«Ел болам десең, бесігіңді жөнде!» дейді қазақ атамыз



Дата08.06.2016
өлшемі40.38 Kb.
#123008
«Ел болам десең, бесігіңді жөнде!» дейді қазақ атамыз
Бабашев А.М. -Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, анатомия, физиология, гигиена және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасының профессоры. Abdrazak55@mail.ru
Қазақстанда тәрбие жөніндегі мәселелер бойынша Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры ұсынып, оны іс жүзінде үлгі етіп білім алушы жастарға беріп жүрген «Ұлттық тәрбие» пәні өте маңызды.

Елімізде тәрбие беру ісінде бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) маңызы ерекше. Жаңа қазақстандық қоғамда теледидар мен радионы еркін пайдалануға мүмкіндік мол. Радио мен телеарналарда біраз ұлттық болмысымызға сай бағдарламалардың жүргізілуін үлкен игілікті істің бастауы деп санауға болады. Мәселен: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ», «Алтыбақан», «Ақсүйек», «Шаңырақ», «Бастаңғы», «Айтыс», т.б. бағдарламалардың тәлім-тәрбиелік құндылығы өте зор.  Сонымен қатар, бала тәрбиесінде өзіміздің ұлттық дәстүрімізде жасалған мультфильмдердің, кітаптар мен бейнетаспа үлгілерінің атқарар рөлі де ерекше деп білеміз.  Әсіресе, өскелең ұрпақ білім мен ұлттық тәрбие негіздерін өзінің ұлттық мектебінен алатыны сөзсіз. «Ұлттық мектеп дегеніміз – ұлттық рухта тәрбие беретін орын».   «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» демекші, ата дәстүріміздің қалыптаса беруіне отбасы тәрбиесінің ықпалы зор. Әйтседе, күнделікті тірлікте ортақ тәрбие құралы – бұқаралық ақпарат құралдарын баса пайдаланып келеміз. Жастарымыздың Абай университеті қабырғасындағы алып отырған тәлім-тәрбиесінің көзінің тетігін бүкіл Республикадағы білім мен оқу-тәрбие жұмысында пайдалансақ абзал болар еді. Ол үшін де университетіміздің маман пдагог-ғалымдарының айтары да, берері де жетерлік. Бұл бір аталған мақала тақырыбына да үлкен сыйлық емес пе? Неге осы сияқты бүгінгі күннің өзекті мәселелерін кеңінен жастар арасында талқыламас қа?

    Қазақтың айтулы қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай былай дейді: «Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды».

    Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзатттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени-рухани мұрағаттары мен ұлттық тәлім-тәрбие саласындағы, білім жүйесіндегі ізденістерін көрсету басты міндетіміз болып қала бермек.

    Ұлттық тәрбие – біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Ал мұндай мәселелерді зерттеп, көпшіліктің ой-пікірлерін қауым елге жеткізетін негізгі құрал – бұқаралық ақпарат құралдары мен білім беру мекмелері екені де даусыз.

  « Өмірден қымбат нәрсе бар ма адамда,

    Орындыға жұмсасаң өлмес дәрі.

    Қасиетін өмірдің білу керек,

   Басында ми бар болса, бетінде ары», - деп Шәкәрім ақын жырлағандай, біздің жастарымыздың өз өмірлерін бос өткізбей, білімге жұмсауды, артында өшпейтін із қалдырып, мәнді де, сәнді де бақытты өмір сүруге ұмтылуына көмектесуіміз керек. Біздің ұлттық өнеріміздің, мәдениетіміз бен дәстүрлеріміздің алдыңғы қатарлы үлгілерін, тіліміздің орасан зор байлығын жас жеткіншектердің жан дүниесіне сіңіріп, сол арқылы әлемдік рухани өркениеттің өріне шығып, нәр алу – бүгінгі күн талаптарының маңыздысы, әрі әрбір өсіп келе жатқан жас өркендеріміздің ұлттық және рухани азығы болуға тиісті. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақыл-кеңес, өсиеттері, асыл мұрасы - ұлттых рух, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ана тілі мен ұлттық мәдениетін қалыптастыру сезімін ояту – баршамыздың парызымыз. Сонда ғана ұлттық сана-сезімі толыққанды жетілген, туған тілін еркін білетін, ұлттық сипаты мен ұлттық рухын жоғалтпаған ұрпақ, патриот тәрбиелей аламыз.

Кеңестік кезеңнен келе жатқан жастар тәрбиесінің негізгі қағидалары мен моралдық кодексін толық жаңғырту да қажет, бұларды ұлттық кадрлар тәрбиелеуде, таңдауда кәсіптік талаптармен қатар етіп, неге қоймас қа?

    Сонымен қорытындай келе, осындай халқымыздың маңдайына біткен ұлттық құндылықтарымызды, сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың таратқан үлгі насихаты асыл мұраларымызды өздеріңіздің талмай, қажымай еткен еңбектеріңіздің арқасында дарынды да тәрбиелі оқушылардың бойына сіңіріп, ұлттық мәдениетімізді әлемдік деңгейдегі мәдениетке жеткізіп сақтауға деген патриоттық сезімді қалыптастыруға бір кісідей ат салысайық! Олай болса бастаған тақырыбымызға келейік: соңғы жылдары басқа ұлт өкілдерінің қазақ тілінде сөйлеп ән салуы немесе теледидардағы жүргізушілердің де осындай іс-шаралары, мәселең биылғы жылғы «Қазақ хандығының ұлы датасы» өте ішімізді жылытады. Дегенмен кейбір бағдарламаларда ұлттық нышанымызға сиыспайтын қылықтар да көрініп жатады, хабарға қатысушылардың ерсі қимыл-қозғалыстары, сөйлеуі немесе кейбір моралдық ережемізге тура келмейтін жақтары, олардың киінуі, тіпті кейбір лауазымды кісілердің мінез-қылықтары өте ерекше ерсі көрінетіні де кездеседі.. Бұл үшін барлық қызмет орындарында осындай шараларды сараптап отыратын, бақылау жасайтын жауапты қызметкерлер де, әсіресе көпшілікпен жұмыс істейтін немесе қауыммен кең қарым-қатынаста болатын жұмыс орындарында белгілі жұмыскерлер де бар емес пе? Демек, әрбір жұмыскердің өзі де осы жауапкершілікті сезінуі керек.

Міне, осындай іс-шаралар мен қызметтерді оқытып, үлгі көрсететін, білім мен ұлттық тәрбие беретін ЖОО қара шаңырағы – Абай Педагогикалық университеті.

 

                              Қолданылған әдебиеттер: 



1.  Б.И.Иманбекова. Тәрбиеге жетекші. Алматы, 2004. 

2.  С.Әбішқызы, Ж.Сарманов. «Ұлттық тәрбие – құндылығы мол дүние». 2008ж. 

3.  С.Әбішқызы, Ж.Сарманов. «БАҚ және Ұлттық тәрбие». 2004 ж.

4.   М.С.Керімбаева. «Ұлттық мәдениетті қалыптастырудағы мектептің қызметі». Астана, 2008 ж.



5. А.М.Бабашев. «Қызға қырық үйден тыю» - Абай университеті газеті Наурыз. 2013 ж. 
Профессор Бабашев Абдразақ Мақанұлы

2 ақпан 2015 жыл.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет