Екіншіден, жер табиғаттың өнімі, өзге өндіріс құралдары сияқты адам қолымен жасалмаған


МемҒӨО жүйенің мекемесінің соңғы жылдары орындаған жұмыстары



бет28/94
Дата02.01.2022
өлшемі147.21 Kb.
#454359
түріКодекс
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   94
узр все

МемҒӨО жүйенің мекемесінің соңғы жылдары орындаған жұмыстары:

  • Жер қатынасын реттеу заңды және нормативтік актіні дайындау. Жерге орналастыру жер кадастры мониторингі жер бағалау жұмысы бойынша институттық әдістемелік құжаттарды тағайындау

  • Шартты жер үлесін натурды перенификациялау жүргізілген

  • Жаңа шаруашылық субъектісінің жер пайдалануды құру жобалары жасалған.

  • Жер ресурстарының неғұрлым тиімді және нәтижелі пайдалануы үшін келесі жұмыстарды орындау қажеттілігі туындайды:

  • 1. Жерге орналастырудың республикалык және аймақтық схемасын құру, жерді пайдалануды жақсарту және қорғау бағдарламаларын жасау

  • 2. Жаңа шаруашылық субъектілерінің жер пайдалану жобасын және оның территориясын ұйымдастыру жобасын жасау

  • 3. Жерлерді пайдалану, жақсарту және қорғау жұмыстарының жобасын жасау

    4. Жерді бағалау әдістерін жасау және жер бағалау жұмыстарын жүргізу

    5. Жер бетінде әкімшілік-территориялық құрылымның ерекше табиғат қорғау және қорықтық режимдегі территорияның шекарасына жер бөліп беру

    6. Компьютерлік техниканы қолдану арқылы топографиялық геодезиялық картографиялық топырақтың геоботаникалық және басқа ізденіс және зерттеу жұмыстарын жургізу.

    Ата Заңымыздың 6-бабының 3 -тармағында еліміздегі жерлердің жеке және мемлекет меншігінде болатындығы, 38-бабында азаматтардың оны ұқыпты қарауға міндеттілігі нақты анықталған. Қазақстан Республикасында 2003 жылдың 20 маусымында Жер Кодексі қабылданып, онда мемлекетіміздегі жер ресурстарын пайдаланудың құқықтың негіздері айқындалған.

    Жер қатынастары субъектілерінің өздеріне тиесілі құқықтарды жүзеге асыруы табиғи ресурс ретіндегі жерге және қоршаған ортаның өзге де объектілеріне, сондай-ақ басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірмеуі тиіс.

    Жер пайдалану құқығының субъектілері:

    - мемлекеттік және мемлекеттік емес;

    - ұлттық және шетелдік;

    - жеке және заңды тұлғалар;

    - тұрақты және уақытша;

    - бастапқы және кейінгі.

    Жер пайдалану құқығының туындауы:

    - жер пайдалану құқығы:

    - жер пайдалану құқығын табыстау;

    - жер пайдалану құқығын беру;

    - жер пайдалану құқығының әмбебаб құқықтық мирасқорлық тәртібімен ауысуы арқылы туындайды.

    Жер пайдалану кұкығын табыстау, беру және оның ауысуы жер учаскесінің нысаналы мақсаты ескеріле отырып, жүзеге асырылуы тиіс.

    Жер пайдалану құқығы:

    - мемлекеттік органдар актілерінің;

    - азаматтық-құқықтық мәмілелердің негізінде;

    - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздерде туындайды.

    Жер пайдалану құқығын табыстау:

    1. Жер пайдалану құқығын табыстау тұлғаға жер пайдалану құқығын тікелей мемлекеттің беретінін білдіреді.

    2. Азаматтарға және заңды тұлғаларга жер пайдалану құқығын табыстау атқарушы органның жер учаскесіне құқық табыстау жөніндегі құзыретіне сәйкес оның шешімі негізінде жүргізіледі.

    Тұрақты жер пайдалану құқығы:

    Жер учаскілері тұрақты жер пайдалану құқығымен мынадай мемлекеттік жер пайдаланушыларға:

    а) кондоминиум обьектілеріндегі үйлерді, үй-жайларды шаруашылық жүргізу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін заңды тұлғаларға;

    ә) ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;

    б) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінде жер пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;

    в) ҚР заң актілерінде көзделген өзге де жағдайларда беріледі.

    Тұрақты жер пайдалану құқығы шетелдік жер пайда- ланушыларға тиесілі болмайды.

    Уақытша жер пайдалану құқығы:

    1. Жер учаскесі азаматтар мен заңды тұлғаларға уақытша өтеулі жер пайдалану немесе уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен берілуі мүмкін.

    2. Егер жер кодексінде және ҚР заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы 5 жылға дейінгі мерзімге табысталады. Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы қысқа мерзімді 5 жылға дейін және ұзақ мерзімді 5 жыл-дан 49 жылға дейін болуы мүмкін.

    Уақытша жер пайдалану құқығығын табыстау мерзімдері жер учаскесіне берілетін кұкыкты, оның нысаналы мақсатын және аумақты аймақтарға бөлуді ескере отырып белгіленеді.

    Жер кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сондай- ақ шартты бұзу тәртібі оның өзінде көрсетілген жағдайларда, атқарушы органдардың уақытша жер пайдалану шарттарын біржақты бұзуына жол бермейді.

    Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы:

    1. Жер учаскелері ҚР азаматтары мен ҚР заңды тұлғаларына уақытша өтеусіз жер пайдалану кұқығымен:

    - шалғайдағы мал шаруашылығы үшін;

    - тұрғын халықтың мал жаюы мен шөп шабуы үшін;

    - мемлекеттік жер пайдаланушыларға;

    - бақша өсіру үшін;

    - қызметтік жер телімі түрінде;

    - ортақ пайдаланылатын жолдарды салу, мемлекеттік меншіктегі және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер құрылысы кезеңіне;

    - тозған және бүлінген жерлерді қалпына келтіру кезінде,

    - концессия шартының қолданылу мерзіміне;

    - ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен үйлерді және ғимараттарды уақытша өтеусіз пайдалануға берген кезде,

    - ғибадат объектілері үшін;

    - Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге жағдайларда берілуі мүмкін.

    Уақытша өтеусіз жер пайдалану мерзімі жер учаскелерін қызметтік жер телімі түрінде және тозған әрі бұзылған жерді қалпына келтіру үшін берілетін жағдайларды қоспағанда, сондай- ақ концессиялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелерін беру жағдайларында 5 жылдан аспауға тиіс. Үйлер мен ғимараттарға берілген жер учаскесін уақытша өтеусіз жер пайдалану мерзімі үйлерді және ғимараттарды, соның ішінде ғибадат құрылыстарын уақытша өтеусіз пайдалану мерзімімен айқындалады.

    Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығындағы жер учаскелерін иеліктен шығаруға, соның ішінде оларды кейінгі жер пайдалануға беруге жол берілмейді.

    Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы:

    1. Жер учаскесіне уақытша өтеулі (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығы азаматтарға, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға табысталуы мүмкін.

    2. Егер ҚР заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, өз міндеттерін тиісінше орындаған уақытша өтеулі жер пайдаланушы (жалға алушы) шарт мерзімі аяқталғаннан кейін, басқа тең жағдайларда, жаңа мерзімге шарт жасауга басқа түлғалар алдында басым қүқығы болады. Жалға алушы осындай шарт жасау ниеті туралы жалға берушіні шартта көрсетілген мерзімде, егер шартта мұндай мерзім көрсетілмесе, шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін үш ай мерзімде жазбаша хабардар етуге міндетті.

    3. Мемлекеттен уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алған, осы аталғандардан басқа мемлекеттік емес жер пайдаланушылар өздеріне тиесілі жер учаскелерін (немесе олардың бір бөлігін) жалға (қосалқы жалға) немесе уақытша өтеусіз пайдалануға беруге құқылы, егер жер кодексінде өзгеше белгіленбесе, жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органына хабарлай отырып, жер учаскесі меншік иесінің келісімінсіз, жер учаскесін жалға беру шартының мерзімі шегінде өздеріне тиесілі уақытша жер пайдалану құқығын иеліктен шығаруға да құқылы. Аталған жағдайларда, жалдау құқықтарын кепілге беруді қоспағанда, жер учаскесінің жаңа жалға алушысы жалға берушінің алдында жер учаскесін жалдау шарты бойынша жауапты болады.

    4. Жалға берілетін жер учаскесін үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың меншік иелері сатып алатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін сату кезінде осы жер учаскесін жалға алушының ортақ меншік қүқығындағы үлесін бөгде тұлғаға сатуы үшін Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгіленген тәртіппен оны сатып алуға басым құқығы болады.

    5. Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы:

    1) шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін:

    а) ҚР азаматтарына - 10 жылдан 49 жылға дейінгі мерзімге;

    ә) оралмандарға - 10 жылға дейінгі мерзімге;

    2) тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісі үшін:

    а) ҚР мемлекеттік емес заңды тұлғаларына - 49 жылға дейінгі мерзімге;

    ә) шетелдіктер мен - 10 жылға дейінгі мерзімге;

    Кейінгі жер пайдалану (қосалқы жалдау) құқығы:

    1. Бастапқы жер пайдаланушы өзінің жер пайдалану кұқығын иелігінен шығармай, ал өзіне тиесілі учаскені (немесе оның бір бөлігін) жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органына хабарлай отырып, басқа тұлғаға уақытша жер пайдалануға беретін жағдайларда, кейінгі жер пайдалану туралы шарттың негізінде кейінгі жер пайдалану туындайды. Кейінгі жер пайдаланушы әрдайым уакытша жер пайдаланушы болып табылады, өз құқықтарын басқа жер пайдаланушыларға беруге құқығы болмайды.

    2. Жер учаскесін кейінгі жер пайдалануға берген кезде бастапқы және кейінгі жер пайдаланушылар жер пайдаланушының мемле-кет алдындағы міндеттерін толық көлемінде атқарады.

    Кейінгі жер пайдалану туралы шарт жалдау шарты немесе уақытша өтеусіз пайдалану туралы шарт нысанында жасалады.

    Кейінгі жер пайдаланушы жер учаскесінде шаруашылық жүргізуді жүзеге асырады, сондай-ақ кейінгі жер пайдалану (қосалқы жалдау) туралы шартта белгіленген шарттарды сақтай отырып, жер пайдаланушының басқа да құқықтары мен міндеттерін іске асырады.

    Жер кодексіне сәйкес жер учаскелерін қызметтік жер телімі тәртібімен беруді қоспағанда, жеке және заңды тұлғаларға уақытша жер пайдалану құқығымен тиесілі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін кейінгі жер пайдалануға беруге жол берілмейді.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   94




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет