Тi=PXt / PXО : Pmt /PmО * Qx,
Мұндағы: Qx – экспорт көлемі
Сауданың табыстық шарты дегеніміз – жиынтық экспорттан алынатын ұтыс есебінен елдің импорттық потенциалын көрсететін көрсеткіш.
Сауданың факторлық шартын 2 вариантта қарастыруға болады: а) (ZX) ұлттық экономиканың экспорттық секторында өнімділік индексіне;
б) (Zm) импорттық секторда өнімділік индексімен экспорттық секторда өнімділік индексіне сәйукестендіру арқылы.
ТS=PXt / PXО : Pmt /PmО * ZX ;
Тd=PXt / PXО : Pmt /PmО * ZX/ Zm
Халықаралық сауда жүйесінде сауда шартының ТC, Ti, TS үш көрсеткіші қолданылады. Елде бұл көрсеткіштер бірдей өсетін болса, онда елдің жағдайы көтеріледі. Егер де 3 көпсеткіш бірдей төмендесе, онда елдің жағдайы нашарлайды. Бұл дамушы елдердің тәжірибесінде байқалады. Әлемдік статистика деректері бойынша дамыған елдерде сауда шарты жақсарады, ал дамушы және өтпелі экономикалы елдерде нашарлайды.
Мұны келесідей аргументтермен негіздейміз:
1-ден, дамыған елдерде өнімділіктің өсуі еңбек ақының және табыстың өсуіне алып келеді, ал дамушы елдерде дәстүрлі экспорттық өнімге бағаның төмендеуіне алып келеді;
2-ден, дамушы елдердің сауда шратының төмендету себебі, экспортталатын а/ш. өнімдеріне сұранысына қарағанда, дамыған елдердің экспорттық өнімдеріне сұранысы тез өседі.
3. Сұраныс жағынан халықаралық сауданы дамытудың балама теориялары:
а) Тұтынушылар талғамындағы өзгерістерге негізделген сауда теориясы;
б) Талғамдылықтардың ұқсастық теоиясы (Линдер) швед экономисі.
Достарыңызбен бөлісу: |