ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ» КАФЕДРАСЫ
VK ME 3208 «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКА»
ПӘНІ БОЙЫНША
6B04101- ЭКОНОМИКА, 6B04102- МЕНЕДЖМЕНТ, 6B04103- МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН
ДӘРІСТІК САБАҚТАРДЫҢ ТАРАТЫЛЫМДЫ МАТЕРИАЛДАРЫ
ҚҰРАСТЫРҒАН: ЛЕКТОР КИРБЕТОВА Ж.С.
АЛМАТЫ, 2021 ЖЫЛ
МОДУЛЬ 1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКА КУРСЫНА КІРІСПЕ.
Модульдік бірлік 1.1. Дәріс №1. Халықаралық экономиканың қалыптасуы және құрылымы
Дәріс мақсаты - халықаралық экономиканың мәнін және халықаралық сауданың даму кезеңдерін түсіндіру.
Дәріс жоспары:
Халықаралық экономика курсы экономикалық теорияның құрамдас бөлігі.
халықаралық экономика пәні және әдістемесі.
Халықаралық экономиканың микро-, макроэкономикалық бөлімі.
Қазіргі экономикалық теория 3 құрамдас бөліктен тұрады:
- микроэкономика;
макроэкономика;
халықаралық эконмика.
Микроэкономика - теорияның ең бірінші бөлімі болып табылады. Ол 19 ғасырдың 2-ші жартысында қалыптасты. Оны қалыптастырушылар швед Л.Вальрас, австриялық К.Менгер, ағылшын А.Маршалл. Микроэкономика экономикалық агенттердің тәртібін, шектелген ресурстар мен шектелмеген қажеттіліктерді анықтауға арналған заңдылықтар туралы ғылым.
Макроэкономика – қазіргі экономикалық теорияның 2-ші бөлімі. 20 ғасырдың 30 жылдары Дж.М.Кейнстің қолдауымен қалыптасты. Ол ұлттық экономиканы толығымен оның құрамдас бөліктерін біртұтас жүйе ретінде дамытудың заңдылықтарын оқытатын ғылым.
Халықаралық экономика – экономикалық теорияның ең жаңа және динамикалық дамып келе жатқан бөлімі. Халықаралық экономикада сыртқы сауда, елдер арасындағы өндіріс фактрларының ауысымы, валюталық бағамдардың ауытқуы, ашық экономика үлгілері оқытылады. Ол жеке ғылым ретінде 20 ғасырдың 2-ші жартысында бөлініп шықты.
Халықаралық экономиканың қалыптасуының айрықша белгілері:
экономиканың ашықтылығы;
халықаралық, мемлекет үстілік ұйымдар жүйесінің құрылуы (БҰҰ, ХВҚ, БСҰ, Бүкіләлемдік банк);
көпұлттық корпорациялардың кеңінен тарауы мен пайда болуы;
халықаралық сауда, еларалық өндіріс фактрларының ауысымының дамыған сферасының саны;
ерікті халықаралық қаржы сфераларының қызмет етуі.
2. Халықаралық экономика – ұлттық экономикалардың өзара әрекеттерінің экономикалық заңдылығын оқытады. Ол әлемдік ынтымақтастақтағы төлемдер мен тауаврлар мен қызметтер ағымын, осы ағымдардың қозғалысын , олардың қоғамдық өмір жағдайына тигізетін әсерін анықтайтын және регламенттайтын экономикалық саясатты зерттейді.
Халықаралық экономика пәні ұлттық микро- және макроталдау құралдарын қолдану көмегімен оқытылады. Халықаралық экономиканы өқып-үйрету заты болып әртүрлі егеменді мемлекеттер резиденттері құратын мәмілелер табылады. Халықаралық экономиткалық қатынастардың ішкі ұлттық қатынастардан ерекшелігін тауарлар, қызметтер және өндірістік факторлар ағымыүшін өз шекараларында белгілі шектеулер белгілеуден байқаймыз. Халықаралық ағымдарға сонымен қатар белгігі тілдегі, заңдардағы, кедендік баждардағы өзгешеліктер де кедергі болады. Осыған орай, ішкі және сыртқы экономикадағы өзгешеліктерге тоқталуға болады:
1-ден, дәстүрлі микроэкономикада кез-келген ішкі нарықта өндірілетін және сатылатын пайдалы зат немесе қызмет тауар болып саналады. Халықаралық сауда сферасында тауарлар сатылатын немесе сатылмайтын болып бөлінеді( білім алу, денсаулық сақтау, коммуналды-тұрмыстық қызметтер)
2-ден, әрбір ұлттық экономика ішінде салыстырмалы еркін еңбек пен капитал қозғалысы жүреді. Ал халықаралық экономикада еңбек пен капитал қозғалысына көптеген шектеулер қойылған. Дәстүрлі микроэкономика бірдей шығындары бар бәсекелес фирмаларды оқытады, ал халықаралық экономика өндірістік фактрларды алуға әртүрлі шығындар жұмсайтын фирмалар нарығындағы бәсекені қарастырады.
3-ден, дәстүрлі экономика мемлекет жағынан қолдауды қолданбайтын, елдің ішіндегі еркін сауданы жүргізетін фирмаларды қарастырады, ал халықаралық экономика сыртқы сауда кезінде мемлекет белгілеген тарифтерді. Квоталарды, субсидиялар мен басқа да шектеулерді қолданады.
4-ден, дәстүрлі микроэкономика белгілі елдің барлық аймақтарына іс-әрекеті жайылған іскерлік циклді оқытады, ал халықаарлық экономика кезінде әр елдің ішкі экономикасындағы іскерлік циклдің фазалары әртүрлі болуы мүмкін.
5-ден, әр елдің орталық банкпен бақыланатын ұлттық валютасының болуы. Халықаралық экономикада әлемдік шаруашыдық байланыстарда қанша ел қатысса, сонша елдің валютасы қызмет етеді. Сондықтан да зерттеу объектісі болып валюталық нарықтар, айырбас бағамдары және мемлекеттің араласуы нәтижесінде осы сферада өтіп жатқан өзгерістер табылады.
3. Халықаралық экономикадағы орталық орынды таза сауда теориясы, протекционистік саясат, өндіріс ресурстарының бір елден екінші елге ауысуы оқытылады.
Таза сауда теориясы дегеніміз халықаралық саудадан елдердің алатын пайдасы мен пайда болу негіздерін зерттейді.
Протекционистік саясат – қандайда бір елдің сауда шектеулерін енгізу себептері мен олардың тигізетін әсерлерін оқытады.
Халықарлық экономиканың макроэкономикалық бөлімі елдің төлем балансын және оны сәйкестендіру саясатын, ашық экономика үлгілерін және халықаралық қаржыларды оқытады. Бұл бөлімді оқыту затына ашық экономика үлгілері, фискальды, ақша-несие саясаты және оның тиімділігі, талдаудың макроэкономикалық құралық қолданумен халықаралық қаржылар жатады.
Халықаралық экономикадағы зерттеу мақсаты – халықаралық экономикалық процестер мен құбылыстар және олардың дамуын болжау болып табылады.
Халықаралық экономиканың әдістемесі толығымен егеменді мемлекеттер арасындағы экономикалық қарым-қатынастар сферасында жалпылама микро- және макроэкономикалық принциптерді қолдану.
Валюталық нарықта валюталармен сауда қарастырылады. Төлем балансы басқа елдерден елге түсетін жалпы түсімдерді өлщеу үшін және жалпы төлемдерді қарастыру үшін қажет. Төлем балансын келістіру төлем балансының теңгермешілігін, яғни әртүрлі ақша жүйелері және олардың жалпы жағдайға әсерлерін жөндеу механизмдерін қозғайды.
Достарыңызбен бөлісу: |