Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессия үлгі шарттарын бекіту туралы


Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) мемлекеттік меншік объектісін концессияға беру жөніндегі



бет3/3
Дата23.02.2016
өлшемі409.78 Kb.
#9037
1   2   3

Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) мемлекеттік меншік объектісін концессияға беру жөніндегі
үлгі шарт

      _______________                     200__ жылғы "__"__________


    (қол қойылатын қала)

Бұдан әрі Концедент деп аталатын,___________________негізінде әрекет


ететін мемлекеттік органның атынан_______________________________бір
тараптан, және бұдан әрі Концессионер деп аталатын__________________
негізінде әрекет ететін_______________________________________атынан
____________________________________________________________________
                  (заңды тұлғаның атауы)
екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп аталатындар,
Концессиялар жөніндегі комиссияның_______________20__жылғы "__"___
                              (комиссияның толық атауы көрсетілсін)
N____ шешімінің негізінде, "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 4 және 5-тарауларына сәйкес Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) мемлекеттік меншік объектісін концессияға беру жөніндегі үлгі шартты жасасты.

Негізгі ұғымдар мен анықтамалар

      Ескерту. Бөлім алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.09.25 N 886 Қаулысымен.



1. Шарттың мәні мен мақсаты

1. Жақсарту және тиімді пайдалану, атап айтқанда


____________________________________________________________________
(инвестицияларды тарту арқылы және/немесе - нақтысын көрсетіңіз
өндірілетін өнімдердің (қызметтердің) көлемін ұлғайту, өзіндік құнын азайту және кірістілігін арттыру, экологиялық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру, барынша пайда алу және т.б. - керегі көрсетілсін)
мақсатында Концедентке меншік құқығында тиесілі объектіні Концеденттің Концессионерге уақытша иелік етуге және пайдалануға беруі кезінде Тараптардың қарым-қатынастарын реттеу Шарттың мәні болып табылады.
2. Концедент объектіні концессияға береді, ал Концессионер қабылдап
алады және өз атынан Концеденттің мүддесі
үшін_________________________________________________жүзеге асырады.
(қайта жаңартуды және пайдалануды және т.с.с. - қажеті көрсетілсін)

2. Объект туралы мәліметтер

3. Объектінің мынадай сипаттамалары бар:


атауы;_________________________________
     (объектінің толық атауы көрсетілсін)
заңды мекен-жайы_______________________
(объектінің заңды мекен-жайы көрсетілсін)
деректемелері;_________________________
(объектінің толық деректемелері көрсетілсін)
ауыртпалықтар;_________________________
(ауыртпалықтар болған жағдайда олар көрсетілсін)
қызмет түрлері;________________________
(объектінің қызмет түрлері көрсетілсін)
қызметтердің атауы_____________________
(объекті ұсынатын қызметтердің тізбесі көрсетілсін)
құнын, техникалық құжаттамасын және т.с.с. көрсете отырып, объектінің мүліктік кешеніне енетін мүлік тізбесін қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей өзге мәліметтер.
4. Шарттың 3-тармағында көрсетілген деректерді растауға Концедент Шартқа:____________________________________көшірмелерін қоса береді.

3. Шарттың орындалуына кепілдіктер

5. Концедент мынаны растайды:


1) Шартқа қол қойған күнге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шартты мемлекеттік тіркеген сәтке дейін объект Концеденттің толық және шектеусіз меншігінде, үшінші тұлғалардың құқықтарынан және қандай да бір ауыртпалықтардан бос (егер ауыртпалықтар болған жағдайда);
2) Концеденттің немесе Концессионердің Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауға әсер етуі мүмкін объектіге қатысты ешқандай сот және төрелік талқылаулар жоқ;
3) объектіні Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органдар тіркеген.
6. Концедент осымен, егер мұндайлар Шарт күшіне енгеннен кейін анықталатын болса немесе туындаса, объектіге қатысты үшінші тұлғалардың қандай да бір талап-тілектерінен Концессионерді босатуға кепілдік береді.
7. Концессионер Шартқа қол қою күніне мыналарды:
1) ол тарату, қайта ұйымдастыру, банкроттық сатысында тұрған жоқ;
2) оның мүлкі тұтқындалмаған, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылмаған;
3) Шарттың 2-тармағында және бизнес-жоспарда көрсетілген жұмыстар мен іс-шараларды жүргізу үшін барлық қажетті лицензиялары мен рұқсаттары бар;
4) Шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және материалдық ресурстары бар;
5) Шарттың 7-бөліміне сәйкес қарыздарды, кредиттерді ресімдеу, облигациялар шығару, инвестициялар тартудың өзге түрлері және объектіні қаржыландыру үшін, оның ішінде мемлекеттік қолдауды ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті және заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген құжаттардың бар екендігін растайды және кепілдік береді.
8. Концессионер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шарттың 1-тармағында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық күш-жігерін салады.
9. (Тармақ, егер Концессионерге жер учаскесін беру Шарттың 1-тармағында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қажет болса енгізіледі) Концедент Концессионермен Шарт күшіне енген күннен бастап_______күн ішінде Шарт бойынша қызметін жүзеге асыру үшін Концессионерге қажетті жер учаскесін________________________________
                    (жалдау, қосалқы жалға алу - керегі көрсетілсін)
шартын жасасады.
Көрсетілген жер учаскесін___________________________________шартында
                  (жалдау, қосалқы жалға алу - керегі көрсетілсін)
Концеденттің жер учаскесін Концессионерге беру, пайдалану және Концессионердің Концедентке қайтару талаптары айқындалады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге қосымша ережелер енгізілуі мүмкін.
9-1. Концессионер қолданыстағы заңнамаға сәйкес концессионердің шығындарын өтеу және кірістер алу көздерін көрсетеді.
10. Тараптар концессияның мерзімі ішінде мынадай (қоса алғанда, бірақ шектелмей):
Тараптардың атауын өзгерту;
Тараптарды қайта тіркеу, қайта ұйымдастыру немесе қайта құру;
Тараптардың тіркеу деректерін өзгерту;
үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу;
Шартты іске асыру шеңберінде операциялар жүргізу үшін шоттарды өзгерту сияқты мүмкін оқиғалардың салдарынан объектінің деректемелерінде немесе сипаттамаларында қандай да бір сапалық, сандық өзгерістер болса,
онда Шарт болған өзгерістерді ескере отырып, өзінің қолданылуын жалғастырады деп келісті, ол Шартқа қосымша жазбаша келісіммен ресімделетін болады.

4. Қажетті жақсартулар

11. Объектіні пайдалану нәтижесінде Концессионер алған өнім мен өзге кірістерді қоспағанда, объектіде немесе оның кез келген бөлігінде жүргізілген қажетті жақсартулар, Шарттың талаптарын орындау кезінде туындаған зияткерлік меншік құқықтары Концеденттің меншігі болып табылады.


12. Концессионердің объектіде орындалатын қызметтердің қажетті саны мен сапасын беруі мақсатында объектіге қажетті жақсартулар жүргізудің шарттары, көлемі мен мерзімі бизнес-жоспарда айтылған.

5. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

13. Концеденттің:


1) Концессионермен Шарттың талаптары туралы келіссөздер жүргізуге;
2) Концессионердің кінәсінен болған объектінің жай-күйі нашарлаған жағдайда Концессионерден шығындарды өтеуді талап етуге;
3) Концессионердің жедел қызметіне және Шартты іске асыру барысына араласпай, аудиторлық ұйымды және/немесе тәуелсіз консалтингтік компанияны тарту жолымен Концессионердің қаржы-шаруашылық қызметін тексеруді жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасын, Шарттың талаптарын Концессионердің сақтауын бақылауды жүзеге асыруға және одан жіберілген жолсыздықтарды жоюды талап етуге;
5) Шартта белгіленген тәртіппен Концессионерден объектінің қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде объект бойынша қаржылық есептілікпен танысуға;
6) Шартта белгіленген мерзімде Концессионерден объектінің қызметі туралы есепті, сондай-ақ Шарт бойынша Концессионер қабылдаған міндеттемелерді растайтын құжаттарды талап етуге және алуға;
7) Концессионер Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда Шартты бұзуды, шығындарды өтеуді талап етуге;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Шартқа сәйкес өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
14. Концессионердің:
1) Шартта көзделген талаптарда объектіге қатысты құқықтарды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес берілетін инвестициялық преференциялардың субъектісі болуға; 3) Концеденттің жазбаша келісімін алғаннан кейін ғана объектіні пайдалану жөніндегі мердігерлік жұмыстарды орындау үшін мердігерлерді тартуға;
4) Шартты орындауға байланысты тартқан шығындардың өтемін объектіні пайдалану есебінен және/немесе бизнес-жоспарға сәйкес алуға;
5) Концедент Шарт талаптарын бұзған жағдайда оны бұзуды және міндеттемелерді бұзудан туындаған шығындарды өтеуді талап етуге;
6) егер Концедент ұсынған Шарттың талаптарын өзгерту Концессионердің шығынға ұшырауына әкеп соқтырса, шығындарды өтеуді талап етуге;
7) объектінің Концессионері ретінде өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін тиісті мемлекеттік органдарға өтініш білдіруге;
8) Концедент Шарт бойынша өз міндеттемелерін және/немесе кепілдіктерін орындамаған жағдайда Шартты орындауға кіріспеуге немесе орындаудан бас тартуға;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Шартқа сәйкес өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
15. Концедент:
1) Шарт күшіне енген күннен бастап "________" күн ішінде белгіленген тәртіппен Шартта көзделген Концессионердің объектіге құқықтарын ресімдеуге;
2) Шарт күшіне енген күннен бастап "_________" күн ішінде Концессионерге Шарттың 3 және 4-тармақтарына сәйкес, сондай-ақ Концессионердің объектіге құқықтарын растайтын құжаттарды беруге;
3) жыл сайын жасалған концессия шарттары туралы тізілімді жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органға есептік ақпарат беруге;
4) Шартта көзделген талаптарды сақтауға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Шартта белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.
16. Концессионер:
1) объектінің қызмет бейінін сақтауға;
2) бизнес-жоспарда көзделген жұмыстарды жүргізуге (тауарларды өндіруге, қызметтерді көрсетуге);
3) Шарт күшіне енген күннен кейін________________күннен кешіктірмей бизнес-жоспарды іске асыруға кірісуге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектінің мүліктік кешеніне енетін әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық және бюджетке өзге міндетті төлемдерді уақтылы төлеуге;
6) сапа менеджменті мен экологиялық қауіпсіздіктің халықаралық стандарттарын енгізуді қамтамасыз етуге;
7) тұрақты, Шарттың 6-бөліміне сәйкес Концедентке Шарт бойынша өз қызметі туралы жазбаша нысанда есепті беруге;
8) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан, ол мерзімінен бұрын бұзылғаннан кейін және Шартта көзделген өзге жағдайларда белгіленген тәртіппен объектіні және ол бойынша барлық қажетті құжаттаманы_________күн ішінде Концедентке тиісінше техникалық жағдайда және үшінші тұлғалардың құқықтарынан еркін беруге;
9) объектіні тарату туралы шешім қабылданған жағдайда тарату рәсімдері басталғанға дейін объекті мүлкінің сақталуына жауап беруге;
10) объектіні немесе оның қандай да бір бөлігін кепілге беру туралы мәселені Концеденттен алдын ала жазбаша келісуге;
11) Қазақстан Республикасының еңбек, халықты жұмыспен қамту және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын сақтауға;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес объектіні тиісінше жағдайда ұстауды қамтамасыз етуге;
13) объектіні пайдаланған кезде қолданыстағы сапа стандарттарын сақтауға;
13-1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес шығындарды өтеу және кірістер алу көздерін көрсету;
      13-2) "Концессиялар туралы" Қазақстан республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 1), 2), 5) және 7) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған жағдайда концессиялық жобаны қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессия шартында айқындалған банкте арнайы несиелік шот ашуға;
      13-3) концессиялық жобаны іске асыру үшін тартылатын қаражатты нысаналы пайдалануды қамтамасыз етуге;
      13-4) объектінің және/немесе мүліктің кездейсоқ жойылу немесе бүліну тәуекелін көтеруге
____________________________________________________________________
(күнтізбелік күндермен анықталған кезең немесе Тараптар олардың
____________________________________________________________________
   басталуымен көрсетілген кезеңде міндеттемелердің туындауын
____________________________________________________________________
байланыстыратын оқиғаны көрсетумен - керегі көрсетілсін);
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Шартта белгіленген өзге талаптарды сақтауға міндетті.

6. Концеденттің Шарттың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі

17. Концедент Концессионердің Шарт талаптарын, сондай-ақ объектіні пайдалану жөніндегі міндеттемелерін орындауын бақылауды Шартта белгіленген мақсаттарға сәйкес жүзеге асырады.


17-1. Бақылаудың негізгі бағыттары:
      1) концессия объектілерінің бейінін пайдалану мен сақтаудың тиімділігі;
      2) өндірілетін өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) көлемін арттыру және сапасын жақсарту;
      3) өзіндік құнын төмендету және қызметтің кіріс бөлігін арттыру;
      4) шартта анықталған барлық талаптар мен тәртіптерді сақтау;
      5) қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтау болып табылады.
18. Концессионер Шарттың талаптарын Концессионердің орындауын бақылауды жүзеге асыратын Концеденттің уәкілетті органдарының өкілдеріне объектіге, сондай-ақ Шарттың 1-тармағында көрсетілген қызметті жүзеге асыруға жататын құжаттамаға кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
19. Тұрақты, Концеденттен қосымша жазбаша келісілген мерзімде, бірақ жылына кемінде бір рет Концессионер Концедентке Шарт бойынша өзінің қызметі туралы есеп береді. Концеденттің талап етуі бойынша Концессионердің қызметі туралы есеп өзге жағдайларда және өзге адресаттарға берілуі тиіс. Есепке барлық растаушы, оның ішінде тіркелген құжаттардың көшірмелері қоса берілуі тиіс.
20. Концеденттің жазбаша сұрау салуы бойынша Концеденттің сұрау салуында көрсетілген кезеңдегі Шарт бойынша Концессионердің қызметі туралы есепті Концессионер_________күн ішінде беруі тиіс.
21. Шарт бойынша Концессионердің қызметі туралы есеп мынадай:
бизнес-жоспарға сәйкес Концессионердің инвестициялық міндеттемелерді орындау барысы туралы;
объектіге және объектінің қаржы-шаруашылық қызметіне қатысты Концессионердің ағымдағы қызметі туралы ақпаратты қамтиды.

7. Инвестициялар және мемлекеттік қолдау шарасы

22. Концессионер бизнес-жоспарда белгіленген мөлшерде, тәртіппен, шарттарда және мерзімде инвестицияларды____________________________________қамтамасыз етеді.


          (қайта жаңартуға, жаңғыртуға - нақты көрсету керек)
23. Шарттың қолданылу кезеңінде жүргізілген инвестициялар Концессионердің объектіні пайдаланудан түскен кірістің есебінен және/немесе бизнес-жоспарға сәйкес өтеледі. Концессионердің шығындарын өтеу тәртібі бизнес-жоспарда ескертілген.
24. Объектіні инвестициялауға Концессионерді мемлекеттік қолдау
__________________________________________түрінде жүзеге асырылады.
(мемлекеттік қолдау шараларының егжей-тегжейлі сипаттамасы)
25. Инвестициялардың, оның ішінде негізгі қорларға инвестициялардың мөлшері, объектіні қаржыландырудың мерзімі мен шарттары бизнес-жоспарға сәйкес келеді.

8. Тараптардың жауапкершілігі, дауларды шешу

26. Тараптардың бірі Шарттың талаптарын орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда екінші Тарап 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей кінәлі Тарапты анықталған бұзушылықтарды белгілі бір мерзімде жою қажеттілігі туралы жазбаша ескертеді. Кінәлі Тараптың Шарттың талаптарын бұзушылықтарды жою мерзімі Тараптардың келісімімен жазбаша нысанда ұзартылуы мүмкін.


27. Шарттың талаптарын орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда Тараптар Шарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді.
28. Шартты орындау шеңберінде Тараптардың бірінің немесе екеуінің де бір-бірінің, сондай-ақ үшінші тұлғалардың алдындағы қаржылық міндеттемелерін орындамаған жағдайда мынадай жауапкершілік шаралары
қолданылады_________________________________________________________
(экономиканың саласына (аясына), бизнес-жоспардың ережелеріне қарай жауапкершілік шаралары, мемлекеттік қолдау және өзге шарттар шаралары көрсетіледі)
29. Шартта реттелмеген барлық мәселелер бойынша Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
30. Шарт бойынша даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешіледі. Дауларды келіссөздер жолымен реттеу мүмкін болмаған жағдайда мұндай даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық коммерциялық төрелік туралы заңнамалық кесіміне сәйкес халықаралық төрелікке өтініш беру жолымен шешіледі.

9. Форс-мажор

31. Тараптар, егер мұндай орындамау немесе тиісінше орындамау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңсерілмес күш жағдайының салдарынан (форс-мажор) туындаса, Шарт бойынша қандай да бір міндеттемелерді толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауап береді.


32. Еңсерілмес күш жағдайларына: мысалы, Шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерді орындауына тікелей әсер еткен әскери жанжалдар, табиғи апаттар сияқты осындай мән-жай жағдайлары кезіндегі төтенше және күтпеген күш жатады. Келтірілген тізбе толымды болып табылмайды. Осындай мән-жайларға атап айтқанда, жұмыстарды орындау үшін қажетті қызметтердің немесе материалдардың болмауы немесе тапшылығы жатпайды.
33. Еңсерілмес күш мән-жайлары туындаған жағдайда олардан зардап шеккен Тарап форс-мажорлық мән-жайлардың басталған күнін нақтылайтын және сипаттайтын жазбаша хабарламаны табыстау не почта арқылы жіберу жолымен бес күн ішінде ол туралы екінші Тарапты хабардар етеді.
34. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде Тараптар қалыптасқан ахуалдан шығу шешімін іздестіру үшін тез арада келіссөздер жүргізеді және осындай мән-жайлардың салдарларын жоқ қылу үшін барлық құралдарды пайдаланады.
35. Форс-мажорлық мән-жайлардан туындаған, Шарт бойынша жұмыстарды толық немесе ішінара тоқтату кезінде осы жұмыстарды жүргізу кезеңі форс-мажордың әрекет ету мерзіміне ұзартылады және форс-мажор тоқтатылған сәттен бастап жаңартылады.

10. Құпиялылық

36. Шарттың ережелері, Шартты орындау үдерісінде қандай да болмасын Тарап алған немесе сатып алған ақпарат құпия болып табылады. Тараптар құпия ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қажетті есептерді жасау үшін пайдалана алады.


37. Тараптар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сот немесе құқық қорғау органдарының сұратуларына ақпаратты беру;
2) ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық және өзге есептілік алуға құқылы мемлекеттік органдарға берілген жағдайда;
3) үшінші тұлға осындай ақпаратты құпия ретінде қарау және оны Шартта көзделген, Тараптар белгілеген мақсаттарда ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған жағдайда, Концессионерге қызмет көрсететін осындай үшінші тұлғаға ақпарат берілген;
4) институционалдық инвестор осындай ақпаратты құпия ретінде қарау және оны Концессиялық жобада көзделген мақсаттарда ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған жағдайда, Концессионер Концессиялық жобаға қаржы қаражатын тарту туралы келіссөздер жүргізетін институционалдық инвесторға ақпарат берілген жағдайларды қоспағанда, құпия ақпаратты екінші Тараптың келісімінсіз үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
38. Объектінің құрылысын жүргізуге және оны пайдалануға жатқызылған барлық құжаттар, ақпараттар мен есептер бойынша ___ жылға құпиялылықты сақтау мерзімі белгіленеді.

11. Шарттың қолданылу мерзімі

39. Шарттың күшіне енетін күні Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның мемлекеттік тіркелген күні болып табылады. 40. Шарт_______(_________________________) жыл мерзімге жасалды.


41. Шарт Концессионер өзінің міндеттемелерін тиісінше орындаған жағдайда Тараптардың келісімімен айқындалатын қосымша кезеңге жаңа жағдайларда жаңа концессия шартын жасасу жолымен ұзартылуы мүмкін.

12. Шартты өзгерту, толықтыру және қолданылуын тоқтату талаптары

42. Концедент және Концессионер өзара келісім бойынша Шартқа қосымша келісімдер жасасу арқылы жазбаша нысанда Шартқа объектіні концессияға беру жөніндегі конкурстың талаптарын, бастапқы өлшемдерді және концессиялық жобаның сипаттамаларын өзгертпейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқығы бар.


Шартқа объектіні концессияға беру жөніндегі конкурстың талаптарын, бастапқы өлшемдерді және концессиялық жобаның сипаттамаларын өзгертетін өзгерістер мен толықтырулар енгізуге оларды Шарттың кіріспесінде көрсетілген Концессия жөніндегі комиссиямен және мүдделі мемлекеттік органдармен келіскеннен кейін рұқсат етіледі.
43. Шарт мынадай жағдайларда:
1) Шарттың қолданылу мерзімі өткенде;
2) Тараптардың өзара келісімі бойынша мерзімінен бұрын бұзылғанда;
3) сот шешімімен;
4) Концессионер таратылғанда;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге жағдайларда қолданылуын тоқтатады.
44. Концедент объектіні пайдалану ұлттық және экологиялық қауіпсіздікті, денсаулық сақтау мен адамгершілікті қамтамасыз етуге қауіп төндірген жағдайларда, Шарттың талаптарын бір жақты өзгерту және/немесе оған толықтырулар енгізу немесе оны бұзу туралы шешім қабылдай алады, атап айтқанда:______________________________________
      (экономика саласына (аясына) байланысты жағдайлар көрсетіледі)
45. Концедент 44-тармақта көрсетілген құқықтарды іске асырған жағдайда Концедент Шарттың талаптарын өзгертуге және/немесе оған толықтырулар енгізуге байланысты қосымша шығындарды Концессионерге өтеуге, сондай-ақ Шарттың талаптарын бұзу немесе өзгерту және/немесе оған толықтырулар енгізу Концессионердің Шарт талаптарын өрескел ұқыпсыздығы мен бұзуынан туындаған жағдайлардан басқа, Шартты бұзуға байланысты Концессионер шеккен залалдардың орнын толтыруға міндетті.

13. Өзге талаптар

46. Шарт талаптарының орындалуын бақылауды заңнамада белгіленген тәртіппен Концедент жүзеге асырады.


47. Шартқа барлық қосымша келісімдерге Тараптардың өкілетті өкілдері қол қоюы тиіс.
48. Шарт бойынша кез келген хат алмасу мынадай мекен-жай бойынша жіберіледі:
Концедент___________________________________________________________
Концессионер________________________________________________________
49. Тараптардың құқықтық мәртебесін не ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту Шарттың күшін тоқтатпайды және Тараптар Шартты бұзуға, оны өзгертуге ниет білдірген не құқық нормалары оны қайта ресімдеуді талап еткен жағдайларды қоспағанда, барлық құқықтар мен міндеттер тиісті құқық иелеріне көшеді. Бұл ретте Тараптар құқықтық мәртебесін, орналасқан орнын және өзге де деректемелерін өзгертуі туралы бір-біріне жазбаша нысанда 3 күн мерзімде хабар беруге міндетті.
50. Шарт бірдей заң күші бар мемлекеттік және Тараптар үшін қолайлы
тілде,____________түпнұсқа данада оның______________данасы Концедент
үшін және___________данасы Концессионер үшін жасалды.

Тараптардың орналасқан жері мен банктік деректемелері

      Концедент                               Концессионер


      ___________                             _______________
      ___________                             _______________

Тараптардың қолдары

      ________________                  ____________________


      Концеденттің атынан               Концессионердің атынан

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет