Қаралды: Бекітемін:_____Л.Б.Балмаканова Келісемін:_____А.Т.Саметеев
№ «__»___________2023ж Мектеп директоры Аудандық білім
Педкеңес бөлімінің басшысы м.у.а.
Тақырыбы
Жаһандық құзыреттілік
Сыныбы: 5
Орындады: Сламова Қ.Ә.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Ә/Б отырысында қаралды:_______С.О.Оразбаева
Ә/Б жетекшісі
№___хаттама___күні___айы 2023 ж.
Түсінік хат
ХХІ ғасырдағы адамның кәсіби жетістігі мен әл-ауқатын көптеген факторлар анықтайды. Жас тұлғаның қалыптасуы үшін оның бойында икемді құзыреттер қалыптастыру, олардың өз елінің Конституциясы мен заңдарын құрметтеуі мен сақтауы, әлеуметтік жауапкершілік пен шешім қабылдау қабілеті, қоршаған әлемге және экологиялық тепе-теңдікті сақтауға оң көзқарасы, шығармашылық және сыни ойлауы, медиасауаттылығы мен қаржылық сауаттылығы маңызды.
Қазіргі әлемде білім алушылар ондаған есе ұлғайған ақпарат ағынына тап болады және балаларға әртүрлі мағынадағы ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік беріледі, олар оны көп жағдайда дұрыс түсіне бермейді, бағдарлай алмайды және қиын жағдайлардан шығудың жолын таба алмайды. Қазіргі әлемде біздің балаларымыз үшін тәуекелдер мен қауіптер жеткілікті.
5-9-сыныптарда оқытылатын «Жаһандық құзыреттер» курсы білім алушылар мен оқу үдерісінің барлық қатысушылары үшін өзекті әрі білім алушылардың құндылық бағдарларын, коммуникативтік дағдыларын, этикалық нормалары мен мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Курстың мақсаты: мінез-құлық мәдениетінің стандарттарына сәйкес келетін және жаһандық құзыреттілікке ие бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
Курстың міндеттері:
- білім алушылардың азаматтық ұстанымын және өз елінің мүддесіне қызмет етуге дайындығын қалыптастыру;
- білім алушылардың жеке қасиеттерін дамыту: адалдық, әдептілік, ізгі ниет, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік;
- білім алушылардың медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық дағдыларын қалыптастыру;
- салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру; - экологиялық мәдениетті дамыту;
- діннің қоғамдағы рөлі туралы түсінік қалыптастыру.
«Жаһандық құзыреттер» курсы бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
5-сыныпта – аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 17 сағат;
6-сыныпта – аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 17 сағат;
7-сыныпта – аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 17 сағат;
8-сыныпта – аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 17 сағат;
Достарыңызбен бөлісу: |