Тиімді қарым-қатынас педагогикалық шеберліктің негізі Педагогикалық қарым ‒ қатынас қызметі



Дата07.02.2024
өлшемі20.74 Kb.
#491027
Тиімді қарым-қатынас – педагогикалық шеберліктің негізі



Тақырып: Тиімді қарым-қатынас – педагогикалық шеберліктің негізі

Педагогикалық қарым ‒ қатынас қызметі


Педагогтық әдеп – мұғалімнің кәсіптік сапасы. Ол педагогтық білім мен педагогтық тәжірибені қоса алғанда пайда болатын педагогтық шеберліктің құрамдас бөлігі болып табылады. Әр мұғалімнің дара ерекшеліктеріне бағынбастан педагогтық әдепті дамытуға септігін тигізетін жекелеген психологиялық және педагогтық жайттарды бөліп көрсетуге болады. Аталған жағдайлардан басқа сергектік, сезімталдық, сенім, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық сияқты қасиеттерді бөліп алып қарауға болады.




Қарым ‒ қатынас құралы және қарым ‒ қатынас түрлері
Қарым ‒ қатынас біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс. Адамдардың танымдық хабарлар алмасуы, өзара түсінісуі, бір-бірін қабылдауы. . Бұл қарым-қатынас адамның сөйлеуді меңгеруінің арқасында іске асады. Ол өзінің ойын, білімін, өзінің сезімін басқа адамдарға хабарлай алады және өзі басқа адамдардың ойын түсіне алады, олардың сезімдері мен ұмтылыстары туралы білуге мүмкіндік алады. Тілдің көмегімен сөйлеу қарым-қатынасында әрбір адам білімнің көп бөлігін басқа адамдардан алады. Жинақталған тәжірибені және білімді меңгеруге оқыту үрдісі жатады.Сөйлеу — тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым қатынас үрдісі.
Қарым-қатынастың түрлерi:
1. Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию.
Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз
(сыпайлық, қаталдық, тұйықтық).
Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi.
2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады.
3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады.
4. Рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.
5. Манипулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады.
6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас
Коммуникациялық жүйе – бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету
мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу.


Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар:
1.Информативтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру.
2.Интерактивтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана отырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету.
3.Перциптивтi – қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру.
4.Экспрессивтi – эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту.


Педагогикалық қарым ‒ қатынастағы мұғалімнің тілі Оқушыларды оқуда да, одан тыс процестерде де ұйымдастыра отырып, оқытушы олармен өзара үнемі араласады. Әлеуметтік функцияны тасушы ғана емес, нақтылы жеке адам ретінде де көірентін мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы – педагогтық қызметтің құрамдас бөлігі. Оның оқушылармен қарым-қатынасы екі негізгі. Информацтялық және интегративті-компенсаторлы функция бар тәрбие процесінің өзіне тән жолымен басқару ретінде көрінеді. Бұл жерде хабар екі бағытта басқару субъектісінен (мұғалімнен) басқарылатын объектіге (оқушыға) және керісінше – объектінің субъектіге қарай жүреді. Тікелей адамдар арасындағы қатынаста педагог тәрбиелеушілер, жалпы коллектив туралы, ондағы ішкі процестер туралы сан алуан мәліметтер алып отыр. Өз ретінде, педагог қатынас процесінде тәрбиеленушілерге мақсатты бағытталған, оқушыларға оның үндеуінің шағын текстегі ретінде спонтанды, жарып шығатын қаптаған информация береді.Қатынасу арқылы мәліметтер алады. Тікелей қарым-қатынас жеке адамды түрлі жағдайда және жәйттерде танып ұғынуға мүмкіндік береді. Ол жеке адамның ашық, неғұрлым айқын байқалатын сыртқы қылықтарын біліп қоймай, майда шамалы мәлімденген қылықтарын ашуға мүмкіндік береді. Ал, олар жеке адамды түсіну үшін аса елеулі, маңызды ішкі процестердің байқалу нышандары болуы мүмкін


Педагогикалық қарым-қатынасқа қойылатын жалпы талаптар жүйесі.Оқушылар мен ұстаздар арасындағы өзара қарым-қатынас жасау мәселесі-психология ғылымындағы және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі проблемалардың қатарына жатады. Бұл салада жүргізілген бірсыпыра зерттеулер мен осы бағытта жинақталған тәжірибелердің нәтижелері жасөспірімдер мен ұстаздар, оқушылар мен тәлімгерлер арасындағы қарым-қатынас орнатуда айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар түрліше түсініктер бар екендігін көрсетті. Негізінен педагог пен оқушы арасындағы қатынаста бірнеше талаптар ескеріледі:яғни белгілі дистанцияның болуы,сыйластық,түсіністік,тыңдай білу мен пікір айту қабілеті секілді шарттық ұғымдар пайдаланылады.Педагогикалық қарым-қатынас негізінде бала мен ұстаздың өзіндік ролі мен орны айқындалады.
Тәжірибелік тапсырма:

  1. Ұстаз туралы халықтың, кейбір ұлы адамдардың қанатты сөздеріне талдау.

  2. Бүгінгі ұстаздық қызметтің мақсаты мен міндеттерін атаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет