Экологиялық құқық: Қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттері аясындағы, адамдардың қазіргі және келешек ұрпақтарының мүдделері үшін
табиғат байлығын қорғау және ұтымды пайдалану саласындағы қоғамдық (экология) қатынастарды реттейтін заңи нормаларының жиынтығы.
Экологиялық Құқықтың негізгі көздері: ҚР- ның Конституциясы (1995),
ҚР- ның Азаматтық кодексі (1999), ҚР- ның Жер кодексі (2003), ҚР- ның Су кодексі(2003), ҚР- ның Орман кодексі (2003), ҚР- ның “Жануарлар дүниесін қорғау, ұдайы өсіру және пайдалану туралы” (1993) , “Әуе кеңістігін пайдалану және ҚР- сы авиациясының қызметі туралы” (1995), “Қоршаған ортаны қорғау туралы” (1997), ҚР-сы Президентінің “Мұнай туралы” заң күші бар Жарлығы (1997), Ұлттық қауіпсіздік туралы ҚР-ның Заңы (1998), “Өсімдіктер карантині туралы” (1999) заңы, министрліктердің қаулылары мен өкімдері, нормативтік актілері болып табылады.
Жер құқығы: құқықтың мемлекеттегі жер қатынастарын реттейтін саласы. Жер құқығы Қазақстан Республикасында дербес құқық саласы болып табылады. Оның негізгі міндеттері: жер учаскесіне меншікті құқығы мен жер пайдалану құқығының пайда болуын анықтау және оның дамуына жағдай жасау; жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының өзгертілуі мен тоқтатылуы негіздерін анықтау; жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу; т.б.
|
1.Табиғатты қорғау: Жер және табиғаттың қорғануына арналған мамандандырылған заңнамаларды және белсенділіктерді қамтамасыз ету.
|