ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3-деңгейлі СМЖ құжаты
|
УМКД
|
УМКД 042-18-15.1.10//03-2014
|
УМКД
«Қазақ тілі» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
|
__________ 2014 жылғы №2 басылым
|
Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар, педагогика мамандықтарына арналған
«Қазақ тілі» пәнінің
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей
2014
Мазмұны
1 Глоссарий
2 Сабақтар
3 Практикалық сабақтар
4 Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары
5 Пәннің оқу-әдістістемелік картасы
6 Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
7 Әдебиеттер
1 Глоссарий
Грамматика (грек. «жазу, жазу өнері») -тілдегі сөздердің өзгеру тәсілдері мен құралдарын, сөз тіркестерін, олардың сөйлемге құралу заңдарын зерттейтін тіл білімінің саласы.
Лексика (грек.»сөздік қор») -тіл білімінің сөз және оның мағынасын зерттейтін бір саласы.
Лексикология (грек. лексика, логос) -тілдік сөздік құрамы мен оның тарихи даму заңдылықтары, қызметін зерттейтін тіл білімінің саласы.
Лексикография (грек. «сөздік» «ілім») -тіл білімінің сөздіктер жасайтын және оларды зерттейтін бір саласы.
Морфология (грек. «жаңа», «сөз») - тілдегі жаңа ұғымды білдіріп, жаңадан пайда болған сөздер.
Синтаксис (грек. «құрастыру») - сөз тіркесі мен сөйлемді зерттейтін тіл білімінің саласы.
Фонетика (грек «дыбыс») - тіл дыбыстары туралы, тілдегі дыбыстық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін тіл білімінің саласы.
Лексикология – тілдің лексикасы және оның тарихи даму заңдылықтары туралы ілім.
Лексика – тілдегі барлық сөздердің жиынтығы.
Лингвистика – тіл туралы ғылым.
Лингвист – тіл маманы.
Морфология – тілдегі сөздің формаларын, өзгеруін, түрленуін зерттейтін ілім.
Морфема – сөз формасының ең қысқа мағыналы бөлшегі.
Омофон – грек тілінің біркелкі, бірдей және дыбыс деген сөздерінен жасалған.
Омограф – грек тілінің біркелкі, бірдей және жазу деген сөздерінен жасалған термин.
Пунктуация – тілдегі тыныс белгілерін зерттейтін сала.
Семиотика – таңбалар жүйесі.
Семантика – мағына деген ұғымды білдіреді.
Сема – морфеманың семантикалық жағының ең қысқа бөлігі.
Семасиология – сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы.
Синтаксис – сөз тіркестері, сөйлем құрылысы мен жүйесін зерттейтін сала.
Сингармонизм – сөз ішіндегі дауыстылардың бір-бірімен үндесуі.
Фразеология – тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін ілім.
Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы.
Этимология – жеке сөздердің шығу тегін, даму жайын зерттейтін ілім.
1 сабақ. Синтаксис. Сөз тіркесі. Сөйлем.
Сөздердің байланысу тәсілдері
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
түрі
|
Жалғаулар арқылы
|
Септеулік және жалғаулық шылаулар арқылы
|
Орын тәртібі арқылы
|
Дауыс ырғағы арқылы
|
|
|
Септеулік
|
жалғаулық
|
|
|
ереже
|
Сөйлемдегі сөздер жіктік, септік және тәуелдік жалғауларымен байланысады.
|
Сөйлемдегі сөздер септеулік шылаулармен байланысады.
|
Сөйлемдегі сөздер жалғаулық шылаулармен байланысады.
|
Сөйлемдегі сөздер ешбір жалғаусыз қатар тұрып орын тәртібі арқылы байланысады.
|
Сөйлемдегі сөздер дауыс ырғағы (интонация) арқылы байланысады.
|
мысал
|
Мен оқушымын.
Бала-ға берді.
Үйдің есіг-і
|
Біз сабақ туралы сөйлестік. Отан үшін отқа түс.
|
Ол ақылдыб бірақ жалкау. Ол шанышқы мен пышақты алды.
|
алыс жер, атақты адам.
|
Бұл – біздің ауылдың шамдары. Асан-белгілі ақын.
|
түсініктемесі
|
Мен сөзі мен оқушы сөзі мын жіктік жалғауымен байланысқан. Бала мен бер сөздері-ға септік жалғауымен байланысқан.
|
Сабақ және сөйлесу сөздері туралы септеулік шылаумен байланысқан.
|
Ақылды және жалқау сөздері бірақ жалғаулық шылауымен байланысқан.
|
Алыс сөзі мен жер сөзі ешбір жалғаусыз тек орын тәртібі арқылы быйланысқан.
|
Бұл деген сілтеу есімдігінен кейін сәл кідіріс жасалып, өзінен кейінгі сөзден дауыс ырғағы арқылы бөлініп айтылады.
|
Сөздердің байланысу түрлері
|
түрі
|
қиысу
|
матасу
|
меңгеру
|
қабысу
|
жанасу
|
ереже
|
Сөздердің жіктік жалғауы арқылы байланысуы. Немеме басауыш пен баяндауыштың байланысуы
|
1.Ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысуы.
2. Кейде ілік септігі түсіріліп беріледі.
|
Сөздердің ілік септігінен басқа септіктердің жалғаулары арқылы байланысуы.
|
Сөздердің ешбір жалғаусыз тек орын тәртібі арқылы қатар тұрып байланысуы. Олардың арасына басқа сөз енгізуге келмейді.
|
Сөздердің ешбір жалғаусыз бірде іргелес, бірде алшақ тұрып байланысуы. Негізінен үстеуімен етістік жанаса байланысады.
|
мысал
|
I. Мен жазушымын
II. Сен бала-сың.
III. Біз барғанбыз.
|
Бала-ның үй-і,
Біз-дің гүл-іміз,
Ауыл тұрғындары,
Көрші-нің қызы.
|
Су-ды төкті.
Ағасы-на берді.
Біз-ден сұрады.
|
Қара қалам, қызықты оқиға, төрт батыр, алтын сағат, әдемі қыз.
|
Кеше болды, әдейі келді, сол арқылы білдім.
|
Мәтін тапсырмалары
Мәтінді асықпай, түсініп оқыңыздар.
Мәтінге күрделі жоспар құрыңыздар.
Жоспарды басшылыққа ала отырып, қысқаша мәтінге конспекті жасаңыздар.
АТА КӨРГЕН ОҚ ЖОНАР
Ата-бабамыз ұлды өздеріндей еңбек сүйгіш, малсақ жауынгер, әнші, күйші, аңшы, кұсбегі – бесаспап азамат етіп тәрбиелеуді мақсат еткен. Жігіттің бойына өнер мен еңбекті, ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген.
Ата өнерін баласының қууы, оны мирас етуі ежелгі ел дәстүрі болған. Қазақ халқының өмірінде жеті атасына дейін мергендік, аңшылық, күйшілік, емшілік өнерді қуып өткен адамдар жиі кездеседі. «Атадан ұл тумас болар ма, Ата жолын қумас болар ма» деген мақал да сол пікірдің айғағы.
Аталары балалары мен немерелеріне ертегі, аңыз-әңгіме, мақал-мәтелдер айтып беріп, шешендікке, тапқырлыққа тәрбиелеген. Мысалы, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Мұхтар Әуезов сияқты ұлы ақын-жазушылардың немесе Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке сияқты ел билеуші шешендердің жастайынан елдің салт-дәстүрлері мен заңдарын, аңыз-әңгіме мен өлең-жыр, мақал-мәтелдерін жаттап жадында сақтап, көп білуі - әкелері мен аталарының әсері екені сөзсіз. Көпті көрген қариялар – отбасының, ауыл-аймақтың үлгі тұтар тұлғасы, тәлім-тәрбие мектебі сияқты. Қай ата-ананы алсақ та, қызының ертең барған жерінде «балдай татып, судай сіңіп» кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды.
Қазақ халқы келіннің келген жерінде жақсы жар, абзал ана, ұқыпты әйел болуы, біріншіден, оның өскен ортасына байланысты десе, екіншіден, келген жеріне де байланысты деп қарайды. Жаңа түскен жас келінге енелері қонақ күту, ас ұстау, бала күту т.б. мәселелерде ақыл-кеңес беріп үйретіп отырады. «Келіннің жақсы болмағы, қайын ененің топырағынан» деп ененің жас келінге қамқоршы болуын талап еткен. Сондықтан да «Жақсы ауылға келген келін - келін. Жаман ауылға келген келін - келсап болады» деп текке айтпаған.
Үлкенді сыйлау - біздің халқымыздың ежелгі дәстүрі. Ол дәстүр бойынша жастар үлкеннің алдын кесіп өтпеуге, сыпайы болуға, үлкенмен сөз жарыстыруға, тіпті үлкендердің алдында қатты күлмеуге тиіс. Осындай ата дәстүрмізді бүгінгі жастар жадында сақтап жалғастыра білуі қажет.
Есте сақтайтын сөздер
Құсбегі
Бесаспап
Салт-дәстүр
Ас ұстау
Бала күту
Жаттығу тапсырмалары
1-жаттығу. Мына тірек сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрастырыңыздар,, "Ата-ана" тақырыбына шағын шығарма жазыңдар.
Менің ата-анам, өмір сыйлаған, бақытты болу, шыншыл бол, ата-ананың рұқсатынсыз, ақыл-кеңес, қадірлеу, ана жүрегі, еңбек сүйгіш, адал, қайырымды, еңбектегі табысы, оқу озаты, әдепті болу.
2-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, сөз тіркесінің түрлеріне қарай ажыратыңдар.
География оқулығынан бала кезден аты мәлім қалалар бірінен соң бірі артта қалып жатыр, қалып жатыр. Көшелерге, үйлерге көз тастасаң, көңілің құлазиды. Әсіресе түнде өткенде тіпті түнеріп тұрады. Үйлердің бірде-бірінің терезесінен не электр жарығы, тіпті жылтылдаған шырақ байқалмайды. Барлығы да бір зор зобалаң күтіп, сақтанып, бұғып, қымтанып қалған. Өстіп отырып, олар Саратовқа жетті. Бұлардан бұрынырақ өткен бірнеше пойыз құрамасын фашистер бомбаның астына алыпты. Мұны осында келгенде естіді.
3-жаттығу. Берілген тіркестерді және сөйлемдерді байланыс түріне қарай топтап, кестеге орналастырыңдар.
1. Алғашқы ай, жинақталған тәжірибе, халықтың еңбегі, білгенге маржан, екі дос, біздің ферма, уақыттан озған, таудай талап, ағылшын машина, күнмен шағылысқан, барлаушылар кеңесі, сылдыраған бұлақ, ауыр күрсіну, көзін жұму, шамның жарығы, малды ауыл, шаруашылықты байыту, айдын шалқар көл.
2. Туған жерге туың тік, Отан оттан да ыстық, Кеңеспен пішілген тон келте болмас, Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер. Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір, Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді.
Үлгі:
Мысалы
|
Матасу
|
Қабысу
|
Қиысу
|
Меңгеру
|
Жанасу
|
алғашқы ай
|
|
+
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3. Шаруашылық былтыр мемлекетке алты жүз мың пұт дән тапсырды.
Әр жыл сайын екпе шөбіміз де көбейе береді. Әзірше күніне төрт рет қатынап жүр. Кеше Мәдениет сарайын бәріміз көрдік. Бұлар жаңа басталған көмір разрезіне әдейі сұранып келіп отыр. Ал оны құрғату үшін жаңа шахта керек. Ерлік - табиғат сыйы емес, ұзаққа созылған тәрбиенің жемісі. Мен сендерге келген мұғаліммін. Біз осында оқимыз. Мен жақында ғана ауылдан келген едім. Дәукең Құсмұрын тауының сағасы жаққа ойлана қарап отыр.
Үлгі:
Мысалы
|
Қабысу
|
Жанасу
|
Былтыр тапсырды
|
|
+
|
Алты жүз мың пұт дән
|
+
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 сабақ. Сөйлем. Сөйлемдердің құрылысына қарай бөлінетін түрлері. Сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлері.
-
Сөйлем
Біршама тиянақты ойды білдіретін сөздер тобы.
|
-
түрі
|
Хабарлы сөйлем
|
Сұралы сөйлем
|
Бұйрықты сөйлем
|
Лепті сөйлем
|
ереже
|
Хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылатын сөйлем.
|
Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылатын сөйлем.
|
Бұйыру, тілек-өтініш ету мақсатында айтылатын сөйлем
|
Сөйлеушің көңіл-күйін (қуану, ренжу, өкіну т.б.) білдіру мақсатында айтылатын сөйлем.
|
тыныс белгісі
|
Сөйлем соңыны нүкте қойылады.
|
Сөйлем соңына сұрау белгісі (?) қойылады.
|
Сөйлем соңыны леп белгісі (!) қойылады.
|
Сөйлем соңына нүкте немесе (көтеріңкі интонациямен айтылса) леп белгісі (!) қойылады.
|
жасалу жолдары
|
|
1. Сұрау есімдіктері арқылы; (кім? не? Қанша? Қандай? т.б.)
2. Сұраулық шылаулар арқылы; (ма, ме, па, пе, ба, бе, ше т.б.)
3. Оқшау, көмекші сөздер арқылы (ә, сірә, қайтеді, шығар т.б.)
|
Бандауышы бұйрық рай арқылы
|
1.Одағай сөздер арқылы (қап, әттеген-ай, пай-пай т.б.)
2. Күшейткіш мәнді сөздер арқылы (не деген, не еткен, қандай, шіркін, ғажап т.б.)
3. Демеулік шылаулар арқылы (-ау,-ақ,-ай т.б.)
4. Интонация арқылы
|
мысалы
|
Ертеңіне ол ақсақалмен ұзақ әңгімелесті. Ақырын соққан самал шалқар қөлдің ақша бетін аймалап сүйгендей болады.
|
Сен оны танисың ба? Сен оны танимасың? Енді арманың жоқ шығар? Сен ауылға бардың ғой, иә? Қазір ол келіп қалса ше? Оған өлең ұналы білім, сірә? Қай бала? Қашан болды? т.б.
|
Сөйлемді жазып шық. Бұны оған айтпа. Жүр, тез аяғыңды бас! Тыныш отыр! Кел, балалар, оқылық! Кел, жүгірейік! Жылқыны тез қайырыңдар! Дауысынды тым болмаса бір шығаршы!
|
Қап, мынау жығылды-ау! Пай-пай, мынаның шабысын-ай! Ә, сені ме, бәлем! Бейшара-ай, мынаның тарта алмай келе жатқанынын-ай!
|
Мәтін тапсырмалары
Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыздар.
Мәтіндегі асты сызылған сөздерге түсінік беріңіздер.
Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
Мақал мен мәтелдер
Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерде халықтың сан алуан өмір құбылыстары қамтылған. Олар ой дәлдігі мен ықшамдылығымен ерекшеленеді, тақырыптары әр алуан болып келеді. Мысалы: Білімді өлмес - қағазда аты қалар, ұста өлмес - істеген заты қалар; Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ; Ағаш тамырымен, адам жол-дасымен мықты т.б.
Мақал мен мәтел бір-біріне ұқсас. Алайда бұл екеуі бір түсінік емес, олардың аз да болса белгілі дәрежеде айырмашы-лықтары бар. Ол айырмашылық ойды түйіндеуден және құрылымы жағынан көрінеді. Мақалдарда тиянақты, тұжырымды ой айтылады, құрылысы жағынан бір немесе бірнеше сөйлемнен құралып келе береді, алдыңғы ой екінші ойдың шарты түрінде көрінеді. Мысалы, мезгілі жетсе, мұз да ерір; тоқпағы күшті болса, киіз қазық жерге кірер, түсі игіден түңілме т.б., ал мәтелдерде аяқталған тиянақты ой айтылмайды, құрылысы жағынан олар сөйлемдік дәрежеде болмай, бірнеше сөздердің тіркесі түрінде де келе береді.
Мысалы, орақ ауыз, от тілді; қой семізі қойшыдан, т.б.
Мақал-мәтелдердің тура және ауыспалы мағынасы болады. Тілде ақын-жазушылар шығармаларынан мақал-мәтел, қанатты сөздер болып кеткен үлгілер көп. Мысалы, Шегірткем бір секірдің құтылдың, екі секірдің құтылдың, үшіншіде тұтылдың (Ы.Алтынсарин.). Күшік асырап, ит еттім, Ол балтырымды қанатты. Доссыз ауыз тұшымас (Абай).
Мақал-мәтелдер тұрақты тіркестердің бір түрі.
Өнер-білім туралы мақал-мәтелдер
Өнерлі өрге жүзеді.
Өнерді үйрен де жирен.
Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер.
Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді.
Оқыған көп білер.
Ақыл-тозбайтын тон, білім - таусылмайтын кен,
Тіл туралы мақал-мәтелдер
Өнер алды - қызыл тіл.
Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.
Шебердің қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ.
Сөз тапқанға қолқа жоқ.
Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі
Адамгершілікке байланысты мақал-мәтелдер
Адам болар баланың кісіменен ісі бар.
Адам болмас баланың кісіменен несі бар.
Жақсыда кек жоқ, кектіде тек жоқ.
Жақсыменен жолдас болсаң, ісің бітер,
Жаманменен жолдас болсаң, басың кетер.
Бірлік турасында
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
Тірліктің күші - бірлікте.
Бірлік болмай, тірлік болмас.
Ел турасында
Басқа елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
Елдің іші - алтын бесік.
Туған жерге туыңды тік.
Өз елім - өлең төсегім.
Отан - оттан да ыстық.
Ит тойған жеріне, ер туған жеріне.
Жері байдың - елі бай.
Ер намысы - ел намысы.
Мәтін бойынша тапсырмалар
1-тапсырма: Берілген мақал-мәтелдердің тақырыбын анықтаңыздар:
Елі сүйгенге өлім жоқ. Өлімнен ұят күшті. Білім арзан, білу қымбат. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле. Доссыз өмір - тұзсыз ас. Түйедей бойың болғанша, түймедей ойың болсын.
2-тапсырма: Берілген мақалдардың жалғасын табыңыздар:
Олақ өзгеге сенсе...
Ер жігіт ел үшін туады...
Оқу білім бұлағы...
Асыл тастан шығады...
Ашуың келсе, қолың тарт...
Достарыңызбен бөлісу: |