§2. Дәстүрлі (аграрлық) экономика
1. Экономикалық тұрғыдан қатысушылардың зияткерлік көрсеткіштерінен гөрі дене көрсеткіштері маңызды болатын экономикалық жүйе:
Индустриалды
Әкімшіл-әміршіл
Нарықтық
Дәстүрлі
2. V - ХVІІ ғғ. Батыс Еуропада орын алған өндірістің әдісі:
феодалдық
құлинеленушілік
индустриялық
инновациялық
3. Шаруашылықтың «табиғи» түрімен байланысты ең ежелгі экономикалық жүйе:
нарықтық экономика
аралас экономика
құлиеленушілік
дәстүрлі экономика
4. Адамзаттың жануарлар әлемінен бөлініп шығу кезеңінен таптық қоғамның орнауына дейінгі кезең:
Өндірістің антикалық әдісі
Өндірістің мануфактуралық әдісі
Өндірістің капиталистік әдісі
Өндірістің алғашқы қауымдық әдісі
5. Натуралды шаруашылықтан тауарлы шаруашылыққа өтудің объективті себебі:
еңбек бөлінісінің күшеюі
қалалардың өсуі
жердің құнарсыдануы
терімшіліктен егіншіліктің бөлінуі
6. Б. з. б. VІ ғасырда Грекияда, б. з. б. III ғасырда Римде басталған өндіріс әдісі:
феодалдық
антикалық
инновациялық
алғашқы қауымдық
7. Шаруалардың экономикадан тыс жеке немесе жерге тәуелділігі арқылы еңбекке қосымша өнімді феодалдық рента түрінде өндіру және иемдену:
клерикализм
социализм
мануфактура
феодализм
8. Өндірістің антикалық әдісінде жекеменшіктің маңызды нысаны:
жер
құрал-сайман
буржуй
құлдар
9. Антикалық өндіріс тәсілі пайда болған ежелгі елдер:
Англия мен Франция
Грекия мен Рим
Қытай мен Үндістан
Қосөзен мен Египет
10. Табиғи шаруашылыққа негізделген экономика:
дәстүрлі (аграрлық)
нарықтық
аралас
құлиеленушілік
Достарыңызбен бөлісу: |