы немесе тиісінше орындамауы, егер бұл денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқса, немесе әкеп соғуы мүмкін болса, -



жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарғa жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Медициналық көмек көрсету тәртібін сақтамау, егер бұл денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқса, немесе әкеп соғуы мүмкін болса, -



жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға - он, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен медициналық көмек көрсету стандарттарын сақтамау, егер бұл денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, -

жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға - он, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -

жеке тұлғаларға - лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып және маман сертификатынан айыра отырып, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға - лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не аккредиттеу туралы куәлікті тоқтата тұрып немесе одан айыра отырып, жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген әрекетті жасау, егер бұл денсаулыққа орташа ауырлықта немесе ауыр зиян келтіруге әкеп соғуы мүмкін болса және бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

жеке тұлғаларға - лицензиядан және маман сертификатынан айыра отырып, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға - лицензиядан айыра отырып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға лицензиядан айыра отырып, жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 85-1-баппен толықтырылды; 2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен 85-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



85-1-бап. Медицина қызметкерінің еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру тәртібін бұзуы

1. Медицина қызметкерінің еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру тәртібін бұзуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -

жеке тұлғаларға - маман сертификатынан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.07.07. № 171-III ҚР



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет