Экономикалық өсудің ғылыми-теориялық негіздерін сипаттау



Дата30.06.2016
өлшемі60 Kb.
#168116
Экономикалық өсудің ғылыми-теориялық негіздерін сипаттау

Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер:Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.

Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.

Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту.Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді. Интенсивті типі — техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары: қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту); ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру). Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін және оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер. Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға бөлінеді.



Экономикалық өсудің факторлары:

Тікелей факторлар:

Жанама факторлар:

-Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі.

Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.

Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі.

Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.

Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі.


Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.

Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі.

Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.


Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды. Кәсіпорындардың болуы мен дамуы іс жүзінде олардың өздерінің өнімдерін сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті өнімділігімен байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді. Қазақстан республикасының жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты – шет ел инвестициясының және ішкі жинақтың жоғары дейгейіндегі экономикалық ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету. Дамыған елдердегі экономикалық өсудің стандартты деңгейі негізінен орта есеппен жылына 2 4,5 пайызды құрайды. Экономикалық өсуге басқа да бір мақсат – жұмыспен толық қамтамасыз ету қабыса алады. (Жұмыссыздық деңгейінің 2-3 %-дық көрсеткіші қолайлы деп саналады. Іс жүзіндегі көрсеткіш басқаша: 3,5-8,5 %). Баға деңгейінің тұрақтылығы мен ұлттық валютаның орнықтылығы мақсатына мынадай жағдайда жеттік деуге болады, егер инфляция деңгейі жылына 1-2 %-ды құрайтын болса. (Іс жүзінде әдетте ол 5-10 %-ға жетеді).

Өсу жағдайындағы экономика өзінің азаматтарының жағдайын көтеруге және туындайтын әлеуметтік — экономикалық мәселелерді  шешуге мүмкіндік  береді.



Экономикалық өсудің ғылыми-теориялық негіздері

Кез-келген қоғамның гүлденуінде немесе құлпырауында маңызды роль ойнайтын ұзақ мерзімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету проблемалары сонау меркантилистер теориясында үлкен орынға ие болған. Буржуазиялық әдебиеттерде соғыстан кейінгі жылдарда алдыңғы орынды алған бұл теориның таралуының обьективті негізгі – социализімнің күшеюі мен екі әлемдік жүйелердің экономикалық жарысы болып табылады.Экономикалық қарқынының проблемасы имперализнің колониалды жүйесінің қалауымен байланысты өрши түсті, дамушы елдердің экономикалық артта қалуның алдын алу міндеті жас ұлттық мемлекеттерде өндірістің өсу қарқынымен байланысты.

Экономикалық өсу тақырыбы аясындағы мәселердің өзектілігі - өсу теориясының таралуның негізінде терең және ішкі себептердің жатуында: алдыңғы қатарлы қатарлы дамыған елдерде экономикалық даму қарқының баяулауы,жұмыссыздықтың асқыну, мемлекеттік монополистік капитализнің күшеюі – мұның бәрі ұдайы өндіріс темпі, экономикалық өсу, өрлеу проблемарын алға тартты.

«Экономикалық өсу теориялары»шеңберіндегі бірқатар теориялар, атап айтар болсақ;



  1. Харрод-Домардың моделі;

  2. Экономикалық өсудің неоклассикалық бағыты;

  3. Экономикалық өсудің неокейнстік бағыты;

  4. Өсудің қазіргі заманғы,жаңа теориялары және т.б негізі болып табылады.

Нақты бір өсу қарқынына жетуді көздеген кез-келген ел нақты теорияларды арқа етері сөзсіз. Әрине барлық теорияны дұрыс, сәтті практикалық қолданысқа ие деп айту өте қиын...

Қазіргі экономикалық теорияларда экономикалық өсу терияларының негізін ағымын экономисті Рой Харрод пен американдық экономист Евсей Домар салды. « Халықаралық экономикалық теория» еңбегінде Харрод сыртқы сауда мультипликаторы концепциясын тұжырымдады. « Экономикалық цикл кітабында ол экономикалық циклге кейнстік анықтама береді,яғни оның себебі мультипликатор иен акселератордың арақатынасы дейді. Дәл осы ара қатынас Харродты эконмикалық өсу аясын зерттеуге әкелді,бұл туралы ол ең алғаш 1939ж « Динамика теориясының очеркі» атты мақаласында жарияланды, ал кейініректе бұл туралы 1948 –жылы « Эконмикалық динамика теория кітабында мәлімдеді.

Экономикалық өсудің неоклассикалық теориясының пайда болуы мен таралуы біріншіден, кейнстік теорияға негізделген мемлекеттік – монополиялық реттеу (мемлекеттік шығындардың өсуі, мемлекетік бюджет тапшылығы, инфляцияның күшеюі) тәжірибесінің теріс салдарларымен, ал екіншіден, экономиканың даму темпі жоғарылап, ал жұмыссыздық төмендейтін салыстырмалы жағымды конъюктурамен түсіндіріледі. Осындай ортада өндірістің өсуі пайдаланылмаған күштер есебінен ғана емес, сонымен қатар жаңа техника енгізу, еңбектің өнімділігін арттыру есебінен де мүмкін екендігі туралы сұрақ туады. Үшіншіден, өсудің кейнстік теориясы капитал жеткіліксіздігі мен жұмыс күшінің үлкен ресурстары орын алатын дамушы елдер үшін ұсынылмаған.

Экономикалық өсудің неоклассикалық теориялары неокейнстік модельдерді сынау процесінде пайда болды. Осылайша кейнстік модельдің кейбір нағыз сезімтал белгілері алға тартылды /3/:

- Бұл модельдерде өндірістің өсімі жаңа капитал салымдарының функциясы ретінде қарастырылады, ал өсім пайдаланылмай қалған өндірістік күштерді пайдалану үшін жаңа жұмысшыларды тартумен де қамтамасыз етіледі.

- Модельдер өндірістің капитал сыйымдылығының өзгеріссіздігінен дәлелдейді, өндірістің екі немесе одан да көп капитал сыйымды әдістерінің арасында таңдауға мүмкіндік бермейді.

Бұл теорияның көренкті өкілдері американ экономисті Р. Солоу және ағылшын экономисті Дж. Мид. Бұл бағыттың өкілдері өндіріс факторларының иелері шекті өніммен марапатталатын жағдайдағы еркін бәсеке тұпсырымына сүйенеді. Олардың пікірінше өндіріс факторларының бағасына әсер ететін еркін бәсеке механизмдері арқылы басты өндіріс факторларының толық пайдаланылуына қол жеткізуге болады. Егер мысалы, капитал салымдарының темпі өте жоғары болса, онда өндіріс құрал-жабдықтарына бағалар жоғарылайды. Соңғысы капиталистерге капитал сыйымдылығын төмендетудің шараларын іздестіруге мәжбүр етеді, бұл капитал бағасының төмендеуіне әкеледі. Бұл теорияның тағы бір ерекшелігі – оның өсу факторы ретінде тек капитал салымын ғана емес, басқа да компоненттерді – еңбек, табиғи ресурстар, техникалық прогресс, т.б. қарастыруында. Соңғысы дербес факторы ретінде немесе басқа факторлардың өнімділігіне әсер ету құралы ретінде қамтылады.

Өсудің қазіргі теорияларының еркшелігі – олар өсуді тепе-теңдіктің бұзылуы емес, қалыпты жағдай деп түсінуінде. Әңгіме, сұраныс пен ұысныс сәйкес болатын балансталған өсу туралы болып отыр.

Еркін бәсекеден тыс балансталған өсу шарты – тұрақты ақша жүйесі болып табылады. Сондықтан да неоклассикалық теорияның жақтаушылары мемлекеттің экономикаға араласуын тұрақтылықты бұзудың факторы ретінде қарастыра отырып, мемлекетік инфляциялық шығындарға қарсы шығады.

Экономикалық өсудің ғылыми-теориялық негіздерін сипаттау

Дамыған елдер тәжірибесі бойынша тек қана нарықтық принциптер негізінде материалдық-техникалық базаның қалыптасуы мүмкін емес. Елдегі инновациялық даму мемлекеттің араласуынсыз оң нәтиже бермейді, сондықтан инновация мен инвестиция мемлекеттік реттеудің оьбектісі болып табылады.

Көптеген дамушы елдер табиғи ресурстарға бай бола тұра, тұрақты дамуға қол жеткізе алмады. Қысқа мерзімде шикізат экспорты бұл елдердің мемлекттік қазынасына табыс әкеліп, тұрғындардың әл-ауқатын көтереді. Алайда, уақыт өте келе жоғары табыс экономиканы құлдыратады, яғни мемлекетті шикізат экспортынан және оның рыноктағы жағдайынан тәуелді етіп, шикізатты аз қажет ететін жаңа саланың дамуын ынталандырмайды және шикізатты күндердің күнінде таусылатынын еске алсақ, бұл мәселенің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Дәл осы жағдайдан шығудың бірақ жолы бар, ол – жоғары технологиялық өндірісті дамыту.

Қазіргі таңда ел экономикасы дамудың шешуші факторлары – ғылым мен инновациялық технологиялар екеніне күннен-күнге көз жеткізіп келеміз. Бүкіл әлемде озық технология мен техниканы насихаттайтын 1951 ж. Калифорнияда құрылған дүние жүзіндегі ең алғашқы технопарк – АҚШ-тағы «Силикон аңғарының» пайда болуына негіз болды. Өткен ғасырдың 80-ші жылдары технопарктер тек АҚШ, Еуропада ғана емес, Канада, Сингапур, Австралия, Бразилия, Үндістан, Қытай, Жапонияда да құрыла бастады.

Жапондықтар жаңа өнімді ойлап табу және оны жасап шығару жылдамдығынан американдықтар мен еуропалықтарды да басып озады. Жаңа автокөлік Жапонияда 1 айдан кейін шықса, АҚШ-та 4, Еуропада 2 айдан кейін шығады. Жапондықтар үшін өнімнің сапасын қажетті деңгейге жеткізу үшін 4 ай жетікілікті, АҚШ-та бұл көрсеткіш – 11 ай .

Ал Қытайда жаңа техника мен жоғары технологияны өндіріске енгізумен 1950ж. құрылған ҒТИП /ғылыми-техникалық индустриялы парктер/ айналысады. Онда технологиялық жетістіктер коммерциялық және өндірістік жағынан қарқынды жылдамдықпен игеріледі. ҒТИП қарамағына әр түрлі саладағы ғылыми орталықтар мен кәсіпорындар кіреді. ҒТИП олардың құрылуына жағдай жасайды, ғылыми зерттеулерін жүргізуге көмектеседі, ақпарат және қаржымен қамтамасыз етілуін қадағалайды, бір сөзбен айтқанда, кәсіпорынға «қолайлы орта» жасайды. Қытай экономикасына үлкен үлес қосып, инновацияны дамытып отырғанын ҒТИП құрамына кіретін кәсіпорын санының өсуінен байқаймыз. 1991 ж. – 2587, 1992 ж. – 9678, 1996 ж. 13722, 2000 ж. – 20796.

Ал Корея Республикасының /Оңтүстік Корея/ ғылым мен техниканы соңғы 50 жылда өте қарқынды дамытты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемдегі ең кедей елдердің бірі болып шығып, соғыстан кейінгі зерттеулердің басым бөлігін қорғаныс, ядролық және космостық салаларға бағыттады. Корея Республикасы ғылыми-техникалық саясатын өткен ғасырдың 60-жылдардың ортасында қолға алды. 1967 ж. басты міндетіғылыми-техникалық саясатты жобалау және жүзеге асыру болып табылатын Ғылым және технология Министрлігі құрылды және Ғылым мен техниканы қолдау туралы Заң қабылдады. Осыдан кейінгі дамуы 5 жылдық кезеңдерге жоспарланған.

Финляндия 1991 жылға дейін экспортының жартысын КСРО-ға жіберетін. КСРО тарап кеткеннен кейін және 90-шы жылдардағы экономикалық дағдарыс Финляндия экономикасына да жағымсыз әсер етті. Мысалы, жұмысссыздық деңгейі 1991 ж. 3,5 % -дан 1993 ж. 20 %-ға дейін өсіп кетті. Осы келеңсіз жағдайдан шығу үшін Финляндия Үкіметі 1991 ж. жаңа экономикалық бағдарлама қабылдады. Оның міндеті – Финляндияны дамыған елдердің қатарына қосу. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатымен Үкімет ұлттық инновациялық жүйені құрды. Оның қызметін тікелей Финляндия Президенті қадағалайды.



1990 ж. бүкіл КСРО елдерінің экономикасында жағымсыз жағдай қалыптасты. Қазақстанда барлық салалар дағдарысқа ұшырап, ғылымға көңіл бөлінбеді, көптеген кәсіпорындар жұмысын тоқтату, бөлшектену, тіпті қайта құрылу сияқты құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Мұның бәрінің себебі – нарықтың қатал талабы болды. Тозған құрал-жабдық, шығыны көп икемсіз өндіріс, тиімсіз басқару, сын көтермес қаржылық жағдай және осы сынды мәселелер аяғына шырмауық болып оралды.

Нарыққа көшу процесі аяқталғаннан кейінгі жылдарда экономиканың жанданып дамуышикізат (газ, мұнай, металл) сатудан түскен валюталық түсімдерге тікелей байланысты болды. 2000-2002 жылдарда Қазақстанда экономикалық өсу байқалды. Бірақ бұл өсім шикізат сатудан түскен пайда есебінен, яғни «көз бояушылық» екенін түсінгенг ҚР Үкіметі қырағылық танытып, елдің индустриялық-инновациялық саясатын қолға алды. 2002 ж. шілде айында ҚР Президентінің Жарлығымен «Инновациялық қызмет» туралы заң күшіне енді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет